Сынамалы тест 2612 тест 33 страница

<variant>Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия, кома

<variant>Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

<variant>Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі

<variant>Жүктіліктің 31-32 аптасы. Арахноидит

<variant>Жүктіліктің 31-32 аптасы. Менингит

<question>Перзентханаға 26 жастағы әйел жүктіліктің 39-40 аптасында түсті. Бойы 152 см, салмағы – 60 кг. Жамбас өлшемдері: 23-25-28-17,5 см, Соловьев индексі - 15 см, ІА - 105 см, ЖТБ - 39 см. Михаэлис ромбысы – 10х9 см. Нәрестенің ұзынша жатуы, басымен жатуы, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет анық, ритмді, бастың тік өлшемі - 12 см. 

Қынаптық тексеру: жатыр мойны – «жетілген», басымен жатуы, басы кіші жамбастың кіре берісінде қозғалмалы. Диагоналды конъюгата - 11,5 см. Диагноз қойыңыз:

<variant>Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас II дәрежесі. Ірі нәресте.

<variant>Мерзімі жеткен жүктілік. Жай жалпақ жамбас

<variant>Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас II дәрежесі

<variant>Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас I дәрежесі.

<variant>Жүктіліктің 39-40 аптасы. Ірі нәресте

<question>20 жастағы алғаш босанатын әйел мерзімі жеткен жүктілікпен және ішінің төменгі жағының толғақ тәрізді ауруы басталғаннан 4 сағаттан кейін келіп түсті. Жамбас өлшемдері 25-28-31-21. Нәрестенің орналасуы ұзынша, арқасы алдында, кіші жамбастың кіреберісінде басымен тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ритмді, минутына 136 рет, ретті. Толғақтары 5-6 мин сайын, 40-45 сек. созылады, күшті. Р.V. Жатыр мойны жайылған, жатыр ернеуі 3,5 см ашылған, қағанақ қуығы бүтін. Кіші жамбастың кіреберісінде басымен тірелген. Сагиталды жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді.  

Нәрестенің жатуын, позициясын, түрін анықтаңыз:

<variant>Мерзімі жеткен жүктілік. IІ позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы, босанудың I кезеңі

<variant>Мерзімі жеткен жүктілік. Ұзынша орналасуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы.

<variant>Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі

<variant>Мерзімі жеткен жүктілік, ұзынша жатуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы

<variant>Мерзімі жеткен жүктілік, ұзынша жатуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы, босану алдын белгілері

<question>26 жастағы қайта босанушы әйел, әйелер кеңес орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: Артериалды гипертензия диагонзымен участкелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді бірінші рет стационарға жатқызу мерзімі:

<variant>12 аптаға дейін

<variant>24 аптаға дейін

<variant>36 аптаға дейін

<variant>28-32 апталарға дейін

<variant>38-40 апталарда

<question>Ауруханаішілік инфекцияны төмендетуде басты шара:

<variant>қолды тазалап жуу және бір ретті сүлгіні қолдану

<variant>мекемені циклді дезинфекциялау

<variant>қызметкерлер мен келушілердің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру

<variant>бөлмелерді кварцтау

<variant>маскалы тәртіпті сақтау

<question>Қайта жүкті әйел, 29 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған. Әйелге босануға көмектесетін медициналық мекеме: 

<variant>облыстық периналдық орталықта

<variant>ұлттық ана және бала денсаулығын қорғау орталығында

<variant>ауылдық ауруханада

<variant>қалалық периналдық орталықта

<variant>қалалық перзентханада

<question>24 жастағы қайта жүкті әйел емханаға 10-11 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ.

Жүктіліктің қалыпты ағымында емханаға келу реттілігі:

<variant>жүктілік бойынша 7 рет

<variant>жүкітілік бойынша 14-16 рет

<variant>айына 1 рет

<variant>2 аптада 1 рет

<variant>айына 2 рет

<question>Босанғаннан кейінгі... күнге дейін өліммен аяқталған кезде ана өліміне жатады.

<variant>42

<variant>56

<variant>70

<variant>46

<variant>60

<question>Акушерлік және ультрадыбыстық тексеру нәтижелерінде 26 жастағы жүкті әйелге келесі диагноз қойылды: Ұрықтың антенаталды өлуі.

Диагнозды талқылаңыз:

<variant>Жүктіліктің ³22 аптасына дейінгі және босанудың басталуына дейінгі ұрық өлімі

<variant>Жүктіліктің ³37 аптасына дейінгі және босанудың басталуына дейінгі ұрық өлімі

<variant>Жүктіліктің ³40 аптасына дейінгі және ұрық туылғанынан кейінгі өлімі

<variant>Жүктіліктің ³12 аптасына дейінгі және ұрық туылғанына дейінгі өлімі

<variant>Жүктіліктің бірінші күнінен және босанудың басталуына дейінгі ұрық өлімі

<question>ДДСҰ (ВОЗ) тірі туылу критерийлеріне өтуге байланысты перинаталды өлім көрсеткіші өте жоғарылады. Бұл өлім көрсеткішін төмендету мақсатында жүргізілетін шаралар:

<variant>ұрықтың денсаулығына қауіпті жағдайларды ерте анықтау

<variant>перинаталды өлім себептерінің анализін жүргізу

<variant>жүкті әйелдің демалу және тамақтану тәртібтерін сақтау

<variant>жүктілікіті сақтау сұрағын уақытылы шешу

<variant>жүкті әйелдермен санитарлы-ағарту жұмысын жақсарту

<question>Мерзімі жеткен жүктілігі бар босанушы әйел перзентханаға босануға түсті. Құжаттар мен бірге партограмма толтырылды. Партограмма... белгілейді.

<variant>ұрық басының жамбас жазықтықтарынан өтуін

<variant>босанушының өмір анамнезін

<variant>аурудың анамнезін

<variant>жатыр мойынының жетілу дәрежесін

<variant>аллериялық анамнезін                                                          

<question>Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы перзентханаға келіп түсті. 30 минут бойы ретті босану қызметінің басталуы анықталды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 соққы. Босану қызметінің қалыптығын белгілеу үшін қынаптық тексеруді партограмманың ережелері бойынша жүргізу қажет. Босану кезінде қынаптық тексерудің жиілігі:

<variant>4 сағат сайын

<variant>6 сағат сайын

<variant>әр 5 сағатта

<variant>3 сағат сайын

<variant>2 сағат сайын

<question>25 жастағы босанушы 34 – 35 апталық жүктілігімен 2 сағат бойы босану қызметінің басталуымен және жыныс жолдарынан қан кету шағымдарымен перзентханаға келін түсті. Ең алдымен... жоқтығын анықтау қажет.

<variant>плацентаның ажырауының

<variant>плацентаның жатуының

<variant>жатыр мойынының жыртылуының

<variant>қынаптың жыртылуының

<variant>бұтаралықтың жыртылуының

<question>Босанудың бірінші кезеңінің басталуының белгілері:

<variant>ретті толғақтың басталып, жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы

<variant>ретсіз толғақтың басталуы, жатыр мойынының жетілуі

<variant>ретті толғақтың басталуы, жатыр мойынының жетілмеуі    

<variant>қағанақ суының кетуі, жатыр мойынының жетілуі

<variant>бастың кіші жамбас қуысына орнығуы

<question>Мерзімі жеткен жүктілігі бар бірініші босанушы әйел перзентханаға келіп түсті. 5 сағат бойы іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Суы кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына. Партограммада … өзгерісі көрсетіледі.

<variant>жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы

<variant>толғақтар жиілігінің сиреуі

<variant>қағанақ суының кетуі

<variant>бел аймағында ауырсыну сезімінің күшеюі

<variant>ұрық жүрек соғысының сиреленуі

<question>Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы, босану әрекеті басталғанынан 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақтар 5-6 минут сайын, 20-25 секундтан. Қағанақ қуығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 2 см., қағанақ қуығы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Мүйіс анықталмайды. Бұл акушерлік жағдай … сәйкес келеді.

<variant>босанудың латентті фазасына

<variant>босанудың белсенді фазасына

<variant>босанудың баяу фазасына

<variant>босану әрекетінің әлсіздігіне

<variant>босануға кіруге

<question>Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған. Босану биомеханизімінің бірініші негізігі кезеңі – бұл....

<variant>ұрық басының орташа иілуі

<variant>ұрық басының ішкі бұрылысы

<variant>кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы

<variant>жамбас қуысына бастың түсүі

<variant>ұрық басының жаруы мен жарып шығуы

<question>Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған. Босану биомеханизмінің бірініші қосымша кезеңі - бұл....

<variant>кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы

<variant>ұрық басының әлсіз иілуі

<variant>ұрық басының ішкі бұрылысы

<variant>жамбас қуысына бастың түсүі

<variant>ұрық басының жаруы мен жарып шығуы       

<question>Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 125/85 сн.бағ., пульс минутына 90 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді. Босанудың 3 кезеңінің жүргізілуі... байланысты.

<variant>қан жоғалту дәрежесіне

<variant>плацентаның бөліну белгілеріне

<variant>босанудың ұзақтығына

<variant>нәрестенің жағдайына

<variant>сусыз кезеңнің ұзақтығына

<question>Босанушы босанудың екінші кезеңінде. Күшенулер 1–2 мин. 50-55 сек. Күшенулер арасында ұрықтың жүрек соғысы минутына 150 рет. Ұрықтың басы бұтаралықты жарып шығуда. «Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес... қажет.

<variant>босануда бұтаралықты қорғамау

<variant>перинеотомия жасау

<variant>бұтаралықты қорғау

<variant>эпизиотомия жасау

<variant>пудендалды анестезия жүргізу

<question>26 жастағы қайта босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Ұрық таза құйрығымен орналасқан. Алдыңғы құйрығы туылғанынан кейін босану қызметінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың құрсақішілік жедел гипоксия белгілері дамыды.

Дәрігер тактикасы:

<variant>ұрықты жамбасынан тартып шығару

<variant>классикалық қол әдісін қолдану

<variant>акушерлік қысқыштар салумен босандыру

<variant>ұрықтың вакуум экстракциясын қолдану

<variant>лапаротомия, кесар тілігі операциясын пайдалану

<question>25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан.

Клиникалық диагноз:

<variant>Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 1 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<variant>Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<variant>Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<variant>Жүктілік 39-40 апта. Босанудың 1 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

<variant>Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

<question>25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан.

Босануды жүргізу тактикасы:

<variant>Лапаротомия. Кесар тілігі операциясын жасау

<variant>Амниотомия. Қуыстық акушерлік қысқыштарды салу

<variant>Консервативті. Босануды табиғи жолымен аяқтау

<variant>Амниотомия. Ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу

<variant>Эпизиотомия. Ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу

<question>27 жастағы бірінші босанатын әйел жүктілігі 37-38 апта, босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Бақылау барысында ұрықтың жүрек соғуының 90-100 соққыға дейін сиреленуі және оның күшенулер арасында қалыпты деңгейіне түспейтіні анықталды. Қынаптық тексеруде: ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде, сагиталды жік оң қиғаш өлшемінде, кіші еңбек сол жақ алдынан орналасқан. Ұрық басының қондырылу түрі және дамыған асқыну: 

<variant>Шүйдемен қондырылуі, алдыңғы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<variant>Шүйдемен қондырылуі, артқы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<variant>Шүйдемен қондырылуі, алдыңғы түрі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

<variant>Асинклитикалық қондырылуі, алдыңғы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<variant>Бастың алдымен қондырылуі, алдыңғы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

<question>Бірінші босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде. Бақылау барысында ұрықтың жүрек соғуының 90-100 соққыға дейін сиреленуі және оның күшенулер арасында қалыпты деңгейіне түспейтіні анықталды. Қынаптық тексеруде: ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде, сагиталды жік оң қиғаш өлшемінде, кіші еңбек сол жақ алдынан орналасқан. Босануды жүргізу тактикасы:

<variant>акушерлік шығаберіс қысқыштар салу

<variant>ұрықтың эмбриотомиясы

<variant>лапаротомия, кесар тілігі операциясын пайдалану

<variant>босануды табиғи жолымен аяқтау 

<variant>вакуум экстракциясын қолдану

<question>Босанушы әйел 2 сағат бойы босанудың 2 кезеңінде. Ұрықтың болжам салмағы 4200 г.. Ұрық жүрек соғысы минутына 160 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 3 минут сайын, 35-40 секундтан, күші орташа. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20см. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының толық ашылуы, Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрық басының сүйектері тығыз, еңбектері мен тігістері анықталмайды. Сегізкөз мүйісі жетілмейді, меконий аралас сулар кетуде.

Босанудағы асқыну: 

<variant>Ұрық гипоксиясы. Клиникалық тар жамбас.

<variant>Ұрық асфиксиясы. Анатомиялық тар жамбас.

<variant>Ұрық гипоксиясы. Жалпы біркелкі тарылған тар жамбас.

<variant>Ұрық асфиксиясы. Жәй жалпақ жамбас..

<variant>Ұрық гипоксиясы. Жалпытарылған рахитты тар жамбас.

<question>Босанушы әйел 2 сағат бойы босанудың 2 кезеңінде. Ұрықтың болжам салмағы 4200 г. Ұрық жүрек соғысы минутына 160 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 3 минут сайын, 35-40 секундтан, күші орташа. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20см. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының толық ашылуы, Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрық басының сүйектері тығыз, еңбектері мен тігістері анықталмайды. Сегізкөз мүйісі жетілмейді, меконий аралас сулар кетуде.Босану тактикасы: 

<variant>Лапаротомия. Кесар тілігі.

<variant>Қуыстық акушерлік қысқыштарды салу

<variant>Босануды табиғи жолымен аяқтау

<variant>Ұрықтың вакуум экстракциясы

<variant>Ұрықты бұзу операциясын жасау

<question>Босанушы әйел 30 минут бойы босанудың 2 кезеңінде. Толғақтар 2-3 минут сайын, 50-55 секундтан. Толғақтардан тыс жатыр толық босамайды, пальпациялауда төменгі бөлігінде қатты ауырсынуы байқалады. Жамбас өлшемдері 26-27-33-18см. Ұрық жүрек соғысы минутына 100 рет, түйық, анық емес. Механикалық кедергіге байланысты қуықтың катетеризациясын жүргізуге мүмкіндік болмады. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының толық ашылуы, ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған, ұрық басында үлкен босану ісігі анықталады. Диагноз: 

<variant>Жалпақрахитті жамбас. Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың жедел гипоксиясы. Жатырдың жыртылу қауіпі.

<variant>Жалпы біріңғай тарылған жамбас. Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың жедел гипоксиясы. Жатырдың жыртылу қауіпі.

<variant>Жай жалпақ жамбас. Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың жедел гипоксияся. Жатырдың жыртылу қауіпі.

<variant>Анатомиялық тар жамбас. Ұрықтың жедел гипоксиясы. Дискоординацияланған босану қызметі.

<variant>Жалпы тарылған жамбас. Ұрықтың жедел гипоксиясы. Босану қызметінің ауытқуы.

<question>23 жастағы бірінші босанушы үйінде болған бір ретті эклампсия талмасынан кейін жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Жүктілік 37-38 апта, жағдайы ауыр, есі кіресілі-шығасылы. Тері қабаттары бозғылт, аяқтарында ісік, АҚ 150/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы 98 рет мин. Эклампсия белгілері:

<variant>құрысу және кома

<variant>анурия және ісік

<variant>гипертензия

<variant>ісіктер және аузында ащы сезімнің болуы

<variant>диарея және құсу

<question>29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсынудың болуына, жыныс жодарынан қанды бөлінділерге, басының айналуына, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді.

Анамнезінен: 3 жылдан бері етеккір қызметінің бұзылысы және созылмалы қабыну аурымен гинкелогта тізімде тұрады, 2 ай бұрын қабынуға қарсы ем алған, соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған. Объективті: жағдайы ауыр, АҚ 100/60 мм сын бағ., тамыр соғысы 108 рет минутына, толымы әлсіз, дене қызуы 37,20 С. Гинекологтың тесеруінен кейін: жатырдан тыс жүктілік болжам диагнозы қойылды. Диагнозды растайтын көрсеткіштер:

<variant>қанда хорионды гонадотропин деңгейінің жоғарылауы

<variant>қанда эстроген деңгейінің жоғарылауы

<variant>қанда эстроген деңгейінің төмендеуі

<variant>қанда хорионды гонадотропин деңгейінің төмендеуі

<variant>қанда гестагендер деңгейінің төмендеуі

<question>29 жастағы науқас стационарға 3 сағат бұрын пайда болған ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға және жыныс жолдарынан жағылып келетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілік жатыр қуысын қайталап қырумен жүрген өзіндік түсікпен аяқталған, соңғы етккірі екі ай бұрын болған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны көгерген, аздап қанды бөлінделер көрінеді. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны сақаталған, сыртқы ернеу саусақ ұшын жібереді, жатыр 7 апталық жүкітілікке сәйкес ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, қанды жағынды бөлінділер. Диагноз:

<variant>Жүктілік 7 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі

<variant>Жүктілік 7 апта. Көпіршік ауруы.

<variant>Жүктілік 7 апта. Жолдағы түсік

<variant>Жүктілік 7 апта. Толық емес түсік

<variant>Жүктілік 7 апта. Септикалық түсік

<question>Бірінші босанатын әйел мерзіміне жеткен жүктілігімен, қағанақ қуығының бүтіндігімен, босану әрекетінсіз перзентханаға келіп түсті. Анамнезі өзгерісссіз, жағдайы қанағаттанарлық. Акушерлік статус: нәрестенің жатуы көлденең, басы оң жақта, нәрестенің жүрек соғысы кіндік аймағында тыңдалады, ырғақты, минутына 140 рет. Жыныс жолдарынан бөлінділер жоқ. Босануды жүргізу амалы:

<variant>Жоспарлы кесар тілігі

<variant>Амниотомиямен босануды қоздыру

<variant>Босану әрекеті бастала салысымен кесар тілігі

<variant>Босануды табиғи жолдар арқылы жүргізу

<variant>Аяғымен классикалық айналдыру

<question>29 жастағы әйелде жүктіліктің 34-35 аптасы, аяқтарында және беттеріндегі ісінумен перзентханаға келіп түсті. АҚ 170/110 мм сын бағ көтерілуіне байланысты желке аймағындағы ауырсыну және мұрнымен тыныс алудың қиындауы болды, диурез төмендеген. Эхографиялық зерттегенде фетометриялық мәліметтердің екі аптаға кешігуі, қағанақ суының жеткіліксіздігі анықталды, допплерометрияда екі жақтағы жатыр артериясында қанмен қамтамасыз етілу резистенттілігі жоғарылаған және ұрық-жатыр қан айналымының жағдайы нашар. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны «жетілмеген». Диагноз:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: