Амитриптилин мен трифтазин

40 жастағы науқас мафия тарапынан қудалаудың куәсі болғандығын айтады. Оны үйінің алдынан 01 санымен аяқталатын нөмірлі «қара» автомашиналардың жиі өтуімен, ал ол машиналарда үнемі былғары күртеше киген ер кісілердің отыратындығымен түсіндіреді. Қандай дәрі керек? Рисполепт

42 жастағы ер адам төсекте байланыссыз былдырлап жатты, хаосты қимылдар жасайды, көрпесін тартқылайды. Қоршаған ортадан ажыраған, сұрақтарға жауап бермейді. Осы күйден шыққаннан кейін ешнәрсе есінде қалмады. Артынан, бірнеше апта деңгейінде әлсіздік, адинамия, есте сақтау бұзылысы бақыланды.Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? Аментивті

47 жастағы әйел жедел жәрдеммен өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқан жайттарға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

Реактивті ступор

45 жастағы ер кісі, экономист, себепсіз өте активті бола бастады, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болды, орынсыз қалжыңдайды, қызметкерлермен ойнайды, басшы-лармен дистанцияны сақтамайды, бейтаныс әйелдермен оңай таныстық орнатып, көп сөйлегіш, назары басқаға оңай аударылатын болды, бір тақырыптан басқа тақырыпқа тез көшіп кете беретінді шығарды. НЕГІЗГІ СИНРОМ:

Маниакальді

55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқаста барлығына пессимисттік көзқарас анықталады. Жанұясында өзінен басқа ешкім үй жұмыстарымен айналыспайтындығын айтады. Жағдайы көршілерімен арасында соттық дау-дамай шыққаннан кейін нашарлаған. Қандай болжам диагноз ТӘН?

Психогенді депрессия

59 жастағы әйел, мамандығы экономист, ұзақ уақыт холецистит және қант диабетімен зардап шеккен. Күйеуінің өлімінен бір жыл өткен соң, дәрігерге тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, басының айналуына, профессиональді қызметін атқара алмауына, эмоциональді лабильділікке шағымданып келген. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

ми тамырларының зақымдануы

72 жастағы ер адамда, сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрініс беретін эмоциональды әлсіздік. Оның күйі болмашы себептен пайда болатын көңіл-күйдің тербелістерімен сипатталады. Аса жасаурағыштық, ал көңіл-күйі жоғарылағанда – сентиментальділік байқалады. Аталған болжам диагноздардың ішінен қайсысы нақтырақ?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: