Парентеральді енгізу техникасы

Қадамдар Қадамды бағалау критериилері

Балл түрінде бағалау

1 Емшара жүргізуге қолды дайындау (антисептиканы қолданып қолды өңдеу, қолғапты кию) 1.Ағынды су астында қолды жуу (30 сек -1 минут) Қолды жуу техникасы: -Қолыңызды сулап сұйық сабын үйкеңіз. -Қолдың екі жағын, саусақтардың арасын сабындау. - Сабынды жуып тастау  және бір реттік  қағазбен кептіру. 2.Қолды дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу: -Мақтаны алу. -Антисептикалық ерітіндіге малу -Қолды өңдеу. 3.Медициналық қолғапты кию. 1 0,5 0,25 0
2 Дәрілік заттарды тексеру Дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауымен сәйкестігін, жарамдылық мерзімен тексеру. 1 0,5 0,25 0
3 Көктамыр ішілік иньекцияға арналған шприцтерді жинау 1.Шприцтердің бүтіндігін тексеру; 2.Ораманы ашып шприцті поршеннің өзекшесі жағынан алу; 3.Шприцтің конусына иненің канюлясын кигізу және бекіту; 4.Иненің өткізгіштігін тексеріп (ауаны жинау және шығару арқылы) шприцті ораманың ішіне  салып қоямыз. 1 0,5 0,25 0
4 Ампуланы дайындау 1.Ампуланы шайқау; 2.Антисептикалық ерітіндіге малынған мақтамен ампуланы өңдейміз;. 3.Ампуланың мойнын егеулейміз; 4.Қайтадан ампуланы залалсызданған мақтамен өңдейміз; 5.Егеуленген сызық бойымен сындырамыз. 1 0,5 0,25 0
5 Дәрілік препарат ерітіндісін шприцке дайындау 1.Шприцке ампуладан дәрілік заттың қажетті мөлшерін тартып алу. 2.Инені ауыстыру (қолданған инені алу, көктамырға егу үшін 40 мм ұзындықтағы стерильді басқа инені кигізу). 3.Шприцтегі ауа көпіршіктерін шығару, иненің өткізгіштігіне көз жеткізу (шприцті тігінен инесін жоғары қаратып 1-2 ерітінді тамшысын және ауаны шығарып, поршеньді басып, иненің қорғаныс қалпағын шешпей ұстау керек) кейін шприцті ораманың ішіне салу қажет. 1 0,5 0,25 0
6 Венепункцияға қолды дайындау 1.Қолдың шынтақ астына кленкалы валик қою 2.Иықтың ортаңғы үштен бір бөлігіне резинкалы жгутты киімнің үстіне немесе мата қойып байлау керек; 3.Білек артериясынан пульсті тексереміз (сезілуі керек) 1 0,5 0,25 0
7 Көк тамырды дайындау  1.Қолды бірнеше рет ашып және жұмуын сұранамыз, одан кейін жұдырығын қысып тұруын; 2.Алақаннан шынтаққа дейін білекті уқалау және алақанмен шынтақ шұңқырын жеңіл ұрғылау; 3.Шынтақ/ білек, қолдың көктамырының беткейлі толыққандығын сипалап таңдау. 1 0,5 0,25 0
8  Инъекция орнын өңдеу. 1.Иньекция жасайтын орынды көлемді етіп антисептикалық ерітіндіге малынған мақтамен өңдеу; 2.Тікелей егу жасайтын орынды антисептикалық ерітіндіге малынған мақтамен өңдеу; 1 0,5 0,25 0
9     Дәрілік препаратты енгізу техникасы 1.Шприцте ауаның жоқтығын тексеру; 2.Көктамырды табу(шынтақ аймағының терісін үлкен саусақпен тартып ұстау); 3.Теріге параллель иненің қиығын жоғары қаратып теріге енгізу және иненің 1/3 бөлігін көктамырға енгізу; 4.Иненің көктамырда екендігіне көз жеткізу (поршеньді өзімізге қарай тартқанда шприцте қан пайда болады) және жгутті босату; 5.Иненің көктамырда екендігіне қайталап көз жеткізу; 6.Дәрілік затты жәй жіберу. 1 0,5 0,25 0
10 Емшараны аяқтау 1.Иньекция орнына антисептикалық ерітіндіге малынған мақта тампонын қою; 2.Инені тез қимылмен венадан шығару; 3.Иньекция орнына қанталауды тоқтату үшін мақта тампонын қою. 1 0,5 0,25 0
  Барлығы   10 5 2,5 0

Бекеттен өту уақыты – 10 мин

Жоғарғы балл қорытындысы – 10 балл

4- кезең

Анафилактикалық шок кезіндегі көмек көрсету

Қадамдар Қадамды бағалау критериилері

Балл түрінде бағалау

1 Дәрілік затты енгізуді тоқтату. -Дәрілік затты енгізуді тоқтату. -Дәрігерді шақыру 2 1 0,5 0
2 Науқасты Тренделенбург қалпында жатқызу -Аяғын жоғары көтеріп, басын жанына бұрып, тілі артқа кетіп қалмау үшін төменгі жағын ашып, құсықпен аспирация және асфиксия болуды алдын-алу -Таза ауа келуін қамтамассыз ету немесе оксигенотерапия жүргізу 2 1 0,5 0
3 Парентеральді енгізу кезінде ағзаға аллергендердің түсуін жою. -Жгут байлау -Инъекция орнына «крес тәрізді» 0,1 % адреналин ерітіндісін 0,1 мл /жасына 5,0 мл изотоникалық натри хлорид ерітіндісімен енгізу және мұз басу. 2 1 0,5 0
4 Сыртқа және энтеральді енгізу кезінде ағзаға аллергендердің түсуін жою. Мұрын қуыстарына және конъюнктивальді қапшыққа дәрілік заттарды тамызу кезіндегі аллергендерді тез сумен жуу қажет 2 1 0,5 0
5 Шокқа қарсы іс-шаралар а) көктамырға тез енгізу қажет: -0,1 % адреналин ерітіндісін 0,1 мл /жасына. Қайта енгізу аралығы 5-20 минуттан кейін, артериальды қысымды бақылай отырып; -антигистаминді препарат: 1% димедрол ерітіндісі; -көктамырға 90-150мг преднизолон.   2 1 0,5 0
  Барлығы   10 5 2,5 0

Бекеттен өту уақыты – 10 мин

Жоғарғы балл қорытындысы – 10 балл

 

5- кезең

Иық сынған кезде Крамер шендеуішін салу ережесі.

 

Қадамдар Қадамды бағалау критериилері

Балл түрінде бағалау

1 Керекті құралдарды дайындау - Крамер шендеуіші - стерильденгентаңуматериалдары (салфеткалар, шариктер); - бинттер, медициналықдәке, мақта; - стерильдіинесі бар шприц, -аурудыбасатындәріерітіндісі баралгина -5,0 мл 1 0,5 0,25 0
2 Стерильді қолғапты киіңіз. Стерильді қолғапты кию техникасы: 1.Қораптағы стерильді қолғапты алып, қорапты айналдырамыз. 2.Оң қол үшін қолғапты қайырылған жерінен алып, саусақтар қолғаптың ішкі бетіне тимеуі керек. 3.Оң қолдың саусақтарын бүгіп, оларды қолғапқа кіргіземіз. 4. Ережені бұзбай оң қолдың саусақтарын жинап қолғапты киеміз. 5.Сол қол үшін қолғапты оң қолдың         екінші, үшінші және төртінші саусақтармен қайырылған жерінен ұстап, бірақ саусақтар қолғаптың ішкі бетіне тимеу керек 6.Сол қолдың саусақтарын бүгіп қолғапты киеміз. 7.Қолғаптың қайырылған жерін сол қолдың одан кейін оң қолдың қолғаптарын түзетеміз. 1 0,5 0,5 0
3 Науқастың келісімін алу Науқасқа өзін таныстыру, емшараның барысы мен мақсатың түсіндіру. Алдағы емшараға науқастың келіскеніне көз жеткізу. 1 0,5 0,25 0
4 Науқасты дайындау - Киімін тігісімен кесу, жарақат орнын ашу - Жарақат орнын қарау, шыққанына немесе сынғанына көз жеткізу - Крамер шендеуішін таңдау 1 0,5 0,25 0
5 Шендеуішті сау қолына орналастыру - Науқастың шендеуішті сау қолына қоямыз, саусақтың ұшынан шынтақ буынына дейін өлшеп аламыз - Шендеуішті алып қажетті буын тұсынан тік бұрыштап майыстырып аламыз. - Шендеуішті сау қолына қойып алақан мен білегін қойып көреміз. (шендеуішті дұрыс дайындалғанын тексереміз) 1 0,5 0,25 0
6 Зақымдалған қолға физиологиялық қалып беру Зақымдалған қолға физиологиялық қалып беру, супинация мен пронация арасындағы қалыпта шендеуішке алақанды орналастырамыз. 1 0,5 0,25 0
7 Шендеуішті алақанның ішкі бөлігіне орналастыру. Шендеуішті алақанның,білектің ішкі бөлігіне орналастырып, артқы- сыртқы бөлігін иыққа, арқаға толық орналастырамыз.   1 0,5 0,25 0
8 Қолтық астына мақтадан немесе дәкеден жасалған жастықша қою   Жарақаттанған қолдың қолтық астына мақтадан немесе дәкеден жасалған жастықша қоямыз.   1 0,5 0,25 0
9 Шендеуішті қолға ыңғайлы бекіту Иықтын үштен бір бөлігіне қолды ыңғайлы бекіту үшін спираль тәрізді дәкемен ораймыз 1 0,5 0,25  
10 "Дезо" байламын қою Қолды жақсылап бекіту үшін  "Дезо" байламын қолданамыз.   1 0,5 0,25 0
  Барлығы   10 5 2,5 0

 

Бекеттен өту уақыты – 10 мин

Жоғарғы балл қорытындысы – 10 балл

6- кезең

Небулайзерді қолдану техникасы

 

Қадамдар Қадамды бағалау критериилері

Балл бойынша бағасы

1 Науқасты емшараға дайындау Қолғап кию. Науқасқа өзін таныстырды. Науқастың атын, тегін, әкесінің атын анықтаймыз. Науқасты дұрыс орналастырамыз. Мұрын жолдарының өткізгіштігін тексереміз.   2 1 0,5 0  
2 Небулайзермен жұмыс істеу үшін қажетті құралдарды дұрыс жинау Небулайзермен жұмыс істеу үшін қажетті құралдарды, дәрілерді дұрыс жинау (небулайзер аппаратын, бүйрек тәрізді лоток, залалсыздандырылған салфетка, спирт, 5 гр шприц, β-2 агонистер) 2 1 0,5 0
3 Небулайзерді дұрыс жинау Небулайзерді дұрыс жинау; төменгі штативке шашыратқышты орнықтырып жоғарғы штативті қосу және оған мундштукті (немесе бет маскасы) бекіту. 2 1 0,5 0
4 Ингаляция жүргізу техникасын түсіндіру Науқасқа ингаляция жүргізу техникасын және ұзақтығын түсіндіру. 2 1 0,5 0
5 Ингаляцияны дұрыс жүргізді. Аппаратты электр жүйесіне қосып, «қосу» кнопкасын басу. Ингаляцияны дұрыс жүргізу. 2 1 0,5 0
  Барлығы   10 5 2,5 0

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут

 

7 – кезең

Бұлшық етке инъекция жасау.

Қадамдар Қадамды бағалау критериилері

Балл бойынша

бағасы

1 Науқасты емшараға дайындау Инъекция жасайтын жерді жақсы көрінетіндей етіп, емделушіге ыңғайланып орналасуға көмектесу. Емделушіні сол жерді киімнен босатуын өтіну. Көзбен қарап, қолмен ұстап, инъекция жасайтын нақты жерін анықтау. Қолғап кию. Спиртке малынған мақта тампонымен сүрту. 2 1 0.5 0
2 Инъекция жасайтын жерді дайындау Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке малынған екі мақта тампонымен сүрту. Бірінші тампонымен инъекциялық аумақтың толық көлемін, екіншісімен – инъекция жасайтын нақты жерді сүрту. 2 – ші тампонды сол қолдың 4 және 5 саусақтарының арасына қою. Спиртті кептіру.   2 1 0.5 0
3 Емшараны жүргізу  Шприцті оң қолға алып: шынашақ саусақпен иненің канюлясын ұстап; қалған саусақтарымен цилиндрін ұстап тұрамыз. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен инъекция жасайтын жердегі теріні қатпарлап, инені 90° бұрыштап, батыл қимылмен инені кіргізу, терінің сыртында иненің 3 мм қалдыру. 2 1 0.5 0
4 Емшараны аяқтау Сол қолды шприцтің поршеніне ауыстырып дәріні жібереміз. Мақта тампонын алып, инъекция салған жерді басып тұрып, инені тез суырып аламыз. Мақта тампонын терісінде ұстап тұрып, инъекция орнын ептеп уқалаймыз. 2 1 0.5 0
5 Қолданылған құралдарды жою Мақта тампоны мен шприцті стерильді емес лотокқа саламыз. Тиісті құралдарды жою. Қолғапты шешу. Қол жуу. 2 1 0.5 0
  Барлығы   10 5 2,5 0

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут

 

 

8- кезең

Бастапқы жараны өңдеу, таңу.

Қадамдар Қадамды бағалау критериилері

Балл бойынша

бағасы

1 Керек құрал-жабдықтарды дайындау Стерильді қолғапты дайындау, пинцет, дәкелі шариктер-5 дана, зарарсыздандырылған дәке майлықтар, 70%-дық спирт ерітіндісі, 5%-дық йодты спирт ерітіндісі, 3%-дық сутегі тотығы ерітіндісі, түбектегі майлар (Левомиколь, левомицитин жақпа майы), эластикалык бинт, жақпа жараға қолдану үшін шпатель, пластырь, пайдаланылған материалдар үшін лоток, қайшы. Стерильді қолғапты кию. 2 1 0,5 0
2 Жарақат айналасындағы теріні дез ерітіндімен өңдеу Жарақат айналасындағы теріні 70% -дық спирт ерітіндісімен немесе 3%-дық сутегі тотығы ерітіндісіне салынған стерильді дәке шариктермен өңдейміз, оларды әрбір өңдеуден кейін ауыстырып отырамыз. Тампондарды аз ластанған аймақтан көп ластанған аймаққа қарай және ортасынан сыртқа қарай, алдымен құрғақ, сосын 5% йод ерітіндісіне батырып өңдейміз. Әрбір қолданылған кұрал- жабдықтарды арнайы лотоққа ауыстырып отырамыз. 2 1 0,5 0
3 Жараға антибактериальды майды жағу Жараға антибактериальды майды шпательдін көмегімен немесе дәрілерге малынған салфеткамен енгіземіз. Пинцеттің көмегімен жараны үш қабаттан кем емес заласыздандырылған дәкелі салфеткамен жабамыз. 2 1 0,5 0
4 Таңғышты таңу   Таңғышты таңу техникасы: -Науқасқа қарама-қарсы отыру қажет, оның бет мимкасының өзгеруіне байланысты таңғыштың ауырсыну тудырғанын байқаймыз. -Байламды орауда бір қолмен бинттін басын аша отырып, екінші қолымен байламды ұстап төменнен жоғары қарай орау -Бинтті ашу барысында әр бір орам алдынғы орамды жартылай немесе 2/3 бөлігін жабу керек 2 1 0,5 0
5 Таңғышты бекіту. Бинттің соңын дененің сау жеріне немесе түйіннің науқасты мазаламатындай етіп бекіту. Науқастын жағдайынын аурылығына байланысты ауруханағаға немесе амбулаторияға емделуге жіберу. 2 1 0,5 0
  Барлығы   10 5 2,5 0

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: