Шахан ата шежіресі

Бұл жерде, шежіресін толық жазып отырмаймыз, тек кейбір белгілі кісілерді атап өтіп, руының келіп шығу тарихына қысқаша тоқталып өтеміз. Себебі, зияратқа келген кісілердің бәрінің толық шежірені тыңдауға да есте сақтауға да құлқы бола бермейді. Бірақ, қайдан, қай рудан, арғы аталары кім, қандай кереметтері бар, әулиелік қасиеті қандай екендігін қысқаша білер болса жетерлік.

Сонымен, Шахан ата шежіресі былай басталады. Ерте замандарда ұлы жүзде Бәйдібек деген кісі өткен. Ол кісінің үш әйелі болған. Шахан ата Бәйдібек бабаның екінші әйелінен бастау алады. Бәйдібек баба Әмір Ақсақ-Темірдің замандасы, тұстасы болып, аралас-құраластық та жасаған, елге би болған, Қожа Ахмет Йассауй кесенесінің салынуына Әмір Темірдің өзін және Йассауйдің аруағын сыйлағандықтан үлкен демеушілік танытқан кезеңінің ірі шонжары, тұрмысы ауқатты бай болған кісі деген деректер тарихи құжаттарда көптеп кездеседі. Ал, Бәйдібектің тегі әлем тарихынан ойып орын алған Түркілердің дәуірлеген тұсында ел билігіне араластығымен тарихқа аты мәлім Майқы биге барып тіреледі.

2. Шахан атаның кереметтері

Түркістан шаһарынан Шәуілдірге (Арыстан бабқа қарай немесе Отырарға) қарай жолға шыққанда, шамамен он бес шақырымдай жерде, Мәскеу-Алматы темір жол өткелі бар. Ол маңды Шойтөбе деп те атайды. Бірақ, сол жерде мекен еткен кісілер темір жолға қызмет ететіндіктен, әрі сол темір жолға қызмет көрсететін разъезд орналасқандықтан, қысқаша №33 разъезд деп атап жүр. Сол разъезге қарай темір жолдан асып өтпей тұрып, тас жолдан солға қарай бұрылып, темір жол бойына жанама қаптал тұсқа көз салсаңыз Шахан ата күмбезі тап жаныңызда тұрғандай көрініп тұрады. Бұрындары ол тек сыланып, көк бояумен сырланып қойылған еді. Жақында сол күмбездер ақ темірмен көмкерілді. Енді ол алыстан көз тартып, жылтырап көрініп тұратын болған. Бойы биік, күйдірілген кірпіштен қаланып, төрт бұрышна төрт кіші күмбез көтерілген. Олардың дәл ортасында үлкен күмбез орналасқан. Алыстан қарағанда зымыранға (ракетаға) ұқсайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: