ФоРмАТТАР ЖАРыСы

Бала кезімізде ересектер үлкен бөлменің төріне “Горизонт” маркалы те-

ледидар жәшігін қонжитып кеткен болатын. Содан бергі 16 жылдың ішін-

де біз тележәшіктің кем дегенде жеті түрін ауыстырдық. Дүниенің уақыт

өткен сайын жаңарып тұратыны сияқты, телевизиядағы тенденциялар

да өзгеріп отырады.

2000-жылдардың басын - қазақ тележаңалықтарына жаңа форматтардың

ене бастаған уақыты деп санауға болады. Телевизия - сән әлемі сияқты:

кеше макинтош, бүгін джинсы, ертең юбка. Тенденция тез өзгереді,

оларға ілесіп отыру оңай емес. Бірақ Елбасы қойып отырған тапсырмаға

сай бәсекеге қабілетті болу үшін, бағыттарға ілесу, мүмкіндік болса ал-

дында жүруден басқа жол жоқ екенін байқайсың. Сонымен, жас досым,

енді мен сен әлі түсінбейтін, бірақ телевизия әлеміне келгеннен бастап

лажсыз мойынұсынатын ұлы күш - формат туралы сөз қозғайтын бола-

мын.

Қазіргі қазақ журналистикасын Кеңестік мектептің шекпенінен шықты

десем, ешкімді ренжітіп алмайтын шығармын. Сондықтан, біздің қазір

отандық телевизияда классика деп жүргеніміз де таза кеңестік қалыптың

үлгісімен шыққан дүниелер. Алайда, жаһандану үрдісінің табалдырықтан

бері аттағандығын ескерер болсақ, тележаңалықтардағы жаңа формат-

тарды меңгеру күн талабына айналып отыр. Былайша айтқанда, біздің

жаңалықтарға Батыс стандарттары ене бастады. Олардың Кеңестік

үлгіден мүлдем өзгеше екендігін, жас досым, өзің де жақсы білесің.

Қазір Батыстан Ресейге, кейіннен Қазақстанға жеткен репортаж

форматтарының ең ірісі - “Infotainment” деп аталады. Формат атауы -

Information (ақпарат) және Entertainment (ойын-сауық) деген екі ұғымды

біріктірген. Яғни, формат жай ғана ақпарат берумен шектелмей, оны

анағұрлым тартымды етіп жеткізуге негізделген. Ақпаратты тартымды

қылуға бола ма, тіпті оны осыншама сылап-сипаудың не қажеті бар? Бұл

сұрақтарға жауап табу үшін, жас досым, төмендегі қысқа әңгімемді оқып

шығуыңа тура келеді.

Ол уақыт сенің есіңде жоқ шығар, бірақ біз тоқсаныншы жылдардың ба-

сында дүкен сөрелерінен керек тамағымызды таба алмай қайтатынбыз.

Қазір супермаркетке кірсең, тауарлардың көптігінен басың айналады.

Бұл біздің нарық экономикасына көшкеніміздің белгісі - Отан, Намыс,

Ардан басқа бәрі сатылады және сатып алынады.

Бір сөзбен айтқанда - қып-қызыл бәсеке. Бәсекелестеріңнен артта қалып,

банкротқа ұшырамау үшін тауарды өндіру аз, енді оған дұрыстап жарна-

ма жасау, жақсылығын асырып мақтап сату қажеттілігі туындады. Қазір

осы бәсекелестік зауыттар, цехтер мен фирмалар арасында ғана емес,

телеарналарда да бар. Кеңес заманында Орталық Қазақ телевизиясы

нарықтағы жалғыз монополист болып келсе, қазір кем дегенде 7-8 ірі

арна республикалық деңгейде жаңалық береді. Қай арнаның жаңалығы

көрерменге көбірек жақса, жарнамадан түсетін көлемді қаржы да соның

қалтасында болмақ.

Тілшінің жалақысы да көбінесе жарнамадан түсетін пайдаға тікелей

қатысты. Міне досым, ақпаратты сылап-сипаудың маңызы осыда. Енді

біз жоғарыда айтылған ескі мен жаңа форматтың айырмашылықтарын

мысал жүзінде байқап көрейік.

Қазақстанның ең ірі, мемлекеттік телеарнасында тілші болып қызмет

істейтін тәжірибелі Тісқаққан Жазғышбековтың репортаждарына қарап

отырып, мен оның Кеңестік форматта жұмыс істейтінін байқадым. Оның

репортаждары жалпы алғанда кәсіби болып көрінеді, жаңалық жеткізеді,

қажетті цифрлары мен статистикасы да бар. Кейде Тісқаққан ағамыздың

қортынды пікір айтып, анализ жасауға деген талпынысы байқалады. Бір

сөзбен айтқанда, Жазғышбеков сол телеарнада қызмет істейтін жүзге

жуық тілшілерден аумайтын, репортаждары бір-біріне ұқсас келетін,

бұрқыратып жазып тастауға әбден машықтанып алған стандартты қазақ

тележурналисі еді.

Бүгін біз Тісқаққан ағамызбен бірге бір тақырыпта репортаж әзірлеп

көрейік. Биылғы жазда қуаншылық болып, мал ұстайтын фермерлер

әбден қиналған еді. Малдарын қырып алмау мақсатында жаппай сата

бастаған. Шөптің жоқтығы - елдегі азық-түлік қорына төнген орасан

қауыпқа айналды.

Ол туралы репортаж дайындау Тісқаққан Жазғышбековке жүктелді.

подводка: Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қуаншылықтың

орын алу салдарынан мал шаруашылығымен айналысатын шопандар

ауыр қиыншылықтарға кезікті. Бір аймақтарда шөп мүлдем жоқ бол-

са, енді бір жерлерде шөптің бағасы екі-үш есеге қымбаттап кеткен.

Жығылған үстінен жұдырық дегендей жанар-жағармай бағасы да ас-

пандап тұр. Фермерлер малды сатудан басқа жол жоқ дейді. Біздің

меншікті тілшіміз Тісқаққан Жазғышбековтың арнайы репортажын-

да.

стенд-Ап: Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады дегенді

қазағым бекерден бекер айтпаса керек-ті. Бензин бағасы аспан-

дап тұрған мына сұрапыл заманда шөп шықпай қалып онсыз да

күйі кетіп отырған фермерлерді одан әрі пұшайман қылды.

ЗКТ: Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша былтыр

оңтүстік аймақтарда 1 миллион тонна шөп орылған болатын. Биыл

тек он мыңға жуық шөп жиналуы мүмкін. Ол қолда бар малға жетпейді

дейді шопандар.

сХр: Жүндібай Қойшығалиев - еңбек сіңірген шопан

- Біздің пермеге шөп жетпейді.

- Неге?

- Өйткені шөп шықпай қалды. соқаға ілінбейді, аздап шыққаны

ыстық күнде тегіс күйіп кетті.

ЗКТ: Осы малдың арқасында күнін көріп жүрген шопандар енді мал-

дарын сата бастамақ. Әйтпесе аштықтан қырып алуы мүмкін. Бұл

жағдайды естіген Үкімет солтүстік аймақтардан қырық тонна шөп

жеткізетін болды. Бірақ ол да жетпейді.

сХр: Жалтақпай Жауапсызов - Қр Ауыл шаруашылығы

министрінің орынбасары

Біз шара қолданып жатырмыз. Шопандарға көмек көрсетеміз.

Бірақ солтүстікте де аса көп шөп жоқ. сондықтан бәріне тегіс

жеткізе алмайтын шығармыз.

ШУМОВОЙ (Қой маңырайды)

ЗКТ: Бәрінен бұрын малдың артында жүріп өскен қазаққа ауыр тиді.

Шопандар биыл малды сатып жіберсек, келесі жылдары оны қазіргі

санына жеткізе алмаймыз деп отыр. Осындайда бұрын Қазақстанда

болған 50 миллион мыңғырған қой еске түседі.

Тісқаққан Жазғышбеков, Түсіргіш Басқышбаев - Қазақ теледида-

ры үшін арнайы Шәуілдірден

Үйінде шәй ішіп отырып, жаңалықтарды қосып қойған адам

Жазғышбековтың бұл репортажына аса елең ете қоймас еді. Өйткені

қашан қоссаң да осылар ылғи дала, шөп, мал, егістікті көрсетіп жатады,

сарыны да бір, бәрі ұқсас. Репортажды тауар десек, Тісқаққан ағамыз

дәл осы тауарын базарға шығарып қойса да сата алмасы анық. Өйткені

оның тауары бәсекеге шыдамайды.

Президент Назарбаевтың бәсекеге қабілетті болайық деп шырылдауы

бекер емес, дәл осы сарынмен ертең көштен қалуымыз мүмкін. Еліміз

халықаралық аренаның есігі - ДСҰға кіруге енді қадам жасап жатқанда,

жаңа технологиялар қазақ тележурналистерін халықаралық ақпарат аре-

насына осыдан екі жыл бұрын итеріп жіберген болатын. Нәтижесі күлкілі,

телевизия үшін ДСҰ, яғни спутниктік тарелке келгелі, біз (отандық жур-

налистер) шетелдік, берісі Ресейлік репортерлерден ойсырай ұтылдық.

Бір сөзбен айтқанда бәсекеге шыдамадық, біз сапасыз тауар болып

шықтық. Оны мойындауымыз керек.

Енді дәл осы тақырыпта Infotainment форматында жұмыс істейтін ше-

телдік журналистің репортажын елестетіп көрейік. Оның қолында негізгі

ақпарат бар, енді бұл тілші сол ақпаратты тауар ретінде қалай өткізу

жолдарын іздестіре бастады. Сонымен, шопандар шөптің жоқтығынан

мал сатып жатыр дейік. Қайда сатып жатыр?

Қазақтар етті тәуір көрсе де, соншама қойды бір күнде жей алмасы

анық. Міне, қызық дерек табылды, Қырғызстанмен көршілес фермерлер

қойды Бішкектің мал базарына тасып жатыр екен. Демек, Бішкекте ет

бағасы түскен шығар? Тексеріп көрсе, шынымен де баға едәуір түсіпті.

Оған қырғыздар қалай қарайды? Қарапайым тұтынушылары риза, ал

жергілікті шопандар кәдімгідей қобалжулы екен.

Тағы бір дерек естіді, Қазақстаннан барған біраз шопан қырғыз

әріптестеріне қойымызды бір жыл бағып бер, ал өсімін өзің ал деп ұсыныс

тастап жатқан көрінеді. Бұрын мұндай ұсыныс қырғыздардың түсіне де

кірмеген болатын. Шөп неге шықпады? Күн ысып кетті, жылдағыдай жа-

уын жаумады. Ғалымдар бұны ғаламдық климаттың өзгеруімен байла-

ныстырып отыр. Ет өнімдерін шығаратын кәсіпкерлер не істеп жатыр?

Олар шұжықтың бағасын арзандатуға дайын. Ет көбейіп кетсе, бурцел-

лез сынды түрлі аурулар жиілеп кетпей ме екен? Эпидемиологтар ондай

жағдайды жоққа шығармайды. Деректердің бәрі жиналды, енді репор-

таж жасауға да болатын шығар. Көрейік.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

НТВ ЖАҢАЛыҚТАРы.

подводка: Қырғызстанда еттің бір келісі жарты долларға төмендеді.

Енді ол бір литр минералды судан да арзан тұрады. Оның бәріне Қазақ

фермерлері кінәлі. Шөп шықпай қалғандықтан, осы елдің шопандары

малдарын көршілеріне сата бастаған. Бұл кімге тиімді және бұрын-

соңды болмаған ет жорығының алғашқы құрбандары туралы - біздің

Орталық Азиядағы меншікті тілшіміз Леонид Парфеновтың арнайы

репортажында.

ШУМОВОЙ (Қой маңырайды)

ЗКТ: Қазақтар “Ақсақ қой түстен кейін маңырайды” дейді. Мына

тоқты ұйқыдан тұра салып маңырай бастады. Аштық қысып ба-

рады. Былтыр ол Қордайдың көк майсасын еркін жайпаған еді, биыл

жағдайы қиын. Жарты сағаттан кейін, базар сөресіндегі етке айна-

лады. Қожайыны қазақ Жарқынбек бұл тоқтыдан 20 доллар пайда

көрсем де ризамын деп отыр.

сХр: Жарқынбек - қазақ шопаны

Бекер аштан өліп қалады. Тиынға болса да, Бішкекке әкеліп

сатқаным тәуір. Бізде тіпті ырымға шөп жоқ. Қысқа шыдамай-

мыз.

ЗКТ: Жарқынбектен сараңырақ қазақтар басқа жол іздей бастады.

Елубай кеше ғана бір отар қойын Тоқпаққа айдап әкелді. Қырғыз Со-

одырбекке санап берген, келесі жылы дәл осы санын айдап қайтады.

Келісім бойынша, отардың өсімі Соодырбекте қалмақ.

сХр: соодырбек - қырғыз шопаны

Бұл отардан кем дегенде 150 қозы түсіретін шығармын. Жасы-

ратын несі бар, қарық болып қалатын болдық. Олар да жетіс-

кеннен әкеліп отырған жоқ қой. Бізге айдамаса малдары түгел

қырылып қалады. сондықтан, екеуімізге де тиімді жол осы.

стенд-Ап: Әне ана қырдан тағы екі отар қой түсіп келеді. Біл-

гіштер айтып жүрген ет жорығы деген осы. Олардың жартысы ет базарына жол тартса, жартысы бір жыл бойы

Қырғызстанда қонақ болмақ. Тек мұндай күтпеген демалыстың

немен аяқталатынын екі жақ та әлі білмей отыр.

ЗКТ: Есесіне бурцеллездің немен аяқталатынын мал дәрігері Динара

Қойшыбаева жақсы біледі. Қазір оның зертханасында 4 қой, сегіз сиыр

жатыр. Динараның мөрі басылса, Алматының көк базарына барады,

басылмаса, хайуанаттар паркінен басқа жол жоқ.

сХр: Динара Қойшыбаева - мал дәрігері

Қойдан аса қорықпауға да болады, ал сиырды мұқият қарамаса

болмайды. Қазір бәрібір бәрінің қандарын тексеріп көреміз.

ЗКТ: Бүгін Беккердің дүкендерінде кезек көп. Қой шұжығының бағасы

арзандапты. Оны естіген кемпірлер көршілерін ерте келген. Олар

жәй тұрмайды, не түрлі өсектің дүниеге келетіні де осы тұс.

сХр: Клавдия - зейнеткер

Қазір бәрі қымбаттап жатыр. Ал шұжық керісінше арзандапты.

Мұнда бір гәп бар. Менің ойымша қой еті деп басқа бірдеңе сатып

жатқан сияқты.

ЗКТ: Ненің еті болса да Клавдия шұжықты толтырып алып қайтты.

Ондай шұжық Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жалтақбай

Жауапсызовтың тоңазытқышында да тұр. Қазақтарда ежелден келе

жатқан дәстүр бойынша бесбармақ жемей тұрып сұхбат беруге бол-

майды екен. Жалтақбай Жегішұлы тоғын басқанша екі сағат күтуге

тура келді.

сХр: Жалтақпай Жауапсызов - Қр Ауыл шаруашылығы

министрінің орынбасары

Шөпті солтүстіктен тасу керек. Оған уақыт керек. сондықтан

шыдамай сатып жатыр. Біз оларға сатпа дей алмаймыз. Бұл

дағдарыс емес. Бәрі тез оңалып кетеді.

ЗКТ: Қазақтар етті бұған дейін біраз елдерге экспорттап келген

еді. Алайда дәл мұндай жабайы экспортты тұңғыш рет көрдік деп

отыр. Шопандар келесі жылға үмітпен қарайды. Бірақ келесі жылы

шөп шықса да, оны жейтін мал қала ма деген сұрақ, жауаптың орнына

терең үнсіздікке кезіге берді.

Леонид парфенов, Ксения Ильина, Владимир Меньшиков, елена

Ханга - НТВ, Алматы-Бішкек-Қаракөл

Ал жас досым, саған қай репортаж ұнады?

Жүз рет айтқанша, бір рет қолмен ұстап көр деген жарнамаша айтсақ, екі

мысалдың өзі жеткілікті сияқты. Ертең сен телерепортер болып жұмысқа

орналассаң журналистердің екі түріне кезігесің. Бір тілшілер алдымен

бұрқыратып мәтін жазып тастайды да, оператордың түсіріп келген бей-

нематериалын артынан немқұрайды қарай салады.

Екінші бір топ бар. Олар сөз жазбас бұрын алдымен қолда бар бейне-

материалды жіті зерттеп шығады. Бейнеге қарап артынан мәтін жаза-

ды. Егер Батыстық стильде репортаж жазғың келсе, алдымен бейне-

материалды қарап алуға тура келеді. Infotainment технологиясының ең

алғашқы талабы осы.

Егер Кеңестік стильде қала беремін десең, онда көп әуреленудің қажеті

жоқ. Мұнда бастысы біздің бай тіліміздің түрлі иірімдерін, қалтарыстарын,

кітаптан оқып алған ақылды сөздеріңді қосып құлпырған, қатқан мәтін

жазып шығу. Бірақ сенің сол қатқан мәтініңді ауылда отырған қарапайым

Жарқынбек түсіне қояр ма екен? Қазақ тележурналистикасының қасіретін

білдіріп тұрған ең үлкен сұрақ осы, менің жас досым!

ТВ‑пУБЛИЦИСТИКА

ПУБЛИЦИСТИКА – бұл сөздің түбірі публика десек, қазақшалағанда

бұқара, көпшілік деген мағынаны береді. Олай болса бұл жанрдың

сол бұқараның ішіндегі ахуалмен тікелей байланысты екені де даусыз.

Ал, енді публицистиканың көтеретін жүгі қандай? Оның сол бұқараға,

көпшілікке берері не?

Қоғамдағы саяси, экономикалық немесе әлеуметтік актуалды немесе

көкейкесті мәселелер осы біз әңгіме қып отырған публицистика

жанрының жүгі. Публицистикаға қалам тартқысы келетін кез-келген

журналистің басты міндеті қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар мен

елдің ахуалын өз көзімен көріп, соны баяндау.

Жәй ғана байындау емес, материалды оқып отырған оқырман немесе

көрермен сол оқиғаның ішінде жүргендей өзін сол қоғамның бір

мүшесіндей сезінуі тиіс. Оқырманның немесе көрерменнің жүрегіне жол

табу үшін қандай басты принциптерді ұстану қажет. Ол белгілі бір образ

арқылы немесе оқиғаның кейіпкері арқылы берілуі мүмкін.

Публицистиканың жанрлары ретінде газет беттерінде жазылатын

фельетондарды, шағын мақалаларды, тұрғындардың болған жағдайды

баяндай отырып жазған хаттары т.б. бола алады. Жалпы публицистика

жанрлары туралы аз айтылып, кем жазылған жоқ. Бұл жанр кеше пайда

болған жоқ, бұл адамдар арасында алғашқы жазу үлгісі қалыптасқалы

бері қоғаммен бірге өмір сүріп келеді деуге болады.

ЕНдІ оСы пУБЛИЦИСТИКАНыҢ ТЕЛЕВИЗИЯдАғы ҚоЛдАНыСы

ЖАйЛы ӘҢГІмЕ ӨРБІТІп КӨРЕЛІК.

Жасыратыны жоқ, қазір қандай жетістігімізді немесе қандай да

кемшіліктерімізді айтқанда Ресейге сүйенетіміз сөзсіз. Сол сияқты,

бұқаралық ақпарат құралдары оның ішінде телевизия саласы да,

ресейлік арналарға қарап бой түзеп келеді. Сөзіміз сылдыр су боп

қалмауы үшін, ресейлік арналардың бір екеуінен мысал келтіре кетейік.

Қазіргі, Ресейдің маңдай алды телеарналарының бірі НТВ. Бұл арнаға

және осы арнаның өнімдеріне қарап, біздің түгіл ресейдің де, өзге

елдердің де журналистерінің бой түзейтіні жасырын емес.

Осы НТВ арнасында журналистердің өздері қандай да бір оқиғаларға

немесе елдің ахуалына қатысты жасап жататын телеөнімдері аз емес.

Солардың бірі «Журналисткое расследование» деп аталады. Осы

бағдарламадағы журналистердің қандай да бір проблемаларды іздеп

тауып өздері сол оқиғаның ішінде жүріп жасаған материалдары қандай

тартымды. Теледидардың тетігін басқа арнаға басуға қолың бармайды.

мыСАЛ

Бірде осы хабардың тілшісі үйсіз-күйсіз қаңғыбастар туралы репортаж

жасады. Тілші кәдімгі Мәскеудің сыртындағы бәленбай миллион тонна

қоқыстың арасында жүр. Бұл қосқыстар қаладан шығады, сол маңға күніне

бәленбай мың тонна қоқыс төгіледі. Бұл осы күл-қоқыстан қоректеніп

жүрген, ит пен құстан басқа, қаңғыбастардың да басты «табысы».

Сіз үйіңізден шығарып тастаған қоқыс қала сыртына апарып төгілгеннен

кейін сол қоқыс маңында өмір сүретін қаңғыбастардың меншігі боп

саналады. Яғни, қаңғыбастар өздеріне тиесілі аумақтарды бөліп алған.

Оған екінші бір қаңғыбастың кіруіне, сол маңнан қандайда бір қоқыс

алуына рұқсат жоқ. Алған жағдайда, қызыл шеке төбелес, тіпті бірін-

бірі өлтіріп тынады. Тілші осы тіршіліктің сыртынан қарап, бұлар осылай

өмір сүріп жатыр деп кетіп қалған жоқ. Ол қоқыс маңынан барып, сол

жердегі қаңғыбастарша киініп, тау боп үйіліп жатқан қоқыстың бір шетіне

өзінің үйшігін тұрғызды.

«Құрылыс материалдары» да сол қоқыстан табылған, ескі ағаштар,

киім кешек, шүберек, салафан секілді ескі-құсқы заттар. Ол үйін

салып, болып, енді қоқыстан тамақ іздеуге шыққанда, алдынан сол

қоқыс маңында көптен бері тұратын өзге қаңғыбастар келді. Бұл жер

солардың жері екенін айтып дауласты. Тілші-қаңғыбасқа тезірек табанын

жалтыратуды бұйырды. /Әрине, өзге қаңғыбастар оның НТВ-ның тілшісі

екенін білмейді./ Тілші-қаңғыбас күні бойы еңбектеніп тұрғызып алған

«үйін» оңайшылықпен берсін бе, ол да тайталасып бақты. Әңгімелері

жараспағаннан кейін, қаңғыбастар тілшінің үйін қиратуға кірісті.

Міне, осы кезде тілші әрі көрермен үшін комментарий бере жүріп,

қаңғыбастармен төбелесе жүріп, «маңдай тері табан ақысымен

тұрғызған баспанасын қорғады». Тілші, бір тәулікте қоқыс терген

қаңғыбастардың арасына барып, сіңіп кету де оңай емес екенін көрсетті.

Қалай ойлайсыздар тілші бұл репортаж арқылы не айтқысы келді?

Әрине, ол мен секілді қоқысқа барып, қалай да өз орындарыңды алып,

үй тұрғызыңдар деген жоқ. Ол бір жағынан елде осындай ірі қалалардан

шыққан қоқыстарды паналап жүрген қаңғыбастар барын, олардың күн

көрістерін көрсеткісі келді.

Тілшінің шеберлігі сонда ол өзі қаңғыбас боп көрді, солардың

арасында бірге жүрді, қоқыста түнеді, қоқыстағы лас тамақтарды

да жеді.

Осы секілді, ресейлік өзге арналарды айтпағанда бір НТВ-ның өзінде

бірнеше хабарлар бар. «Женский взгляд», «Борьба за собственность»,

«Чистосердечное признание», «Профессия репортер» т.б..

Публицистика тек журналистиканың ғана емес әдебиеттің де бір жанры

екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұнда да, қоғамдағы белгілі бір мәселелерге

себепкерлер алдын-ала анықталып сол арқылы оқиғаны өрбіте отырып,

өзінің басты нысанын сынап отырады. Көбінесе, сын әдебиетте

тікелей емес жанама түрде, тіпті астарлы ойлар арқылы суреттеледі.

Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі М. Булгаков өзі өмір сүрген қоғамның

кемшіліктерін аты-жөндерін атамай-ақ, тамаша суреттеп берді.

Біздің бұл әңгімеміздегі басты мақсат телевизиядағы публицистка

болғандықтан бұдан әріге бармай‑ақ қоялық. Өйткені, әдебиетегі

публицистика туралы ұзақ әрі көп айта беруге болады. Сонымен,

әңгімеміздің ауаны қайтадан телевизиядағы публицистикаға бұрайық.

• Бұндағы басты ерекшелік көрініс және сөз.

• Адам көру арқыры әрі есту арқылы болған жәйтқа қанық болады.

Сыр сандықтың бар құпиясы да осында жатыр. Кез-келген ірілі-

ұсақты телекомпанияның бетке ұстары оның жасап жатқан

жаңалықтары.

Арнаның жаңалықтарына қарап-ақ, оның жалпы аяқ алысы мен

ұстанған саясатын, қаншалықты өткірлігі мен турашылдығын

аңғаруға болады. Жаңалықтардан кейін арнада көбіне

публицистикалық бағдарламаларға басымдық беріледі, әрине

егер ондай хабар болса. публицистикалық хабарлар кейде тіпті,

жаңалықтарда айтылмай қалған кейбір қалтарыстар мен

бұлтарыстарды ақтарып шығарып жатады.

Оның себебі, бұнда хабарлар асықпай, апталап кейде тіпті айлап

ойластырылады, сараптамадан өтеді сосын ғана көрерменге жолдама

алады. Осыдан біраз бұрын, КТК телеарнасында «Ел-жұрт» деп

аталатын бір тамаша тележоба болды. Кейін белгісіз себептермен

жабылып қалды. Осы тележоба телепублицистиканың ішіндегі ерекше

бағдарлама болатын. Олай дейтініміз, онда журналист жоқ.

Яғни, ол кадрде көрінбейді. Ауылдың немесе белгілі бір қаланың

нақты бір проблемасын тұрғындар өз ауыздарымен айтады. Хабардың

жүргізушісі, көрерменді жалпы тақырыппен таныстырады, нақты

деректерін келтіріп болған мәселеге қатысты хабарлама жасайды. Одан

әрі сол оқиғаға немесе белгілі бір жағдайға қатысқан немесе қайсыбір

ауылдың проблемасын бастарынан кешіп отырған тұрғындардың өздері

сөйлейді. Көрініс тұрғындардың әңгімесімен бірге қатар өрбіп отырады.

Міне, бұл құпия көк сандықтың өзге бұқаралық ақпарат құралдарынан

басты ерекшелігі. Бір қарағанда бұнда журналистің жұмысы жоқ

сияқты көрінеді, бар жұмысты студиядағы жүргізуші мен телеоператор

атқарған сияқты. Бірақ, кадр сыртындағы қара жұмыстың бәрі, яғни,

түсіретін нысанды табу, тиісті адамдармен байланыс жасау, түсіру

уақытын белгілеу, сөйлейтін адамдарды табу осының бәрі журналистің

ұйымдастыру жұмыстарына кіреді.

материалды түсіріп алғаннан кейінгі жұмыстың 70‑80 пайызы да

журналистің мойнында. Түсіріп әкелген материал бір емес бірнеше

тіпті, оншақты таспа болып кетуі де мүмкін.

a. Солардың бәрін көріп шығып, аса маңызды немесе қажетті

бейнекөріністерді таңдап алып, телевизияда СНХ - деп аталатын

кейіпкердің өзі сөйлетін кадрларды белгілеп шығуы тиіс.

b. Сосын, жүргізушінің мәтінін дайындап, оның сөздерінің арасында

кететін бейнекөріністер мен СНХ-дарды реттеу керек.

c. Осының бәрі дайын болғанда барып, режиссермен бірге отырып

монтаждайды.

d. Монтаж барысында кейбір көріністердің тиімділігін арттыру үшін, әрі

ұтымды пайдалану үшін арнайы эффектілер қолданылады. Бұл да

журналист пен режиссердың тапқырлығына байланысты.

ТАРИХИ ДЕРЕК

Бұдан кейін, бір кездері «Қазақстан» ұлттық арнасынан эфирге апта

сайын шығып тұрған «Елден хабар» бағдарламасын айтуға болады.

Әрине, арнаның саясатына байланысты кейбір нәрселерді ашық

айта алмаған да болар. Бірақ, жалпы жер-жерлерде болып жатқан

оқиғаларды журналистің өзі барып, көріп жалпы бұқараға тарату

тәсілі өзгеше болатын. Бұндағы бір кемшілік бағдарлама белгілі

бір редакцияның мойнына артылған жоқ. Оны арнаның жергілікті

жерлердегі тілшілері түсіріп, қолдарынан келгенше монтаждап

Астанадағы бас кеңсеге жіберетін де, хабар сосын экранға шығатын.

Хабардың сапасы сәл кемшін тартып қалғаны да содан болар.

Сол хабар жабылғаннан кейін, іле-шала «Ел мен жер» деген

бағдарлама жарыққа шықты. Бұл бағдарламаның «Елден хабардан»

айырмашылығы режиссердың жұмысы көрініп тұратын. Яғни, әуелгі

хабар негізінен ақпараттық тәсілмен тараса, бұл кәдімгі рубрикаларға

бөлінген, көріністерінің бояуы қанық, арнайы эффектілер қолданылған

бағдарлама еді. Бұнда да журналист жылт еткен жаңалық іздеп кең

байтақ елдің түкпір-түкпірін аралап кететін. Нақты бір редакцияға

бекітіліп, журналист пен режиссердың бірлесіп жұмыс істеуінің

арқасында «Ел мен Жер» көп өзгерді, жаңа биіктерге көтерілді.

ТВ‑пУБЛИЦИСТИКА – ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ

Бұдан басқа телевизиядағы публицистикаға қосылған жаңа жанрлардың

бірі – журналистік зерттеу. Қазір, Қазақстандағы бірқатар телеарналар осы

тәсілмен жұмыс істей бастады және алғашқы аяқ алыстары жаман емес.

Бұл жалынды жас журналистердің табандылығы мен таланттарының,

тынымсыз еңбектерінің арқасы деуіміз керек. Ең бастысы зерттеуді

де әділ, таза әрі шынайы еңбекпен жүргізген, жұмыс істеген абзал.

Жалпы алғанда аяқ алыстары жаман емес. Бірақ, бұл жанрды дамыту

үшін ең басты бір ұстаным бар ол туралы әңгімеміздің барысында тағы

айта жатармыз.

Сонымен, әуелі журналисттік зертеу дегеніміз не, атқаратын қызметі

қандай және оның нысанасы кім немесе не? осы сұрақтарға жауап

іздеп көрелік.

Журналисттік зерттеу аспаннан түспейтіні мәлім. Ол ең әуелі журналистің

идеясы, бастамасы сол ойларды өрбіту арқылы зертеу жасалады.

Зерттеу – адамдарға қатысты болуы мүмкін, белгілі бір құжаттар

төңірегінде жүруі мүмкін немесе журналисттің белгілі бір ақпарат

көздерінен тіпті, өзінің жеке бақылауларынан туындаған қандай да бір

құпия жағдайларға байланысты болуы да мүмкін.

Көп жағдайда зерттеу барысында билік басындағылар немесе

қандайда бір мүдделі топтар жариялағысы келмеген деректер

шығып қалуы да ғажап емес.

Бірақ, кей жағдайларда биліктегілердің өздерінен де аса маңызды

деректер қылаң беріп қалады. Бұндай құнды материалды қолына түсірген

журналист бірден зерттеуге кірісіп, өз бетімен жұмыс істеуі шарт. Бір

ескерте кететін жәйіт, көп жағдайда әсіресе қазақ журналистикасында

белгілі бір ықпалды топтар қарсыластарын жер қаптыру үшін де

журналистерді құнды деректермен ғана емес, құнды қағаздармен де,

яғни, ақшамен де қамтамасыз етіп отырады.

Бұл тапсырыспен жалданған журналист, тіпті әлемдік

журналистикада бұндайларға «киллер» деген лақап ат та тағып

қойған.

Ал, журналисттік зертеудің басты қағидасы әділдік әрі өз кәсібіне деген

адалдық десек, осы жерде әлгі басты принциптер бұзылады. Мәселен,

белгілі бір мекеменің халыққа қызмет көрсетуі өз деңгейінде емес.

НЕГЕ?

Осы сұраққа жауап беру үшін, мәселен қазіргі жағдайда халыққа қызмет

көрсету орталықтарын алайық, бір терезе принципімен жұмыс істеуі тиіс

болатын. Солай-ақ болсын. Бірақ, халық әлі сол баяғы кеңес кезіндегідей

екі-үш сағаттық тіпті, бір-екі күндік кезектен құтылған жоқ. НЕГЕ?

Міне, журналисттің тер төгіп жұмыс істейтін нысаны. Бұнда да әңгіме

зертеу жүргізетін журналисттің ар-ұятына кеп тіреледі.

Ал, журналисттік зертеуді кім жасайды?

Журналисттік зерттеуді кез-келген журналист жасай алады. Басты

талап аз да болса тәжірибесі болғаны абзал. Сосын әрине, ұстамдылық,

табандылық журналисттің белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға

байланысты шындыққа көз жеткізсем деген құштарлығы.

Зерттеу жүргізетін журналисттің басты қаруы кімдер немесе

нелер?

- Ақпарат көздері, олар кәдімгі қызметте жүрген немесе тіпті,

жұмыссыз жүрген адамдар болуы да мүмкін.

- Зерттеу нысанына қатысты кез-келген құжаттар, мәліметтер.

солармен жұмыс істей алу керек. Яғни, оларды кәдеге жарату

қажет.

- Асықпай, төзімділікпен сұхбат жүргізуге тырысу керек.

- ең бастысы алдыңа қойған мақсатыңның айқын болғаны абзал.

Яғни, зерттеу жүргізгендегі мақсатың не еді, осы принцпитен

ауытқымау керек.

Міне, осы негізгі принциптерді бетке алып істелген жұмыстың негізінде

ғана қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Репортер өз ісін жетік

меңгеруі керек, сосын әрине, тынымсыз еңбек пен табандылық қана

үлкен жетістікке қол жеткізеді. Зерттеу жүргізетін журналист кез-келген

фактіні, айтылған сөздерді, жинаған құжаттар мен материалдарды

мұқият қарап, ақылға сап таразылап барып айтқаны абзал.

Өйткені, зерттеу нысанына айналған мекеме болса оның басшысы, адам

болса оның өзі журналист материалындағы елеусіз, болмашы қателікке

немесе тіпті, кемшілікке бола бүкіл еңбегіңізге күйе жаға салуы мүмкін.

Қашанда қарсылас өз жауын аямайды. Бұл да мылтықсыз майданның

бір түрі.

Яғни, зерттеу жүргізетін журналист сол мылтықсыз майданның

жауынгері болуы үшін үлкен дайындықтан өтуі тиіс. Қарсыласыңның

өзіңе шапқаны оның қорғаныс тәсілі де болуы мүмкін, бірақ, ол

материалдарды оқитын немесе теледидардан көретін миллиондаған

аудитория барын үнемі жадыда ұстау керек. Журналист қаламының

қалт кеткен жері қоғамға, белгілі аса құрметті адамдардың лауазымына

залалын тигізеуі де мүмкін. Бұл да аса маңызды есте ұстайтын жәйіт.

Енді журналисттік зерттеу қалай жүргізіледі дегенге келейік.

Журналисттік зерттеудің табиғаты өте ерекше болғандықтан да, оған

үлкен дайындықпен, білімділікпен келу керек. Бұнда да, ғылымға немесе

өнерге ден қойған адамнан талап етілетіндей басты талап талантқа

тіреледі. Журналисттік зерттеудің өз табиғатына сай заңдылықтары

мен реті бар. Солардың бірі мысалы, журналист ешқашан өз

материалында өзінің пікірі мен көзқарасын білдірмеуі керек.

Бәрі құжатталған болуы тиіс, журналистің орнына оның тапқан, жинаған

нақты деректер мен айғақтары сөйлеп тұруы керек. Мәселен, біреу

пара алады екен немесе пара беріпті, тіпті мемлекеттің мүлкін талан-

таражыға түсіріп отыр екен деп журналист айтқаннан гөрі, белгілі бір

жердегі жұмыстың процессін ашық көрсететін деректер мен дәлеледерге

құрылған материал құрып шығу керек.

• Көрермен немесе оқырман ақымақ емес, шындық пен жалғанды

айыра алады.

Және журналисттік зерттеудің не үшін жасалғанын да бірден аңғара

қояды. Журналист зерттеу жүргізу барысында заңды, ережені

сақтағаннан бұрын, өзінің ішкі этикасына бағынғаны жөн. Егер ол барған

жерінде журналистпін деп кеуделеп отырып, шындыққа көз жеткізем

десе, өзі зерттеп жүрген нысаннан оның еш айырмашылығы жоқ боп

шығады.

Бұл не деген сөз: бұл ешқандай саясат немесе жеке мүдде араласпауы

тиіс деген сөз. БАСТы мҮддЕ ‑ БҰҚАРАНыҢ мҮддЕСІ. Жалпы

журналисттік зерттеудің де басты мақсаты мен жететін мұраты осы ғана

болуы шарт.

Зерттеу барысында тағы бір есте ұстайтын жәйіттер:

a. құжаттар ұрланған болмауы тиіс,

b. ақпараттарды ақшаға сатып алмау керек,

c. онда өзіңнің де парақор болғаның.

d. Жеке біреудің меншігіне қол сұқпаған жөн, өйткені, ол сотқа беруі

мүмкін.

Онда ақпарат қайдан келеді деген сұрақтың құлағы қылтиюы заңдылық.

Ақпарат беретін және заңды құжаттарды көрсететін немесе көшірмесін

беретін азаматтар табу керек. Міне, журналисттің шеберлігі шыңдалатын

тұс та осы. Ал, адам тауып, құжаттарды қолға түсірген екен, журналист

ешқашан, ешқандай жағдайда өзінің ақпарат көзін сатпауы керек. Бұл

кейбір елдердің заңдарында да көрсетілген.

Тіпті, АҚШ-та, тағы бірқатар елдерде журналистердің ақпарат көзін

сатпай өздері сотталып кеткен жағдайлар да болған. Сақтық үшін және

ақпарат көздерін аңғартып қоюы мүмкін деген қойын дәптерлер, бейне

немесе дыбыс таспалары өзге құнды құжаттар сенімді жерде мұқият

сақталуы керек. Ол ақпарат көзінің рұқсатынсыз билік өкілдеріне де

берілмейді. Міне, бұл қағидалар тек зерттеу жүргізетін журналистің

этикасы ғана емес, бұл тіпті абыройы мен беделі үшін де аса маңызды.

Журналисттік зерттеу жүргізудің қандай тәсілдері бар?

Қазір, бұның мүмкіндіктері өте көп. Көздеген нысана туралы қандай да

бір жылт еткен ақпарат беріп қалуы мүмкін деген күнделікті газеттер,

журналдар тіпті, интернет көздері. Әуелі дайындық жасалуы керек. Ол

не? Өте қызықты детектив жанрындағы кітаптар болуы мүмкін, деректі

фильмдер т.б. шығармашылық жұмыстар журналистің өз нысанасының

қай жағынан келуіне кеңес беріп қалуы мүмкін. Яғни, осындай дүниелер

қосымша бір идеяларға итермелейді.

Қандай құжаттар құнды деп есептеледі?

Көздеген нысанаға қандай да бір қатысы бар құжаттардың түпнұсқалары,

тіпті көшірмелері, фотосуреттер немесе электрондық құралдары арқылы

алынған нақты ақпараттар. Сот шешімдері, өзге шетелдік компаниялар

мен жасалған келісімдер немесе тіпті қол жетіп жатқан жағдайда елдің

мұрағаттарында жоқ, бірақ, халықаралық байланыстар арқылы алынған

ақпараттар да құнды құжаттарға айналуы мүмкін.

Нысананы ұзақ уақыт бойы бақылау да, көп нәрсеге көз жеткізеді.

Мәселен, қызметкерлердің жұмыс уақтысы, белгілі бір мекеменің

басшысының кімдермен араласатыны, кімдермен қарым-қатынаста екені

зерттеу барысында үлкен жігер мен табандылықты талап етеді. Егер

зерттеу нысаны түрме болса, ондағы полиция қызметкерлерінің жүріс-

тұрысы, сотталғандармен қарым-қатынасы, ондағы бас бостандығынан

айырылғандардың мүмкіндіктері т.б..

Әлемдік журналистикада белгілі бір нәрсеге қатысты зерттеу

жүргізген журналистердің мақсатына жетуі үшін ауру боп ауруханаға

түскен немесе сотталып түрмеге отырып шыққан кездері де

болған.

Сонда жатып, іштегі ахуалды өз көздерімен көріп, бастарынан кешіріп

жазған. Бұл жерде этиканы да ұмытпаған абзал. Журналистердің

зерттеу жүргізу үшін мейрамханаларға, қонақ үйлерге, санаторийлер мен

пансионаттарға арнайы барып жатып немесе жұмысқа тұрып зерттеген

кездері болған. Немесе білгілі бір адамды бақылай жүріп, оның барған

жерлерін, тоқтаған тұстарын суретке түсіріп отыру да материал жазу

барысында жалаң сөз емес, нақты құжатқа айналады.

Журналистердің белгілі бір мекемедегі қызметін атқара жүріп, өзінің

зерттеу жұмыстарын жазып, қандай да бір заңсыз әрекеттерді

әшкерелеген кездер де болған. Бұдан түйетін ой, сол мекеменің немесе

белгілі бір адамның қасында жүріп істеген жұмыс зерттеу барысында

материалдың құндылығын арттырып, журналисттің беделіне жұмыс

істейді. Бір ескеретін жәйіт, зерттеуді жекелеген салаларына емес,

жалпы жұмыс істеу жүйесіне жүргізу керек.

Зерттеудің тағы бір тәсілі өте сауатты жүргізілген сұхбат.

Бұл аса маңызды. Зерттеу әрқилы басталады, кейбіреулер әуелі қолына

түскен құжаттардың негізінде зерттеу жүргізіп, сосын оған қатысы бар

адамдарға шығады. Ал, кейбіреулер әуелі адамның айтқанын тыңдап

алып, сосын оның ақиқатына үңілуге тырысады.

Қалай болғанда да, зерттеу жүргізіп жүрген журналист әйтеуір бір,

жауапты кейіпкермен кездесуіне тура келеді және одан сұхбат алуы

керек болады. Міне, осы кезде журналист нақты қандай сауалдар қояды,

сұхбаттасушының қандай сұрақтарды қойғанда қандай эфмоционалдық

күйге ұшырайды міне, осының бәрін аңғарып, байқап, бақылап отыруы

тиіс. Бір жағынан алғанда журналист әрі психолог мамандығын игергені

артық болмайды. Міне, сондықтан да, сұхбатты телефон арқылы немесе

басқа бір журналистер арқылы алғаннын гөрі, өзінің сұхбат алғаны

абзал.

Өйткені, ол сұхбат барысында тек ақпарат қана алып қоймайды, оның

мінез-құлқы мен сұхбат алу барысындағы қай сөзге мән беріп, қандай

сауалдан қашқақтап отырғанына байланысты қосымша мәлімет алады.

Міне, осы айтылғандардың бәрі журналистік зерттеудің басты

қағидалары. Бұдан басқа зерттеу барысында болуы мүмкін жағдайлар

журналистің білімі мен біліктілігіне байланысты өрбиді.

Енді қазіргі Қазақстандық электрондық ақпарат құралдарындағы

осы бағытта жұмыс істеп жатқан бағдарламаларға тоқталып

көрейік.

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Арнайы бағдарламалар» бөлімі бар,

осы бөлімнің журналистері шама-шарқынша зерттеу жүргізіп жүр.

Өкінішке орай, көп жағдайда тек арнайы тапсырмалармен жұмыс

істейді. Бұл арнаның өз саясаты шығар, бірақ, біздің айтайын дегеніміз

бұл емес.

Мақсатымыз осы арнадағы журналистердің зерттеу жүргізу тәсілі.

Біріншіден, арнайы зерттеулер бағдарламасының уақыты тым ұзақ. 26-

минут. Егер журналистің таңдаған тақырыбы қызық болып, өз тақырыбын

барынша ашып, айтатынын белгілі бір мүдделердің қалыбымен ғана

бермесе, әрине көрермен де жалықпайды, 26 минутыңызда көп емес.

Ондағы журналистер өз зерттеулерінің үстүрт екенін білдірмеу үшін, әрбір

5-6 минут сайын немесе әңгіменің бір буынын қайырып қойып, келесі

бөлімге ауысу үшін арнайы телевизиялық эффектілер қолданады.

Бұл әрине, бағдарламаның тым қызықсыз болып кетуінен және сылдыр

сөз боп қалуынан сақтайды. Ал, жалпы алғанда журналистердің жұмыс

істеу принциптері біздің айтқан әлгі негізгі қағидаларымызға жатады. Бір

ескерту, бұндағы журналистер негізінен тапсырмамен жұмыс істейтін

болғандықтан, шығармашылық жағынан еркіндік жоқ екені және белгілі

бір қалыптың ішінде ғана жұмыс істейтіндері көрініп тұрады.

Журналисттік зерттеуге негізделген бағдарламалардың тағы бірі КТК

арнасындағы «Репортер» бағдарламасы. Бұнда сөз жоқ арнаның

ұстанған саясаты да журналистерге көп мүмкіндіктер берген болар,

ізденіс те, тақырыпты ашу жағынан да көп бағдарламаларға қарағанда

көш ілгері. Мәселен, «Репортер» бағдарламасынан шыққан кедендегі

заңсыздықтар мен парақорлық тақырыбы біздің әңгіме қып отырған

зерттеу мәселесінің қағидаларына толықтай сай деуге болады.

Журналистің өзі кеденге барып, жасырын камерамен ондағы астыртын

жүріп жатқан, бармақ басты – көз қыстымен, пагон тағып, еліміздің

қақпасын ашып-жауап отырған кеденшілердің әрекеттерін, «тамаша»

жүргізіп отырған операцияларын түгелдей әшкереледі.

Жалпы жұртқа Қытаймен арада сауда-саттық жасап жүрген саудагерлердің

де, олардың тауарларын ақша арқылы «заңдастырып» елге өткізіп

отырған кеденшілердің де, бар тыныс-тіршіліктері алақандағыдай

көрініп қалды.

Бұнда жұмыс істеген журналистің еңбегін де бағалаған абзал.

Материалда пара беруші де, пара алушы да, оған кездей соқ куә боп

отырғандар да болды. Бұнда да ескеретін жәйіт, журналист оқиға

орнында жасаған СТЭД АП-тарды яғни, журналистің өзінің кадрда тұрып

сөйлейтін орындарын қисынсыз таңдаған. Яғни, журналист дәл сол

бекеттің аса маңызды нүктелерінде, терминалда тұрып сөйлесе әлде

қайда тартымдырақ болар еді. Ал, саудагер боп өз тауарын өткізіп, өзі бір

емес бірнеше күн кеденнен өте алмай, ақыры пара беруге дейін мәжбүр

болып, сосын сол әрекеттерінің әрқайсысын бейнематериалдармен

шегелей түскенде, тіпті тамаша болар еді. Бұл да журналистің кемшілігі

екенін айта кеткен жөн.

Қазір публицистиканың осы журналистік зерттеу жанры қазақстандық

арналарда да кеңірек қанат жая бастады. Ал, қазақ журналистикасына

жасқаншақтамай, ойын ірікпей ашық айтатын жалынды жастар легінің

де қосылып жатқанын ескерсек, бұл жанрдың болашағынан көп үміт

күтуге болады.

ең бастысы жастарды тәрбиелейтін дұрыс бағыт беріп, жол

сілтейтін қазақ журналистикасының мектебін қалыптастыру

керек. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Логикалық тұрғыдан алғанда

да олардың алдында тәрбие беретін аға буын болмаса соңғы

бұтақтың да қисая беретіні сөзсіз.

Көп жағдайда журналисттік зерттеудің соңы сары түске еніп,

әлемдік журналистикадағы «сары баспасөзге» айналып кетеді.

Ал, «сары басылымдар» мен сол секілді жеңіл-желпі үстірт жасалған

материалдардың соңынан, яғни, сенсация қуалаған ақпарат құралының

ғұмыры да ұзақ болайды. Өйткені:

Біріншіден: басылымның немесе телеарнаның салмағы болмайды,

екіншіден: сол жеңіл-желпі дүниелер жасап жүрген журналистің де

соншалықты беделі болмайды,

Үшіншіден және ең бастысы да әрі қауіптісі: осындай дүниелер жасап

жүрген журналисттің өзі, аз уақытта рухани «мүгедекке» айналады.

Арзан атақ пен жалған әрі уақытша беделді малданып қалмау

керек.

Шын журналист шынайы ақпарат іздеп, ақиқатқа көз жеткізуге

ұмтылу арқылы ғана шыңдалады.

Өкінішке орай, біздің қоғамда журналиске ондай жағдай жасалмаған.

Әрине, ондай мүмкіндікті ешкім жасап бермейтіні де рас. Журналист

өзі іздену арқылы сол нәтижелерге қол жеткізуі тиіс. Алайда, жалпы

шығармашылық адамдардың жұмыс істеуіне кедергі көп, ол билік

тарапынан болса да, ықпалды топтар тарапынан болса да, тіпті арна

басшыларының ұстанған саясаты жағынан болса да. Міне, осылардың

бәрі журналисті амал жоқ биліктің өзі жасап қойған қалыпқа түсуіне, сол

шеңберде ғана жұмыс істеуіне мәжбүрлейді.

АҚпАРАТТыҚ БИСЕР ойыНы

(«организация работы службы новостей» кітабынан үзінді)

Герман Гессенің «Игра в бисер» деген романын оқыған адам, өміріндегі ең

маңызды оқиға – Ойынға әзірленген бас кейіпкердің қалай әуреленгенін

жақсы біледі. Ол ғылым мен өнер, философия мен әдебиет тоғысып

жататын ойын партиясын жасауға жанын салады ғой...

Ақпараттық бағдарлама редакторы әрине, көркем шығарма жазатын

жазушы емес, бірақ…ол да күн сайын бірегей туынды жасайды. Жақсы

болсын, жаман болсын, бірақ ол бірегей өнім жасап шығады. Ол сапалы,

қызықты және пайдалы болуы үшін көп нәрсе қажет. Біз бұ жолы сіздің

ақпараттық шығарылымыңызды не бар, не жоқ ететін мәселе – МАТЕ-

РИАЛДАРДЫ РЕТІМЕН ОРНАЛАСТЫРУ туралы әңгімелейміз.

Негізінде материалдарды рет‑ретімен орналастыру (верстка) – га‑

зет термині. ол кезекті ақпараттық бағдарламада материалдарды

маңызы мен ұзақтығына қарай жинақтау деген сөз.

Бір қарағанда, қолда бар материалдарды кезегімен қойып отырудың

қиындығы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Осыдан 20 жыл бұрын, «ресми»

әдіс пайдаланылатын тұста ақпараттық бағдарлама жиындар мен

кеңестер жөніндегі есептен басталатын, соңынан еңбек даласындағы

жетістіктерге, мәдениет пен спорт табыстарына орын берілетін. Кейін

«600 секунд» пен «ТСН» кезеңі басталды да, бірінші орынға оқиғалар

мен қылмысқа қатысты материалдар шығарылды.

Уақыт өте келе «қылмыс тақырыбында» жеке бағдарлама ашылып,

ақпараттық хабарларда әлеуметтік және проблемалық сюжеттерді бері-

ле бастады. Міне, біздің телевизия

халықаралық стандарттарға жету жолында осындай даму жолдарынан

өтті.

Материалдарды қалай реттеу қажет? Оны ойластырған кезде редак-

тор оны ТҰТАСТАЙ көз алдына елестете білуі тиіс. Бірнеше адамның

еңбегімен әзірлеген материалдың жарқырап көрінуі үшін әрбір ақпаратты

берудің ең үздік тәсілін табу қажет. Ұсақ бөлшектерден құралған мозаи-

ка сынды шығарылым да біртұтас шығармаға айналуы қажет.

материалдарды орналастыру қағидалары:

Редактор кезекті шығарылым материалдарын төмендегі қағидалар

бойынша орналастырады:

&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: