Тарау. Саяси социология 40 страница

Экономикалық мәдениет экономикалық жүріс-тұрыстың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, жүріс-тұрыс үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен символдардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, индивидтер мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады [19]: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу).

Отандық экономикалық социологияның табысты дамуы Батыс социологиясындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Социологиялық-экономикалық зерттеулердің жұмыспен қамту және еңбек нарығының қатынасы, кәсіпкерлік, келісм-шарттық қатынастар, формальді емес экономикада экономикалық жүріс-тұрыс саласын зерттеудің кеңеюі талдау категориясының мазмұнын тереңдете түседі, оларды эмпирикалық сипатпен толықтыра түседі.

 

Нарық социологиясы

 

Нарық әлеуметтік қатынастардың саласы ретінде соңғы кездері социологтар тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Батыстық экономикалық социологияда жаңа сала - нарық социологиясы табысты түрде орнығуда. Оның шеңберінде, өндірістік нарықтар социологиясы, еңбек нарығы социологиясы, халықаралық нарық социологиясы және басқалар сияқты негізгі бағыттары бөліп қарастырылады. Олар тарапынан нарық ең маңызды экономикалық институттардың бірі ретінде қарастырылады.

Экономист үшін нарық, талдаудың негізгі категориясы болып табылады және экономиканың шегінен сыртқа шығатын басқа да қоғамдық қатынастарды анықтаушы экономиканың базалық құрылымы ретінде қарастырылады. Бұл схемада әлеуметтік жағдайлар тек сыртқы факторлардың бірі ретінде ғана қарастырылады.

Кең мағынада нарық дегенде, оның барысында индивид барынша табысқа жетуге ұмтылатын айырбас саласы түсіндіріледі. Бұл өнімдер мен қызметтер әуел баста айырбас үшін өндірілген шаруашылық іс-әрекетінің саласы. Тар мағынада нарық ұғымы нарықтың экономика түсінігіне сай келеді, оның шеңберінде жеке тұлғалар мен корпоративті ұйымдардың өнімдерді өндіру, тарату және айырбас бойынша іс-әрекеті сұраныс пен ұсынысқа бағынады.

Социологтар тарапынан нарық, қоғам мен шаруашылықтың өзара әрекеттесуінің кең перспективасында қарастырылады. Ол шаруашылық өмір тәртіптерінің бірі ретінде зерттеледі, оның түрлерінің тарихи және мәдени алуан бейнелілігі анықталады. Одан бөлек, социологтар мемлекеттің және үй шаруашылығының (мысалы, табиғи шарушылық) әрекетінен басқа да шаруашылық тәртіптің бар екенін айтады.

Социлогиялық түсіндірмеде нарық автономды. Өзін-өзі реттеуші экономикалық механизм ретінде емес, институционалды құрылым ретінде қарастырылады.

Нарық дегеніміз шаруашылық агенттердің іс-әрекеті болып жататын формальді және формальді емес сипаттағы институционалды шектеулердің (заңдар, келісім-шарттар, конвенциялар, нормалар) жиынтығын білдіреді [20].

Дәстүрлі экономикалық түсінікте шаруашылық агенттердің нарықтық жүріс-тұрысы, олардың экономикалық мүдделерінің қандай да бір әрекеттер күтіп отырған шығындары мен пайдаларын есепке алу нәтижесі. Социологиялық тұрғы экономикалық жүріс-тұрысқа әсер етуші кең әлеуметтік контекстіде қарастыруды жөн көреді. Ол, біріншіден, шаруашылық өмір, экономикалық, басқарушылық және мәдени қатынастардың күрделі шиеленісуін білдіреді дегенге негізделеді. Екіншіден, экономикалық қатынастар әр түрлі әлеуметтік құрылымдарға сүйенеді - ұйымдар, құндылықтық-нормативтік жүйелер, т.б. Осындай тұрғыдағы шаруашылық ниеттер үш құрамдас бөліктермен анықталады: экономикалық мүдделер, мәжбүрлеу және әлеуметтік нормалар.

Қазіргі заманғы экономикада нарықтық қызмет етуінің экономикалық емес, қоғамдық аспектілерін талдаумен институционалды экономика өкілдері (Р.Коуз, О.Уильямсон, Д.Норт және басқалар) айналысты. Олар нарық институттарының тобын білдіреді, бірақ оның бәрі бірдей экономикалық тиімділікті жоғарылата алмайды деп есептейді. Ақырында бәсекелестік экономикалық проблемаларды аса тиімді шеше алатын институттарды іріктеп алады. Институционалды ойды жақтаушы экономистер шаруашылық іс-әрекеттерінің экономикалық емес факторларының әсер етуін нормалар мен мәжбүрлеу арқылы есепке алады. Алайда олар үшін рационалды субъектілердің экономикалық мүдделері ең бастысы болып қала береді.

Ертедегі социологтар ішінен нарықты зерттеп білуге Макс Вебер, Э.Дюркгейм және Г.Зиммель зор қызығушылық білдірген. Э.Дюркгейм өз еңбектерінде индивидтердің жүріс-тұрысына аномияның, сонымен қатар экономиканың әсерін анықтай отырып нарық тақырыбын қозғады. Г.Зиммель “Ақша философиясы” атты еңбекте қазіргі қоғамдағы ақшаның рөлін талдады. Экономиканы ол қалыптасып жатқан қоғамдағы индивидтердің өзара әрекеттесуінің ең таза және дамыған түрі ретінде айырбастың жеке формасы деп қарастырады. Айырбас дербес өндіріс сияқты өнімді және бағаны қалыптастырады. Экономика өндіріске емес айырбасқа негізделеді. Ақша экономикасының пайда болуын ол экономикалық қатынастардағы субъективті мәні бар жобалау позициясы тұрғысынан жасайды. Айырбастаудың мәні, оның ойынша материалдық игіліктердің ауысуында емес, өзара субъективті бағалаудың актілерінде.

М.Вебердің пікірі бойынша, нарықта әлеуметтік әрекеттер бәсекелестік ретінде басталып, айырбас ретінде аяқталады. Нарық бәсекелестік бар жерде өмір сүреді. Нарықта айырбас, екі индивид арасында мүмкін болатын әлеуметтік әрекеттің кең құралдар жиынтығы мен есептік типін білдіреді. Бәсекелестікті Вебер мүмкіндіктер мен басым жақтарды бақылауға алу үшін “бейбіт” жанжал деп қарастырды, айырбас оның барысында тауарлар мен басқа да пайдалар екі жақ бір-біріне өзара шығын толтыру ретінде ұсынылатын мүдделердің ымыраға келуі болып табылады. Капиталистік қоғамда нарық еркіндігі және рационалдылығы, дамудың ең жоғарғы шегіне жетеді, өйткені одан ең иррационалды элементтер ысылады.

Нарықты социологиялық талдау 1950- жылдары Т.Парсонс, Н.Смелзер, К.Поланьи еңбектерінде қайта қолға алына бастады. Мысалға, К.Поланьи өз еңбектерінде, экономистердің дәстүрлі түрде қарастырып жүрген нарық айырбасты ұйымдастырудың мүмкін бірден бір тәсілі екенін дәлелдеп келді. Сауда және ақша көптеген формасында болады. Экономика тек қана нарықтық айырбас арқылы ғана емес сонымен қатар “өзара әрекеттесу” және “редистрибуция” арқылы да ұйымдастырылады.

1980 - 90-шы жылдары нарыққа байланысты оны зерттеуде түрлі теориялық тәсілдер қолданылатын бірқатар социологиялық жұмыстар пайда болды: әлеуметтік-құрылымдық, әлеуметтік конструктивтік, салыстырмалы-тарихи, жүйелі, рөлдік және басқалар. Мысалы, бұл саладағы жұмыстарымен танымал болған Харрисон Уайт нарықтарды әлеуметтік конструкция ретінде қарастырады. Нарық, өз экономикалық орнын тапқан атом - фирмалар құрастыратын әлеуметтік бөлшектермен салыстырылды. Ол фирмалардың әрекеті нарықтық құрылымдарды қалай тудыратынын көрсетеді. Шарушылық агенттер өздерінің өндіріп отырған өнімінің көлемі, сапасы мен бағасына қатысты өз стратегиясын анықтап алу үшін бәсекелестің әрекетін бақылаудың іскерлік тетіктерін қолданады. Бұл тұжырымдамада нарық - өндірілген өнім айырбасының және жекелеген фирмалар толықтыратын дайын емес құрылымы ғана емес. Ол өнім және қызметтердің көлеміне, бағасына, сапасына сәйкес құрылымдық принциптерге сай өз орындарын таңдап, орналасу фирмаларға көмектесетін күрделі белгі беруші механизм. Мұндай тұрғыдан қарау ықшам құрылымды өзінше бір ықшам тәртіптерді жалғастыру және кесіп өту ретінде талдауға мүмкіндік ашады.

Жалпы, айта кетер жәйт, нарық құбылысын социологиялық тұрғыдан талдау екі элементтерді - айырбас пен бәсекелестікті бөліп қарастырудан құрылады. Нарықтың әлеуметтік құрылымы акторлар арасындағы (сатушылар мен сатып алушылар) бәсекелестігі ретінде пайда болып және бірнеше акторлар арасындағы өзара алмасуымен аяқталады. Құрылымдық талдауға сүйене отырып, қазіргі заманғы нарықтарға келесі сипаттамаларды бөліп қарастыруға болады - қатысушылар саны, қатысушылар типі (индивидтер немесе ұйымдар) өзара әрекеттесуін реттеу, бағаны қалыптастыру механизмдері (1-кесте).

 

1-кесте

Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]

 

типтер бәсекелестік айырбас
Еңбек нарығы Әдетте, көптеген сатушылар (индивидтер) қолында билігі бар азғантай сатып алушыларға (ұйымдар) қарсы; бәсекелестік жұмысшылар, кәсіподақ және заңдылық тарапынан құрылған ұйымдар арқылы реттеледі; сатушылар арасындағы мобильділіктің жеткіліксіздігі бәсекелестікке көбіне жергілікті сипат береді. Орталықсыздандырылған айырбас (жоғары бағаларды іздеу); жұмысшылар тарапынан құрылатын кәсіподақ ұйымдары мен әділдік нормалары себепті сауданың азғантай бөлігі; агенттіктерге, қарама-қарсы қойылған меншікке қатысты құқықтарды беруге байланысты туындаған проблемаларды өлшеу.
Капиталдар нарығы Сатып алушылар мен сатушылардың шектеулі саны, оның көпшілігі ұйымдар; жеке және кең түрде мемлекеттік реттеу; саясаттың араласуы; ұлттық және халықаралық кеңістікте бәсекелесу. Көбінесе айқын түрде ұйымдастырылған механиздер (төмен бағаларды іздеу) формасындағы орталықтандырылған айырбас; айырбастауды тоқтату рәсімі болады, бірақ ол тек ұлттық деңгейде; жеке меншік құқығы толығымен беріледі
Тұтынушы нарық Әдетте, ұйымдаспаған кіші-гірім сатушылар (ұйымдар) және ірі сатып алушылар (индивидтер); белгілі бір деңгейде мемлекеттік реттеу, ал басқа жағдайларда еркін бәсекелестік Белгіленген бағалар мен сауданың болмауы; орталықсыздандырылған, бірақ айырбастаудың белгіленген орындары (дүкендер, сауда кешендері т.б.), ол төмен бағаларды іздеуді білдіреді; меншік құқығы толығымен беріледі
Өндірістік нарық Әдетте сатып алушылар мен сатушылар саны аз және олардың бәрі ұйымдар болып табылады; көбіне нарықтың бұл типінде сатып алушылар мен сатушылар болады Айырбас көбіне келісімдер формасына айналады және толығымен орталықсыздандырылған; меншік құқығы толығымен беріледі, бірақ сатушылардың міндеттемелері қалуы мүмкін

 

Социологтар оның шеңберінде нарықтық агенттер әрекет жасайтын екі басты институционалдық саланы бөліп қарастырады:

1) шаруашылық іс-әрекетінің жалпы жағдайын анықтайтын меншік құқығы. Бұл экономикалық ресурстарға, оларды бағалау әдістеріне, ресурстарды пайдалану құқына, ресурстарды қорғау жәйттеріне қол жеткізу ережесі;

2) экономикалық агенттер арасындағы өзара әрекеттесу жағдайын анықтаушы іскерлік және келісім-шарттық қатынастар. Бұл топқа іскер әріптестерді іздеу мен іріктеуді, шектеулер қолдануды енгізуге болады.

Формальді институционалды шектеулерге заңдар мен келісім-шарттар, формальді еместеріне - нормалар, әдет-ғұрыптар және іскерлік жүйелер жатқызылады. Социологиялық зерттеулердің пәні, ұтымды элементтерге негізделген формальді келісім-шарттық қатынастарды бекіту және оны іске асыру ғана емес. Келісім-шарттарды келістіру мен орындау уақытында агенттер арасындағы коммуникациялық процестер, оларға тараптардың биліктік позициясының, әлеуметтік нормалардың, дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың, іскерлік этиканың, оның көмегімен ақпараттардан берілетін тұлғааралық байланыстың әсер етуінің ықпалы қарастырылады, яғни өндірушілердің, жұмысшылардың, тұтынушылардың күнделікті өзара әрекетесудің институционалды формалары қалай қалыптасатыны көрінеді.

Социалистік дәуірдегі кейінгі қоғамдардың нарықтық экономикаға өту жағдайында нарық институттары қалай және қаншалықты табысты қалыптасатыны жайлы зерттеулер ерекше қызығушылық туғызады.

Шаруашылық агентерінің арасындағы келісім-шарттық қатынастарды зерттеу өтпелі экономикада шаруашылық қатынастардың институционалды шектерінің қалыптасуы экономикалық тиімділк өлшеміне сай келетіндігін көрсетті. Оларға заңды қабылдаумен қатар формальді емес тәжірибелерде өз әсерін тигізеді. Шенеуніктер мемлекет атынан билік жүргізе отырып, жеке мүдделерін іске асырып, бұл қатынастардан “әкімшілік” және “саяси” пайда табуы мүмкін. Бизнес өкілдерінің арасындағы көлденең күйдегі қатынастарда келісімдерді орындауды бақылаудың қажеттілігіне шақыратын “алауыздық күштері” болады. Бақылау формальді және формальді емес құралдармен іске асырылады және ол қосымша шығындарды талап етеді.

Нарықтық қатынастардың орнауының бастапқы кезеңінде келісімдерді орындамау ең басты проблема болды. Бұл жағдай одан құтылу үшін кәсіпкерлер тарапына қосымша шығындарды талап етті. Қажетті кепілдер іскер байланыстардың пайда болу процесінде айтарлықтай жоғарылай түседі. Олар арқылы ақпараттар тарайды, іскерлік бедел қалыптасады, сенім жоғарылайды, өзара қол ұшын беру жүйесі пайда болады.

Нарықты зерттеуде социологтар тарапынан болсын, экономистер тарапынан болсын, ашылған шығармашылық жаңалықтар нарыққа жәй механизм ретінде қарайтын дәстүрлі көзқарасты, нарыққа кешенді әлеуметтік феномен ретінде талдау жасау керек деген көзқарасқа алмастыруға мүмкіндік береді. Нарықты социологиялық зерттеу ең алдымен, шаруашылық қатынастардың формальді және формальді емес аспектілерін зерттеп білуге, экономикалық әрекеттердің және олардың әлеуметтік-мәдени негіздемелерінің өзара байланысын анықтауға, әлеуметтік құрылымдардың экономикалық әркеттерге ықпал етуін саралауға бағытталған. Макродеңгейде формальді және формальді емес нарықтық әлеуметтік құрылымдар сараланады. Микродеңгейде экономикалық агенттер арасындағы (ұйымдар, әріптестер, клиенттер, мемлекеттік құрылымдар), шаруашылық байланыстар қалай қалыптасып отырғаны қарастырылады.

 

Кәсіпкерлік социологиясы

 

Тұрақты даму мен халықтың халін қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторларының бірі, Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы өркениетті кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады. Қазақстан терең экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсіп, әлемдік шаруашылықтың, әлемдік нарықтық қатынастарына тең дәрежелі субъект сипатында енуде ең негізгі факторларының бірі болып саналатын кәсіпкерлік шынайы стратегиялық ресурс болуы үшін кәсіпкерліктің әлеуметтік мәні мен мазмұнын дұрыс түсініп алу керек. Осындай іргелі ғылыми негізде кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын қалыптастыру қажет.

Кәсіпкерлік теориясын қарастырудың бірнеше қайнар көзі бар:

- кәсіпкерлік бойынша социологиялық ойдың даму тарихын терең зерттеп білу;

- кәсіпкерлікті қалыптастырудағы қазіргі заманғы және отандық тәжірибелерді ғылыми байыту.

Кәсіпкерлік теориясы мына бағыттарда дамыды. Бірінші бағыттың өкілдері кәсіпкерлікті тәуекелмен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін қалаушы ретінде Р.Кантильонды айтуға болады. Ол кәсіпкер дегенге алдын ала болжай алушы және тәуекелге, сонымен қатар, қосымша табыс табуға бейім индивидті жатқызамыз деген қорытындыға келеді. Ол кәсіпкер өндіріс, айырбас, тұтыну процесінің кез келген кезеңінде іс-әрекетпен шұғылдануы мүмкін. Мысалы, айырбастау процесіндегі сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты пайдалана отырып тәуекелге бел буып, тауарларды арзан бағамен сатып алып, оны қымбат сатып, тәуекелге бармағандармен салыстырғанда жоғары табыс алуы мүмкін деп есептейді.

Бұл көзқарасты И.Тюнен және Ф.Наит дамыта түсті. Тюнен кәсіпкерлікті күтпеген тәуекелмен байланыстырады. Өз ісінде тәуекелді қолдану және ол үшін жауапкершілікті толық өз мойнына ала отырып, кәсіпкер болжауға мүмкін емес табыс алады. Наит бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, болжауға мүмкін емес төтенше анықсыздықпен байланыстырады. Кәсіпкер мұндай төтенше жағдайларды пайдалана алу қасиетіне ие бола, басқалардан жақсы және жылдамырақ болжамдай отырып, әдеттегі бизнесменмен салыстырғанда жоғарырақ пайда алады.

Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші бағытты Ж.Б. Сэй және А.Маршалдың көзқарастарымен байланыстыруға болады. Бұл атақты ғалымдар, кәсіпкерліктің қызметі өндіріс факторларының (капитал, жер және еңбек) рационалды комбинациясы мен кәсіпкерлік табыс алуды іске асыруға келіп тіреледі деп санады.

М.Вебер “өзіне-өзі капитализмнің негізін салушы кім?” деген сұрақ қойып, ол ерекше мінезге - “этосқа” ие кәсіпкерлер мен жұмысшылардың жаңа типі деп жауап береді. Ол протестанттық дінге және капиталистік бағыттағы белсенділікті дәлелдейтіннің барлығына талдау жасайды. Вебердің сөзімен айтсақ, “капитализм үздіксіз, ұтымды капиталистік тапқырлық,...еркін еңбекті ұтымды капиталистік ұйымдастыру есебінен алынатын немесе ұлғайып отыратын табыстың артынан қуып отырумен теңестіріледі” [22].

Алғашқы екі бағыттың логикалық жалғасы ретінде Й.Шумпетердің кәсіпкерлік тұжырымдамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік теориясын жасаудағы бұл үшінші бағыт ең негізделген және болашағынан үміт күттіретін болып саналады. “Кәсіпкерлік” ұғымы оның қызметімен және оны кез келген қоғамда шын мәнінде жүзеге асыратын индивидумдарының қасиеттерімен анықталады. Жаңа комбинацияларды іске асыруды тоқтаған шаруашылық жасаудың жаңа субъектілері кәсіпкер болудан тыс қалады.

Кәсіпкерлік қызметті ерекше жаңашыл қасиеттерге ие адамдар орындай алуы мүмкін. Бұл жаңа комбинацияны іске асыру нәтижесіндегі жай ғана табыс емес, жоғары табысты алу процесі.

Бұл бағытқа Эверет Хагенді де жатқызуға болады. Ол экономикалық өсімнің күшеюінің, кәсіпкерліктің таралуы мен капиталдың жинақталуының алғышарты ретінде инновациялық тұлға деген ұғым енгізді. Хаген құрылымдықтың көрінуіне “мәртебеден шығу” қызмет етеді, өз кезегінде ол қандай да бір әдеттегі “бейімделулерге” алып келеді дейді. Хаген үшін жаңалық пен бүлік ең көп қызығушылық әкеледі, өйткені олар жаңашыл тұлғалардың, кәсіпкерліктің пайда болуын туғызады деген пікірде болды [23].

Капитализмнің дамуы туралы тағы бір көпшілікке мәлім әлеуметтік нұсқаулар жөніндегі теория Мак Клелландқа тиесілі. Ол жаңалыққа ұмтылу, жауапкершілікті жоғары сезіну, іс-әрекетті жоспарлау, рационалды есеп, тәуекелділікке дайын болу сияқты мақсаттарға баса назар аударады. “Табысқа ұмтылу деңгейі жоғары қоғамда экономиканың жылдам өсуіне жағдай туғызушы белсенді кәсіпкерлер барлық уақытта көп болады” [24].

Сонымен кәсіпкерлік - ол тәуекелді және инновациялық әрекетке негізделген, кәсіпкерлік табыс табу мақсатымен қайта өндіру процесін толығымен немесе қандай да бір бөлігін қамтушы шаруашылық жасаушы айрықша жүйе.

Өркениетті кәсіпкерлік - бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес болғандықтан, кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыда меңгеру үшін олардың қасиеттері мен мүмкіндіктері сияқты маңызды белгісі бойынша бизнесмендерге жіктелім берелік. Қазіргі қоғамда кәсіпкерлердің төмендегідей типтерін бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - статикалық бизнесмен, қабілеттерін іске асыру нарықта қалыптасқан конъюктура мен оның сегменттеріне, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық ортаға байланысты дәстүрлі статикалық әдіспен бір мөлшерде әдеттегі табыс алуға мүмкіндік береді.

Екінші тип - кездейсоқ бизнесмен. Бұл типтің өкілдері қазіргі қоғамда қалыптасқан бизнеске әлеуметтік, саяси және өзге де жағдайлармен “енгізілген” (жекешелендіруге қатысу есебінен пайда табу мүмкіндігі, моральдық принциптердің жоқ болуы, кәсіпорынның жабылуы, әскердің қысқаруы салдарынан бұрынғы ісімен айналысуының мүмкін болмауы).

Үшінші тип - нағыз кәсіпкер, қазіргі қоғамда инновациялық қайта өндіруде тәуекелдік негізде өз қасиеттерін іске асыруға тырысушы және оны іске асыра алушы [25].

Қазақстанның социология ғылымында кәсіпкерлікті зерттеуге көп көңіл бөлінуде, кәсіпкерлерді зерттеп білуде жалпы тұжырымдамалар бар, кәсіпкерлердің саяси өмірге қатысуы және атқаратын рөлі, олардың әлеуметтік рөлі, таптаурындары, дәлелдемесі, әлеуметтік-мәдени сипаттамалары билікпен, бәсекелестерімен, іскер әріптестерімен және бағыныштыларымен өзара әрекеттесуі талданады кәсіпкерлік проблемасын зерттеуде көптен зерттеулер жүргізілуде.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: