Асырылады

Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік

аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың профилактикасы:

1) мынадай:

салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;

бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту

бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;

созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетін адамдарды өзіне-өзі көмек көрсетудің

қажетті әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру жолымен аурулар қатерінің

мінез-құлық факторларының профилактикасын және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының бекітілген тұрғындардың аурулар

қатері факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қызметін

жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының - жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларына

жүргізетін мониторингін;

3) мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі шегінде, өзге де органдар мен ұйымдардың,

сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар қатерінің өндірістік факторлары әсерін барынша азайтуды;

4) созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды халыққа

медициналық тексеріп-қарау жүргізу, оларды дәрігерге ертерек қаралуға уәждеу арқылы анықтауды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді, қалпына

келтіріп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы, оның ішінде кәсіптік

аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы сауықтыруды;

6) уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес, медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге

денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруды қамтиды.

2. Жарақаттанудың профилактикасын сектораралық деңгейде мемлекеттік органдар - өз

өкілеттіктері шегінде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға

тәуелділіктің профилактикасы

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы:

1) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың

медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттауды;

2) психикаға белсенді әсер ететін заттар айналысы саласындағы жарнамаға тыйым салуды,

психикаға белсенді әсер ететін заттарды әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері,

оларды сатып алу орындары туралы насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ мамандандырылған

медициналық басылымдарда құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік

препараттар үлгілерінің жарнамасын шектеуді;

3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және

мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар қатер тобындағы адамдарды профилактикалық байқауды және

есепке алуды;

4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті

түрде, жасырын емдеуді;

5) нашақорлықпен ауыратындарды ерікті түрде медициналық-санитариялық оңалтуды қамтиды.

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке және

заңды тұлғалар өздерінің құқықтары шегінде жүзеге асырады.

159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы

және оны шектеу

1. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын

сақтауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқылы адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді

енгізу, темекі шегушілікке, алкогольді тұтынуға халықтың өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті

фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі шегушіліктің, алкоголизмнің таралуының

профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.

2. Темекі бұйымдарын:

1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;

2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;

3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе

механикалық қондырғылар арқылы;

4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және

спорттық-техникалық құрылыстардың, стадиондардың ғимараттарында және аумақтарында;

5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;

7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің

құрамы туралы, деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды - жүйелік улар, канцерогендік және

мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе, сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының

қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі

туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру

тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

9) темекі бұйымының қорабына темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту енгізілмесе;

10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа толмаған

адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;

11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында "құрамында шайыр аз",

"жеңіл", "өте жеңіл" немесе "жұмсақ" деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымының

зияны аз екені туралы жалған әсер қалдыратын өзге де, оның ішінде шетел тілдерінде сөз

тіркестері болса;

12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының

үй-жайларында сатуға тыйым салынады.

3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай: "Темекі

бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады." деген

мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекі шегушіліктің зияны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі

бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.

4. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне

қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату кезінде:

1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты

көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: