Емдеу шараларын жоспарлау 16 страница

Зәр үнемі қуықта жиналып, осының нәтижесінде қуықта қысым көтеріледі (1,177-1,471 ПА). Егер қысым 12-15 см су деңгейінен жоғары болса, онда зәр шығару рефлексы бұзылады. Ал зәр толығымен қуықтан шыққан кезде, қайтадан қуық ішінде қысым нөлге түседі.

Қуық рагының  патологиялық анатомиясы

Қуық рагы, шырышты қабаттан (98,0%) және басқа тіндерден (2,0%) өніп-өседі. Бұларға кірмейтін де аурулар бар - феохромоцитома, эндометриоз, хорионэпителиома, бұлшық еттерден, сіңір ұлпаларынан шыққан ісіктер.

Қатерсіз ісіктер - лейомиома, гемангиома, фиброма, бұлар қуықтағы барлық ісік ауруына шаққанда 0,3%-дай болады.

Қатерлі ісіктер мен саркомалар. Саркома өте сирек кездескенмен бауырға, бүйрекке, ұйқы безіне, жатырға, өкпеге бөгелме ісікті ертерек береді. Мұнымен қоса бөгелме ісік шап және іш перденің артындағы лимфа бездерге де тарайды.

Қуықтың шырышты қабаттан өніп-өскен ісіктері

Қатерсіз ісіктерге - аденома, эндометриоз, феохромоцитома, папиллома жатады, кейінгі екеуі, алдыңғы екеуіне қарағанда, тіпті жиі тіркеледі. Аденома, сырт пішініне, түріне қарағанда, папилломаға ұқсас келеді, бірақ микроскоппен тексергенде өзгешелік айқын көрінеді. Папилломада сіңір ұлпасы және қантамырлары оның ортасында орналасады, ал аденомада клеткалар арасындағы өзектерде, жүзім сияқты орын алады.

Эндометриозды ісіктер жатыр эндометриіне ұқсас келеді. Көптеген сарысулы өзгерістер бір-бірімен қосылып, үлкен түйін тастайды. Кейде бұлар қуықтан шығып, көрші сау ұлпаларға тарайды. Тәжірибеде қатерлі ісікке ауысқан кездері де байқалған.

Феохромоцитома - бүйрек үсті без тіндерінен шыққан ісік. Бұл қуық қабаттарының ортасында орналасады да, қалыпты өзгермеген қабыршықпен жабылады.

Папилолма морфологиялық тұрғыдан қатерсіз ісік, ал клиникалық тұрғыдан нақты ісік алды ауру, ол өте жиі кездесетін өспе, қуықтағы барлық ісіктердің ең біріншісі. Нақты қатерсіз болғанымен мұның ракқа ауысатын түрлері жиі кездеседі. Бұлар емнен кейін де, жиі-жиі қайтадан қозады. Папиллома кейде бірнеше көлемде кездесуі мүмкін және біреу емес, бірнеше болып, мұны папилламатоз дейді. Неғұрлым көп болған сайын қауіпті жүреді. Егер ол қайтадан қозса, ракқа ауысу мүмкіншілігі жоғарлайды, тіпті кескен жердің әрқайсысында рецидив болуы ықтимал.

Қатерлі ісіктер көбінесе папилломадан пайда болады. Өсінділер жалпақ түбірлі болып, жайылмалы түрде өсіп, қуық қуысына тараған жағы тез жарақаттанады. Жиі орналасатын жері қуықтың түбі мен мойны. Микроскопиялық тұрғыдан пісіп-жетілген ауыспалы клеткалы рак көп кездеседі, ал кейде клеткалары майда болып, пісіп-жетілуі төменгі деңгейде қалыптасады, бұлар өте қатерлі болып, жылдам өсіп, тез арада бөгелме ісік береді. Ісік, бүкіл қуық қабырғасын тұтас зақымдап, 50 жасқа дейінгілерде, жайылма клеткалы пісіп-жетілген түрі, ал 50 жастан кейін - клеткалары жас, пісуі жетілмеген ісік түрлері жиі байқалады. яғни болжамы нашар, емге көне қоймайтын дерт деген сөз. Бұлардың таралу жолдары да әртүрлі болады: ауыспалы-клеткалы рак қан тамырлары арқылы, ал майда клеткалы рак көбінесе лимфа жүйесі арқылы таралады.

Ауыспалы-клеткалы ракты әртүрлі рак деп есептемеу керек, бұлар бір ісіктің әртүрлі кезеңінде өніп-өскен мезгілдері болып саналады.

Ісікте шырышты қабат клеткалары көп кездессе, онда ол онша көп қауіпті болмайды, ал сіңір ұлпалары басымырақ келген ісік болса (тінді түрі) онда ісік қауіпті келеді де, ол тез өсіп, маңайындағы сау ұлпаларға тез арада тарайды. Ісіктің өсу бағытына сәйкес екі түрлі рак болады. Экзофитті түрде, ісік қуық қуысына қарай өсіп, ісік сау ұлпалардан оқшауланып, бөлініп тұрады. Бұлар микроскопиялық жағынан, ауыспалы- клеткалы жайылмалы ракты құрайдыі. Ем болжамы, оның нәтижесі қолайлы келеді. Ал енді эндофитті өсу кезінде, ісік қуық бойымен жайыла өскен түрі, ол кез келген емге өте қолайсыз, ісік тез арада жараланып, бөгелме ісік береді. Қуық тартылып, жиырылып қалады, немесе мүлдем кішірейіп кетеді. Ауыспалы-клеткалы рактың бір түрі – безді рак. Оның жиілігі барлық қуықтағы қатерлі ісіктердің 6,0% құрайды. Клиникалық және анатомиялық тұрғыдан ісік мүшенің төбесінде орналасады, ол көбінесе тұқым қуалайды.

Хорионэпителиома, гипернефрома тым сирек кездеседі. Қуықтың төбесінде ісіктің шашақты және тіндік түрлері бірдей жиілікте (4,0%) кездеседі.

Қуық рагының жіктелуі

1973 жылы Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысы бойынша қуық ісіктері былай жіктеледі:

І. Шырышты қабаттағы ісіктер (95 %)

А) ауыспалы-клеткалы папиллома,

Б) ауыспалы-клеткалы папилломаның бір-біріне алмасқан түрі,

В) жайылма клеткалы папиллома,

Г) ауыспалы- клеткалы рак (50-70%)

Д) безді рак (1-3%).

Е) пісіп-жетілмеген рак (20-30%).

ІІ. Шырышты қабаттағы емес ісіктер.

ІІІ. Аралас топтағы ісіктер.

ІV. Бөгелме ісіктер.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: