Сыныбы:1. Тақырыбы: Есептерді салыстыру

Пәні: математика

Тақырыбы: Есептерді салыстыру. Есеп шығаруда сызбаны қолдану.

Мақсаты:

1. Есептерді салыстыра білуге үйрету, есеп шығаруда сызбаны қолданудың мүмкіндігін көрсету;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Қосу мен азайтудың кестелік жағдайын қайталауға арналған ойындар ұйымдастыру. Мысалы, «Қатесін түзе» ойын-жаттығуы.

           
     
 


3+2= 5 2+6=6 7-6=1

7-3= 4 4+3=8 10-6=2

5+4= 10 7-2=4 5+4=9

3+6= 8 8-6=2 7+3=9

8-7= 1 4+3=8 4+6=9

7-2= 4 9-4=5 8-4=2

10-5= 5 10-6=4 9-7=2

 
 


Талғат Мұрат Тоғжан

-Есеп шығаруға қолданатын арифметикалық амалды таңда (мұғалім өтілген жай есептерді, оның ішінде кері есептерді таңдап алады).

Математикалық диктант:

- 5см және 3см болатын кесінділердің ұзындықтарының қосындысы нешеге тең;

- 9см және 5см болатын кесінділердің ұзындықтарының айырмасы нешеге тең;

- 6см және 4см болатын кесінділердің ұзындықтарының айырмасын тап;

- Соңғы кесіндіні сыз.

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Оқулықта салыстыруға берілген есептер жағдаятты сипаттайтын сандық материалдарға ұқсас. Бірақ есептіңтүрі өзгеше. Шарты мен сұрағына талдау жасау қандай сызбаны немесе қысқаша жазбаны қолдануға болатындығы туралы қорытындыға әкелуі керек. Салыстыруға берілген екі есеп ретімен шығарылады, ал қысқаша жазылуы немесе сызбасы тақтада қатар орындалады. Балаларға осылайша айырмашылығын, ұқсастығын табу жеңіл болады.

Есепті сызбаның көмегімен шешу тәсілімен таныстыру қажет. Егер мұғалім сызбаны пайдаланатын болса, онда қысқаша жазудың қажеті жоқ. Есепті шығару кезінде мұғалім есептің деректерін кесіндінің көмегімен белгілеуге болатыны түсіндіріледі.

Бұл сабақтарда өтілген есептердің барлық түрлерінің сызбалары қолданылады:


І -  ІІ-?,  артық ІІ -  ІІ-?, кем І -  ІІ-?-еуі артық
● ●  ● ● ? ? ● ●  ● ●  ● ● ? ● ● 

Оқулықтағы есептерді ауызша немесе жазбаша шығару мұғалімнің қалауынша орындалады. 95-сабақтың дәптерінде жұмыс керісінше ұсынылады: сызба бойынша есептің мәтінін толықтырады. (№2) Бұл жұмысты ұжыммен әрбір оқушы әр кесінді және сызбадағы әр сан нені белгілейтінін анықтап алатындай түсіндіре отырып жүргізу қажет. Оқулықтағы №1 жаттығу (96-сабақ) осындай мақсатпен берілген.

І V. Бекіту:

Балалар үшін 96,97-сабақтардың №2 тапсырмасы жаңа болып табылады мұғалім кіріспе әңгімеде балаларды өрнек құрастыру үшін алдымен сандарды нәтижесімен үйдің ішінен таңдап алудан бастау керек екенін айту керек. Былай талданады: «Екі санның қосындысы 10-ға тең. Қандай сандардың қосындысы 10-ға тең болады? Бірінші қосылғыш 6-ны аламын, демек екінші қосылғыш 4 болады. 97-сабақта да осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі,бірақ көп бөлігін оқушылар өз беттерінше орындайды.

Дәптермен жұмыс.

Барлық ұсынылған тапсырмалар бір типтегі тапсырмалар, оларды орындаудың тәсілін, көлемін мұғалім өзі анықтайды.

V Үйге тапсырма: сандардың құрамын жаттау.

VІ. Бағалау: оқушылырды мадақтап, бағалау

 
 


ІІІ тоқсан Тексерілді:--------

Күні: Реті:96


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: