Жатады

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және

дератизациялық іс-шаралар

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында

дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар мен

санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша

инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндіктерді, басқа да

буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар

кешенін өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық

маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен кезектен тыс

міндетті дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен

жүргізіледі.

3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық

қызмет ұйымдары жүргізеді.

25-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ

олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.

2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді.

Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу

мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және олардың

зардаптарының алдын алуға бағытталған.

Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен тіндердің

зақымдануын бақылауға бағытталған.

154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты

аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен

тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың

профилактикасын қамтиды.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органның

үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп,

халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қамтамасыз етеді.

155-бап. Медициналық тексеріп-қарау

1. Медициналық тексеріп-қараудың негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және

нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың,

уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да

бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі

мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды

қамтамасыз ету болып табылады.

2. Медициналық тексеріп-қарау міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.

3. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.

Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін

орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық

және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде

жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын

динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы,

кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында

жүргізіледі.

4. Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың,

кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

5. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау

саласындағы заңнамасына сәйкес мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауға жататын

қызметкерлердің осындай тексеріп-қараудан уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.

6. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай және іріктелген болып бөлінеді.

Жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау ауруларды ерте сатыларында анықтау және

аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу,

халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай

әдіспен жүргізіледі.

Іріктеп медициналық тексеріп-қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына

жататын азаматтарды динамикалық байқау, олардың ауруларын емдеу және денсаулығын қалпына келтіру

жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

7. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын,

сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган олардың

тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тұрғыдан орындылығы туралы дәлелденген ғылыми


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: