Ерте жас тобы 2018 жыл наурыз айы

Өтпелі тақырып «Салттар мен фольклор»

Мақсаты: ойын түрлері арқылы халқымыздың тұрмыс салт жырларымен (бесік жыры) таныстыру

Міндеттері:

-әнді тыңдау арқылы жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту, қимыл әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту;

-заттарды қолдану арқылы түстерін ажырата білуге дағдыландыру;

-тірі және өлі табиғат туралы түсініктерін кеңейту;

-қарындаштармен жұмыс жасату дағдысын жетілдіру;

 

Апталық тақырып «Денсаулық»-3 Коммуникация-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет -0,5 Таным- 1 Сенсорика-0,5 Жаратылыстану-0.5 Шығармашылық- 2 Сурет салу-0.5; Мүсіндеу-0,5 музыка – 1,0
«Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» 1-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Екі қолмен себетке допты лақтыр, көлбеу тақтай үстімен жүру 2. Көлбеу тақтай үстімен жүру, бір аяқты екінші аяқтың жанына қойып бөренеден асып өту қос аяқпен. 3. Бір аяқты екінші аяқтың жанына қойып бөренеден асып өту қос аяқпен. Берілген бағыт бойынша заттардың арасымен жүгіру. Қимылды ойын:«Асықты кім тез жинайды?» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Қуыршақты ұйықтатамыз» «Әлди-әлди»бесік жыры Мақсаты:ересектердің сөйлеген сөздерін қайталау арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білу, әнді тыңдау арқылы жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту арқылы қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту Сенсорика Тақырыбы: «Үлкен,кіші орамалдар» Мақсаты: бір мезгілде екі қажетті түс пен өлшемді, пішін мен түсті ажыратуды үйрету, қабылдауын дамыту Сурет салу Тақырыбы:«Жолақтағы нүктелер» Мақсаты:қағаз бетіне қарындаштар арқылы нүктелер салу Музыка Тақырыбы: «Ақ әжем» (Ж.Қалжанова) Мақсаты:Ересектердің орындаған әндерін тыңдау және одан соң қайталауға үйрету Ән тыңдау: «Ертегі» (Б.Жұмабекова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Гүлдер» биі
«Ертегілер елінде. Театр әлемі» 2-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Берілген бағыт бойынша заттардың арасымен жүгіру. Домалаған доптың артынан еңбектеу. 2. Домалаған доптың артынан еңбектеу, барлық топпен бағытты өзгертіп жүгіру. 3. Барлық топпен бағытты өзгертіп жүгіру. Шағын саты бойымен жоғары төмен түсіп өрмелеу (биіктігі 1 м) Қимылды ойын:«Маймылдар» Көркем әдебиет Тақырыбы:«Түлкі мен қоян ертегісі» (қуыршақ театры) Мақсаты:жануарлар әрекеттері бейнеленген шағын ертегілерді тыңдауға және эмоционалды көңіл күйін білдіруге үйрету. Жанашырлыққа баулу. Қуанышты көңіл күй сыйлау   Жаратылыстану Тақырыбы: «Түлкі-бізде қонақта» (үстел-үсті, конус театрлары) Мақсаты:жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарымен, белгілері арқылы ажырата білуге үйрету Мүсіндеу Тақырыбы: «Бауырсақ» Мақсаты:тұзды қамырды алақан арасына салып домалату Музыка Тақырыбы: «Ақ әжем» (Ж.Қалжанова) Мақсаты:Ересектердің орындаған әндерін тыңдап және одан соң қайталап айта білуге дағдыландыру Ән тыңдау: «Ертегі» (Б.Жұмабекова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Гүлдер» биі
«Өнер көзі –халықта» 3-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Шағын саты бойымен жоғары төмен түсіп өрмелеу (биіктігі 1 м), допты жоғары лақтыру. 2. Допты жоғары лақтыру. Доғаның астынан төрт тағандап еңбектеу (биіктігі 50 см). 3. Доғаның астынан төрт тағандап еңбектеу (биіктігі 50 см). Еденде жатқан арқаннан аттап өту. Қимылды ойын:«Кішкентай шабандоздар» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің әжем» Қадыр Мырза Әли Мақсаты:өлеңнің мазмұнына қатысты айтылатын лепті интонацияларды түсінуін дамыту. Жақын адамдардың туыстық атауын атай білуге үйрету Сенсорика Тақырыбы:«Түрлі түсті білезіктер» Мақсаты:құралдарды қолдануға, түстерді ажыратуға үйрету.Ұсақ қол моторикаларын дамыту мақсатында шашу, жинау,топтастыруға баулу Сурет салу Тақырыбы:«Әжемнің орамалы» Мақсаты:қағаз парағындағы бейнені ашық түсті дақтармен әсемдеу   Музыка Тақырыбы: «Наурыз-біздің жаңа жыл» (Ж.Қалжанова) Мақсаты:Әндегі жоғары және төмен дыбыстарды тыңдауды үйрету Ән тыңдау: «Наурыз» (Б.Жұмабекова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Шашақтармен би қимылдарын жасау»
«Нұр төккен, гүл көктем» 4-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Еденде жатқан арқаннан аттап өту. Допты қос қолмен ұстап шеңберге лақтыру. 2. Допты қос қолмен ұстап шеңберге лақтыру. Нысанаға дейін еңбектеу. 3. Нысанаға дейін еңбектеу. Бір орында тұрып секіру. Қимылды ойын:«Кім алысқа лақтырады?» Көркем әдебиет Тақырыбы:«Көктем» Ә. Асылбеков Мақсаты:өлеңді тыңдауға және жас ерекшелігіне сай табиғат құбылыстарын атай білуге (жаңбыр жауады тырс-тырс, күн күркірейді тарс-тарс,жел уілдейді у-у-у) жаттықтыру Жаратылыстану Тақырыбы:«Көктем келді» Мақсаты: табиғат құбылыстарын бақылау (жаңбыр жауады-тырс-тырс, жел уілдейді-у-у-у, күн күркірейді-гүрс-гүрс, найзағай шатырлайды шатыр-шұтыр) олардың дыбыстарын қайталап айтуға үйрету Мүсіндеу Тақырыбы:«Алма» Мақсаты: алақан арасына салып домалақтау тәсілімен мүсіндеуге үйрету Музыка Тақырыбы: «Наурыз-біздің жаңа жыл» (Ж.Қалжанова) Мақсаты:Әндегі жоғары және төмен дыбыстарды тыңдаудағдыларын қалыптастыру Ән тыңдау: «Наурыз» (Б.Жұмабекова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Шашақтармен би қимылдарын жасау»

 

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР (ҮЛГІ)

Ерте жас тобы 2018 жыл сәуір айы

Өтпелі тақырып «Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты: қысқа әңгімелер, шағын тақпақтар оқу арқылы кейіпкерлерге жанашырлық танытуға, еңбекті бағалауға баулу

Міндеттері:

- ересектердің басшылығымен жеңіл еңбек әреттерін орындап, қарапайым еңбек дағдыларын меңгертуді жалғастыру;

-заттарды өлшеміне байланысты салыстыруға үйрету;

-қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту;

-жалпақ, дөңгелек пішінді мүсіндей білу дағдыларын бекіту;

-бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөлуге баулу;

-көңілді және баяу әндерді тыңдату;

 

 

Апталық тақырып «Денсаулық»-3 Коммуникация-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет -0,5 Таным- 1 Сенсорика-0,5 Жаратылыстану-0.5 Шығармашылық- 2 Сурет салу-0.5; Мүсіндеу-0,5 музыка – 1,0
«Аялайық, гүлдерді» 1-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Бір орында тұрып секіру. Допты алға домалатып оны қуып жетіп ұстау. 2. Допты алға домалатып оны қуып жетіп ұстау. Ұсақ заттарды қашықтыққа лақтыру. 3. Ұсақ заттарды қашықтыққа лақтыру. Арқанның астынан төрт тағандап еңбектеп өту. (биіктігі 50 см) Қимылды ойын:«Гүлдерді жинау» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Топтағы гүлдер» Мақсаты: балаларды гүлдердің бөліктерін атай отырып (жапырағы, күлтелері) сөздік қорын байыту, ересектердің нұсқауларын орындауға, екі үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта білу (гүлге су құю, жапырағын сүрту) түсінікті сұрақтарға жауап беру   Сенсорика Тақырыбы:«Үлкен-кіші құмыралар» (дидактикалық ойын) Мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін пішіні мен көлемі бойынша заттарды топтастыру Сурет салу Тақырыбы:«Алма ағашы гүлдеді» Мақсаты: қағаз бетіне ашық түсті дақтарды бояу жағылған саусақпен бейнелеу Музыка Тақырыбы: «Саябаққа барамыз» (Ә.Қонысбеков, Ұ.Қонысбекова) Мақсаты: би әуендерінің көңілді сипатының күрделі емес қимылдарын жасай білуге (аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру, орнында тұрып айналу) үйрету Ән тыңдау: «Көктем келді» (Б.Бисенова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Сылдырмақпен би»
«Ас атасы-нан» 2-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Арқанның астынан төрт тағандап еңбектеп өту. (биіктігі 50 см). Түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру. 2. Түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру. Допты көлденеңнен нысанаға дәлдеп лақтыру. 3. Допты көлденеңнен нысанаға дәлдеп лақтыру. Кегльдер арасымен жүру. Қимылды ойын:«Бидай сабақтарын жинайык» Көркем әдебиет Тақырыбы:«Нан қоқымын шашпаңдар» Мақсаты:көркем шығарманың мазмұнына қатысты қойылған сұрақтарды түсінуін дамыту.Тақпақты қайталап айту арқылы мәтіндегі сөздерді айту. Нанды қадірлеуге, шашпауға тәрбиелеу   Жаратылыстану. Тақырыбы:«Нан өнімдері» Мақсаты:қоршаған ортадағы және суреттердегі заттарды тану (бөлке нан,печенье,торт,тоқаш) және шынайы тани білуді үйрету Мүсіндеу Тақырыбы:«Әжемнің шелпегі» Мақсаты: тұзды қамырдан жалпақ, дөңгелек пішіңдерді мүсіндеу Музыка Тақырыбы: «Саябаққа барамыз» (Ә.Қонысбеков, Ұ.Қонысбекова) Мақсаты: би әуендерінің көңілді сипатының күрделі емес қимылдарын жасай білу, (аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру, орнында тұрып айналу) дағдыларын бекіту Ән тыңдау: «Көктем келді» (Б.Бисенова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Сылдырмақпен би»  
«Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі» 3-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Кегльдер арасымен жүру. Паралеллель қойылған екі жіптің астынан саңырауқұлақ теруге еңбектеп бару. 2. Паралеллель қойылған екі жіптің астынан саңырауқұлақ теруге еңбектеп бару. «Шарды үрлеу» ойын жаттығуы. 3. Шашырап жүру. Шағын топпен жүру. Қимылды ойын:«Саңырауқұлақ жина» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Дыбысын сал» (Бейнежазба арқылы көрсету) Мақсаты: бейнежазба арқылы жәндіктердің қимылдарын, сыртқы белгілері, шығаратын дыбыстарын көріп, қайталау. Тілдік артикуляциялық қатынастағы дыбыстарды анық айтуын жетілдіру (жу-жу, зу-зу, ызз-ызз, ыс-ыс). Сенсорика Тақырыбы: «Ненің дыбысы?» (Дидактикалықойын) Мақсаты: естуді дамыту және ажырату үшін бақаның, масаның,араның дыбысын (бақ-бақ,ыз-ыз,)тыңдату Сурет салу Тақырыбы: «Әсем көбелек» Мақсаты: қағаз бетіне түскен дайын бейнені ашық түсті дақтармен әсемдеу Музыка Тақырыбы: «Көбелек» (А.Досмағамбетова) Мақсаты:ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауға үйрету. Ән айтуға қызығушылықтарын ояту Ән тыңдау: «Төлдер» (Б.Ғизатов, Ж.Өмірбеков) Музыкалық-ырғақты қимыл: ойын «Құлыншақ»
«Еңбек-бәрін жеңбек» 4-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Шағын топпен жүру. Белгі бойынша тоқтап жүгіру. 2. Белгі бойынша тоқтап жүгіру. Гимнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеу. 3. Гимнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеу. Текшелерден аттап жүру. Қимылды ойын:«Кім тез жетеді?» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен тышқан» Виталий Бианки әңгімесі Мақсаты:көркем шығарманың мазмұнына байланысты айтылған сұраулы, лепті интонацияларды түсінуін дамыту. Мәтінді қайталап оқу арқылы сөздерді айта білу. Кейіпкерлерге жанашырлық танытуға, еңбекті бағалауға баулу Жаратылыстану Тақырыбы: «Бөлме гүлдерін күтіп-баптаймыз» Мақсаты:гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөлуге тәрбиелеу.Ересектердің нұсқауларын орындауға баулу.Еңбек сүйгіштікке баулу Мүсіндеу Тақырыбы: «Күрекше» Мақсаты:Ермексазды жалпақтау тәсілімен күрекше жасау дағдысын қалыптастыру Музыка Тақырыбы: «Көбелек» (А.Досмағамбетова) Мақсаты:ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындап, ән айту дағдыларын бекіту Ән тыңдау: «Төлдер» (Б.Ғизатов, Ж.Өмірбеков) Музыкалық-ырғақты қимыл: ойын «Құлыншақ»

 

 

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР (ҮЛГІ)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: