Шахан ата

Ата-баба рухын қастерлеп, олардың бейіті басына зиярат жасап барып, еске алып отыру қазақ халқына, жалпы түркі тілдес халықтарға дәстүр болып қалыптасқан. Осыған орай тірі күнінде ел қамын жеп, халқына, әулетіне қамқор болып, шапағаты тиген, жаратылыс болмысы ерек кісілерді әулие санап, бейітінің басына сағана тұрғызып, күтім жасайтын болған. Атеистік идеология күштеп ендіріліп, материалистік құндылықтар басым саналатын кеңестік кезең күйрегелі бері, ата дәстүр қайта жанданып кең қанат жайып келеді. Заман ағымымен бұндай әрекеттерге қарсы бағытталған тәрбиелік шаралар жасалғанына қарамастан, халық өз ата дәстүріне қайта оралуда. Ата-бабасын қастер тұту игі бастама. Халықта «өлі риза болмай, тірі байымас» деген сөз бар. Қай қырынан қарастырсақ та, ата-баба рухын сыйлап, тағзым ету жөн-ақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: