Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 11 страница

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін келесі құралдың бірі – оқушылардың сабақтағы және үйдегі өзіндік жұмыстарын ұйымдасты-руға арналған «Математикадан дидактикалық материалдар». Мұнда жат-тығулар күрделілігіне қарай төрт деңгейде беріледі: Олар: Мемлекеттік стан-дарт бойынша білімге қойылатын негізгі талаптарға сәйкес тапсырмалар (да-йын күйінде); білім біршама өзгерген жағдайда қолданылатын тапсырмалар; білім жаңа жағдайда қолданылатын тапсырмалар; шығармашылық әрекетті талап ететін, дәстүрлі емес түрде берілген тапсырмалар.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін келесі бір құрал «Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» болып табылады.Құралда түсіндіру, берілген білімді нақтылау, білім, білік, дағдыларды қайта-лау және бекіту, сонымен бірге, білім, білік және дағдылар деңгейін анық-тауға арналған бағдарлама мен әр сыныптың (1-2) оқулығына сәйкестендіріле дидактикалық ойындар мен әр сынып оқушысының жас ерекшелігіне қарай қызықты тапсырмалар іріктелген.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің келесі бір құралы – бастауыш сы-нып мұғалімдеріне арналған «Математика» оқулығына әдістемелік нұс-қау. Бұл құраләрбір сынып үшін дайындалған. Осы құралда бастауыш сы-ныпта математиканы оқытудың мазмұнына және жүргізілу қырларына қатыс-ты әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар келтірілген. Олар:

- әр тарау бойынша оқу мазмұнының сипаттамасын;

- оқытылып үйретілуге тиіс математикалық объектілерін шолуды және дайындық қеңгейіне қойылатын талаптар тізімін;

- математика сабақтарының басымырақ типінің мазмұны мен құрылымын;

- оқу материалының күнтізбелік-тақырыптық үлгі ретіндегі жобалануын;

- қорытынды нәтижеге және тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту техно-логиясының мәнді белгілері мен кемшіліктері жайындағы ақпаратты;

- диагностикалық құрал және оқыту, бақылау қызметтерін атқаратын тап-сырмалар жүйесін;

- ата-аналарға арналған кеңесті қамтиды.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдардың бі-рі – көрнекі көрсету кестелері. Ол – математика пәні бойынша бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған құрал.

Кестелер жиынтығының негізгі мақсаты – оқушылардың математи-калық түсініктер мен ұғымдарды, іс-әрекет тәсілдерін алғаш қабылдауы ке-зінде көрнекілік қызметін атқару. Сонымен бірге, математикалық білім маз-мұнын сапалы, терең әрі берік сақтауға, логикалық ойлау қабілетін, қиялын, байқағыштығын, психикалық сапасын дамытуға, пәнге қызығушылығын, жә-не іс-әрекет белсенділігін арттыруға, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, ғылымның әр саласынан берілетін мағлұматтарды белгілі бір деңгейде баян-дауға мүмкіндік береді.

Кестелердің мазмұны бағдарламада анықталған және оқулықта келті-рілген математикалық білімнің мазмұнына сәйкестендірілген.

Кестелер жиынтығы 32 данадан тұрады [3].

Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі – белгілі тұтастыққа, дербестікке ие және оқу-тәрбие міндеттерін шешуге арналған оқу жабдықтары заттарының жиынтығы. Жекелеген пәндер бойынша оқыту құралдары жүйесінің және олардың мазмұндары, әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен атқа-ратын қызметтерінің мүмкіндіктерінен туындайтын құрылымдық-компонент-тік құрамының өзіндік ерекшеліктері болады.

Жалпы алғанда, математикадан оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін әрбір құралдың өзіндік орны мен маңызы бар, оқушыларға білім беру-де, білік пен дағды қалыптастыруда олардың әрқайсысының рөлі зор екен-дігін айтуға болады.

50. Қазіргі ШЖБМ-тегі пәндерді оқыту әдістерінің сипаттамасы.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту жүйесінің дидактикалық негіздерінің негізгі тұжырымдары – дидактиканың басты категорияларын тану және әдістемелік жүйеге тірек ретінде алу болып отыр. Ол категориялардың, яғни білім беру, оқу, оқыту, білім, білік-дағды, мақсат-міндеттер, білім мазмұны, оқыту формасы, оны ұйымдастыру жолдары, әдістері, оқыту тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты маңызды дидактикалық ұғымдарды шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің терең түйсінуі пәннің сапалы оқытылуының кепілі деп айта аламыз. Жоғарыда айтылғандарға орай біздер оқытудың тиімді әдістерін жүйелеп, оларды түрлендіре, орын ауыстыра отырып, шағын жинақты мектеп тәжірибесінде қолдануға болатын төмендегідей әдістерді ұсынамыз:

1. Талдау.

2. Синтез жасау.

3. Дедукция.

4. Индукция.

5. Модельдеу.

6. Зерттеу.

7. Салыстыру.

8. Бақылау.

9. Ойын әдістері.

10. Белсенді оқыту.

11. Проблемалық оқыту.

12. Тест алу.

13. Интерактивті оқыту.

14. Ұжымдық оқыту және т.б. әдістер.

Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді. Енді осы әдістердің кейбіреуіне тоқтала кетсек, ұжымдық оқыту әдісі, соның ішінде топпен жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі:

· оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан- сабаққа бар ықыласымен кіріседі;

· белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді.Оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды;

· бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті, әдептілік- қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.

Сонымен бірге проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблемаларды қояды, оны шешуде балалар алдында жеке проблемалар қою арқылы қайшы шешу жолдарын көрсетеді. Проблемалық оқытудың тиімділігі – оқушының бойындағы қызығушылығын жойып алмай, оның табиғи талап-тілектерін, сұраныс, мұқтаждарын ескеру. Оқушы қабілетті, бойында күш-қуаты жеткілікті екеніне сендіре білу, ықыласын оята білу, оқушыны таңғалдыра білу. Даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады. Оқушыларды шығармашылық ізденуге үйрете отырып, ой-қиялын дамыту. Шағын жинақты мектептегі оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістердің бірі – ішінара іздеу. Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімені жүзеге асырады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы сұрақтарды талқылап, ой елегінен өткізіп, жауап береді. Қазіргі таңдағы тиімді әдістердің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.

 

51 т акерке

52. Қазіргі ШЖБМ-тегі білім беру мазмұнының сипаттамасы.

ШЖБМ жағдайында мамандар оқушылардың білімдерін мониторингілеуде белгілі бір тақырып, тарау бойынша не қорытынды бақылау кезінде тест тапсырмаларын қолданулары мүмкін. 12 жылдық білім беретін мектептің бастауыш буынына арналған «Атамұра» баспасынан Информатикадан байқау оқулықтары шығарылды. Оқулыққа қосымша ретінде оқушылардың компьютермен жұмыс жасай алу біліктерін дамыта түсуге бағытталған, математикадан оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауға арналған бірнеше тапсырмалар берілген. Қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға орындату үшін студент өзі құралмен жұмыс жасау әдістемесін игеруі тиіс.

Мамандар мынадай КТ-ның тұжырымдық ережелерін білулері тиіс:

- оқыту – оқушының компьютермен жұмыс істеуі;

- бейімдеу – компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау;

- диалогтық сұхбаттасу – оқушының компьютермен өзара қатынасы;

- басқару – кез келген уақыттағы оқытушының енгізген түзетуі; оқытушының нұсқау беруі; сыныпішілік желіні басқаруы;

- дидактикалық басқару – жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестірілуі;

- психологиялық басқару – оқушының компьютермен жұмысы кезінде қолайлы жағдай жасау;

- бағалау – оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау.

«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарғаарналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «Шағын жинақталған мектептерде оқу процесiн толыққанды және сапалы өткiзу үшiн негiзгi және аға буындағы бiрiктiрiлген сыныптар бiрте-бiрте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердiң балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу көзделiп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрi басқа инновациялық нысандары кеңiнен енгізілетiн болады» деген болашақта атқарылатын жұмыс түрлері анықталған.

ШЖБМ жағдайында мамандар оқушылардың білімдерін мониторингілеуде белгілі бір тақырып, тарау бойынша не қорытынды бақылау кезінде тест тапсырмаларын қолданулары мүмкін. 12 жылдық білім беретін мектептің бастауыш буынына арналған «Атамұра» баспасынан Информатикадан байқау оқулықтары шығарылды. Оқулыққа қосымша ретінде оқушылардың компьютермен жұмыс жасай алу біліктерін дамыта түсуге бағытталған, математикадан оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауға арналған бірнеше тапсырмалар берілген. Қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға орындату үшін студент өзі құралмен жұмыс жасау әдістемесін игеруі тиіс.

Мамандар мынадай КТ-ның тұжырымдық ережелерін білулері тиіс:

- оқыту – оқушының компьютермен жұмыс істеуі;

- бейімдеу – компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау;

- диалогтық сұхбаттасу – оқушының компьютермен өзара қатынасы;

- басқару – кез келген уақыттағы оқытушының енгізген түзетуі; оқытушының нұсқау беруі; сыныпішілік желіні басқаруы;

- дидактикалық басқару – жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестірілуі;

- психологиялық басқару – оқушының компьютермен жұмысы кезінде қолайлы жағдай жасау;

- бағалау – оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау.

«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарғаарналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «Шағын жинақталған мектептерде оқу процесiн толыққанды және сапалы өткiзу үшiн негiзгi және аға буындағы бiрiктiрiлген сыныптар бiрте-бiрте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердiң балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу көзделiп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрi басқа инновациялық нысандары кеңiнен енгізілетiн болады» деген болашақта атқарылатын жұмыс түрлері анықталған.

 

53.ШЖБМ-те пәндерді оқытуда қолданылатын техникалық оқыту құралдарға сипаттама

Соңғы кезде көптеген мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».

Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.

Педагогикалық технологияның түрлері өте көп солардың ішіндегі дәстұрлі технологияларды жетілдіру, модернизхациялау барысында С.В.Кукушин математика сабағында қолдануға болатын педагогикалық технологияның төмендегідей түрлерін ұсынады:

- педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы);

- оқушының әрекетін белсендіру және интенсифтендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы; Е.И.Пассовтың коммуникативтік (құзіреттілік) оқытуы);

- оқу процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; дифференциялап оқыту технологиясы; саралап оқыту технологиясы; талдау барысында басқаруда тірек схемаларды қолдана отырып, оза оқыту (Лысенкова С.Н.); топтық және ұжымдық оқыту; компьютерлік технология);

- оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев);

- оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов);

- дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор.

Ізгіліктендіру - мектеп назарын баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білу.

Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз - оларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына сену, олардың қабілеттеріне сену, ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі, балаларды ынталандыру, келешегіне алаңдау, шыдамдылық, дер кезінде түзету, көмек беру деген сөз.

Демократияландыру дегеніміз мұғалім мен оқушының тең құқықтығы, оқушылардың оқыту формаларын еркін таңдауы, оқушылардың өзіндік көзқарас құқығының болуы, қарым – қатынас стилі, оқушыларға бағып беру, оқу процесін бірге басқару, бірге ұйымдастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, «демократияландыру – оқушы деп аталатын адамға бұрылу»

(П.И. Пидкасистый).

Гуманитарландыру ұстанымының негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, яғни оның өз табиғатын айқындау, өз ісін көрсете алуы, жүзеге асырылуы және өзектендіре алуы болып табылады.

Ынтымақтастық - балалар мен үлкендердің өзара түсіністік, бір – бірінің ішкі жан дүниесіне үңілу негізіндегі біріккен дамыту іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін ұйымды, ұжымды түрде талдау жасаудың

гуманистік идеясы. Осының негізінде мектептің барлық іс-әрекеті мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жеке тұлға - оқушыға қызмет етуге бағытталады.

Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді. Осы аталған педагогикалық технологиялардың түрлерін математика сабағында қолданудың әдістемесіне тоқталайық.

Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.

Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы. Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады,

54 ШЖБМ-те сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

ШЖБМ жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері, жоспарлау және ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамдас бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады.

Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, әр пән бойынша бұрыштар, кештер немесе ертеңгіліктер, үйірмелер, олимпиадалар, спартакиадалар, КТК (КВН), т.б.

 

Оқушыларды тәрбиелеу процесі әртүрлі формалар көмегімен іске асырылады. Тәрбие жұмысының формаларын таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиешінің шеберлігіне, т.б. жағдайларға байланысты.Сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылар үшін міндетті емес болып табылады. Ол төменгі жастағы оқушылардың өз еркіне, инициативасына, белсенділігіне негізделеді. Оның мазмұны оқу бағдарламасынан асып түсуі де мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы да болып кетеді, онда оқушылардаң алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі. Мысалы, мұғалімнің тапсырмасы бойынша балалар тірі табиғат бұрышында бағдарламалық бақылау өткізеді – бұл сабақтан тыс жұмыс. Сыныптан тыс жұмыста олар бұл бақылауды жалғастырулары мүмкін, бірақ енді оқу процесі үстінде алған білімдерін едәуір кеңейтіп, тереңдететін бағдарлама бойынша жалғастырады. Сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларының ішіндегі негізгісі ұйымдасқан формасы үйірме болып табылады. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің практикасында жиі кездесетіні жас табиғат әуесқойларының үйірмесі. Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формалары өте үлкен маңызы бар, олар оқушылардың бүкіл ұжымын шаруаларға қатысуға тартуға мүмкіндік береді. Балалар әр алуан жұмыс түрлерін орындай алады: сурет салу, жапсыру, желімдеу, қолдан жасалатын құралдар істеу, жұмбақтар мен жұмбақ сөздер ойлау немесе іздеп табу, тақырыптық кештерге арналған өлеңдер мен тақпақтар дайындау және т.б. Осындай жұмыс формаларының бір сыныптан тыс өлкетану экскурссиялары. Табиғатпен тікелей қатынас жасау оқушыларды табиғатты зерттеп білуге ықыластануларына жағдай жасайды және олардың эстетикалық тәрбиесіне көмектеседі.

Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық, нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбыдыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Әңгіме

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып- адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру:жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қаралады. Осы мәселелерге қатысты өткізілетін әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуғакөмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда,ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.

55. ШЖБМ-тесабақтардың түрлері, олардың ерекшеліктері.

Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:

- оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: