Глоссарий

Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;

ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;

еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;

жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі;

өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;

тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;

ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;

іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс 1. Кіріспе. «Еңбек қорғау» пәнінің негізгі міндеттері..«Еңбек қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.

«Еңбек қорғау» заңдарының және қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негіздері.

«Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық, 3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

1) Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.

2) Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.

3) Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.

4) Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.

Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.

Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:

· еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;

· ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;

· әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;

· өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;

· қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.

Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты.

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.

Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.

Істей білулері керек:

Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, әр түрлі технологиялық процестерді орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.

2. «Еңбек қорғау» сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:

а/ еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және басқа мемлекеттік құжаттар.

б/ Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі /ССБТ/, санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНиП/ т.б. құжаттармен.

в/ Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен.

г/ Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т.б. құжаттармен.

Қауіпсіз еңбек дегеніміз - еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.

Еңбек жағдайы - еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.

Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз - жұмыс кесінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын фактор.

Зиянды өндіріс факторы дегеніміз - жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын фактор. т.б. терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.

3. Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының 15 қаңтар 2007ж. қабылдаған «ҚР Еңбек кодексі»-не байланысты жүргізіледі. Бұл заң 7 тарау-дан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республи-касының Минстрлер кабинеті, ол «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасы Заңын практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдар-ламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.

Еңбек қорғау жұмысының заңдылық негіздері төмендегідей:

1. Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫАлматы «Қазақ-стан»1995

2. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Астана, 2007”, 15 қаңтар

3. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік стандарттар-МЕСТ және ЕҚСЖ.

1. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты салалық стандарттар.

2. Мекеме басшысының бұйрығы, мекеме мамандарының жолнұсқа-лары,т.б.технологиялық құжаттары.

Осы заңда «Еңбекті қорғау» саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері берілген, солардың кейбіреулері мыналар:

- меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-алдын алу, әлеу-меттік шаралармен қамтамасыз етуге;

- өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;

- жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға...

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.

2.Басқару -жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.

3.Ұйымдастыру- еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.

Осы принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.

Дәріс 2. Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері

1. «Адам – техника – материал - өндіріс ортасы» жүйесіне түсініктеме.

«А» «Т» «М» «Өо»

Жүйе деген түсінік ертеден белгілі. Жалпы алғанда ж ү й е (система) дегеніміз – жеке бөліктердің қосындысы және олардың өзара байланысы. Ж ү й е деп тірі организмдер мен машиналарды да айтуға болады. Жүйе деп кезкелген өндіріс объектісін де айтады. Осындай жүйелердің бірі – «А»- «Т»- «М»-«Өо».

Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты осы жүйені еңбекшіге қолайлы жағдайға келтіру (оптимизация). Халық шаруашылығындағы кез келген жұмысты, технологияны биоэкотехникалық жүйе дей отырып, төрт элементке бөлеміз, олар: Адам – техника –материал -өндіріс орны.

Әр элементтің бір-біріне әсері – көрсетілген.

Бұл элементтер бір-біріне әсер етеді және бәрі адамға (жұмысшыға) әсер етеді. Жеке элементтердің жұмысы көп факторлардан (себептерден) тұрады.

Жүйе теориясына сүйене отырып осы элементтердің белгісіз байланысы – Н (күйі) мына формуламен шешіледі Н = 2И мұндағы, И = п(п – і) ең көп байланыс саны – И, п – факторлар саны. Мысалы жоғарғыдағы жүйеде адамға үш фактор әсер етеді, олар: Т, М,Өо демек п=3 болса, Н = 2 п (п-і) = 23*2 = 26=64. Яғни,жалпы жүйе өз міндетін ойдағыдай атқарып, жақсы жұмыс істеп, сонымен қатар адамға зиянды әсері болмас үшін 64 сұрақты шешу қажет деген сөз.

Жеке факторлардың саны көбейген сайын жүйенің күйі (Н) көбейеді.

Егер жүйедегі байланыстың біреуі бұзылса қауіпті жағдай пайда болады да, кейін жазатайым жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті жүйенің адам үшін дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Егер осы жүйені бөлшектеп, оларға жеке-жеке қарасақ қауіп-қатерді азайтуға болады.

Егер жүйенің қауіпсіздік деңгейін уақыт мөлшерімен қарасақ жоғарыдағы жүйені мынадай түрге бөлуге болады:

Б і р і н ш і іске қосу уақыты – жүйені жөнге келтіру кезеңі.

Е к і н ш і –негізгі пайдалану кезеңі, пайдалы өнім алу уақыты.

Ү ш і н ш і қайта құру кезеңі (реконструкция) қауіпті жағдайлардың көбеюімен байланысты, себебі жүйенің бөліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді.

Сондықтан жүйенің қауіптілігін азайту үшін, оны уақытында жөндеу, реттеу керек.

Жүйелік көзқараспен алғанда Еңбек қорғау ғылымы төмендегідей тармақтарға бөлінеді:

1. Е ң б е к г и г и е н а с ы – медицина ғылымының бір бөлігі бола тұра, жеке еңбекші мен ұжымның өз ара байланысын сыртқы ортамен бірыңғай қарап, өндіріс жағдайын сауықтырудың мөлшері мен шараларын жетілдіреді

2. Еңбек физиологиясы мен психологиясы

Кез- келген адамға еңбек психологиясы мен физиологиясы аймағында білім қоры, орындайтын қызметі мен мамандығынан тәуелсіз, өзін қоршаған адамдармен, өзінің физиологиялық мүмкіндігін, өз мінезінің нашар және жақсы жақтарын, минимальды рухани және физикалық жоғалымдарымен өндірістік стресстік жағдайлары мен өмірдің қиын кезінде, құрылымдық қобалжуы мүмкіндігінің нәтижелі бір бірімен әрекетін білдіреді.

3.Өндіріс санитариясы ғылымының негізгі зерттеу бағыттары: технологиялық процестердегі қауіпті - зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасын т.б. қамтиды.

4. Э р г о н о м и к а дегеніміз – ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған.

Эргономика – жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

5. И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.

Инженерлік психология – жұмысшы мен технологиялық процесс және сыртқы қоршаған орта жайлы мағлұмат береді.

Осыдан, қауіпті жағдай қайдан пайда болады деген сұрақ туады. Оған қауіпсіз еңбектің психологиясы былай жауап береді:

қауіпті жағдай (ҚЖ) қауіптің уақыты (ҚУ) мен себебі (БС) дәл келгенде пайда болады:

немесе ҚЖ = ҚУ + ҚС осыдан қауіпті жағдайды болдырмас үшін қауіптің себебі мен уақыты дәл келмесе болғаны.

жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

Дәріс 3. Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.

Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі.

Еңбек қорғауды басқару және бақылау.

Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.

Кәсіпорындағы Еңбек қорғау жұмысын Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарына сүйене отырып жұмыс орнының басшылары мен мамандары ұйымдастырады Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі.

1) Қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқыту-үйрету (нұсқаулар жүргізу).

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей бо-лып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұс-қау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс нұсқау (внеплановый); 5ші- мақсатты нұсқау (целевой).

2) жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басты қорғайтын құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету;

3) шаруашылықта қолданылатын машиналар мен қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) кешендегі,цехтағы, әр жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларын қадағалау;

5) Еңбек қорғау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу.

Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарында айтылғандай - " Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзуға кінәлі, не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады ".

Мамандар үшін жауапкершілік:

1. Әкімшілік – иман – шарт жазалауы (моральдік), ескерту жасау, көпшілік алдында ұйалту, жұмысын төмендету, жұмыстан босату т.б.

2. Тәртіптік – қызметкерлердің бастықтың алдында шаруашылықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі.

3. Материалдық – шығынның құныны төлеу (егер айыпты болса):

а) толық төлеу, б) жартылай төлеу - бұны көпшілік жиналысы

шешеді.

4. Қылмыстық жауап – а) бас бостандығынан айыру, ә) жұмыс орнынан айыру т.б.

2. Еңбек қорғауды басқарудың негізгі м а қ с а т ы - қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру, денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қабілетін сақтау болады.

Еңбек қорғауды " ж ү й е " әдісімен басқарған тиімді деп саналады. Бұндай әдіспен басқарғанда мыналарды бөліп алуымыз керек: объект, субъект, басқару тәсілі.

Басқару объектісіне – еңбек ету жағдайы, еңбекшілер қауымының еңбек тәртібі, оларға әсер ететін өндірістік қауіп – қатерлер және кәсіптік қорғау.

Басқару субъектісі (цехтық басқару) дереу қимыл жасауға да ыңғайлы болуы керек.

Басқару тәсілінің негізгі басқаруға келіп түскен хабарлардың дәлдігіне, толықтығына байланысты. Осындай бөлшектеген " ж ү й е " әдісінің кемшіліктері байқалады. Бұнда басқару субъектісінің жетілмегені байқалады.

Сондықтан шаруашылықтардағы е ң б е к т і қ о р ғ а у төмендегідей ү ш ш а р т т а қанағаттандырылуы керек:

1. " Жүйенің " алдына қойылған айқын мақсат;

2. " Жүйеден " бөлініп шығатын кіші жүйелер болуы;

3. " Жүйе " өзінен жоғары сатыдағы жүйеге бағынышты болуы керек, осының бәрі басқарудың бақылау, тексеру, тіркеу және талдау, жоспарлау, тәрбиелеу, тәртіпті қатаңдату т.б.

Еңбекті қорғаудағы бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі үш сатылы бақылау:

1. Шаруашылық бөлімінің басшысы – күнделікті.

2. Бас мамандар – жұмысына немесе он күндікте бір рет.

3. Шаруашылықтың басшысы - айына немесе тоқсанына бір рет (тексеру нәтижесін жазба түрде шығарады).

2. Қауіпті зиянды өндіріс факторлары ГОСТ 12707003-94

физикалық химиялық биологиялық психофизиологиялық
       
Машиналардың қозғалатын бөлшектері,шаң, шу, діріл, ылғалдылық,электр кернеулігі, жарықтың жетпеуі, өткір-үшкір заттар т.б. Адамның организміне әсеріне қарай- уландырғыш, жүйкеге әсер етуші, тыныс органына әсер етуші, тітіркенткіш т.б. Патогенді микроорганизмдер, бактерия, вирус, таз ауруы және олардың өсіп-өнген бөлшектері. Адам организміне әсері бойынша: а) денежұмысы-шаршау, б)жүйкенің шаршауы, в) А+Ә, г)ақыл-ой.

Дәріс 4. Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.

Өндірістегі жарақат түрлері. Кәсіби аурулардың себептері.

.

1) Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді.Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз:

Техникалық – тез жүретін, үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі, себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен.

Технологиялық – технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты.

Жергілікті – еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты.

Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан – адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға- өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.

Жарақат алу - адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.

Жарақаттың 4 түрі болады:

1.Механикалық,2.Ыстық-суықтан болған,3.Химиялық,4.Электр жарақат

Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

1. Қандай жерде болғанына байланысты

2. Қанша адам зардап шеккеніне

3. Ауырлығына байланысты

2) Кәсіби аурулардың себептері.

Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

1) Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты

2) Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.(

3) Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты

4) Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты

1) Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.

Өндірістік жарақат-танудың себептері.

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:

Монографиялық (моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық (салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы

Шб – барлық шығын;

Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;

Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын

Дәріс 5. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер.

Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен басқа да мемлекеттік актілері, республика Министрлер қабинетінің, кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.

Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодесінде, кәсіпорындардың еңбек қорғау қызметі туралы ережесінде айқындалған.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар деп тұжырымдалған. Осы тұжырым басшылыққа алынып, 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 6 бөлім, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Кодекстің бірінші бөлімі жалпы ережелерді қамтиды,оның ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, қолданылу аясы,мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзіреті, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген.

Осы Кодекстің 9-бабында оның күші жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады делінген.

Кәсіпорындар, оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшілер, үкімнің орындалуын бақылайтын оргондар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімі мен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылғанған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.

Кодекстің екінші бөлімі еңбек қатынастарына, яғни еңбек шартын жасасу, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, жұмыс және тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, мамандарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктігін арттыру жұмыстары, жұмысқа орналастыру, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.

Осы Кодектсің 24-бабында «Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты(еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады деп белгіленген. Кәсіпорындардың қызметкерлеріне меншік иесі есебінен еңбек жағдайларына байланысты мемлекеттің басқару органдары белгілеген нормадан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде арнаулы киім, аяқ-киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дизенфекциялау материалдары, сүт, емдеу алдын-алу тамағы беріледі. Кодекстің 3-ші бөлімінде қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері атап айтқанда, жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін реттеу, қауіпті жұмыстарда, ауыр жұмыстарда вахталық әдіспен немесе үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің, еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған. Кодекстің 16, 17 тараулары әйелдер мен 18жасқа толмаған адамдардың еңбегін қорғауға арналған осы санаттағы адамдардың еңбегін зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, ауыр жүк көтеру, оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленгени тәртіппен шек қойылады. Әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың ауыр жүкті көтеруі мен қолмен тасуына байланысты жұмыстарда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автомат құралдарын, басқа да жабдықтарды көздеуге міндетті. Егер ауыр жүкті көтеру мен түсіру кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен тасу тоқталуға тиіс. Ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға байланысты жұмыстарға екіқабат әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынады. Екіқабат әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен өндірістің қауіпті және зиянды факторлары әсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.

Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты кодекстің 223-бабында, "Еңбекті нормалау, еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді қоса атқару тәртібіт техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлер мен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды",-делінген. 1 және 3топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді және оларға ұжымдық шартта белгіленген қосымша жеңілдіктер берілуі мүмкін. Кодекстің 4-бөлімінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық қатынастарды ұйымдастыру мен өзара келісімдер жасасу тәртібі, ұжымдардың шарттың мазмұны және ұжымдық еңбек дауларын қараудың тәртібі белгіленген. Кодексте әлеуметтік әріптестік республикалық деңгейде, салалық деңгейде, өңірлік деңгейде және ұйым деңгейінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әлеуметтік әріптестіктің тараптары болып тиісті атқарушы доргандар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер саналады. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары немесе акционерлері шетелдік және заңды тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады. Ұжымдық шартта еңбекке ақы төлеуді нормалау және еңбек істеу жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу, разрядаралық коэффициенттерді белгілеу, демалу уақытының ұзақтығы, медициналық сақтандыру кепілдіктері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғайды қаржыландыру, қоршаған ортаны қорғау.

Кодекстің бесінші бөлімі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған. Онда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты мемлекеттік с аясат, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсізздігін және енбекті қорғауды ұйымдастырудың талаптары, жазатайым оқиғалар мен өзге де зақымдануларды тергеп-тексеру мен есепке алудың жолдары заңдастырылған. Осы бөлімнің 321-бабында жұмыс орындары орналасқан ғимараттар мен жұмыс жабдықтары олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тааптарына сай болуы, жұмыс орындарындағы микроклимат, табиғи және жасанды жарықтылық, шу мен дірілдің мөлшері белгіленген нормаға сай болуы, қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуы тиіс деп көрсетілген.

Еңбек шартының (контарктының) шарттары еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілердің талаптарына сай келуі тиіс. Азамттарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салынды.

Кәсіпорын денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық тексерулер өткізуді ұйымдастыруға міндетті. Қызметкерлердің медициналық тексерулерден жалтаруға қақысы жоқ, жалтарған кезде олар жұмысқа жіберілмейді.

Кәсіпорын өзінің қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан және кәсіби аурулардан қолданылып жүрген заңдарда белгіленген жағдайларда міндетті түрде сақтандырады.

Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туған кезде ол жұмысты тоқтатып, дереу бұл туралы әкімшілікке хабарлайды, ал әкімшілік сол жағдай расталса, жұмысты тоқтатуға және осы қауіпті жою жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Кәсіпорынның жұмысы еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сай келмегендіктен тоқтатылса, тоқтатылудың барлық кезеңінде қызметкердің орташа жалақысы сақталады.

Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік медициналық қорытынды негізінде оны қайта мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, бірақ он екі айдан асырмай, басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс.

Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімін тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Осы бөлімде еңбекті қорғау жөніндегі заң және басқа да нормативтік актілерді бұзғаны үшін жауаптылық мәселелерді белгілеген. Олардың бастылары:

- Кәсіпорын еңбекті қорғау заңының талаптарын қамтамасыз етпегені үшін заң алдында экономикалық жауапкершілікке тартылады.

- Қызметкерлермен болған жазатайым жағдай және кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік төлемдерге байланысты шығындарды өтейді.

- Бұл арада зиян мөлшерін белгілеген тәртіп бойынша төрелік сот белгілейді және өндіреді.

Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзғаны үшін кінәлі не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіп пен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Кодекстің алтыншы бөлімінде Қазакстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың талаптары заңдастырылған.

Заңға сәйкес, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мен қадағалау мемлекет тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылады.

Үкіметі,уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен бағдарламаларын әзірлеп,олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібін белгілейді.Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.Мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек кодексі белгілеген талаптарының сақталуын бақылайды,өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастанудың себептеріне талдау жасайды,өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергейді,жауапты басшылар мен адамдардың біліміне тексеру жүргізеді,обьектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады және қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты өтініштерін қарайды.

Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді,тәуекелдерді бағалауды және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.Ол өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандық лауазамын еңгізеді немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндігі міндетті басқа маманға жүктейді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе маманның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсартуда кәсіподақтар ұйымы үлкен рөл атқарады.Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ органы тағайындайтын,ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жө


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: