Сипатты есептеу

Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол “қайталанған” респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.

Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:“N” қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

Дәріс бойынша әдістемелік нұсқау

Тапсырманы зейінді оқы.

•Тапсырманы орындау үшін керекті құрал-жабдықты таңда.

•Мәтінді, атлас карталарын, қосымша әдебиетті талдап, негізін таңда.

•Практикалық жұмыстың сұрақтарының жауаптары қысқа болып, тек басты мәліметті білдіру керек.

•Әр жұмыстың соңында қорытынды болуы тиіс. Қорытынды әр сұрақ бойынша және толық жұмыс бойынша жасалады.

•Қорытындыда сендер айқындаған заңдылықтар мен себеп-салдар байланыстары көрсетілуі тиіс.

Суреттеу. Нәрсенің бірқатар белгілерін оны басқалардан, оған ұқсас нәрселерден ажырату мақсатында, оны бірден өзгелерден бөлектеп, мәнді және мәнсіз белгілерін санаудан тұрады.

Сипаттама. Нәрсенің қандай да бір қатынаста тек неғүрлым маңызды және мәнді кейбір белгілерінің ерекшеленіп көрсетілуі.

Айыру — нәрсенің оған ұқсас басқа нәрселерден ерекшелігін ажырату

Анықтаудың жоғарыда қарастырылған тәсілдерден ерекшелік белгілері сол, онда нәрсенің жалпы мәнді белгілері көрсетіледі, олардың әрқайсысы жеке-жеке аса қажет, ал барлығын бірге алғанда нәрселерді басқа ұсақ нәрселерден ажырату үшін жеткілікті болады.

Анықтаулармен жүйелі жүмыс істеу сіздерге:

1) өз ойларыңа жауапкершілікпен қарауға үйретеді, өйткені
мұндай типтегі ойлар қарапайым және анық ережелер бойынша өмірде сыналған;

2) өз ойларыңды анық, қысқа және дәл білдіруге көмектеседі.

4. ӘЛЕУМЕТТАНУ

курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі

Міндетті әдебиеттер тізімі:

1. В.И.Добреньков. А.П.Жабин. Ю.А.Афонин. Социология менеджмента. Москва, 2011.

2. А.Т.Забирова «Практикалық әлеуметтану», Астана, 2010

3. Б.Ж.Смагамбет «Шетелдік әлеуметтану тарихы», Астана, 2009.

4. А.И.Кравченко. История менеджмента. Москва, 2005.

5. Григорьев С.И., Растов Ю.Е. Начала современной социологии. М., Магистр, 1999.

6. Дарменова. Социология управления. Уч. пособие. Алматы, 2001.

7. Егоршин А.П. Управление персоналом. Нижний Новгород, 1990.

8. Зигерт В., Ланг Л. Руководить без конфликтов. М., 1990.

Қосымша әдебиеттер:

  1. М.М.Тажинның ред. Социология. Т 1-2. Астана, 2004
  2. Коно Т. Стратегия и структура японских предприятий. М., 1987.
  3. Кравченко А.И. Социология труда ХХ веке. Историко- критический очерк. М., 1987.
  4. Мильнер Б.З. Теория организаций. М., 1998.
  5. Пригожин А.И. Современная социология организации. М.,1998
  6. Пугачев В.П. Управление персоналом организации. М. Аспект Пресс, 1998.
  7. Радугин А.А., Радугин К.А. Введение в менеджмент: социология организации и управления, Воронеж, 1995.
  8. Смелзер Н. Социология. М., 1994.
  9. Удальцова М.В. Социология управления. Уч. пособие. М., Новосибирск, 1998.
  10. Управление консультирование. М., 1993.
  11. Файоль А, Эмерсон Г., Тейлор Ф., Форд Г. Управление- это наука и искусство. М., 1992.
  12. Фролов С.С. Социология организации. М., 2001.
  13. Фролов С.с. Социология. М., 1994.
  14. Шибутани Т. Социальная психология. М., 1969.
  15. Социологиялық сөздік /Жалпы редакторы - Биекенов К.У. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2003. - 167 б.
  16. Садырова М.С. Интеллигенция в социальном развитии Казахстана. Алматы, 1999;

5 Ә леуметтану пәнінен

білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Бекіту мен өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
  2. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым
  3. Әлеуметтанудың қазіргі қоғамдағы маңызы қандай?
  4. Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
  5. Түркітілдес халықтардың әлеуметтік-философиялық идеялары 9-13ғ
  6. Қазақ даласының ойшылдары еңбектерінің идеялық мазмұны
  7. 19-20 ғасырдағы Қазақстанда әлеуметтік және рухани ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері
  8. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
  9. Қоғамдардың жіктелуі
  10. Әлеуметтік стратифифкация және әлеуметтік мобильділік
  11. Әлеуметтік стратификацияның теориясы және мәні
  12. Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері
  13. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік процесі
  14. Әлеуметтік институттар
  15. Институттану процесі және институттардың дамуы
  16. Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері
  17. Тұлға әлеуметтануы
  18. З.Фрейд теориясындағы жаөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері
  19. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдардың фазалары
  20. Девиантты мінез-құлық әлеуметтану
  21. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау
  22. Р.Мертонның ауытқуышылық мінез-құлық типологиясы
  23. З.Фрейд теориясындағы социо-психогенетикалық конфликт теориясы
  24. Отбасы әлеуметтану
  25. Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі
  26. Некенің формалары
  27. Отбасының функциялары
  28. Экономикалық әлеуметтану
  29. Экономикалық сана
  30. Экономикалық ойлау және экономикалық ғадет
  31. Әлеуметтік шиеленістер
  32. Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қысеттері және жіктелуі
  33. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар
  34. Шиеленістің алдын алу және шешу жолдары
  35. Мәдениет әлеуметтануы
  36. Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет
  37. Жастар субмәдениеті
  38. Субмәдениеттіліктің факторлары
  39. Дін әлеуметтануы
  40. Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы
  41. діншілдік типологиясын
  42. Этникалық әлеуметтану
  43. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар
  44. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы
  45. Этносаралық қатынас мәдениеті
  46. Басқару әлеуметтануы
  47. Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы
  48. Басқарудағы билік және ықпал ету
  49. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі
  50. Ұйымдастырушылық мәдениеті
  51. Эмпириялық әлеуметтану
  52. Сұрау
  53. Интервью
  54. Контент-талдау
  55. Эксперттік сұрау
  56. Эксперимент
  57. Бақылау.

Жалпы әлеуметтануы пәнінен

бақылау сұрақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Коллоквиумдарға дайындалу.

Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

- коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.

Бақылау жұмыстарына дайындалу.

Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

- білім алушылардың ағымдық үлгерімін тексеру;

- білім алушылардың дайындығын айқындау;

- үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:

- бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;

- теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;

- оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.

Егер студент алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.

6.Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;

Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және жасаудың кестесі

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:

Тапсырмалар Көлемі
  1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. 2. Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі. 3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы. 4.Әлеуметтану ғылымының пайда болуы. 5.Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең: 6. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы; 7. Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері. 8.Қоғам және оның мәні. 9.Қоғамның әлеуметтік құрылымы. 10. Қоғамдардың жіктелуі. 11.Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні 12.Әлеуметтік мобильділік түсінігі және оның түрлері. 13.Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділіктің даму деңгейлері 14. Институттану процесі және институттардың дамуы 15. Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері. 16. З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері. 17. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары. 18. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау. 19. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы. 20. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы. 21. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы. 22. Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі. 23.Некенің формалары. 24. Отбасының функциялары. 25. «Экономикалық сана» 26. «Экономикалық ойлау» 27. «Экономикалық ғадет» 28. Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі. 29. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар. 30. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары. 31. Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет. 32. Жастар субмәдениеті. 33. Субмәдениеттілік факторлары. 34. Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы. 35. Діншілдік типологиясы. 36. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар. 37. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы 38. Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы. 39. Басқарудағы билік пен ықпал ету. 40. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі. 41.Ұйымдастырушылық мәдениеті. 42. Сұрау. Интервью. 43. Контент-талдау. Эксперттік сұрау. 44. Эксперимент. Бақылау. 2 сағат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат 2 сагат
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
       

Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.

СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

Жобаларды орындау. Тапсырманы орындау тәртібі:

- өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

- егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

- егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;

- алынған шешімді талдау;

- тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

- тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

- тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.

Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,

шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.
  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.
  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.
  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.
  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.
  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.
  7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.
  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.
  9. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

- жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

- сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

- рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

7.Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

ӘЛЕУМЕТТАНУ

пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары

Тақырып 1

1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Тақырып 2

1.Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.

2.Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:

А) О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;

ә) Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

Тақырып 3

1.Қоғам және оның мәні.

2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3.Қоғамдардың жіктелуі.

Тақырып 4

1.Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні

2.Әлеуметтік мобильділік түсінігі және оның түрлері.

3.Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділіктің даму деңгейлері

Тақырып 5

1.Институттану процесі және институттардың дамуы

2.Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері.

Тақырып 6

1.З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері.

2. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары.

Тақырып 7

1.Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.

2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.

3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.

4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.

Тақырып 8

1.Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі.

2. Некенің формалары.

3. Отбасының функциялары.

Тақырып 9

1.«Экономикалық сана»

2. «Экономикалық ойлау»

3. «Экономикалық ғадет»

Тақырып 10

1.Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.

2. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар.

3. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

Тақырып 11

1.Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет.

2. Жастар субмәдениеті.

3. Субмәдениеттілік факторлары.

Тақырып 12

1.Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.

2. Діншілдік типологиясы.

Тақырып 13

1.Әлеуметтік этникалық қауымдастықтың түсінігі мен басты белгілері.

2. Этнос және ұлт

3. Этникалық қатынастар мен этникалық процестер

4. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар және ұлт саясаты

Тақырып 14

1.Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы.

2. Басқарудағы билік пен ықпал ету.

3. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі.

4. Ұйымдастырушылық мәдениеті.

Тақырып 15

1. Сұрау. Интервью.

2. Контент-талдау. Эксперттік сұрау.

3. Эксперимент. Бақылау.

Семинарға дайындалу талаптары:

1. Алғашқы қатал дайындылу бойынша баяндама жасау

2. Талқылау сұрақтардың тізіміңе көніл аудару

3. Категорияық аппаратты жоғары деңгейде қолдану, анықтамаларды беруге, ұғымдардың мазмұның көрсетуге ұмтылу.

4. Саналы дерекетерді өңдеу

5. Ой тұжырымын талқылау

8. Әлеуметтану пәнiнен ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Эсселер тақырыбы:

  Әлеуметтану ғылымына кіріспе
  О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы
  Әлеуметтанудың классикалық даму кезеңдері
  Қоғамның әлеуметтік құрылымы
  Қоғамдардың жіктелуі
  Әлеуметтік стратификация теориясы және әлеуметтік мобильділік түсінігі
  Әлеуметтік институттардың қызметтері
  Тұлғаның әлеуметтену процесі
  Отбасының қызметтері
  Деликвентті мінез – құлық.
  «Экономикалық сана»
  Шиеленістердің пайда болу себептері
  Этникалық әлеуметтану
  Басқарудың қызметтері
  Бақылау және сұрау әдістері

Эссе қалай жазылады?

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

  • Жеке көзқарастың көрінісі
  • Фактілі дәлелдер (аргументтер)
  • Теоретикалық негіздеме
  • Терминдерді қолдану
  • Цитаталарды келтіру
  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы
  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
  • Сауаттылық (пункт., орфогр.)
  • Юмор, сарказм

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:

– Проблема ашылмайды.

– Автордың жеке позициясы көрінбейді.

– Теоретикалық негіздемесі жоқ.

– Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.

– Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.

– Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.

– Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.

– Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.

– Логиканың болмауы.

9.Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау

Құжат түрлерінің жіктемесі:

НЕГІЗ ТҮРЛЕРІ МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ
1.Белгілеу тәсілі Мәтәндік иконографилық статистикалық фонетикалық Өнер, баспа, фото киноқұжаттар, магнитафон, жазбалар, ЦСУ (ОБЖ) жинақтары
2. Мәртебесі (авторлық) Ресми Бейресми Қаулы, бұйрықтар, жоспарлар, хаттар, күнделіктер
3.Бірегейлену дәрежесі Жеке Жеке емес Өмірбаяндар, сауалнамалар, шағымдар және басқалар; есептер, анықтамалар, мұрағаттар
4. Функциональды Ақпараттық Реттегіш Статистикалық есептер, заттама, бұйрықтар, телефонограммалар
5. Мазмұны Тарихи Құқықтық Экономикалық және басқалары Оқиғаны сипаттау, оқиғаны бағалау жағдайды белгілеу
6. Ақпаратқа жақындық дәрежесі Бастапқы қосалқы Стенограммалар анықтамалар, жинақтаулар

Құжаттарды талдау кезінде ресми құжардың ресми емес құжаттарға қарағанда барынша шынайы; жеке құжаттардың, жеке емес құжаттарға қарағанда сенімді, бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте сақталғаны жөн.

Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі (мұнда: жалпы және арнайы) және қалыпқа келтірілген (мұнда: контент- талдау, жаднама – сұрақнама).

Сауалнама нұсқалары (байланысу формалары бойынша):

1.Жеке немесе жанама түрде (таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).

2.Жеке немесе топтық.

3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған).

4.Ауызша немесе жазбаша.

5.Тұтас немесе іріктеме.

6.Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.

Сұрақтарды жіктеу

Мазмұны бойынша Формасы бойынша Құрылымы бойынша Функциясы бойынша
Оқиғалар туралы Тікелей Ашық Негізгі
Сарыны туралы жанама Жабық Байланыс
Бағалау туралы   Жартылай жабық Бақылау
Пікірлер туралы     сүзгіш

10. Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша

· А.Т.Забирова «Практикалық әлеуметтану», Астана, 2010

· Б.Ж.Смагамбет «Шетелдік әлеуметтану тарихы», Астана, 2009.

· Файоль А, Эмерсон Г., Тейлор Ф., Форд Г. Управление- это наука и искусство. М., 1992.

· Фролов С.С. Социология организации. М., 2001.

· Фролов С.с. Социология. М., 1994.

· Шибутани Т. Социальная психология. М., 1969.

· Социологиялық сөздік /Жалпы редакторы - Биекенов К.У. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2003. - 167 б.

· Садырова М.С. Интеллигенция в социальном развитии Казахстана. Алматы, 1999;

Жауапты тұлға________________ Тағаева С.Б.

(күні; кафедраның оқу-әдiстемелiк секция төрағасының қолы)

Келісілді:

Кафедра меңгерушісі______________Забирова А.Т.

(күні, қолы)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: