- Артериялық гипертензия бастапқы сатысына тән емес
1.бас ауыру, бас айналу
2.құлағы шулау, ұйқысыздық
3.сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
4.II тонның қолқа үстiнде акцентi
5.жүрек қағу, жүрек тұсының ауыруы
- Гипертониялық криздың асқынуына жатпайды:
1.жедел сол қарыншалық жетiспеушiлiк
2.геморрагиялық инсульт
3.жедел коранарлы жетiспеушiлiк
4.торлы қабыққа қан құйылу
5.бүйрек коликасы
- ''Ортопноэ'' жалпы жағдайды жеңiлдетiп, азайтады:
1 жүрек аймағындағы ауырсынуды
2 жөтелдi
3 аяқта iсiктердi
4 ентiгудi
5 бастың ауырсынуын
- Жүрек iсiктерiне тән:
1 таңертен бетте пайда болады
2 бiр балтырдың жергiлiктi көгеруi
3 кешке қарай балтырдың iсiнуi
4 бiр жақты инфраорбиталдьды iсiну
5 қышумен жүретiн қабақтың iсiнуi
- Жоғары және жылдам пульс тән:
1 митральды қақпақшаның жетiспеушiлiгi
2 қолқа қақпақшының жетiспеушiлiгi
|
|
3 аорта сағасының тарылуы
4 үш ашпалы қақпақшаның жетiспеушiлiгi
5 өкпе артериясы қақпағының жетiспеушiлiгi
- Қолқа үстiнде екiншi тон акцентi тән емес:
1 гипертония ауруы
2 жедел гломерулонефрит
3 қолқа атересклерозы
4 аорта коарктациясы
5 митральды тарылу
- Сол жақ салыстырмалы тұйық шекара түзiледi:
1 сол жақ жүрекшенiң құлақшасынан
2 сол жақ жүрекшеден
3 сол жақ қарыншадан
4 оң жақ қарыншадан
5 аортаның доғасынан
- Қолқа үстiнде II тон акцентiнiң естiлуi тән емес:
1 гипертониялық ауруға
2 жедел гломерулонефритқа
3 қолқа атеросклерозы
4 қолқа коарктациясы
5 митральды тарылу
- Пульстық қысымның жоғарлауы қай кезде байқалады:
1.қолқа стенозы
2.қолқа қақпақшасының жетiспеушiлiгiнде
3.митральды қақпақшаның жетiспеушiлiгiнде
4.үшашпалы қақпақшаның жетiспеушiлiгiнде
5.өкпе артериясы қақпақшасының жетiспеушiлiгiнде
- Артериальды гипертониясы бар науқастан төмендегi белгiлердiң бәрi табылады, тек бiреуiнен басқасы:
1.қатайған пульс
2.қолқа үстiндегi II тонның акцентi
3.жүректiң салыстырмалы тұйықтық шекарасының солға ығысуы
4. сол жақ қарынша гипертрофиясы
5.4-шi аускультация нүктесiнде I тонның әлсiреуi
Ситуациялық есептер:
60 жастағы науқас ер адам болымсыз қимыл-қозғалыс үстiнде және шалқасынан жатқанында ентiгетiнiне шағым айтады. Гипертония ауруымен 20 жыл бойы ауырады. Тексергенде: жүректiң сол жақ шала тұйық шегi VI қабырға аралығында қолтық асты алдыңғы сызығында,жүрек ұшында систолалық шуыл анықталды, қан қысымы 210/100. Бауыр өлшемдерi өзгермеген. Шеткейлiк iсiктер жоқ. Осы науқаста негiзгi ауруына қандай асқыну қосылған
|
|
1.жедел оң қарынша шамасыздығы
2.жедел сол қарынша шамасыздығы
3.созылмалы оң қарынша шамасыздығы
4.созылмалы сол қарынша шамасыздығы
5.созылмалы тотальды жүрек шамасыздығы
1. Тақырып №9: Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромы (солқарыншалық және оңқарыншалық). Тамырлардың жіті жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок). Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Аралық бақылау.
2. Сабақтың мақсаты:
Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілігінің, тамырлардың жіті жетіспеушілігінің себептерін, диагностикалау әдістерін, симптомдарын үйрету.
3. Оқытудың міндеттері:
- студент білуі керек: Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромын. Себептерін, симптомдарын, диагностикалау әдістерін.
- студент үйренуі керек: Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромын диагностикалауды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромы (солқарыншалық және оңқарыншалық).
- Себептері
- Симптомдары
- Жүрек астмасы, өкпе ісінуі
- Диагностиканың негізгі әдістері
- Балалардағы ерекшеліктері
- Созылмалы жүрек жетіспеушілік синдромы
- Себептері. Симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері.
- Балалардағы ерекшеліктері
- Жіті жетіспеушілік синдромы (естен тану, коллапс, шок)
- Себептері. Симптомдары.
- Балалардағы ерекшеліктері
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- Пікірталас, жұптасып жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шешу, тест алу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау: жүрек аймағының аускультациясын жүргізу (тренажермен және шағын топта жұмыс жасау), сонымен қатар балаларда, клиникалық жағдайларды талдау.
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.
2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б
3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.
Қосымша әдебиеттер:
1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.
2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.
3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.
7. Бақылау – ауызша сұрау, тест алу, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдыларды қабылдау