Тері ішіне инъекцияны орындау 1 страница

Медбикелік іс»

Талдықорған 2014- 2015 оқу ж.ж.

МАЗМҰНЫ

І. Жұқпалық қауіпсіздік 8
Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту 8
Қолды гигиеналық деңгейде тазарту 9
Қолды тері антисептигімен тазарту 11
Залалсыздандырылған қолғапты кию. Қолғапты шешу 12
Хлорамин ерітіндісін даярлау 15
5% гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау 16
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері 17
Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру 17
Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу   18
Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру 20
Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу 22
ІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау 33
Науқастың дене салмағын өлшеу 33
Науқастың бойын өлшеу 34
Педикулез анықталған кездегі санитарлық тазарту 35
Гигиеналық себезгіні (душты) жүргізу 37
Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу 38
Науқасты тасымалдау 40
III. Қауіпсіз ауруханалық орта 41
Науқасты Фаулер қалпына жатқызу 41
Науқасты Симс қалпына жатқызу 43
Науқасты ішімен жатқызу 44
Науқасты арқасымен жатқызу 45
Науқасты қырымен жатқызу 46
IV. Науқастың жеке бас тазалығы 48
Функциональды кереуетті қолдану 48
Науқасқа төсек-орын дайындау 49
Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс) 50
Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) 51
Ішкі киімді ауыстыру 52
Халі ауыр науқастың шашын күту 53
Науқасты ылғалды сүрту 54
Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу 55
Қолдағы тырнақты қиып алу 56
Аяқтағы тырнақты қиып алу 57
Науқасты қырындыру 58
Қолтық ойығындағы шашты қыру 59
Қасағадағы шашты қыру 60
Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу 61
Ер адамның жыныс мүшесін жуу 62
Дәрет сауытын (судноны) беру 63
Зәр қабылдағышты беру 65
Судноны және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі   66
Көзді күту 67
Мұрын қуысын күту 69
Құлақты күту 70
Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту 71
Алмалы-салмалы тіс протездерін күту 73
V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау 74
Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу 74
Кәржілік артериясынан тамыр соғуды анықтау 76
Қан қысымын өлшеу 78
Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу 80
Су балансын анықтау және есептеу 81
VІ. Науқасты тамақтандыру 83
Халі ауыр науқасты тамақтандыру 83
Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру 84
Гастростома. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру 87
Гастростоманы күту 88
VІI. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу 89
Жылытқышты қолдану 89
Мұзды мұйықты қолдану 91
Қыша қағаздарын қою 92
Аяққа қыша ваннасын жасау 93
Ыстық ылғалды компресті қою 94
Салқын компресті қою 95
Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою 96
Сүлікті қою 98
Парафин және озокеритпен емдеу 100
Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру 102
Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру 104
Постуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту) 105
VIII. Дәрі дәрімектерді қолдану жолдары мен әдістері, ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру   108
Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюляны қолдану 108
Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану 109
Тұнбаны, экстрактыларды (шырсөлді) қолдану 110
Науқасқа ұнтақты қолдану 111
Дәрі-дәрмектерді сыртқы жолмен енгізу. Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу 112
Көзге тамшы тамызу 114
Төменгі қабаққа көз майын қаттастырып салу 116
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу 118
Жеке ингаляторды қолдану 119
Сеппені қолдану 121
Дәрілік жабысқақ пластырьді салу 122
Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу 123
Дәрілік ерітіндіні теріге жағу 124
Майлы таңғышты орындау 125
Теріге майды жағу 126
Теріге майды сылап жағу 127
Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу 128
Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу. Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру 129 129
Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу 130
Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу 132
Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері 134
Тері ішіне инъекцияны орындау 135
Тері астына инъекцияны орындау 137
Инсулинді енгізу 139
Бұлшық етке инъекцияны орындау 141
Көк тамырға иньекцияны орындау 143
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру   145
Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау 147
IХ. Пункциялар 150
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау   150
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) дайындау   152
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлынды (люмбальды) тесуге дайындау   154
Науқасты және медициналық құрал- саймандарды төс сүйегін тесуге (пункциясына) дайындау   156
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге дайындау 158
Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік 159
Тазарту клизмасын қою 159
Сифон клизмасын қою 161
Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою   163
Жел шығаратын түтікті қою 164
Майлы клизманы қою 166
Дәрілік клизманы қою 168
Тұзды (гипертониялық) клизманы кою 170
ХI. Қуықты катетерлеу 172
Әйелдердің қуығын катетерлеу 172
Ер адамның қуығын катетерлеу 174
Қуықты жуу 176
ХІI. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау 177
Лабораториялық анализге саусақтан қан алу 177
Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу 179
Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу 182
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі 184
Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау 185
Атиптік жасушаларға қақырықты жинау 186
Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықты жинау   187
Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау 189
Жеке түкіргішті қолдану ережесі 191
Жұтқыншақтан жағынды алу 192
Мұрын қуысынан жағынды алу 194
Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау 196
Нечипоренко әдісімен зәрді жинау 197
Зимницкий байқауына зәрді жинау 198
Диастазаға зәрді жинау 200
Қантты анықтауға зәрді жинау 201
Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау 202
Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау) 203
Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау 204
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін) 205
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектер үшін) 207
Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу 209
Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу 210
Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу 211
Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар Петри табақшасына алу   212
Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті пробиркаға алу 214
Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу 216
ХIII. Науқасты эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау   217
Науқасты бронхоскопияға даярлау 217
Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау 218
Науқасты колоноскопияға даярлау 219
Науқасты ректороманоскопияға даярлау 221
Науқасты цистоскопияға даярлау 222
Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау 223
Науқасты бронхографияға дайындау 224
Науқасты асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау 225
Науқасты ирригоскопияға дайындау 226
Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау 228
ХIV. Сүңгілі манипуляциялар 230
Асқазанды жуу 230
Асқазанды сүңгісіз әдіспен жуу 232
Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу   233
Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу 235
Құсқан науқасқа алғашқы көмек көрсету 238
ХV. Өкпе-жүрек реанимациясы 240
Өлікті жайғастыру ережелері 247
Пайдаланылған әдебиеттер 249

Жұқпалық қауіпсіздік

Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту

Мақсаты: науқастармен немесе қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Көрсеткіші: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз сүлгілерді.

Іс-әрекет алгоритмі

1.Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

2.Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

3.Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз.

4.Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті.

5.Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

6.Шүмекті жабыңыз.

7.Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз.

Қолды гигиеналық деңгейде тазарту

Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.

Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1.Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.

2.Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

3.Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

4.Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350-400С) рттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизм-дермен қолдың жанасуын қорғайды.

5.Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

6.алақанды алақанмен;

- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;

- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;

- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;

- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

1.Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.

2.Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

3.Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

Ескерту: қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;

- 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз.

- Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындап қолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;

- тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;

- жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.

Қолды тері антисептигімен тазарту

Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:

алақанды алақанмен,

-сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,

- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,

- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,

- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,

- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше,

- қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.

-

Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады.

 

Залалсыздандырылған қолғапты кию

Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2.Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3.Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4.Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5.Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

6.Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

7.Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8.Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9.Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

10.Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.

Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: