Сыныбы:1. Тақырыбы: Айырмалық салыстыруға есептер шығару(неше артық; кем; қымбат,арзан; үлкен

Пәні: математика

Тақырыбы: Айырмалық салыстыруға есептер шығару(неше артық; кем; қымбат,арзан; үлкен, кіші; ұзын, қысқа).

Мақсаты:

1. Айырмалық салыстыруға берілген есептермен таныстыру, есеп бойынша өрнек құрастыра алу дағдыларын бекіту;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Ауызша есептеу.

Азайтқыш артқан кезде айырманың мәні қалай өзгереді

Азайғыш              
Азайтқыш              
Айырманың мәні              

Қандай сандар жазылмаған? Оларды қалай табуға болады?

               
   
     
       


Дөңгелектерге 10-ға дейінгі сандар жазылады, ал шаршыларға балалар сан мен амал таңбасын жазу керек.сонымен бірге олар өз әрекеттерін түсіндіреді: «Сандарды салыстырамын. 9 болған, 5 қалды, демек азайттық. Неше азайтылғанын білу үшін 9 санының 5 санынан неше артық екенін білемін. 9-5 = 4)».

Тірек білімдерін жетілдіру.

Есептің жаңа түрімен таныстыру үшін балаларды сәйкестікті қоя білуге жаттықтыру керек («үлкен», «кіші», «сонша»), осы мақсатпен оқулықта 92-сабақтың №1 жаттығуы берілген(осыған ұқсас жаттығуларды тақтада орындауға болады). Сұрақтарға дәл жауаптар алу маңызды: «Неге артық? (Артық заттар қалды). Неге кем?(Заттар жетпей қалды)». «Артық немесе кем?», «Арифетикалық таразы» түріндегі ойындарды ұйымдастырудың маңызы зор.

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Есептің жаңа түрімен танысу жұмыстың 92-сабақтың №2 тапсырмасынан бастауға болады. Балалар сұрақтарға жауап береді: «Суретте неше қызыл доп бар? Неше жасыл доп бар? Қызыл доптың нешеуі артық? Жасыл доп ше? Мұны қалай білуге болады?» Осы сабақтың №3 тапсырмасында балалар мәтінді талдап, қысқаша берілуін жазады және неше артық екенін білуге көмектесетіндей графикалық сурет салынған. Егер мысық артық болса, иттер кем болады деген қортындыға келулері керек. Мұғалімнің көмегімен балалар нешеуі артық немесе нешеуі кем екенін білу үшін артық саннан кем санды азайту керек екенін түсінуі керек. 92-сабақтың №4 тапсырмасы алғашқы бекіту жұмысына арналған.

Өтілген материалмен жұмыс.

Өтілген материалдарды қайталау және бекіту үшін алдыңғы сабақтарға ұқсас тапсырмалар орындалады.

Өзіндік жұмыс.

Бұл сабақта балалар есептің жаңа түрін құрастыруды, шешуді үйренеді(93-сабақ, №1тапсырма). Дәптерге тек өрнек пен жауабы жазылады.

І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

V Үйге тапсырма:148-149 есептерді шығару,№4

VІ. Бағалау: оқушылырды мадақтап, бағалау

ІІІ тоқсан Тексерілді:----------

Күні: Реті:93


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: