Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 16 страница

2. Мұғалім үшін де “үлкен” сабақтың логикалық жүйесін дұрыс құрып, “кіші” сабақтардың барысын жете қадағалауға мүмкіндік туады.

3. Бір пәндік оқу жүйесі іс жүзінде бір тақырыптық сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

76 клара

77ШЖБМ тегі оқыту нәтежелерін бақылау жане диагностикалау Диагностика — дидактикалық үдерістің өту жағдайларын, оның нәтижелерін дәл аныктау болып табылады. Диагностикасыз дидактикалық үдерісті тиімді басқару, жасалған жағдайларға сәйкес оңтайлы жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Диагностикалауға қатысты екі ұғым мәнін ашу қажет. Білімділік — оқытуда қол жеткізген нәтиже, ал білім алуға даярлық — оқушының оқытудағы әлеуеттік мүмкіндіктерін сипаттайды. Сонымен бірге білімділік диагностикалау жүрген кездегі қол жеткізген мақсаттардың жүзеге асырылу деңгейін де сипаттайды. Дидактикалық диагностикалау мақсаты оку ұдерісті тиімділігіне байланысты жүру барысын дер кезінде анықтау, бағалау, талдау болып табылады.
Диагностика — оқушылардың дәстүрлі білім, біліктерін тексеруге қарағанда кеңірек және тереңірек ұғым. Тексеру тек соңғы нәтижені ғана көрсетсе, диагностикалау нәтижеге қол жеткізудің жолдары және тәсілдерімен бірге, олардың қалыптасу динамикасын да анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалауға бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мағлұматтарды жинақтау талдау, әрі қарай даму жағдайларын болжамдау кіреді.
Оқушылардың білім, біліктерін бақылау, бағалау диагностикалаудың қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаңа демократиялық мектепте бақылау жалаң түрде жүрмеуі керек. Дидактикалык бақылау өзіндік оқыту әдісі ретінде үйретуші, дамытушы бағытта болып, өзін-өзі бақылаумен ұштаса отырып, оқушы үшін қажетті және пайдалы болуы керек.

Оқушылардың үлгерімін бақылау. Окыту тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, өз уақытында жүруіне, тереңд ігі мен объективтілігіне тікелей байл анысты. Бақылауды іс жузіне асыру үшін онда қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға «бағалау», «бақылау», «тексеру» «есепке алу» т.с.с. жатады. Бақылау — оқушылардың білім, біліктерін анықтауды, өлшеуді және бағалауды сипаттайтын жалпы ұғым. Анықтау мен өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың кұрамдық компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық функциясы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде оқушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап отыру болып табылады. Тексеру максаты — оқушылардың білім деңгейлері мен сапасын ғана емес, олардың оқу еңбегінің көлемін де анықтау. Тексеруден басқа, бақылаудың құрамына үдеріс ретінде бағалау және нәтиже ретіндегі бағалар кіреді.

Оқушылардың үлгерімдерін бағалау негізі бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жерде оқушылар еңбегінің сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі. Білімділіктің сандық көрсеткіші бағаны меңгерілуі тиіс білім мен меңгерілген білім арасындагы қатынас ретінде анықтайды. Бұл қатынас өрнегі: 0=Ф/Пх 100%; Мұндағы: О — үлгерім бағасы (білімділігі, өнімділігі) Ф — меңгерілген білім, біліктер көлемі; П — меңгерілуге ұсынылған білім, біліктер.

78. ШЖБМ-тегі оқыту құралдарына талдау жасау

Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты). Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер бередіОқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

79 арай

80 ШЖБМ-тегі оқыту формаларына сипаттама және оларды талдау.

1. Оқыту формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.

Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.

Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын (мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет.

Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т.б.) жұмысына ерекше назар аударылады.

81. ШЖБМ-те қазақ тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:

- оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;

- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;

- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;

- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;

- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.

Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.

Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;

- дамытушылық;

- тәрбиелік;

- практикалық.

Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтсақ: -аралас сабақ;

- мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы;

- оқылған материалды бекіту сабағы;

- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;

- тексеру және оқушылардың білімдерін есепке алу сабағы.

Математика сабағы көбінесе аралас сабақ болып келеді. Әрбір сабақтың түріне қарай оның кезеңдері де әр түрлі болуы тиіс. Дегенмен қазіргі кездегі сабақ мұғалімнің түсіндірмесінен, дәптермен және оқулықпен, дидактикалық материалдармен жұмыстан тұрады.

Сабақта қолданылатын әдіс түрлері - сөздік, практикалық және көрнекілік әдістер. Бұлардың да түрлері әрбір сабақта, тіптен әрбір сыныпта әр түрлі болуы мүмкін.

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақ тілі және пәнаралық байланыс
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.

Марал


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: