Тестілік тапсырмалар

1.Ішінара – ізденіс әдісінің сөздік – көрнекі әдістер тобын атаңыз.

А) Көрнекі құралдарды көрсетілімді әңгімелесуі және оқушылардың дербес жұмыстары.

Б) Химиялық тәжірибелерді орындау.

В) Әңгіме,мәтінмен оқушылардың өзіндік – дербес жұмыстары.

Г) Аспаптар құрастыру, модельдеу.

Д) Мәтінмен оқушылардың өзіндік дербес жұмыстары.

2.Ішінара – ізденіс әдісінің сөздік – көрнекілік – сарамандау әдістер тобын атаңыз.

А) Үлестіріп берілетін материалдармен жұмыс, химиялық тәжірибелерді, графикалық жұмыстарды, аспаптар құрастыру, модельдеу.

Б) Әңгіме,мәтінмен оқушылардың өзіндік – дербес жұмыстары.

В) Көрнекі құралдарды көрсетілімді әңгімелеуі.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындау.

Д) Аспаптар құрастыру, модельдеу.

3.Зерттеу әдісінің сөздік әдістер тобын атаңыз.

А) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуі.

Б) Оқу әдебиеттерімен жұмыс істеуі.

В) Үйлестірме материалдармен жұмыс.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындауы.

Д) Жазба графикалық жұмыстарды орындауы.

4.Зерттеу әдісінің сөздік – көрнекі әдістер тобын атаңыз.

А) Оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу.

Б) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуі.

В) Үйлестірме материалдармен жұмыс.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындауы.

Д) Жазба графикалық жұмыстарды орындауы.

5.Түсіндірме – көрнекі бейнелеу әдісінің сөздік әдістер тобын ата.

А) Баяндау,әңгімелесу,мәтінмен оқушылардың өзіндік жұмысы.

Б) Көрнекі құралдарды көрсетіп баяндауы.

В) Оқушылардың үлестірме материалдармен жұмыс істеуі.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындауы.

Д) Көрнекі құралдарды пайдаланып,өзіндік жұмыстар орындау.

6. Түсіндірме – көрнекі бейнелеу әдісінің сөздік – көрнекі әдістерін тобын атаңыз.

А) Көрнекі құралдарды көрсетіп баяндауы,көрнекі құралдарды көрсетіп әңгімелесуі,өзіндік жұмыстар орындау.

Б) Көрнекі құралдарды көрсетіп баяндауы.

В) Оқушылардың үлестірме материалдармен жұмыс істеуі.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындауы.

Д) Көрнекі құралдарды пайдаланып,өзіндік жұмыстар орындау.

7. Түсіндірме – көрнекі бейнелеу әдісінің сөздік – көрнекілік - сарамандық әдістер тобын атаңыз.

А) Оқушылардың үлестірме материалдармен жұмыс істеуі,химиялық тәжірибелерді орындауы,аспаптар құрастыру,модельдеу,жазба графикалық жұмыстарды орындау.

Б) Көрнекі құралдарды көрсетіп баяндауы.

В) Оқушылардың үлестірме материалдармен жұмыс істеуі.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындауы.

Д) Көрнекі құралдарды пайдаланып,өзіндік жұмыстар орындау.

8.Ішінара – ізденіс әдісінің сөздік әдістер тобын атаңыз.

А) Әңгіме,мәтінмен оқушылардың өзіндік – дербес жұмыстары.

Б) Мәтінмен оқушылардың өзіндік дербес жұмыстары.

В) Көрнекі құралдарды көрсетілімді әңгімелеуі.

Г) Химиялық тәжірибелерді орындау.

Д) Аспаптар құрастыру, модельдеу.

9.Оқу – танымдық қызметті ұйымдастырудың гиостикалық аспектісі дегеніміз не.

А) Проблемалық ізденушілік әдістер немесе репрадуктивті тәсілді айтамыз.

Б) Құбылыстар мен деректерді әр түрлі жолмен түсіндіру әдісін айтамыз.

В)Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті,дедуктивті, синтезбен, дерексіздендіру, жүйелеу т.б.тәсілдерінің әдісі.

Г) Оқу – тәрбие қызметінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өз беттерінше орындайтын оқу қызметі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

10.Оқу – танымдық қызметті ұйымдастырудың перцептивтік аспектісі дегеніміз не.

А) Құбылыстар мен деректерді әр түрлі жолмен түсіндірудің әдістері.

Б) Проблемалық ізденушілік әдістер немесе репрадуктивті тәсілді айтамыз.

В) Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті,дедуктивті, синтезбен, дерексіздендіру, жүйелеу т.б.тәсілдерінің әдісі.

Г) Оқу – тәрбие қызметінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өз беттерінше орындайтын оқу қызметі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

11.Оқу – танымдық қызметті ұйымдастырудың логикалық аспектісі дегеніміз не.

А) Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті, дедуктивті,продуктивті, талдау, салыстыру, редукциялық,жүйелеу тәсілдерінің әдістерін айтамыз.

Б) Құбылыстар мен деректерді әр түрлі жолмен түсіндірудің әдістері.

В) Проблемалық ізденушілік әдістер немесе репрадуктивті тәсілді айтамыз.

Г) Оқу – тәрбие қызметінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өз беттерінше орындайтын оқу қызметі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

12.Оқу – танымдық қызметті ұйымдастырудың басқару аспектісі дегеніміз не.

А) Оқу – тәрбие қызметінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өз беттерінше орындайтын оқу қызметін айталық.

Б) Құбылыстар мен деректерді әр түрлі жолмен түсіндірудің әдістері.

В) Проблемалық ізденушілік әдістер немесе репрадуктивті тәсілді айтамыз.

Г) Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті, дедуктивті, синтезбен,дерексіздендіру, жүйелеу т.б.тәсілдерінің әдісі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

13.Оқу қызметін ынталандыру мен уәждендіру әдісінің мәні...

А)Саналылықты,жауапкершілікті,табандылықты,талапкерлікті,сенімді,жаттығуды,қасиеттерді керек етеді.

Б) Құбылыстар мен деректерді әр түрлі жолмен түсіндірудің әдістері.

В) Проблемалық ізденушілік әдістер немесе репрадуктивті тәсілді айтамыз.

Г) Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті,дедуктивті, синтезбен, дерексіздендіру, жүйелеу т.б.тәсілдерінің әдісі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

14.Химияны оқытудың ішінара – ізденіс әдісінің мәні...

А) Танымдық әңгіме тәсілдерін проблемалық тапсырмалармен бірлікте шешеді.

Б) Мұғалімнің екі негізгі іс - әрекуетін,жаңа білімді баяндап түсіндіруін және оқушылардың дербес оқу әрекетін ұйымдастыруын көрсетеді.

В) Мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар басым болады. Г) Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті, дедуктивті, синтезбен, дерексіздендіру,жүйелеу т.б.тәсілдерінің әдісі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

15.Химияны оқытудың зерттеу әдісінің мәні...

А) Мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар басым болады.

Б) Танымдық әңгіме тәсілдерін проблемалық тапсырмалармен бірлікте шешеді.

В) Мұғалімнің екі негізгі іс - әрекуетін,жаңа білімді баяндап түсіндіруін және оқушылардың дербес оқу әрекетін ұйымдастыруын көрсетеді.

Г) Оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті, дедуктивті, синтезбен, дерексіздендіру, жүйелеу т.б.тәсілдерінің әдісі.

Д) Негізінен түсіндірме – көрнекі бейнелеу,тәсілдерін айтамыз.

16.Химиялық есептердің жіктелуі.

А) Сан және сапс есептері.

Б) Эксперимент және сапа есептері.

В) Эксперимент және сарамандық есептер.

Г) Эксперимент және сан есептері.

Д) Сарамандық және сапа есептері.

17.Шаповаленко С.Г. сан есептерін қанша типке ббөлді.

А) 7.

Б) 6.

В) 4.

Г) 5.

Д) 3.

18.Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруді дидактикалық мақсаттарына қарай қанша топқа жіктейді.

А) Күнделікті,дүркінді және қорытынды тексеру.

Б) Күнделікті,қорытынды және тоқсандық тексеру.

В) Күнделікті және дүркінді тексеру.

Г) Қорытынды және тоқсандық тексеру.

Д) Тоқсандық және дүркінді тексеру.

19.Оқушылардың білімін есепке алудың қанша түрі бар.

А) 3.

Б) 2.

В) 4.

Г) 5.

Д) 6.

20.Оқушылардың білімін есепке алудың түрлерін атаңыз.

А) Алдын ала,ағымдағы,қорытынды тексеру.

Б) Жазбаша,емтихан,сынақ.

В) Ағымдағы,қорытынды,емтихан.

Г) Қорытынды,сынақ,емтихан.

Д) Жазбаша,емтихан,қорытынды.

21.Оқушылардың білімін алдын ала тексеру мақсаты:

А) Өткен жылғы білімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Б) Белгілі бір уақыттың ішіндегегі өтілген материалдар бойынша жүргізіледі.

В) Әр түрлі формада жүргізіледі.

Г) Белгілі бір уақытта жүргізіледі.

Д) Барлық жауабы дұрыс.

22.Оқушылардың білімін ағымдағы тексеру мақсаты.

А) Белгілі бір уақыттың ішіндегі өтілген материалдар бойынша жүргізіледі.

Б) Өткен жылғы білімдеріне сәйкес жүргізіледі.

В) Әр түрлі формада жүргізіледі.

Г) Белгілі бір уақытта жүргізіледі.

Д) Барлық жауабы дұрыс.

23.Эксперимент есептер шығарудың ең тиімді кең тараған тәсілі...

А) Анализ және синтез.

Б) Бақылау және түсіндіру.

В) Затты тани білу.

Г) Заттың сапалық құрамын анықтау.

Д) Құралдар құрастыру.

24.Химиялық сабақтың типі оқыту әдістері бойынша жікттелуі.

А) Түрге және нұсқаға.

Б) Білім және білімін тексеру.

В) Есепке алу және бағалау.

Г) Әңгімелесу және үйрену.

Д) Есепке алу және білімін тексеру.

25.Химиялық танымжорық өзінің мазмұны мен мақсатына қарай қаншаға бөлінеді.

А) Жалпы өндірістік және арнайы танымжорық.

Б) Өндірістік және кәсіптік танымжорық.

В) Арнайы және кәсіптік.

Г) Өнімнің түрлері және қысымның рөлі.

Д) Политехникалық және өндірістік.

26.Химиядан сабақ өтудің педагогикалық мақсаты...

А) Қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметтік сұранысы бойынша анықталады.

Б) Оқыту барысының буындарына сәйкес анықталады.

В) Қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды және теорияларды нақтылайды.

Г) Химияны оқытуда білім мен тәрбие беру.

Д) Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау.

27.Химиядан сабақ берудің әдістемелік мақсаты...

А) Қарастырылатын деректерді,ұғымдарды,заңдарды және теорияларды нақтылайды.

Б) Қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметтік сұранысы бойынша анықталады.

В) Оқыту барысының буындарына сәйкес анықталады.

Г) Химияны оқытуда білім мен тәрбие беру.

Д) Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау.

28.Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын қанша топқа бөледі.

А) 5.

Б) 6.

В) 4.

Г) 3.

Д) 7.

29.Химиялық сакбақтың негізгі сипаттамаларын ата.

А) Оқушыларды түгелдеу,үй тапсырмасын тексеру,мұғалімнің дәрісі,үйге тапсырма,сабақты бекіту.

Б) Оқушыларды түгелдеу,үй тапсырмасын тексеру,сабақты бекіту.

В) Үйге тапсырма,мұғалімнің дәрісі,сабақты бекіту.

Г) Үй тапсырмасын тексеру,мұғалімнің дәрісі,үйге тапсырма.

Д) Оқушыларды түгелдеу,үй тапсырмасын тексеру,мұғалімнің дәрісі,сабақты бекіту.

30.Химиялық сабақтың мақсаты мен міндетіне қойылатын талаптарды ата.

А) Білімділік,тәрбиелік және дамытушы,берілетін білімнің мазмұнына.

Б) Оқыту ұстанымдарына сүйену.

В) Сабақтың мақсаты мен міндетіне.

Г) Оқыту құралдарын тиімді түрде таңдап алу.

Д) Мұғалімнің жетекші рөлі болды.

31.Химиялық сабақтың мазмұнына қойылатын талаптарды ата.

А) Оқыту ұстанымдарына сүйену және мазмұнның ең негізгісін, өзегін анықтай алу.

Б) Білімділік, тәрбиелік және дамытушы, берілетін білімнің мазмұнына.

В) Үйге тапсырма,мұғалімнің дәрісі,сабақты бекіту.

Г) Үй тапсырмасын тексеру,мұғалімнің дәрісі,үйге тапсырма.

Д) Оқушыларды түгелдеу,үй тапсырмасын тексеру,мұғалімнің дәрісі,сабақты бекіту.

32.Химиялық сабақты өткізу әдістеріне қойылатын талаптарды атаңыз.

А) Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне,мазмұнына.

Б) Оқыту ұстанымдарына сүйену.

В) Білімділік,тәрбиелік және дамытушы,берілетін білімнің мазмұнына.

Г) Ұжымдық – шығармашылық оқу – таным әрекетінің басым болуын қадағалау.

Д) Оқыту құралдарын тиімді түрде таңдап алу.

33.Химиялық сабақта оқу –құралдарына қойылатын талаптарды атаңыз.

А) Оқыту құралдарын тиімді түрде таңдап алу.

Б) Сабақ басынан аяғына дейін білімнің сапалығын,дағды мен білікті,шығармашылық іскерлікті дамытуға бағытталуы.

В) Білімділік,тәрбиелік және дамытушы,берілетін білімнің мазмұнына.

Г) Ұжымдық – шығармашылық оқу – таным әрекетінің басым болуын қадағалау.

Д) Оқыту құралдарын тиімді түрде таңдап алу.

34.Химиялық сабақта сабақтың нәтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз.

А) Сабақ басынан аяғына дейін білімнің сапалығын,дағды мен білікті,шығармашылық іскерлікті дамытуға бағытталуы.

Б) Оқыту құралдарын тиімді түрде таңдап алу.

В) Білімділік,тәрбиелік және дамытушы,берілетін білімнің мазмұнына.

Г) Ұжымдық – шығармашылық оқу – таным әрекетінің басым болуын қадағалау.

Д) Оқыту құралдарын тиімді түрде таңдап алу.

35.Оқу – тәрбиелік міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке қандай талаптар қойылады.

А) Көрнекілік,қарапайымдылық,қауіпсіздік,сенімділік,түсіндіру.

Б) Көрнекілік,қарапайымдылық,қауіпсіздік,түсіндіру.

В) Көрнекілік, қауіпсіздік,тәжірибелік,түсіндіру,сенімділік.

Г) Қарапайымдылық, қауіпсіздік, түсіндіру,сенімділік.

Д) Қауіпсіздік көрнекілік, қарапайымдылық, сенімділік.

36.Сөз – көрнекі әдістерді қандай жағдайларда қолданылады.

А) Оқушылардың тәрбиелік білімі мен дағдысы жеткіліксіз болғанда.

Б) Тәжірибе жасалатын құралдардың құрылысы күрделі болғанда.

В) Көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болғанда.

Г) Көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрсету үшін.

Д) Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін.

37.Химияны оқыту құралдарын ата.

А) Тіл – қисындық оқу құралы,бағдарлама, оқулық,химиялық эксперимент.

Б) Көпнекі құралдар мен техникалық құралдар.

В) Суреттер мен оқулықтар.

Г) Әртүрлі басқа кітаптар.

Д) Тек тіл қисындық оқу құралдары.

38.Химияны оқытудағы тіл – қисындық құралдарын атаңыз.

А)Электронды формулалар,терминдер,символдар,номенклатуралар, сызбанұсқалар.

Б) Ғылыми терминдер,символдар,мәтіндер,оқулықтар.

В) Таңбалар,сызбанұсқалар,символдар, мәтіндер.

Г) Таңбалар,номенклатуралар,символдар,оқулықтар.

Д) Химиялық бағдарламалар,таңбалар,символдар,оқулықтар.

39.Химияны оқыту әдістері қанша топқа жіктеледі.

А) Жалпы әдіс,жеке әдіс,әдістер тобы.

Б) Жалпы әдіс,жеке әдіс.

В) Жеке әдіс,әдістер тобы.

Г) Сөз – көрнекі және сөз – көрнекі – практикалық әдістер.

Д) Ауызша баяндау, әңгіме, дәріс әдістер тобы.

40.Түсіндірме – иллюстративті жалпа әдістің сөз әдістері ауызша баяндауда қанша түрге жіктейді.

А) Монологтық,диалогтық,аралас дәрістер.

Б) Кіріспе,баяндау және қорытынды дәрістер.

В) Семинар және диспут дәрістер.

Г) Монологтық,семинар және диспут дәрістер.

Д) Баяндау,семинар және қорытынды дәрістер.

41.Жеке сөз әдістерін атаңыз.

А) Әңгіме,дәріс,әңгімелесу,оқулықпен жұмыс.

Б) Оқулықпен және басқа кітаптармен жұмыс,дәріс.

В) Әңгіме,дәріс,баяндау.

Г) Әңгіме,баяндау,дәріс,сұрақ – жауап.

Д) Әңгімелесу,баяндау,сұрақ – жауап,дәріс.

42. Жеке сөз әдісінің әңгіме әдісі қанша бөліктен тұрады.

А) Кіріспе,баяндау және қорытындылау.

Б) Монологтық,диалогтық,аралас дәрістер.

В) Әңгіме,дәріс,баяндау.

Г) Әңгіме,баяндау,дәріс,сұрақ – жауап.

Д) Әңгімелесу,баяндау,сұрақ – жауап,дәріс.

43.Қазіргі кездегі химия кабинетіне қойылатын ең негізгі талаптарды ата.

А) Химия кабинетінің паспорты мен құрал – жабдақтардың жиынтығы.

Б) Мемлекеттік стандартқа сәйкес құрылған күнтізбелік тақырыптың жоспарының болуы.

В) Ұжымдық,топтық,жұптасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Г) Ерігіштік таблицасының болуы.

Д) Д.И.Менделеевтің химиялық эхлементтердің периодтық жүйесінің болуы.

44.Оқу – тәрбиелік үрдісте мұғалімге қойылатын бірінші талап.

А) Мемлекеттік стандартқа сәйкес құрылған күнтізбелік тақырыптық жоспарының болуы.

Б) Пән бойынша жұмыс,бақылау және практикалық жұмыстарға арналған дәптерлері болуы тиіс.

В) Ұжымдық,топтық,жұптасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Г) Әрбір оқушының жұмыс орны болуы тиіс.

Д) Әртүрлі деңгейде құрылған дидактикалық материалдардың болуы.

45.Химия сабағы үрдісінде оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру әдістеріне қойылатын талаптар.

А) Барлығы дұрыс.

Б) Әртүрлі әдістерді тиімді таңдап,үйлесімді пайдалану.

В) Микротопта реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.

Г) Мұғалімнің жетекші рөлі болды.

Д) Ұжымдық – шығармашылық – таным әрекетінің басым болуын қадағалау.

46.Химия сабағын өткізу әдістеріне қойылатын талаптарды ата.

А) Барлығы дұрыс.

Б) Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне.

В) Мазмұнына.

Г) Мұғалімнің жеке мүмкіндіктеріне.

Д) Шәкірт мүмкіндігіне.

47.Химия сабағының мазмұнына қойылатын талаптарды ата.

А) Барлығы дұрыс.

Б) Оқыту ұстанымдарына сүйену.

В) Мазмұнның ең негізгісін,өзегін анықтай алу.

Г) Сабақ құрылымының тиімді көлемін,мазмұндау логикасын анықтау.

Д) Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды қамтамасыз ету.

48. Химия сабағының мақсаты мен міндетіне қойылатын талаптарды ата.

А) Барлығы дұрыс.

Б) Білімдік,тәрбиелік және дамытушы сипаты кешенді түрде шешілетіндей.

В) Оқушының жеке басын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп,іс жүзінде орындалатындай.

Г) Берілетін білімнің мазмұнына.

Д) Шәкірттердің жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы тиіс.

49.Оқу – тәрбиелік үрдісте оқушыға қойылатын бірінші талабы.

А. Әрбір оқушының жұмыс орны болуы тиіс оқу және дидактикалық әдебиеттердің,құралдардың болуы.

Б) Әртүрлі деңгейде құрылған дидактикалық материалдардың болуы.

В) Ережелер,анықтамалар,заңдар,түсініктерді ұғып жаттау.

Г) Логикалық бірізділікпен мәтіннің бөліктерінің атауларын жоспар түрінде жаза білу.

Д) Көрнекі көрсету,зертханалық тәжірибелер көрсете білу.

50.Химия сабағының нәтижелігіне қойылатын талаптарды ата.

А) Барлығы дұрыс.

Б) Сабақ басынан аяғына дейін білімнің сапалығын,дағды мен білікті,шығармашылық іскерлікті дамытуға бағытталуы.

В) Сабақ барысында оқушылардың білім алу,тәрбиелеу,дамыту жолында үнемі алға жылжуы қамтамасыз етілуі.

Г) Сабақтың тұтастеғы, яғни оқушылар алдына проблемалық мәселе қойып,оны шешуге барлығының ұйымшылдықпен жұмылдырылуы.

Д) Сабақтың тартымды өтуі үшін мұғалімнің оқушыларға тілектестік және сенім білдіруі негізінде байыпты да іскерлік жағдайда өтуі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: