Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 15 страница

Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.

Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.

1. Біріктірілген 1 және 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ:

Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2-сынып деп жазылады.

1. «Тез есепте!» 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10

2. Топқа бөлініп әр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы:

2+8 9+1 10-10 20+3 30+10 60-4

10-8 5+5 10-0 4+20 50-20 86-6

Әр топқа түстері әр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады.

Эстафета. Әр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын және дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді.

2. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.

3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.

Жоспары:

1. Кешті ұйымдастыру.

2. Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»

3. Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).

4. Ойын «Арифметикалық жүгіру».

5. Тақырыпқа берілген тапсырмалар.

6. Ең мықты есептеушіге сұрақ.

7. Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.

8. Викторина.

9. Қорытынды.

4. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.

71.ШЖБМ-те оқытудың инновациялық технологияларын талдау.

Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндетәртүрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығуларын арттыру және білім сапасын жақсарту.

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет» дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. [1,3-б.].

«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.

Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.Инновация көпсалалы,кең қолданыста.Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады

Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология,аксиология,праксиалогиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер (Роджерс, Д.Дьюи, Курт, Льюин, П.Ф.Каптеева, Ю.К.Бабанский, В.П.Сазанов, Г.С.Құдайбергенова және т.б) еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич «жаңа техналогиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады» дейді.Бұл пікірге қосылуға болады.Өйткені педагогтің жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекетінің басты материалы – педагогикалық техналогия. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми – әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу – тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз. Ал оқу тәрбие үрдісінің техналогиясы – оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық техналогияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақтытәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.Ұлы ойшыл ғұлама әл-Фараби «Адам бойындағы ең үлкен қасиет – қабілет өмірді түсіну, қанағаттұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық» деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен инновациялық технология дегеніміз – педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы, мұндағы қажеттілік,қабілет,мүмкіндіктентуындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі,дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымдары мыналар болып табылады:

-тұжырымдамалық негізі:

-мазмұндық бөлігі:

-әрекеттілік бөлімі-техникалық үдеріс. [3, 13-б.].

Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. Педагогикалық шарттарға, ең алдымен,педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с.жатқызуға болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.

72 ШЖБМ-тегі АКТ-ның мүмкіндіктерін талдау

Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының
негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік
көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында
басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-
тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі – ғылыми-техникалық ақпараттың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру.

Ал бастауыш мектепте оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін, қызығушылығын туғыза алмаса, берген білімнің нәтижесі болмайтыны анық. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күні елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Инновациялық білім беру құралдарына: — аудио-видео құралдар; — компьютер; — интер белсенді тақта; — ғаламтор; — компьютер – мультимедиялық құрал; — электрондық оқулықтар мен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үдерісі мен сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.   Бастауыш сынып оқушыларының АКТ-ға қызығушылықтары өте басым болғандықтан визуальды қабылдаулары өте жоғары еске сақталады. Пәнді оқыту барысында АКТ-ны тиімді қолдану дегеніміз не? Пәндік білім — оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Технологиялық білім- оқытудың қосалқы құралдары туралы білім. Осы үш білімнің қилысуы Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімді береді. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра мен Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Пәнді оқытуда білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланысты белсенді қолдану оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіштері. «Кім жылдам?» математикалық интеллектуалдық сайыс, «Алтын ұя мектебім» тақырыбында суреттерді бояп, құрастырады. Оқушылардың орындалған жұмыстары телефондар камерасымен қарау арқылы әртүрлі форматта қарастырылып, оқушының бойындағы қызығушылығы мен шығармашылық ой өрісін, қиялын дамытады. Дүниетану пәнінде бақылау жүргізгенде фотокамера немесе телефондарға түсіру тапсырылады. Ол оқушының бақылау арқылы зерттеу жұмыстарына қарай ұмтылғанын байқаймыз. «Жануарлардың алуан түрлілігі» тақырыбында өткізілген сабақта оқушыларға топта ұжымдаса отырып, бірнеше жануарлардың фото суреттерін түсірген. Енді топаралық жұмыста олар жануарлардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аудару ұсынылғанда фотосуреттерді алмастыра отырып бақылап, нәтижелерін қорыта айтқан оқушыларда табылды. Мектебіміздің қаланың шеткі жағында орналасуына байланысты оқушыларымыздың көбінде үй жануарлары бар. Сондықтан бақылау-зерттеу жүргізген кезде оқушылар шынайы белсене кірісіп нәтиже шығара білді. Оқушылардың жасаған жұмыстары және олардың ұялы телефондағы, планшеттегі, ноутбуктағы бейнелер қызығушылық туғызып, табиғатқа, үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арта түсті.

Пән барысында АКТ-ны қолданудағы жалпы мақсатым оқушыларды бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу; ақпараттық мәдениеттердің алғы шарттарын қалыптастыру.

Түйінді идеялар: АКТ-ны сабақта не үшін пайдалану қажет?
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер технологиялар жаңартылып отырады. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

  1. АКТ түрлерімен таныстыру.
  2. Сабақта АКТ-ның қай түрін пайдалануға болады, соны анықтау.
  3. Сабақты жаңа технологиямен өту.
  4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.
  5. Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.
  6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.
  7. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де біліп отыру.
    8. Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.

Қорыта келе, бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізді және оның күнделікті өмірге жақын екендігін түсінді.

73. ШЖБМ-тегі бір пәндік сабақтарды ұйымдастыру

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді. Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады. Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

74 Аида жауаптарыннын арасында жок

75.ШЖБМ-те бір пәнді бір тақырыптық сабақтарды ұйымдастыру

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

«Жоғарыда келтірілген сабақтың қай түрін қолданғанда, математикалық білім жоғары деңгейде игеріледі?» сұрағы туады. Л.Канцева, Т.К.Оспанов және т.б. ғалымдар бір пәндік сабақ кестесін түзу тиімді деп есептеп, оны былай дәлелдейді:

1. Біріктірілген барлық сыныптардағы бірдей сабақтар пәндік алаңдаушылықты туғызбайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: