Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 20 страница

Келіспеушілік жағдай – белгілі бір себептерге байланысты ұстанымдардың қақтығысы, қарама-қайшы мақсатқа ұмтылыс және соған жету жолдарында қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдер. Келіспеушілік ұғымы сана секілді ғылымда өзіндік мәнге ие. Кез-келген адам іштей конфликт жайлы өзінің түсінігі бар, бірақ та біздің ұғымымыз конфликт туралы барлық мәселелерді түсіндіріп бермейді.

Психологиялық тұрғыда келіспеушілік ұғымы өте кең мағынада қолданылады және олар бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстардың әсерін сипаттауға пайдаланылады. Келіспеушілік адамдардың өзара әрекеттесуінің барысында және нәтижесінде, индивидтердің қарым-қатынас жасау кезінде туындайды. Сондықтан бұл феномен адамзат қанша өмір сүрсе, қанша көп проблемаларды шешетін болса, соншалықты көбірек орын алады. Конфликт пен келіспеушілік тудыратын жағдайдың мәселелері әр уақытта философ-ғалымдарды қызықтырып, олардың зерттеу назарында болып келеді.

Келіспеушіліктің туу себептері

Конфликттің себептерін бес топқа бөліп көрсетуге болады. Олар:

Ақпараттық. Әрбір конфликттің негізінде ақпарат жатыр. Ол қақтығысқа түскендердің бір жағына тиімді, екінші біреуіне тиімсіз болуы мүмкін, шынайы немесе жалған, дәл емес фактілер болуы мүмкін, қарым-қатынас кезінде жалған хабар келуі мүмкін.

Құрылымдық фактор. Конфликт әдетте әлеуметтік топтардың формальды емес ұйымдасуының нәтижесінде туындайды. Бұған мына мәселелер кіреді: жекелік, әлеуметтік статус, әртүрлі әлеуметтік нормалар мен стандартты құрылымдар кіреді.

Бағалаушылық фактор. Бұл біз қолдап отыратын немесе теріс дейтін ұстанымдар. Олар қоғамдық, топтық не жекелік нанымдар жүйесі, идеологиялық, мәдениеттік, діндік, этикалық, саяси мамандық бағалаулар мен қажеттіліктер.

Қарым-қатынас факторы. Бұл қатынас кезінде немесе ол болмаған жағдайда қанағаттану сезімімен байланысты. Бұл жағдай қатынастың негізінен, оның мәнін, өзіне және өзгеге байланысты өзара тосулар, қатынастың мәнділігіне, қылығына өзіндік және кәсіби мақсатқа және өзіндік мақсатқа байланысты болуы.

Мінез-құлықтық фактор. Егер де қызығуларға қысым көрсетілсе, өзіне-өзі баға берудің бұзылуы, қауіпсіздікке қысым көрсетілсе, неше түрлі шарттар әділетсіздіктер пайда болса, мінез-құлықта эгоизм, жауапкершіліктің жоқтығы, онда бұл фактор конфликтіге әкеледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: