Рефераттар

1. Қазіргі дидактикадағы оқыту мәселелері.

2. Оқыту ұстанымдары.

3. Оқыту процесінің танымдық іс-әрекеті.

Әдебиеттер:

1. Баранов С. Принцип ы обучения М.,1975

2. Бабанский Ю. Педагогика М., 1988

3. Педагогика (дәріс курсы) А., 2003

4. Қолибаев Ж., Қолибаев Р. Педагогика Астана, 1998

5. Әбиев Ж., Бабаев С., Қудиярова А. Педагогика А., 2004

23-лекция. Қазіргі мектептегі білім мазмұны

Жоспары:

1. Білім берудің мазмұны және оның ғылыми негіздері.

2. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері.

3. Білім беру мазмұның анықтайтын құжаттарға сипаттама.

Негізгі ұғымдар: білім берудің мазмұны, стандарт, бағдарлама, оқу жоспары, оқулық.

Білім беру мазмұны-өте күрделі, көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, қызығушылығын қалыптастыру.

Білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.

Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керекң деген сұраққа дауап береді.

Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қойған күнделікті және болашақ мақсаттарымен айқындалады.

Дәстүрлі білім, дағды, іскерлікті қалыптастырумен бірге білім беру мазмұнына жеке тұлғаның өсуі, мәдени өмірі және көңіл аударуды талап етеді.

Білім беру мазмұны туралы көптеген ғалымдар (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С. Леднев, А.В.Петровский) т.б. көп еңбек сіңірген.

Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім мазмұнында өзгеруде, бірақ білім мазмұнын өзгертудегі маңызды мәселе теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей білім беруде теориялық тұжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді. Азаматтың құндылықтары жоғары болуы қазіргі білім мазмұны әлеуметтік сұраныс, нақты тарихи қоғамдық экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білім мазмұнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысында терең білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген азамат тәрбиелеу.

Мектепте берілген білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді.

· табиғат қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен;

· дүние танымын қалыптастыру;

· адамды жан-жақты дамыту;

· жастарды өмір сүруге, еңбекке, білім алуға, мамандық таңдауға тәрбиелеу.

Жалпыға білім беру біздің елімізде үш сатыға бөлінеді: негізгі саты көлемде білім (9 класс) міндетті болып табылады.

Оқу мазмұнына қарай кіретін мәліметтер оқушының жас мөлшеріне байланысты.

Оқу мазмұны ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке де байланысты. Білім беру мазмұны қай сыныпта, қандай пәндер оқытылуы керек, оның көлемін белгілейді.

Бастауыш сыныптарда алғашқы элементарлық білім берілсе, орта және жоғары сыныптарда жүйелі білім беріледі.

Білім берудің мазмұны негізгі үш құжат арқылы анықталады. Оқу жоспары, оқу бағдарламалы, оқулықтар.

Оқу жоспары мемлекеттік құжат, онда мектепте оқылатын пәндер іріктеліп, тізімдері жасалады, оқу жылдары бойынша іріктеледі, сағат саны бөлінеді.

Қазіргі егеменді білім беруді стандарттау мәселесі жүргізілуде.

Оқу бағдарламасында – оқу пәнінің мазмұны анықталып, бағыты, көлемі белгіленеді. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша жеке жасалады. Онда әр пәнге түсінік хат жащылады, оқыту міндеттерімен әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Оқулықтар-оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға белгілі бір ғылым саласынан қажетті мағлұмат беретін ғылым жиынтығы. Сондықтан оқулықтарға үлкен міндеттер жүктеледі, талаптар қойылады.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Мектептегі білім беру мазмұны

Жоспар:

1. Білім беру мазмұны – дидактикалық категория.

2. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар және оларға қойылатын талаптар.

3. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мектептерде оқытудың мазмұны.

Өзін-өзі бақылуға арналған сұрақтар

1. Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады?

2. Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі қандай?

3. Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері не өздігінен орындайтын жұмыстар.

4. Қандай мемлекеттік құжаттар білім мазмұнын анықтайды.

5. жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз.

6. Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі қандай?

Реферат тақырыптары

1. Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру мазмұны туралы.

2. Мемлекеттік білім беру стандартындағы орта білім беру мәселесі.

Әдебиеттер

1. Дидактика средней школы: под ред. М.Н.Скоткина М.1982.

2. Леднев В.С. Содержание образования М.1989

3. Педагогика (дәріс курсы) А. 2003 ж.

24-лекция. Оқыту формалары, әдістері, құралдары

Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым.

2. Қазіргі мектептегі жұмысты ұйымдастырудың түрлері.

3. Сабақтың жіктелуі және құрылымы.

4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Негізгі ұғымдар: сабақ, білім, іскерлік, оқытудың формалары, топтық дербестік оқыту.

(forma) латын сөзі – сыртқы көрініс, сыртқы бейне мағынасын береді. Яғни, оқытудағы ұйымдастырудың формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сыртқы формасы. Мысалы: мұғалім бір топ оқушыны оқытады, жеке оқушыны оқытады. Оқыту түрлері тарихи дәуірлерде үнемі өзгерумен болады.

Ертеңгі құл иеленуші мемлекеттерде Вавилонда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқыту жеке – топтық түрде дамыды.

Орта ғасырларда сабақ бір топ оқушылармен өткізіледі. Сабақ кестесі, дәл мерзімі болмады.

Қазақ жерінде Ы.Алтынсаринге дейін арнайы оқу орындары болмады. Онда бала жеке немесе бірнеше бала бірге оқыды, бірақ олар әрқайсысы әр түрлі оқумен айналысты. Оқушының жас мөлшері белгіленбеді.

Қоғам дамыған сайын оқыту формалары өзгеріске ұшырапотырды. ХҮІ ғасыр Украинада, Белоруссияда туысқандық мектептер пайда болды. Бұл сынып – сабақ системасының алғашқы тәжірибелерін жинақтады.

ХҮІІ ғасыр чех педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактикаң еңбегінде сынып – сабақ жүйесін ғылыми түрде дәлелдеді.

Бұл жүйе бойынша бір жастағы балалар бір класқа топтасты, бір пәнді оқыды, сабақ кесте арқылы жүргізіліп, үзіліске шықты. Оқу жылы тоқсандарға, апталарға бөлініп, коникулдер белгіленді.

ХҮІІІ ғасыр Англияда Белл Лонжастер жүйесі пайда болды. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқытуды үлкен залда 600 оқушымен жүргізді. Одан кейін оқушылар топқа бөлінді, әр топты – маниторлар басқарып оқытты.

ХХ ғасыр АҚШ-та, Германияда оқытудың әр түрлері пайда болды. 1905ж АҚШ – тың Дальтон қаласында Дальтон илон деген түрі қолданылды. Ол лабораториялық-шеберханалық жүйе болды, бұл түр дарынды балаларды оқытуды жақтады. Мұнда оқу жеке – дара жүргізілді, мұғалімнің басшылық ролі төмен болды.

Оқыту – екі жақты процесс, оны сабақ деп атайды. Оқыту мұғалімнің басшылығымен танымдық, тәжірибелік іс-әрекеттің нәтижесінде іске алды. Оқу-білім алу, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру. Оқыту барысында негізгі, жетекші мәселе білім берумен қатар олардың рухани-адамгершілік қасиеттерімен ақыл-ой қабілеттерін дамытады.

Сабақ күрделі психологиялық, дидактикалық, педагогикалық процесс.

Дидактикада сабақтың жіктелуін анықтауға ерекше маңыз берілген. Қоғам дамыған сайын оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдеріде өзгеріп, жаңарып отырады.

Сабақты жіктеу әр пәннің ерекшелігіне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты.

Ресей педагогтары С.В.Иванов, И.В.Казанцев, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Г.И.Щукина, Е.Я.Ралонт т.б. сабақты жіктеу мәселесінде өз пікірлерін айтқан.

Қазіргі мектептерде көп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналар жатады:

1. Кіріспе сабақ.

2. Жаңа білімді игеру сабағы.

3. Қайталау, қорыту сабақтары.

4. Зертханалық сабақтар.

5. Аралас сабақтар.

Сабақтың құрылымы-сабақтың тұтастығын қамтамасыз етеді. Сабақтың құрылымы – мақсатына, материалдық мазмұнына, оқыту әдісіне, оқушылардың әзірлігіне тәуелді болады.

Аралас сабақтың құрылымына тоқталсақ:

а) ұйымдастыру кезеңі.

ә) үйге берілген тапсырманы сұрау.

б) жаңа материалды баяндау.

в) жаңа материалдарды бекіту.

г) үйге тапсырма беру.

Мұғалім сабақта оқушылардың белсенділігін оятады, олардың қабілетімен санасады. Сондықтан мұғалім оқушылармен жеке дара, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.

Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне мыналар жатады:

1. оқулықпен жұмыс

2. практикалық жұмыстар

3. зертханалық тәжірибелерді орындау.

Сабақ мұғалімнің творчествалық, шығармашылық қабілетіне, ұйымдастыруына қарай өзгеріп отырады.

Сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесін сақтаудың мұғалім үшін негізгі жолы жоспар жасау. Олар тақырыптық және сабақ жоспары болып бөлінеді. Тақырыптық жоспар жарты немесе толық оқу жылына жасалады, ол сабақ жоспары әр сабаққа арналып жасалады. Алдымен сабақтың тақырыбы, міндеті, типі анықталады.

Үйге берілетін тапсырма мазмұны көрсетіледі.

Жаңа тақырыптық бекіту сұрақтары беріледі.

Сабаққа мұғалім жүйемен әзірленсе, оқушылардың оқу еңбегі жақсы ұйымдастырылады.

Сабақ жоспары мұғалімнің дайындығымен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды, бұл мәлімет мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік.

2. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.

3. Сабақтың дәстүрлі түрлері, құрылымы.

4. Мұғалімнің тақырыптық және жеке сабақтарының жоспары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Оқыту формасы дегеніміз не?

2. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

3. Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы.

4. Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері.

Өздігінен орындалатын жұмыстар

1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне анықтама бере аласын ба?

2. Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі негізгі оқытуды ұйымдастыру түрлері қандай?

3. Аралас сабақты негізгі құрылымын көрсет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: