Тапсырма №1460

36 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Дәрі-дәрмектерге аллергия жоқ. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. ЭОД-22мкА.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) +Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

Тапсырма №1461

24 жасар қыз төменгі сол жағындағы тісінің ас қабылдағанда ұзақ сыздап ауыратындығана шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен баланысқан тісжегі қуысы көрінеді. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды. Қағып тексергенде ауырмайды, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

С) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

Д) Жедел дамыған терең тісжегі

Е) Периодонттың созылмалы қабынуы

Тапсырма №1462

48 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы тісінің ауыратындығына, температуралық тітіркендіргіштерден және түнгі уақытта ауыру сезімінің ұлғаятындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің медиальді-шайнау бетінде салбыраған қырлары бар, іші ас қалдықтарына толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде сауыт қуысымен байланысқандығы анықталды. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жалпылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

С) +Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның жедел шіри қабынуы

Е) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

Тапсырма №1463

48 жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ауру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) +термометрия


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: