Кестеде

Макроорта факторларының кейбір негізгі сипаттары

Факторлар Негізгі көрсеткіштері
Демографиялық Тұрғындардың саны. Аумаққа қарай орналасуы. Халық тығыздығы. Миграциялық бағытгары. Өсім құрылымы. Тууы. Өлуі. Неке және ажырасу саны. Этникалық және діни құрылымы, т.б.
Экономикалық Тұрғындардың сатып алу қабілеті. Ин­фляция деңгейі. Мемлекеттің қаржы қаражат жағдайы. Жалпы шаруашылық коньюнктурасы. Салық жүйесі. Халықтың тұтыну құрамының өзгеруі. Сұраныс және тұтыну икемділігі т.б.
Табиғи Энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы. Қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымдарының әсері, т.б.
Ғылыми- тех-никалық Шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық- өзгерістердің қарқыны. Фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлуеті. Технологиялық жаңартулардың қауіпсіздігіне қатал талап қойылуы, т.б.
Саяси-құқық Кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы. Мемлекеттің экономикалық саясаты. Сыртқы саясаттың рыноктың дамуына әсері. Мемлекет шешімдерінің қоғам өміріне тигізетін әсері, с.с. т.б.
Мәдени Тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрі. Мәдениет түрлері, т.б. с.с.

Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде тауар өндіруші кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі. Мысалы, 1999 жылдың басында тұңғыш ұлттық халық санағы бойынша Қазақстан Республикасында халықтың жалпы саны 14,9 млн. адам болды. Республикадағы демографиялық жағдай 19955-1998 ж.ж. аралығында былай сипатталған (1000 адамға шаққанда)1:

♦ адамдардың өлу коэффициенті 1995 ж. - 10,5; 1998 ж. -9,9;

♦ некелесу коэффициенті 1995 ж. - 7,2; 1998 ж. - 6,2;

♦ туу коэффициенті 1995 ж. - 17,2; 1998 ж. - 14,3;

♦ халықтың табиғи өсу коэффициенті 1995 ж. -6,7; 1998 ж. - 4,4.

Осындай көрсеткіштер әрбір өлке көлемінде талданып, кәсіпкерлер маркетинг әрекетінде маңызды бағыттар беруі қажет. Мысалы, біздің елде демографиялық факторлардың өзгеру бағыты балалар тауарларына сұраныстың төмендеуіне әсер етіп отыр. Демографиялық өзгерістер отбасы жағдайына әсерін тигізуде. Өйткені әрбір отбасы тобы әртүрлі тауарларды қажет етеді және әрбір отбасы өзіне тән шектеулі бюджеті болады. Бұның нақты керсеткіштері маркетингті зерттеулер арқылы анықталады. Ал ресми мәліметтерге сүйенген болсақ, 1998 ж. республикада әрбір адамға шаққандағы айлық ақшалай табыс 3020 теңге болған (оның минималды өмір сүруге қажет соммасы 3716 теңге болу керек еді)2.

Сонымен қатар демографиялық факторларға білім алу деңгейі де ықпалын тигізеді. Халық білімі қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоғары сапалы тауарларға, баспа басылымдарына және интеллектуалды игіліктерге сұраныс ұлғаяды. Мысалы, соңғы жылдары республикада мемлекеттік емес (жекеменшік) жоғары оқу орындары көбейді. Студенттердің көпшілігі экономикалық және заң мамандығын алуға ұмтылуда. Сондықтан рынокты экономика туралы, маркетинг, менеджмент, қаржы, банк ісі және сол тәрізді экономикалық, құқық әдебиеттеріне сұраныс көбеюде.

Экономикалық факторлардың рынок субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық факторлардан кем емес. Фирманың әлуетті тұтынушыларын білуімен бірге, олардың қанша тауар сатып ала алатынын анықтау ісі аса маңызды болмақ. Айталық, түрғындардың төлем қабілеттілігі сұранысына әртүрлі экономикалық факторлары әсер етеді. Мысалы, мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, жалақының көлемі, инфляция мен жұмыссыздықтың деңгейі және т.б. Әсіресе қазіргі жағдайда осы тәрізді көрсеткіштерді білу аса маңызды болып отыр.

Табиғи факторларды зерттеу жұмысы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктерін талдаумен байланысты. Шикізаттың, энергоресурстардың шектелінуі кәсіпорындардың алдына көп мәселелерді қояды. Мысалы, оларды үнемдеу үшін ұтымдылығы жағынан тиімді алмасатын игіліктерді табу. Сондықтан, фирмалар осы және басқа бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады.

Ғылыми-техникалық факторларды талдау барысында жаңа тауар өндіруге, тауарды және технологияны жаңартуға, дер кезінде ғылым мен техниканы дамытуға мүмкіндіктер ізделініп, оның іске қосу жолдары жасалуы қажет. Соған байланысты ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану нәтижесінде фирманың қызмет атқаратын ортасы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы, тұтынушылар ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты жаңа, сапалы тауарларды талап етеді, ал фирма бәсекелестерінен жеңілмес үшін ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көп көңіл бөлуі тиіс.

Саяси-құқықтық факторлары мемлекет органдарының талаптарын білу үшін және оларға бейімдеу қажет. Кәсіпорынның жұмысын шектейтін заадарды білу арқылы рынок әрекеттерін бағыттауға болады. Мысалы, Қазақстанда баға, бәсеке, тауар таңбасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, тағы басқа кәсіпкерлікке байланысты көптеген заңдар іске қосылған. Саяси-құқықтық ортаны жете білудің өзі келесі мүмкіндіктерді пайдалануға көмектеседі:

♦ фирмалардың заңсыз ысыраптан қорғалынуына;

♦ тұтынушыларды заңсыз ысырапты іс- әрекеттерден және, қызмет көрсетуден қорғауға;

♦ қоғамның мүддесін сақтауға.

Кәсіпорындағы маркетинг жұмысының нәтижесі мәдени факторларға да байланысты. Қалыптасқан қоғам ережелері, салт-дәстүрлері, табиғатқа, еңбекке деген адамдардың көзқарасы, іс-қимыл қатынастары т.б. - мәдени фактордың көрсеткіштеріне жатады. Мысалы, қазір республикада көптеген жастар бос уақытын ағылшын тілін оқуға, компьютерді игеруге, спортпен айналысуға жұмсауда. Сондықтан гимнастикалық құралдарға, спорт киімдеріне, ағылшынша кітап пен аудиокассеталарға, компьютер курстарына сұраныс өсуде.

Макроорта факторларын зерттеу кезінде екі жағдайды ескеру қажет. Олар:

1. Барлык, макроорта факторлары бір-бірімен аса тығыз байланыста қалыптасады;

2. Әрбір макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейі фирманың көлеміне, орналасқан жеріне, іс-әрекет саласына т.б. көрсеткіштеріне көптен-көп байланысты болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: