Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. 3-е изд. –Москва: Высшая школа, 1985. –462 б

Выполнила обучающаяся группы:СПД 17-5

Тексерген: Тугамбаева Сания Оразхановна

Проверила: Тугамбаева Сания Оразхановна

       

                                   Алматы 2020

                     Мазмұны

Кіріспе

1. Газеттің жалпы ұғымы                                                               3-7                            

1.1 Газеттің шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет             7-13

1.2 Газет журналды оқудың пайдасы                                        13-14

2.Газет журнал аудармасының негізгі аспектілері                  15-19

2.1 Аударма ұғымы туралы сипаттама                                     19-26

2.2  Аударма түрлері.Аударма барысында газет мәтіннің аударылу өзгешеліктері                                                                                   26-28

2.3 Аудармаға қойылатын талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тіл білімінің аударма саласы кез келген халықтың рухани дүниетанымымен,болмысымен байланысып жатады.Өйткені аударма процесі бір тілдегі тілдік бірліктерді екінші тілге тәржімалап қою ғана емес,сол бірінші аударатын тілді тұтынушы ұлттың тіліндегі әлем бейнесін екінші аударылатын тілді қолданатын халықтың тілі арқылы жарыққа шығару болып табылады.Аударманың қай саласы болсын көркем аударма,леспе аударма,ғылыми аударма,жарнама аталған ұстанымды басшылыққа алғанда ғана таза шығармашылық туынды дүниеге келеді деп ойлаймыз.
Аударма шығармашылық іс рухани өнер. Белгілі аудармашы ғылым Ә Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып- төңкеріліп отырады. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі.Олар еркін аударма, сөзбе сөз және балама аударма. Біріншісі еркін аударма – бұл тәсіл түпнұсқа тілін әдеби ырғағын жетік білмеудің түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан тұрады. Аудармадағы екінші әдіс сөзбе сөз аудару. Бұл тәсілді көбіне оргиналдың тілдің жақсы білетін аудармашылар қолданады.
Белгілі аудармашы ғалым Ә Сатыбалдиев балама аударма жөнінде:аудару ісінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасын аударып-төңкеріп отырады. Соның арқасында тіл қазынасын қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер кейде тіпті ұмытылып бара жатқан атауларды жазу, сөйлеу қызметінде жегіледі де әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.
Көріп отырғанымыздай аударма жасау үстінде балама сөздерді табу әдеби тіліміздің байуына бірден бір себебін тигізеді. Демек балама сөздерді орынды пайдалану мәселесі болашақ жас аудармашыларға қойылар талап болуы тиіс.
Бұл курстық жұмыс негізгі екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың зерттеу бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Екінші бөлімде тақырып нақты ашылған. Курстық жұмыс екі тараудан тұрады.

1. Газеттің жалпы ұғымы

Газет — мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta — базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La Gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870—82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888—1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті (1906), «Серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады ("Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Алматы ақшамы" т.б). Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, т.б., сондай-ақ орталық (республикалық), облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.
Жалпы газет дегеніміздің өзі не? Оның қандай пайдалы жақтары бар? Газеттің атқарар міндеті мен жүгі қандай? Осы сұрақтар қоғамдағы өзіндік пікірі бар, ойлы азаматтардың қайсысын болмасын толғандырады деп білемін. Газет дегенге тікелей анықта берудің қажеті жоқ. Ол қоғамның жаршысы, адамдарға түзу жол сілтеуші. Бағыты мен бағдарын айқындап беретін құрал іспетті. 1911-1913 жылдар аралығында Орал қаласында жарық көрген «Қазақстан» деп аталатын газеттің №1 санында «ГАЗЕТ ДЕГЕН НЕ ЗАТ» деп аталатын көрнекті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараштың мақаласы жарияланды.
Ол мақалада былай делінген болатын:
«Өзіңіз білесіз, адамға файдалы нәрсе де бар, зарарлы нәрсе де бар, бірақ сонысы бар, біз көп оқып файдамыз не, зарарымыз не, біліп жете алмаймыз. Со себептен көп файдалы деп қолданып жүрген ғамалдарымыздың зарарлы болып шығуы да бек мүмкін, бұларды айыруға қолда – ғылым-өнер құралы, баста – ақыл мизаны болған бір басшының жәрдемі керек. Және ол басшы күндіз-түн біздің жанымызда бірге жүрсін де, бізді көпті қатерлі нәрселерден сақтасын. Енді ойлап қарайық, біз қазақ халқы 6 миллион шамалы бір ел екенбіз. Сол 6 миллион елге 6 мың әлгідей басшы табылар ма, 6 мың түгіл 6 жүз, 6 жүз түгіл 6 он (60) да жоқ, бірен-саран болған … басшы адамдар шыға қалса да, ол һәр кімменен бірге жүре алмайды. Енді қалай етпек керек?! Дүниада адам баласына бірінен бірі үйренуге ғой, бізге керек былайғы өзімізден ілгері жақтарға көз жіберіп солардан үлгі алуға.Оларда бұл күн емес кеше емес, көптен көп жылдардан берлі казит басылып, елдерінің арасына тегіс шашылып оқып жақсы менен жаманды айырып түзу бағытқа тарту басталған. Ақыл иесі адамдардың айтқан бір аз сөзі 2-3 күнде елінің басынан айағына оқылып тыңдалып болады, файдалы істі ынтымақпен істей қойысады, зарарлы істің зарарын күн ілгері біліп сақтанысады.Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүлгіншілік болып жау орнап жатса, екінші бетінде одан хабары жоқ, ойын-күлкіменен өмірлерін өткізіп жатады. Бұлайша қайғыны-шаттықты бірге ортақ көрмеген соң бізде ынтымақ жоқ, ынтымақ болмаған соң күш-қуат та жоқ, бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – казит, со себепті казит – біздің басшымыз, казит – біздің достар алдында көркіміз. Дұспандарға қарсы құралымыз, казит – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, казит – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шам шырағымыз. Бізге, қазақ балаларына бұның қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу аз, ақшаны айамай жазылып, алып оқу – фарыз». Ғұмар атамыздың мақаласындағы айтылғандардың барлығы орынды.Әрине, қазір заман да, адамдардың ойлау жүйесі де, көзқарасы да, бәрі өзгерді десек қателеспеспіз. Ол кездегідей газет шығару қазір қияметқайым емес. Техниканың дамыған заманында газеттің сан-алуан түрі шығып жатыр. Ал, оның ішінде пайдаға асары қайсысы, оқырмандарының ықыласына бөленетін, болашаққа үн қататын газеттердің саны көп емес. Жақсы нәрсенің көп болмайтындығы белгілі. Жақсы нәрсе, кәдеге асар нәрсе уақыт өте келе өзінен-өзі нашарлардың қатарынан алға қарай ойысып кетуі заңды құбылыс. (Ол жөнінде кейініректе баяндаймыз) Қазіргі кезде газеттеріміздің таралымы аз деген ақпарат бар. Тіпті көбі осы газет деген дүниені керек етпейтіндей. Мекемелер амалсыз жазылады, ал сол мекемелерде жұмыс істейтін адамдар өздерінің қалауынан тыс, басшылық талап еткен газетке жазылуды әдетке айналдырды. Жазылған газеттерінің ішіне не жазылғандарына бас ауыртпайтындар да бар. Жазылды ма болды. Мекемедегі басшылық тарапынан «газетке жазылмапсың, осындай газетке жазылуды жоғары жақтан жүктеп жатыр» деген сөздер құлақ етін жемесе болды. Оларға ең бастысы айлығы жүргені керек. Елінде не болып жатыр, нендей істер қолға алынайын деп жатыр, оған мемлекеттегі басшылардың, зиялы қауым өкілдерінің пікірі қандай, бір сөзбен айтқанда ұлтымыздың болашағы не болмақ деген сан түрлі сұрақтарға бас ауыртып жатқан қауым аз бұл күнде. Мұны айтып отырғандағы себебім көпке топырақ шашу емес. Оқығандарынан өзіндік тұжырым жасап, ой түйетіндер де жетіп артылады. Бірақ бұқара халықтың көп бөлігі елдің келешегіне мән бермейтіндер. Тіпті кейбір мықты деген басылымдардың өзі кейбіреулердің үйінде түрлі қызмет атқарады. Яғни сіз бен біз ойлағандай емес. Кейбір газеттер жаз мезгілінде терезелерді күн көзінен тұмшалау үшін қолданылса, енді бірі қонақ шақырғанда астан кейін қол сүртуге жыртылып кете барады. Тіпті керемет мақалаларға терезелерден телміретін болдық. Бұрыңғының қариялары секілді үйге келген газеттің әр санын жоғалтпай, жыл соңында тігіп қою деген дәстүр жоғалғалы қашан…
Дарынды ақын, белгілі публицист Мейірхан Ақдәулетұлының басшылығымен жарыққа шығатын «Алтын Орда» газеті журналистика саласына тың серпіліс алып келгендігін ешкім жоққа шығара алмас. Жұмысын қарапайым жерде (оның үстіне интернет жоқ кез) бастап, жанкештілікке барған бұл газеттің сол кездегі ұжымына еріксіз таң қаласың. Республикамыздағы 32 бет болып шыққан алғашқы газеттердің де қатарында «Алтын Орда» тұр. Қоғамдағы келеңсіз нәрселер мен жеткен жетістіктерге тиісті баға беріп отырған бұл газеттің орны ерекше. Қазіргі кезде ақпарат көзі өте көп. Теледидар, интернет, радио сынды ақпарат тарататын құралдар аз емес. Соның ішінде газеттің де алар орны, басар салмағы бар. Адамдар қазір ақпараттың қайсысын оқу керектігінен жаңылды, себебі сананы интернет, жаһандану биледі. «Интернет-газет» деген ұғым пайда болды. Жарыққа шықпаса да ғаламторда электронды нұсқасы жарық көретін газеттер бар бұл күнде. Осылар кәдімгі газетке аз да болса кесірін тигізіп тұр ма деп те ойлаймын. Бірақ, интернет бетіне шықпайтын, тек газетте ғана жарияланатын материалдар мол болса, оқырман баспасөзден алыстамайды. Газеттің оқылуына бірден-бір себепші болатын ол-дизайн. Газетті ашқан жұрт ең бірінші суретіне көз жіберетіні дәлелдеуді қажет етпейді. Дизайны жоғары деңгейде жасалған газеттердің оқылуы да анағұрлым көп болмақ. Газеттің оқылуына табанды еңбек ететін журналистер қауымы. Олардың еңбектері лаулап жанып жатқан үлкен отқа қарлығаштың қанатымен су сепкендей. Жақсы жазылған мақаланы әрқашан халық іздеп оқиды. Сол сияқты жақсы журналистер ешқашан жерде қалмайды, оларды да беделді газеттер іздейді. Айта берсек бір ғана газеттің шығуына аз адам тер төкпейді. Корректорлар, кезекші редакторлар, беттеушілер аталғандардың барлығы газеттің жақсы әрі сапалы боп шығуына табанды еңбек етеді. Осындай үлкен ізденіспен, көп жанның еңбегімен жарыққа шығатын газеттің пайдасын халық көреді.Ең жақсы газет біздің кемшілігімізді дер кезінде айта білетін, жетістігімізді көрсететін құрал болу керек. Әрине, әр оқырман өзіне қажетті газетті іздейді. Мысалға, менің сұранысымдағы газет – сан қырлы, қызықты, тың тақырыптарға бара алатын, үнемі оқырманның пікірімен санасатын газет деп айтар едім. Өзім әдебиетке жақын болғасын ба, әдеби газет-журналдарды үнемі оқып тұрам және де түрлі хабарландырулар мен жарнамалардың орнына ұлт зиялыларының, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қаламгерлердің парасатты, пайымды сұхбаттарын, түрлі ой-толғамдарын оқығым келеді. Әйтпесе, ананы-мынаны бір жазатын, ойдан-қырдан алынған хикаяттар, арзан әңгіме, өсек-аяң қуған саржағал газеттер жетіп артылады. Газеттерді ақтарып отырып жаба салатын кездерім болады. Жүрекке жылы тиетін, жан дүниеге әсер ететін шынайы дүние іздеймін. Кейде таппай налимын да. Қазіргі газеттер халықтың жүрегіне жақын нәрселерді емес, өздеріне керекті жарнама іздейтін болды. Бұл нарықтық қоғамның талабы шығар деп ұқтым. Адамның жүрегіне, жан әлеміне, сезім дүниесіне әсер етуден гөрі қу тіршіліктің қамына қажетті жарнамалар, әр түрлі хабарландырулар мен тапсырыс мақалалардың саны артты. Себебі, қазіргі қоғамның тыныс-тірлігі сондай, тек адамның ішіп-жеуіне, қалай киінуіне, ақша табудың жолына, жан бағуына қатысты жәйттер негізгі тақырып тіні болып отыр. Бұл оқырманның талғамын биіктетпейді, ой-өресін өсірмейді. Бұған журналистер қауымын кінәлаудан аулақпыз, олар осындай бір тәуелділік шеңберінде жүр. Осы орайда кезіндегі А.Байтұрсыновтардың ерен еңбегін айтпай кетуге болмас. Олар қоғамға жұмыс істеумен қатар, қазақ қауымының көзін ашу, көкірегіне нұр құю, санасына сәуле түсіру жағын ойлаған дарындылар еді-ау…Аллаға шүкір, қазіргі заман үніне сай, мазмұнды, қызғылықты, көркемдігі жоғары, сан қырлы, оқылымды газет-журналдар бар біздің елімізде. Оқырман сұранысындағы газет қандай болу керек?! Әр басылымның өз оқырманы бар. Газеттің қызықты да қарапайым, көңіл пернелерін дөп басатын, әр санына өзгеше нәр беріп, оқырманын күттіретін түрлі тақырыптары болады. Ондай ескірмейтін, оқылымды тақырыптарға «Айқынның» «Ақ сөйлесі», «Парасаттағы» Г.Бельгердің «Күнделігі», «Ақжүніс – Астананың» «Бақыттың кілті» секілді дүниелерді жатқызуға болады. Біздің қазақ газеттері осындай құнды дүниелер арқылы халықтың жүрегіне жол таба білуі керек-ақ. Өз басым осылардың қатарына әр санын кешігіп жетсе де үзбей оқитын «Ақжелкен» журналын жатқызар едім. Ондағы Жадыра, Қарлыға сынды әпкелерімнің әдебиеттегі тың тақырыптарға түрен салатыны мені таңғалдырады, қуантады. Сонымен қатар, онда спорт, мәдениет, өнер, денсаулық сияқты тақырыптардағы мақалалар да шығып тұрады. Аға буынның жазғандарымен қатар жас буынның, кейінгі жеткіншектердің мақалалары да жиі жарияланып тұрады. Мағжан айтқандай «Толқыннан толқын туады» дегенді ескерсек, бұл да бір жас буынның қанаттарын қатайтып, журналистика әлеміне кеңінен құлаш сермеуіне, сол арқылы олардың өсіп, қалыптасуына үлкен септігін тигізеді деп есептеймін. Жақсыны көре білу де білгірлік. Өзімді оқырман ретінде сезініп, оқырманның көзімен қарасам, газет-журналдар оқырмандарымен жиі кездесулер өткізсе, оқырмандар нені оқығысы келетінін, нені құптап, нені құптамайтынын ашық айтса деп ойлаймын. Бұл газеттің жыл бойғы бағыт-бағдарына көп көмектеседі. Мықты газет қандай болу керек дегенге келсек. Мықты газет – негізінен әр түрлі өсек-аяң, қызық қуған сенсациялы тақырыптардан аулақ болса керек, яғни шағын көлемді мақалалардан бастап тіршіліктің терең толғақты тақырыптарына дейін қарапайым болған дұрыс. Жалпы, қарапайым нәрселер адамның қабылдауына жеңіл тиеді. Қарапайымдылық – ұлылықтың бастауы іспетті. Қарапайым дүниелер журналисттің ізденісімен, тапқырлығымен, ойының ұшқырлығымен ұштасып жатса нұр үстіне нұр, сол арқылы басылымның мықтылығын, сапасын көруге болады. Газет – біздің санамызға әсер етуші негізгі фактор. Ол – тәрбие құралы. Тәрбие құралында тілдің көркемділігі, ойдың жинақылығы, сөздің жандылығы бірінші орында тұруы шарт. Кез келген материалды ойлылықпен, көркемдікпен жазу әрине мүмкін емес. Нарықтық қоғамда бұқара халыққа сіздің көркемдігіңіз, сіздің тереңдігіңіз қажет емес сықылды. Бір сәт ойлап қараңызшы, ешқандай жан дүниеңді байытпайтын, ойыңды өсірмейтін тек ақпараттық негізде сөйлейтін басылымдар қажет шығар, алайда сезіміңе сезім, ойыңа ой қосатын, рухани азық беретін, таным кеңістігіңді ашатын, тұшынып оқитын құнды да қымбат дүниелер керек бәрібір! Қай тақырыпқа қалам салса да өзінің тақырыбын өзгеше қырынан аша білетін, тілдік көркемділігі жоғары, идеялы, сөзі сүйрік, қаламы жүйрік журналисті бар газет қайткен күнде де өзін сақтап қалады.Демек, басылымның мықтылығы журналистке де байланысты.

1.1 Газеттің шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет

    Басы сонау Ежелгі Шығыс елдеріне тән, «хан жарлықтары» деген ұғымның аясынан кеңіп шыққан, италиялық термин Венециядан қайта тіріліп, бүкіл әлемге тарауында маңыздылық бар деп ойлайсыз ба?! Әрине, бар. Тегінде Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткен сөзді ескерсек «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ендеше ол халықпен бірге болуға тиісті, жұртшылыққа ақпарат беруші, елдің сауатын ашушы құрал. Бірақ сол құралдың кешегісі емес, бүгіні қандай, ХХІ ғасырдың жаңа көзқарасына тойтарыс бере алмауына не себеп, соны талқылап көрсек. «Дала уәлаятынан» бастап өсіп-өніп келе жатқан бүгінгі қазақ газетінің бір қабырғасы қайысып қалды. Себебі оқырман жоқ, санаулы-ақ. Жалпы қазіргі таңда газет оқитын оқырман тек елу жастан әрі асқандар мен ерекше қызығушылығы бар адамдар болмаса, жаппай оқу үдерісі жоқ секілді. Оның орнын әлеуметтік желі басты. Себебі аптасына, айына шығатын газеттердің беретін ақпаратын күн сайын, сағат сайын жаңалап отыратын жылдам желі жеңіп кетті. Ал сізге белгілі ақпаратты қайталап оқудың қажеті бар ма?! Тіпті үлкен сұрақ туындайды: «Газет керек пе бізге?»... Бүгінде «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш» сынды танымдық-ақпараттық, өз көзқарасы бар, рухани газеттермен қатар «Егемен Қазақстан», «Айқын» және өңірлік ақпарат беруші газеттер бар. Кезінде газетті ақпарат алмасу үшін, қоғамда не болып жатқанын білу үшін оқитын едік. Енді тек архивін қазып, жазбасын жаңартуға, көз салып шығу үшін, одан қалса оттық ретінде пайдаланамыз. Мәселен АҚШ-тың «New York Times» газеті 1851 жылдан бері өлмей жасап келеді. Оны таласа-тармаса оқитын оқырманы жетерлік. Тіпті әлемдік БАҚ сол газеттен сілтеме жасау арқылы ақпараттар таратып жатады. Себеп? Ең алдымен газет күн сайын таңертең сіздің шай үстеліңізде жатады. Апта, ай сайын емес, күн сайын. Күніге ақпартты толықтырып, мәні мен мағынасы толысқан, азаматтық көзқарастарды ұстана отырып бір күннің ішінде мақала жазу тілшінің шеберлігі ғой. Ендеше біздің тілшілеріміз әлсіз бе?! Әлсіздіктен гөрі ізденімпаздық пен жаңашылдыққа ұмтылу үдерісі жоқ секілді. Өйткені аптасына бір аңсатып келетін газеттің бетінен қайталанған, сылдыр сөзден сүбелі сөз құраған авторлардың мақаласын әлде тапсырыспен келген дүниелерді оқимыз. Одан қала берді қаптаған құттықтаулар. Адам газетті қолына алған кезде ең бірінші «кеше немесе осы аптада не болды екен» деп ашады. Одан кейін «әлем не дейді, қоғам ше» деген екінші ой келеді. Бәрінен шаршаған кезде ғана танымдық не қызықты дүние іздейді. Ал бізде алғашқы екеуі бар, оның өзінде сараптау емес, тек «болды, бітті, өтті, енді не болмақ» деген жанама сұрақтары бар тақырыптар. Ал оқырманын қызықтыратын газеттің жаңашылдық көзқарасы, тіпті құлшыныс жоқтың қасы. Қоғамды сынай беру немесе керісінше, мақтауды асыра беру оқырманның берекесін алады. Екеуінің ортасында тең жүру – шеберлік. «Аманат» фильмін көріп отырсаңыз, бір эпизодында Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» мақаласы сол кездегі дүрілдеп тұрған «Правда» газетінде жарық көреді. Тап сол кезде газеттің бас редакторы бірден қолына телефон алып, жоғары жақпен байланысқа шығып мақаланы талдап, «көрдің бе» дегендей ымдайды. Ал осы үшін Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталып кетеді. Бұл жерден газеттің сол кездегі халық арасындағы үстемдігін көріп отырмыз. Бүгін де солай жасауға болады. Оппазициялық көзқарастың құрбаны болудың қажеті жоқ, тек таптырмас, мағынасы терең, сөзі шебер, сіздің әрбір еңбекпен тапқан теріңіздің әріп болып құралып жазылған мақалаңыз болу керек және оны жұрт іздеп оқу керек. Іздеудің түбі газетке тіреледі. Оқырман да көбейеді. Газеттің де, сіздің де беделіңіз артады. Айналып келгенде газет керек. Технологияның дамыған заманында адамдардың бір жапырақ қағаз болса да руханиятын сақтап қалу үшін газеттің көзіне зәруміз. Ескіліктің желін есіп, қағаздың құнын көрсету арқылы адамдардың робот болып кетуінен сақтайды. Мұхтар Шахановша айтқанда: «Компьютербасты жарты адамдар» болудан арыламыз. Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. Ал әлеуметтік желі сізді тек ақпарат берумен қатесін түзеуге бағытталған. Кез келген журналистің бірінші біліктілігін арттыру газеттен, журналдан бастау алу керек. Тегінде Қытайда мектеп оқушыларына қаламмен (ручка) жазғызбайтын. Жазуларыңды бұзады деп. Оның орнына сиялы қаламмен жазуға үгіттейтін. Сол секілді қалам мен сиялы қаламның айырмасы бар. Біреуі дайын өнім, екіншісі еңбек. Себебі сияға малып мәнерлеп жазу – тәрбие. Осы тұрғыдан келгенде газеттің бәсі басым екенін айту керек.

Алғашқы қазақ газеттерінің шығу тарихы. Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс.Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді.
Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеумізге де мүмкіндік береді.  Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ.  Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған. С. Сейфуллиннің айтуына қарағанда, ол «Баяндамасында алғашқы революция кезінде шыққан газеттердің қандай болғанын өзінше бұза, шала-пұла айтқан» көрінеді. («Тар жол тайғақ кешу» 1960 жыл) Баспасөздің маңызы, атқарар рөлі, ондағы жаңа леп, бағыт-бағдарлар жайлы сөз жөнінен Рысқұловтың «Баспасөз мәнісі» (1926) атты еңбегіің мәні зор деп есептейміз.  Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик С. Мұқанов.Ол өзінің 1932 жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ. Жумалиев пен профессор Е. Исмайыловтың 1941 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген оқу құралында, «Қазақ ССР тарихында»., Қ.Бисембиевтің 1961 жылғы «Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі туралы сөз болды. Қазақ баспасөзінің кешегі-бүгінгісін бірыңғай зерттеп, мол мұра қалдырған Х. Беккожиннің есімі ерекше аталуға тиіс. Аталған авторлардың еңбектері кезінде өз міндеттерін атқарады, өз қызметтерін көрсетті.Революциядан бұрынғы баспасөз бетінде басылған мәліметтерді ғылыми маңыздылығы жағынан архив қазынасы мен бір дәрежеге қоюға болады. Әрине осы газет-журналдарда басылған шығармалардың кез келгенін пайдаланарда оған сын көзімен қараған дұрыс. Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ. Солай дегенмен де орыс тіліндегі газет- журналдардың көпшілігі реттеліп, библиографиясы жасалып, материалдары ғылыми айналымға түскенімен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер күні бүгінге дейін реттелмеді, олардың толық библиографиялық көрсеткіштері жоқ. Осыдан барып көптеген ғылымдарға, әсіресе шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын, экономикасын, тілін зерттейтін ғалымдарға осы бай мұра бүтіндей белгісіз болып келді. Ал, бұл газет журналдарға көз жіберіп, сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар революцияға дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан толып жатқан соны деректер бергені даусыз. Тағы бір айта кететін жай Қазақстанның тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін ғалымдар қазақ тілінде ертеректе шыққан газет-журналдарын тауып пайдалану үшін көптеген уақыттарын жоғалтады. Оның қиындықпен түсетін бір себебі мынада: бұл газет-журналдар кітапхана қорымен архивтерде түгел сақталмаған. Патшалық Россиялыќ қол астындагы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып, қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар шығарылды.
Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі тарихынан» деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып, қазақ баспасөзі тарихына байланысты бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары жарық көрді.Қазақ баспасөзін зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алянтровтың, Седельниковтың, Сабитовтың, сондай-ақ академик Ә. Марғұлан мен профессор Е. Исмайыловтың басшылығымен Ү. Субханбердина құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге болады. Осылардың бәрі қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихы туралы жинаѓы кітап жазу қажеттігін туғызды. Бұл жөнінде Х. Беккожин көптен бері зерттеу жүргізді, бірақ бұдан 1830 –1960 жылдар арасында шыққан қазақ газеттерімен журналдарын түгелдей егжей-тегжейлі зерттеген екен деген ұғым тумауы керек. Бұл, біріншіден, тек бір кісінің қолынан келетін іс емес. Бұл кітапты («Қазақ баспасөзінің даму жылдары») автор өзінің және басқалардың зерттеулері негізінде жазды.Екіншіден бір кітаптың ішінде қазақтың мерзімді баспасөзінің барлық жағдайын қамтуда мүмкін емес. Әрине, қазақ баспасөзінің тарихын Россиядағы жұмысшы баспасөзінің тарихымен теңестіруге болмайды.
  Біз жоғарыда қазақ баспасөзінің тарихи әр кезеңдегі тарихы оқиғаларға байланысты зерттелуі тиіс дедік. Бұл қазақ халқының әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайына тығыз байланысты зерттелуі тиіс деген сөз. Осылай зерттелгенде ғана баспасөздің қоғам дамуында атқаратын рөлі айқындала түседі.Ұлы орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар шықты, олардың ізінше ұлт интелегенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862 –1900 жылдар арсында қазақ тілінде 70 шамалы кітап басылып шығып, қазақтың жазба әдебиеті мен мерзімді баспасөзі пайда болды. Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомоствалармен «қатар қазақ тіліне аударылып Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала уалаяты», «Ауыл шаруашылық листогі» сияқты газеттер шығып тұрды. Ташкентте қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасында кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа қарамастан «Қазақстан да мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер еттті». Патша өкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялай отырып, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, бұл органдар сонымен қатар өз беттерінде өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көрсетеді. Бұл газеттер де мал шаруашылығы мәселелері, жаңадан ашылған мектептер туралы кең жазылып отырды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның орхиологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып тұрды.Әсіресе, әуел баста аударма болса да, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихынан алғашқы беташары болып табылады.

1.2 Газет журналды оқудың пайдасы

Тасқа қашалып жазылған дүниенің ешқашан құны жоғалмайды. Ол біздің тарихымыздан белгілі. Егер оның құны мәңгілік болмаса, сонау Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштеріндегі жазулар неге соншама ғасыр сақталып қалды?! Газет пен журнал да сондай. Мәңгілік. Сарғайған парақтардағы сарғайған жазуларды кез келген сәтте тауып алуымызға мүмкіндік бар. Сонау 1870 жылы шыққан «Түркістан уәлаяты» газеті, «Дала уәлаяты» газеттері немесе революциядан кейін Алаш азаматтары шығарған «Қазақ», «Айқап» сияқты басылымдар осының дәлелі. Алаш арыстары жазып қалдырған рухани дүниелеріміздің бәрі «тасқа қашалып жазылғандай» күні бүгінге дейін сақталып қалды. Бұл да газет пен журналдың құдіретінің арқасы. Замана көшіне ілесіп, өркениетті қоғамда ақпараттық кеңістік адам ілесе алмайтын шапшаңдықпен қарыштап дамып келеді. Бүгінде газет пен журналдың орнын көбіне интернет-ресурстар басып келеді. Ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен жур­­налдай бола алмайтынына сенім­дімін. Заман талабын ескерген дұрыс шығар, бірақ тасқа ба­сылған дүниелердің салмағы қашанда жоғары деп ойлаймын.Бүгінде осыған байланысты екі жақты пікір бар. «Газет-журналсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұрынғылар ғаламторсыз-ақ газет оқып, көзін ашқан. Ал жаңа заман адамдарының өмірін онсыз елестету қиын. Ғаламтор адамды елітіп, өзіне тәуелді қылады. Қолдану дұрыс та шығар, бірақ газетсіз елдің тіліне нұқсан келеді» деп аға буын өкілдері баспа­сөз болашағына алаңдаушы­лық танытса, енді біреулері: «Қолымыздағы тетікті бассақ болғаны, ақпараттың барлығы дайын тұр. Газет-журналға жазылып, ақша шығарып не керегі бар? Тіпті болмаса, сол газеттің электронды нұсқасын оқуға болмай ма?» деп қарсы дау айтып жатады.Бүгінгі ақпараттық­­ техно­логия қарыштап дамыған қо­ғамда ғаламтор айнымас досы­мызға айналғандай. Әйтеуір бәрі керемет, бәрі оңай. Дегенмен, ғаламтордың пайдасынан бөлек, зиянды жағы да жетерлік. Телефонға телмірген жастардың қоғамдық көлікте құлағын бітеп алып, әлеуметтік желілерден шықпай, ешкім­ді елеместен міз бақпай отыратынын қайтерсің?! Тіпті кіп-кішкентай бүлдіршіндер де ұялы телефонның мүмкіндіктерін біліп алған. Ғаламтормен санасы шырмалған бүгінгі буын ертеңгіге қандай өнеге бермек?! Жастарымыз руха­ни жұтаңдыққа ұшырап жатқан жоқ па?! Көкейімізде сан сауал…
Өз басым, бос уақытымды әлеуметтік желіге арнағаннан гөрі, газет-журналмен дос болуды артық санаймын және мұны әдетке айналдырдым. Ғалам­тормен жұмыс істеу тиімді әрі жедел болғанымен, ондағы ақпараттың дәлдігі мен шынайы­лығына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал баспасөз беттерінде нақты мәліметтер ғана жарияланады. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, жан дүниеңді байытып, ой-өрісіңді өсіретін, сезімге сезім, ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін де газет емес пе? Қажет ақпаратты экраннан оқығаннан гөрі газетті қолмен ұстап, сезініп оқыған көңілге де қонымды, жүрекке жақын. Өзіме солай. Газет – қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі. Ел азаматтары­ның ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын айтқан жур­налистердің мірдің оғындай өткір сөздерін газет бетінен ғана табатын сияқтымын.Алайда қазір жастар газет, кітап оқуға құлықсыз деген пікір қалыптасқан. Мен бұл пікірді теріске шығарар едім. Сол үшін газет-журнал оқырмандарының көп болғанын қалаймын. Сөз соңында айтарым, газет оқу бұл – зиялылықтың белгісі.

2.Газет журнал аудармасының негізгі аспектілері

Аударманың жалпы теориясында аударма нормасы деген ұғым қолданылады, аударма сапасын бағалау жұмысы осы ұғым негізінде іске асады. Аударматану ғылымында теориялық (дескриптивті) мәселелермен қатар, нормативті (прескриптивті) аспектілер де қамтылады. Аударма нормасы ұғымы аударма теориясының прескриптивті тарауларында қарастырылады. Аударматанудың теориялық тараулары аударманы тіларалық коммуникация құралы ретінде, обьективті түрде бақыланатын, сипаттауға, түсіндіруге болатын құбылыс ретінде зерттейді. Ал аударманың нормативті аспектілерін қарастыратын тарауларда аударманы теориялық тұрғыдан зерттеу негізінде, аударма үдерісін оңтайландыруға, аудармашы жұмысын жеңілдету және сапасын жақсартуға, аударманы бағалау әдістерін және болашақ аудармашыны оқыту әдістемесін жасауға бағытталған практикалық ұсыныстар қалыптасады.Өзінің кәсіби функциясын саналы түрде дұрыс атқару үшін аудармашы өз қызметінің мақсатын, осы мақсатқа жету жолдарын толық айқындап алуы тиіс. Бұл үшін аудармашы өзі аударып отырған салаға және тілдер комбинациясына қатысты аударманың жалпы, жеке, арнаулы теорияларының негіздерімен тереңірек танысуы қажет. Бұл бағытта аудармашы ол осы тілдер арасындағы сәйкестіктер жүйесін білуі, аударманың тәсілдері мен әдістерін, тиісті сәйкестікті және нақты контекс жағдайына сай аударманың ең тиімді тәсілін таңдай алуы, аударма үдерісінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін прагматикалық факторларды ескере білуі қажетАударманың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін аудармашы аударманы түпнұсқамен салыстыра алуы керек, мүмкін болатын қателіктерді жіктеп, бағалап, тиісті түзетулер енгізе алуы тиіс. Аударма сапасын бағалауды, қателіктерді табу және жіктеуді аудармашы еңбегінің нәтижелерін талдайтын тұлғалар: редакторлар, сыншылар, тапсырыс берушілер, аударма оқытушылары т.б. айналысады. Аудармашыға арналған практикалық ұсыныстар мен аударманы бағалау өзара байланысты және өзара тәуелді. Егер аудармашы қандай да бір талаптарды орындауға тиіс болса, оның жұмысының нәтижесі оның осы талаптарды қаншалықты толық, табысты орындағандығына байланысты болады. Аудармашының өзі де, аударма сапасын бағалайтын басқа тұлғалар да, дұрыс аударма нақты талаптарға жауап беруі қажеттігі туралы қағидаға сүйенеді. Аударма сапасына қойылатын талаптардың жиынтығы аударма нормасы деп аталады. Аударма сапасы оның аударма нормасы деңгейіне сәйкес келу деңгейіне және осы нормадан саналы түрде және еріксіз ауытқу сипатына қарай анықталады.Нормативті талаптар аударма қағидалары мен ережелері түрінде қалыптасады. Нормативті ережелер жалпы немесе жеке болуы мүмкін, немесе аударманың белгілі бір типіне немесе жалпы аудармаға қатысты болады. Олар біртұтас ереже түрінде түзілуі немесе осы ережені қолдануға болатын жағдайларға қатысты немесе қолдануға болмайтын (ережеден тыс) нұсқау түрінде жасалуы мүмкін. Мысалы, эквивалентсіз лексиканы беру ережелерін, жалқы есімдерді, дәстүрлі лауазым атауларын аудармада дұрыс беру туралы ұсыныс-нұсқаулардың жалпылама деңгейі әртүрлі болады.Әр жағдайда нормативті ұсыныстар құбылыстардың нақты шеңберінде ғана қолданылады.Аударма үдерісінің (аударма сапасы) нәтижелері: аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығының деңгейімен, түпнұсқа мен аударма мәтіндердің жанрлық-стилистикалық сипатымен, аудару вариантын таңдауға әсер ететін прагматикалық факторлармен анықталады. Аударманың осы аталған аспектілерінің бәрінің тікелей нормативті сипаты бар, аудармашының стратегиясын және оның еңбегінің өлшемдерін анықтайды. Аудармашының аударма тілді нормативті түрде қолдану талаптары, сондай-ақ, аударма үдерісі нәтижелерінің аудармашы қызметінің мақсаты мен міндеттеріне қойылатын жалпыға бірдей қабылданған, аудармашы нақты бір тарихи кезеңде басшылыққа алатын көзқарастарға сәйкес болу қажеттігі аударма нормасы ұғымына кіреді. Осылайша, аударма нормасы нормативті талаптардың бес түрінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады:

аударманың эквиваленттігінің нормасы;

аударманың жанрлық-стилистикалық нормасы;

аудармашылық сөйлеудің (сөйлеу тілінің) нормасы;

аударманың прагматикалық нормасы;

аударманың конвенционалды нормасы

Түпнұсқа мазмұны мен аударманың эквиваленттігі олардың коммуникативтік тұрғыдан тепе-теңдігінің негізі болып табылады. Аударма эквиваленттілігінің нормасы бұлжымайтын өлшем емес. Ол түпнұсқа мазмұны мен аударманың барынша жақын, сәйкес болуын білдіреді, бірақ аударма адекваттығын қамтамасыз ететін басқа да нормативті талаптарға жауап беретіндей белгілі бір шектен аспауы тиіс. Әрбір нақты жағдайда эквиваленттілік типі БТ мен АТ бірліктерінің тепе-теңдігімен, сондай-ақ, аударма актісіне ықпал ететін прагматикалық факторлармен анықталады. Түпнұсқа мазмұнын ең төменгі деңгейде де бере алмаған аударма эквивалентті емес табылғанда, аударма эквиваленттілігінің нормасы толық бұзылған болып саналады, ал басқа нормативті талаптарды эквиваленттіліктің осы орындалған аудармадағыдан да жоғары деңгейінде орындауға болатындығына көз кеткізілсе, аударма эквиваленттілігі жартылай бұзылған болып табылады. Бірінші жағдайда аударма қанағаттанарлықсыз деп танылады, ал екінші жағдайда – егер табысты тіларалық коммуникация үшін барынша жоғары мағыналық жақындық міндетті емес болған жағдайда ғана қабылданады.
Аударманың жанрлық-стилистикалық нормасы деп аударманың аударылатын мәтіннің типіне, стилистикалық ерекшелігіне және басым функциясына сәйкес келу талабын атауға болады. Жанрлық-стилистикалық норманы сақтауда аударманың жанрлық жіктемесін және аударылатын мәтін типтерін жақсы білген жөн. Мәтін типі түпнұсқаның сипатымен анықталады, ал аудармаға қойылатын стилистикалық талаптар – аударма тілдегі осыған ұқас типтегі мәтіндерді сипаттайтын нормативтік ережелер болып табылады. Жанрлық-стилистикалық норма өте маңызды норма болып табылады, оның аясына аударманың негізгі міндеті және оның жұмысының сапасын бағалаудың өлшемі болып табылатын эквиваленттіліктің қажетті деңгейі, доминантты функция да кіреді. Аударма сапасына қойылатын нормативті талаптар ды нақты мәтін типіне қарай түрліше болатынын ескерген жөн, көркемдігі жоғары әдеби туынды мен биографиялық-деректі романды, опералық либретто мен патенттік куәлікті бағалау үшін бірдей өлшем қолданбайтынымыз түсінікті. Көркем туынды аудармасы оның әдеби жетістігіне, техникалық аударма – терминологиялық дұрыстығына, жарнама аудармасы – оның ықпалдылығына байланысты бағаланады.

Аудармашылық айтылым (речь) нормасы. Аударма мәтін – аударма тілдегі (АТ) тілдік туынды, сондықтан ол осы тілдің нормалары мен узусына бағынады. Бірақ бұл ережелер тіл қызметінің барлық жағдайлары үшін бірдей болмайды. Олар әр функционалды стильде, сондай-ақ жалпы әдеби тілдің түрлерінде әрқилы болып келеді. Жалпы әдеби тілді әдетте сөйлеу тілі (биресми қарым-қатынас) және көркем әдебиет тілі деп бөледі. Лингвистикалық әдебиетте, тілдің ерекше түрі ретінде ғылым тілін атайды. Аударма мәтіндердің «екінші мәтін екендігі», олардың өзге тілдегі түпнұсқаға бағдарлануы бұларды сол аударма тілдегі басқа тілдік туындылардан ажыратып тұрады. Қандай да бір тілдегі аударма мәтіндердің жиынтығы осы тілдің ерекше түрін, аударма тілді туғызады, оның функционалды стильдер және басқа түрлері болады. Аудармашы үнемі түпнұсқаны бағдарға алып отыратындықтан, тілдік құралдарды қолдану сипаты сөзсіз түрленіп отырады, тілдік норма, әсіресе узус көп өгереді. Екі тілдің аударма үдерісі кезіндегі арақатысына қарай ұқсас формалар, тілдік құралдарды кеңінен пайдаланылады. Көптеген сөздер, тіркестер, жағдаятты сипаттау тәсілдері ең алдымен аударма тілге тән болады, содан соң ғана түпнұсқаның тіліне ауысады немесе узуальды сипат алады. Қазір көп қолданылып жүрген «бастамалар көтеру», «бейбіт келіссөздер», «ерікті миссия», «әскери қақтығысты (конфронтации) азайту», «альтернативті ұсыныстарды қарастыру» т.б. тіркестер қазақ тілінің нормасын аударма арқылы кеңейте түседі.Осылайша, аудармашылық айтылым (речь) нормасын БТ нормас мен узусының ережелерін осы тілдегі аударма мәтіндердің узуальды ерекшеліктерін ескере отырып, сақтау ретінде анықтауға болады. Бұндай ерекшеліктерді аудармашылар практикалық жұмыс үстінде интуитивті түрде жүзеге асырады.
Аударманың прагматикалық нормасы. Аударманың прагматикалық нормасын аударманың прагматикалық тұрғыдан құндылығын қамтамасыз ету талабы ретінде анықтауға болады. Бірақ бұны толық «норма» деп санауға да болмайды, себебі аудармашылық актінің прагматикалық басым міндетін әр аудармашы өзінше шештін дара мәселе болып табылады. Дегенмен де, аударма үдерісі нәтижелерін прагматикалық мақсатта өзгерту – жиі кездесетін жағдайбұны ескермей, аударманы нормативтік тұрғыдан бағалау мүмкін емес. Қандай да бір нақты прагматикалық міндетті орындау – аударма нормасының барлық қалған аспектілерін бағындыратын аса ірі функция. Мұндай міндетті орындай отырып, аудармашы ең дұрыс эквиваленттіліктен бас тартуы да мүмкін, түпнұсқаның жекелеген бөліктерін ғана аударуы мүмкін, аудару кезінде түпнұсқаның жанрлық сипатын өзгертуі, аударма тілдің (АТ) нормасы мен узусын бұзуы да мүмкін. Аударма актісінің прагматикалық шарттары аударма нормасынан толық немесе жартылай бас тартуға, түпнұсқаны аудару емес, мазмұндап беруге, реферат жасауға немесе оны жан-жақты репрезентацияламай, басқаша жеткізуге мәжбүр етеді.
Аударманың конвенциональды нормасы. Қандай да бір тілдік ұжымда нақты бір тарихи кезеңде аударманың мақсат-міндеттеріне және осы мақсатқа жету жолдарына қатысты нақты, қатаң көзқарастар болуы мүмкін. Аударма тарихының кейбір кезеңдерінде түпнұсқаны сөзбесөз беру талабы үстем болса, түпнұсқаны «жақсарту», аудармашының түпнұсқаға қатысты «еркіндігі» талабы үстем болды. Мәселен, діни мәтіндердің аудармасы аудармашыдан түпнұсқаның мағынасына ғана емес, әрпіне де ерекше мән беруді талап етті. Қазақ аудармасы тарихының ерте кезеңдерінде түпнұсқаның тек сюжетін сақтап, өз бетінше, еркін аудару үрдісі болғанын білеміз. Бұл үрдіске дәстүрге айналып, «нәзира» деп аталғаны да белгілі. Ал орыс классикалық әдебиеті жаппай аударыла бастаған ХХ ғасырдың орта тұсында түпнұсқаның мазмұны мен пішінін қатаң сақтау мақсатында калька тәсілі белең алғанын да көреміз. Басқаша айтқанда, қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде аударма нормасының кейбір аспектілерінің бұзылуы қалыпты жағдайға айналды. Осылайша, кез келген тарихи кезеңде аудармаға қойылатын нормативті талаптар осындай өзіндік «конвенционалды нормалар» негізінде қалыптасты.
Осылайша, аударманың нормалары өзара тығыз байланысты және әрқайсысы да маңызды болып табылады.

2.1 Аударма ұғымы туралы сипаттама

Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп-нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: