Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 14 страница

Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады

Дамыта оқыту - оқу процесін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.

Дамыта оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға, қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс - әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату; бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.

Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б.

 

63. ШЖБМ оқушыларының білімдерін тексеру мен бағалаудың ерекшеліктерін талдау.

Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.

Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

- оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

- баға әділетті болуы қажет;

- әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал;

- бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

- оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.

ШЖБМ оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде тест әдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.

64 марал

65.Бір пәндік және әр пәндік сабақтарда ШЖБМ оқушыларының оқу әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру.

Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз біріктірілген сыныптардың бәріне ортақ бір ғана пәнді өткізу (мысалы, бірдей уақытта барлық сыныпта қазақ тілі немесе математика сабағы). Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақта әр сыныпта әр түрлі пән өтіледі. Мәселен, бір сыныпта математика сабағы, ал екінші сыныпта ана тілі немесе қазақ тілі өтілуі мүмкін. басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Біздіңше, ШЖМ-де бір пәндік сабақтар қолайлырақ.

Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз – қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

Бірнеше сыныппен жүргізілетін сабақ жоспарының жалпы сызбасын төмендегідей етіп жасауға болады: 1) мұғалімнің алдымен өткізетін сыныбына өздігінен орындауы үшін аздаған тапсырмалар беру; 2) қалған сыныптардың әрқайсысына бұрынғы бастап қойған жаттығуларды әрі қарай жүргізу үшін немесе бұрын даярланып қойылған жұмыстарды балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру; 3) мұғалімнің сабақты бастаған сыныбындағы балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру

66.Өзіндік жұмыс тапсырмаларын іріктеу және құрастыру.

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.

Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

- оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелікжұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

67. Біріктірілген сынып-комплектідегі әр түрлі нұсқадағы бір пәндік сабақтың үлгісін дайындау.

2-СЫНЫП 3-СЫНЫП 4-СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы:
Жіңішке дауысты дыбыстар, олардың айтылуы мен жазылуы Буындардың екі түрлі айтылуы мен жазылуы   Қос сөздердің күшейткіш буын арқылы айтылуы.  
Сабақ мақсаты:
Жіңішке дауысты дыбыстарды игерту, олардың айтылуына қарай жазылатынын есте қалдыру. Буын туралы білімдерін тиянақтау, дыбыстың әсерінен буынның екі түрлі айтылып, жазыла-тындығын меңгерту.   Қос сөз туралы түсі-ніктерін толықтыру, сөздің алдынан кү-шейткіш буын қосу ар-қылы жаңа мағыналы сөз жасауға болатын-дығын меңгерту.
ә) Тәрбиелік мәні: Отанды сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу, эстетикалық сезімін қалыптастыруға, ізгілікке баулу. б) Ой-өрісін дамыту Әр сынып оқушыларынан сұраққа жауап алып, талдау-жинақтау әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру. С а б а қ к ө р н е к і л і г і: Сурет: (Алма, әтеш, қарбыз, көгершін, орақ, ұя, құс, түйе) Перфокарта
«Қай дыбысты жоғалт-тым?» Бар-бер «Тез тап!» Асылан-Ерлан 1.Қос сөзге сөйлем жаз.
Сан-сән Күн-құн ОР-өр Ыс-іс Асан-Әсет Үміт-Ұлдай Омар-Өркен Ыбырай-Іңкәр 2. мына сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра, жасалуын түсіндір. 3. мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.
Кесте
Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ; Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү. Жуан буынды сөздер: орман, ыдыс, құлын. Жіңішке буынды сөздер: бәйшешек, өріс, үлкен. қып-қызыл, әп-әдемі, біп-биік, тіп-тік, жып-жылы, тәп-тәтті, өп-өткір, қап-қара.
а)Күйтабақ. ә) Жұмбақ жазылған плакат. Кіп-кішкене қараша, Тұрған жері тамаша. Бірақ сәтте жер-көкті, Алады шарлап қараса. (Көз) б) магнитофон. «Отан». (Ө.Тұрманжановтың өлеңіне жазылған). в) мазмұнды сурет (көктемгі табиғат көрінісі). г) тақтамен жұмыс. «Отан». Ө.Тұрманжанов. Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді, Отан дейміз туған жер, атамекен. Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. Отан дейміз кең байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, тас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгіме. Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері. Сабақтың түрі: шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жаңа білімді хабарлау. Сабақтың барысы: Тақтаға ілінген суреттер бойынша сөздік диктант жазу.
Жазылған сөздердегі жуан дауысты дыбыс-тардың астын бір, жі-ңішке дауысты дыбыс-тардың астын екі сызу.   Жазылған сөздерді шартты белгісімен буынға бөліп, буындардың жуан және жіңішке болып келетінін ажырату. Перфокартамен жұмыс. 1.Қос сөз деген не? 2.Жазуда қос сөздің арасына қандай белгі қойылады? 3. Қос сөздер қалай жасалады? 4.Қос сөзге екі сөйлем жаз. 5.Мына қос сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра. 6. Мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.
Ескерту:...- Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс...- Оқушылың өздігінен орындайтын жұмысы. Тапсырманы қалай орындағандарын бір-біріне тексерттіру. Осы кезде дайындалған кестені пайдалануға болады.
    Перфокарта бойынша берілген тапсырманы қалай орындағандарын тексеру, бағалау. Көрнекілігіне дайындалған кестені пайдаланып, күшейткіш буын арқылы да қос сөз жасалатынын түсіндіру.
...Тапсырманы қалай орындағандарын тез қарап шығу. «Қай дыбысты жоғалттым?», «Тез тап» ойынын ойнату.
    Тақтадағы суреттерді пайдаланып, күшейткіш буынды қос сөзі бар сөйлемдер жазуды тапсыру.
Көрнекіліктегі жазылмаған дауысты дыбысты таптырып, оның жуан не жіңішке дауысты дыдыбыс екенін анықтау және сөз мағынасына көңіл бөлу. Әр сөзді мұғалім оқып тұруы керек: Сан-сән,күн-құн, ор-өр, ыс-іс. Бірінші дыбысы аталған дауысты дыбыстан басталатын кісі аттарын айту. Айтылған кісі аттарының жуан не жіңішке буынды сөз екенін анықтау. Асан-Әсет; Үміт-Ұлдай; Омар-Өркен; Ыбырай-Іңкәр. Мысалы: Ағашта қып-қызыл алма өсіп тұр. Біздің үйде әп-әдемі әтеш бар және т.б.
Оқулықпен жұмыс.
68-жаттығу. 169-жаттығу. ... Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тексеру, ондағы қос сөздің жазылуына көңіл бөлу.
...Жаттығуды қалай орындағандарын тексеріп, бір-бірінің білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.  
    ..Оқулықпен жұмыс.159-жаттығу. ...Жаттығудың қалай орындалғанын тексеріп шығу.
...Сергіту. Музыкамен қозғалыс жасау. (Күйтабақ). ...Жұмбақ жазылған плакат. Шешуін тапқан соң, асты сызылған сөздерге тақырыпқа байланысты талдау жасау. Үш сынып оқушыларын қатар қатыстыруға болады.
Көзсөзіндегі дауысты дыбысты ата, ол жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па? «Көз»сөзінде неше буын бар, ол қандай буын, себебін түсіндір. Жұмбақта қос сөз бар ма? Кіп-кішкене (күшейткіш буын), жер-көкті (әр түрлі сөз). Қос сөздер қалай жасалған?
Сабақты қорытындылау. «Отан» (Ө.Тұрманжанов)....Өлеңді магнитофоннан тыңдату, мәтін мазмұнына сай сурет пайдалану, өлеңді қалай түсінгендерін сұрау. Тақтаға осы өлеңнің бірінші шумағын бұрын жазып қойып, мәтінді қалай түсінгендерін байқаған соң:
Өлеңнің 1-2 тармағынан дауысты дыбыстарды таптыру, астын жаздыру. Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді,   Өлеңнің 3-4-тармағындағы сөздерді буынға ажыраттыру. Отан дейміз туған жер, атамекен. Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. Өлеңнің 4-тармағындағы сөздерді пайдаланып, күшейткіш буынды сөз тіркестерін айтқызу. Біп-биік тау, қап-қалың орман, кеп-кең тоғай, үп-ұлкен көл.
2-3-сынып оқушылары жаңылысса, 4-сынып оқушыларының толықтыруына болады. ...Үйге тапсырма: §4. 67-жаттығу. §15. 168-жаттығу §13. 166-жаттығу
         

68 Дана потом жиберем деди

69 т акерке

Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау.

Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: