Лид (журналистика)

Лид (журналистика) – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғни мақаланың басы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі.

«ЛИД» қалай құрылады?

Журналист үшін әзірлеген хабары шын мәніндегі қоғамдық мәні бар жаңалық болу үшін оны басқа әріптестерінен бұрын жазып, газет нөміріне немесе радио-теле эфирге жылдам беріп үлгеруі тиіс. Ол үшін ақпаратты әзірлеуші адам алдымен ойша мынадай сұрақтарды белгілеп алады: «Кім? – Who?», «Не? – What?», «Қашан? – When?», «Қайда? – Where?», «Неге? – Why?», «Қалай? – How?».
Содан соң бірден көз тартатын, оқырман назарын еріксіз өзіне аударатын, «ойнап» тұрған қызықты тақырып таңдалып алынады.
Ең бастысы, заметканың алғашқы абзацында әзірленетін жаңалықтың негізгі ойын құрайтын «лид»-тің болғаны абзал. Ол 11-15 сөзді құрайтын 2-3 сөйлемнен аспағаны жөн. Қандай да болмасын, әр жаңалықтың өз авторы болатыны белгілі. Сондықтан ол жаңалыққа өзінің стилін енгізіп, көзқарасын білдіре алады. Авторлық жаңалықты өзімізге әуелден таныс кейбір ақпараттардан бөлектеп алу қиын: мәселен, интернет порталдарындағы блогтарда, ақпаратты шапшаң алмасу қызметіндегі (ICQ) немесе электронды пошталардағы хабарламаларда, SMS-терде, т.б ақпарат басқа стильде жазылады. Қалай болғанда да, жаңалықтағы ең басты критерий – жаңалықты әзірлеуші журналистке ғана аян – ең маңызды факт.

Қысқа ақпарат жазудың өзіндік формуласы бар:

§ Не оқиға болды? → Ол қайда болды? → Қашан болды? → Бұл оқиғаға кім куә болды? → Оқиға қалай өрбіді? → Бұл оқиға неліктен болды? → Оқиға нені білдіреді?

§ Осы сауалдардың барлығына дұрыс жауап тапқан болсаңыз, онда сіз «төрт аяғы тең» толық жаңалық жаза алдыңыз.

§ Жаңалықты үш сөйлемге ғана сыйдырып үйреніңіз.

Бірінші сөйлем («TopLine»). Алғашқы сөйлем оқырманды материалыңызға «жіпсіз байлап», өте қысқа әрі нұсқа, айтар ойды анық көрсете жазылғаны абзал. Оқырман сіздің не айтпағыңызды келесі сөйлемді оқымай-ақ аңғарғаны жөн. Яғни, біз оны жаңалықты аяғына дейін оқуға мәжбүр етуіміз керек. «TopLine»-да, егер ол жергілікті баспасөзде жарияланатын болса, елді мекеннің нақты атауы көрініс табуы тиіс. Мәселен, «N-нің (елді мекен атауы) автобус жүргізушілері ереуіл кезінде қалаға кіре беріс негізгі күре жолды жауып тастады». Мұнда ереуілдің қай жерде өтіпжатқаны нақты көрініс тапқан.
Жаңалықтың қалған бөлігі. Жаңалықтың қалған сөйлемдері логикалық тұрғыдан құралады. Оның басы, ортасы, аяғы болады. Егер «TopLine» ә дегеннен-ақ аудиторияны өзіне аударуды көздесе, екінші сөйлем сол жаңалықтың қосымша мәліметтерін ұғындыратын детальдарды береді. Мәселен, «Олар осы әрекеттері арқылы жергілікті биліктің өз шағымдарына оң көзқараспен қарап, жалақыларының көбейетініне сенімді».
Соңғы сөйлем жаңалықты түйіндейді. Мұнда әлдебір қорытынды жасалып немесе осы оқиғаның немен аяқталғаны хабарланады. Мәселен, «Алайда жергілікті билік жүргізушілердің бұл өтініштерін қанағаттандыруға асығатын емес».
Осылайша қолыңызда бар мәліметтерге сүйене отырып, оқиға тізбесімен қажетті мәліметтерді жүйелеп беру арқылы тиісті ақпарат дүниеге келеді. Әрі осы арқылы мол тәжірибе қалыптасады. Бұған мынадай формула лайық сияқты: «айтқыңыз келіп отырған әлдебір оқиға туралы оларға айтыңыз – айтып отырғаныңызды олар сезетіндей күйде жеткізуге тырысыңыз – оқиғаны айтып жеткізгеніңізді білдіріңіз».
Мәліметті қаншалықты дұрыс жеткізгендігіңізді тексеру үшін жазған жаңалығыңызды жаныңыздағы әлдебір адамға дауыстап оқып көріңіз. Соңғы сөйлемді ғана оқымай бүгіп қалыңыз. Сөз жоқ, жаныңыздағы адам бұл оқиға туралы бұрын естімесе де, соңғы сөйлемсіз-ақ оқиғаның немен бітерін ойша топшылай алады. Келесі жолы соңғы екі сөйлемді бүгіп жаңалықты қайта баяндап көріңіз. Тағы да ұғынықты сияқты. Осы екі жағдайда да тыңдаушыңыз «түсіндім» дейтін болса, онда сіздің тәп-тәуір жаңалық жаза алғандығыңыз.
Енді «факт» деген не, соған келейік. Жаңалықты жазудың өзі факт, яғни ақпарат жазу арқылы біз фактіні бере аламыз. Пікір, болжам – факт емес. Қысқа хабар жазғанда бұлардан аулақ болған абзал. Пікір білдіруге, талдау жасап, түсіндірме жүргізуге арналған арнайы жанрлар бар.
Көбіне жаңалықтарды жас тілшілер жазады. Уақыт өте келе тәжірибесі толысқан журналистер корреспонденция, сұхбат, репортаж сияқты басқа жанрларға ауыса бастайды. Өкінішке орай, бүгін дипломын ала салып, репортерлік қызметке енді араласа бастаған тәжірибесіз жас журналистер бірден ауқымды жанрларға қалам тартып танылғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Шын оқырманға танылу үшін алдымен қысқа ақпарат жазып машықтану керек. Өйткені бүгінгі оқырман жаңалыққа, сенсацияға құмар. Қазіргі қоғамда факт – түсіндірмеден де маңызды болып отыр.
Репортердің міндеті – оқырман мен тыңдарманның миына емес, көзі мен құлағына әсер ету. Оған тек фактіні беріңіз, ар жағын оқырманның өзінің ойлануына қалдырыңыз. Фактіні түгел «шайнап берудің» қажеті жоқ. Аудиторияға ойлануға мүмкіндік бере отырып біз соларға деген құрметімізді танытамыз, өз кезегінде олар да бізге сенім арта бастайды.
Журналист өзі тікелей куәсі болмаған оқиға туралы нақты баға бере ала ма? Бұл жөнінде Алматыдағы соғыс пен бейбітшілікті жариялау институты (IWPR) екі түрлі дерекке сүйенуді ұсынады: 1) кез-келген ақпараттың анық-қанығын анықтау үшін бір-бірінен тәуелсіз екі дереккөзді салыстыра пайдалану керек; 2) бұл деректердің әлгі өзіміз салыстыра сүйеніп отырған екі жақтың да бір-бірінен алмағанына көз жеткізуіміз керек. Сонда ғана ақиқатына бара аламыз.
Лидтің бірнеше типтері бар.
Резюме түріндегі лид. Мұнда оқиғаның қысқа мазмұны беріліп, тақырыпты ашатын ең басты кілтсөз бірінші кезекке шығарылады. Резюме түріндегі лид ақпаратты материалда жиі кездеседі. Ол көп созбақтамай оқырманды оқиға желісіне бірден баурап тартуымен ерекшеленеді.
Жетелеуші лид. Мұндай лид аз ақпарат бергенімен, оқырманды еріксіз материалды оқып шығуға жетелейді. Оқырман лидті оқи сала әрі қарай қалған бөлігін оқып шыққанша тыным таппайтындай үлгіде жазылады.
Эпизодты лид. Бұл лид, аты айтып тұрғандай, әлдебір қызықты эпизодты баяндаумен басталады. Ал бұл оқырманды материалды оқуға тарту үшін таптырмас құрал.
Сілтемелі лид. Белгілі саяси тұлғалар жиі ретте әлдебір оқиға туралы түсініктеме беріп жатады. Мұны журналист қағып алып, сілтеме түріндегі лидке айналдырса, бұған оқырман қызыға зер салары сөзсіз.
Жалпы, ақпарат – газеттің оқырман тартудағы негізгі тетігі. Сондықтан оны әзірлеуге кім-кім де болса ұқыппен қарағаны абзал.

Әдебиеттер:

1. Joan Clayton. Journalism for Beginners. — Judy Piatkins Publishers, London, 2000. — P. 24.
2. Қараңыз: www.cjes.ru/lib/standart

Мақаланың құрылымы. Төңкерілген пирамида.

Кәсіби мақалалар жазғанда әдетте жалпыға ортақ халықаралық стандарттар негізіндегі құрылымдар пайдаланылады. Ол ақпаратты ашық, қысқа және түсінікті етіп ұсыну үшін қажет. Әр мемлекеттің дәстүрі әртүрлі, сол себепті қандай да бір стильді екіншісіне қарағанда жақсырақ деудің қисыны жоқ. Бірақ, төменде көрсетілген жаңалық жазу стилі жалпыға ортақ халықаралық масштабта, соның ішінде ағылшын тілді мемлекеттерде кеңінен қолданылады.

Негізгі принцип – оқырманға артықшылық берілуі. Яғни, ақпарат жазылған уақытта оны халықтың оқитыны ескерілуі тиіс дегенді білдіреді. Болған оқиғаны ашық баяндау керек, жазылған жайт қоғамның назарын аудартып, сол ақпаратты оқуға деген ынталарын оятуы тиіс. Жақсы жазылған жаңалық сонысымен ерекшеленеді. Оқырман нені оқығысы келеді немесе олар нені білуі керек? Неге олар дәл осы жаңалықты оқып жатыр?

Әдебиет пен кинода көпшілік көңілдерінің көтеріңкі болғанын қалайды. Жазушы оқырманның көңілін көтеру үшін жазу шеберлігін пайдалана отырып, сюжет құрады. Біртіндеп дамып, оқырманды еліте түсетін сюжеттің міндетті түрде шарықтау шегі болады. Аудитория туындының сапасын бағалау үшін арнайы уақытын сарп етеді. Ал жаңалықтың жөні бөлек. Мұнда адам ақпарат алғысы келеді және негізгі ойды бірден білгісі келеді.

Жаңалықты оқуға деген тәуелділік сезімі мен адамның өзінің қатысы аудитория үшін оң көрсеткіш және бұл тележаңалықтардағы жағымды фактор болып есептеледі. Дегенмен, басты мақсат – ақпаратты тарату. Басылымдар мен веб-сайттарда жаңалықтарды оқырманның соңына дейін оқитынына немесе мақаланы басынан аяғына дейін қарап шығатынына кепілдік жоқ. Автор мұны ескеруі керек. Басылымды немесе веб-сайттағы материалды оқып отырған адамды сыртынан бақылап көріңіз. Бұл жердегі принцип кітап оқығандағыдан ерекше. Басылымды қолына алған оқырман бетті, мақалалардың тақырыбын және өзіне ұнаған жаңалықтың алғашқы сөйлемін тез қарап шығады.

Оқырман басылымды бірінші бетінен бастап соңғысына дейін қарап отырып, өзін қызықтырған мақалалардың бірін соңына дейін оқиды. Немесе көз жүгіртіп қарап шығады. Басылымда немесе веб-сайттарда оқырманның көзіне түсетін, оның назарын аудартатын мақалалар көп болады. Дегенмен, басылымдардың саны көп екенін, ал веб-сайттардың санында есеп жоқ екенін де естен шығармаған жөн. Онлайн мақалаларды көз жүгірте жылдам-жылдам қарап шығуды меңзейтін «серфинг» деген сөз тегіннен-тегін айтыла салмаған.

Оқырмандардың назарын аудару деген міндеттің үдесінен шығу үшін мақаланың құрылымына қатысты ережені сақтау керек. Халықаралық журналистиканың жазылмаған заңы бойынша, ең маңызды нәрсе – кульминация, яғни шарықтау шегі. Ол мақаланың ең басында немесе кіріспеде көрсетілуі керек. Мұны «мақаланың кіріспе сөйлемі» деп те атайды. Ең маңызды деректер алғашқы абзацта қысқа әрі нұсқа түрде, түсінікті тілмен баяндалады. Осыдан кейін ғана материалды баяндау басталады. Ол жерде автор азат жолдарға бөлу арқылы тақырыпты ашып, маңыздылығына қарай дәйектерді орын-орнымен хабарлайды.

Төңкерілген пирамида

Жаңалықты баяндаудың танымал формасы «төңкерілген пирамида» деген атаумен белгілі. Олай деп аталатын себебі, сызбаға түсірген уақытта төңкерілген пирамидаға ұқсайтынын көресіз, яғни маңызды ақпарат жоғарыда болып, маңыздылығы одан кейінгі жайттар ретімен төменге түседі.

Мұндай принцип оқырманның да, редактордың да талабына сәйкес келеді. Бұл стиль оқырмандардың уақытын үнемдейді. Ақпараттың басына көз жүгірте отырып, оқырман оны ары қарай оқу қажет пе, жоқ па, соны түсінеді. Кіріспе сөйлемде ең маңызды мәселе айтылады. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады. Егер бұл сөйлем өзіндік жаңалығы бар ақпарат болған жағдайда оны сәтті деп есептеуге болады. Қысқаша баяндаудан кейін журналист мақаладағы негізгі деректерді келтіріп, көтеріліп отырған мәселеге қатысы бар тұлғалар мен ұйымдар туралы мәлімет беріп, түпкілікті ойын түсіндіруге кіріседі. Талқылау тудыратын сұрақтарын қояды.

Мақалаға үңілген сайын журналист түпкі мүдделерді тереңірек қарастырып, мәселенің мән-жайын барынша ашып, алғашқы перспективаны егжей-тегжейлі екшейді. Мақаланың салмағын арттыру үшін қатысушылардың ойларын кеңейтіп келтіреді. Баяндаудың түрлі тізбектері жинақтала келіп, мақала қорытындыланады. Көп жағдайда мақала белгілі бір адамның айтқанын сөзбе-сөз келтіре отырып, екіұшты сұрақ тастаумен тәмамдалады. Алайда, қорытынды сөйлем жаңа ақпарат немесе жаңа тақырыпқа кіріспе болып кетпеуі керек. Қысқасы, соңғы сөйлемде қорытынды ой жеңіл ғана жеткізілуі тиіс. Дегенмен, көп жағдайда соңғы сөйлемнің қысқартуға душар болатынын, кейде тіпті тұтасымен алынып тасталатынын да естен шығаруға болмайды.

Мақала құрылымының бұл түрі формальды түрде мақаланың мақсаты оқырманға жұмбақ жасыру еместігін мойындайды. Керісінше, деректерді жылдам, объективті, нақты және жеңіл түрде жеткізуді көздейді. Тәжірибелік тұрғыдан қарастыратын болсақ, мақала құрылымының бұл түрі редакциялауды жеңілдетіп, мақалаға берілген орын шектеулі болған жағдайда оны қысқартуға да мұрсат береді. Қысқасы, мұндай мақала кез келген жағдайға бейімдеуге ыңғайлы болады. Редактор сізге 800 сөзден тұратын материал дайындауға тапсырма берді делік. Алайда, тосыннан күтпеген жағдай болып қалды. Мәселен, мемлекет басшысына қастандық жасалды немесе үлкен жарылыс болды. Редактор мұндай атышулы оқиғаны тез арада нөмірге дайындау үшін жылдам әрекет етеді. Ал бұл сол нөмірде шығатын басқа материалдар үшін басылым бетінде орын аз болатынын білдіреді (кейде мүлдем болмай қалуы да мүмкін).

Егер баяндау төңкерілген пирамида әдісімен берілген болса, онда мақаланы соңынан жоғары қарай қысқарту қиындық тудырмайды. Тұтас бір абзац қысқарып кетсе де, одан мәтінге зиян тимейді. Қанша қысқарса да, материал түсінікті болады және мазмұнын жоғалтпайды. Мәтіннің дұрыс құралғанына көз жеткізгіңіз келе ме? Ондай мәтін алты сұраққа жауап беруі керек.

Бекграунд (Тарихи анықтама)

Журналист мақаланы түсініп жазу үшін жеткілікті материалы бар екеніне сенімді болуы керек. Егер өзіңіз бірдеңені түсінбей қалсаңыз, оны аудиторияның түсінуі тіптен мүмкін емес. Егер күмәнданып тұрсаңыз, сұрақты қайтадан қойыңыз. Аудитория да автордың өзі сияқты мәселенің мән-жайын жете түсіне бермеуі мүмкін екенін репортер әрдайым есінде сақтауы керек. Сол себепті аудиторияға контекст түсінікті болу үшін әңгімеде жеткілікті ақпарат бар екеніне көз жеткізу керек.

Адамдардың аты-жөнін толығымен көрсетіңіз және мүмкіндік болған жағдайда барлық акронимдердің толық атауын беріңіз. Белгілі бір мемлекетте жұмыс істейтін болғандықтан, репортер ел премьер-министрінің аты-жөнін жатқа білуге міндетті. Бірақ, мақаланы интернеттен немесе бұқаралық ақпарат құралынан (тарату немесе газет қосымшасын сату) оқуға кіріскен басқа мемлекеттің оқырманы оны білмеуі мүмкін.

Қандай да бір тұлғаның белгілі бір партияның мүшесі екенін де оқырман шатаспай білуі керек. Ол үшін алғашқы сөйлемдерден-ақ партияның толық атауы, оның оңшыл не солшыл екені, діни немесе этникалық бағыттағы ұйым екені, социал-демократиялық немесе консервативтік бағытты ұстанатыны анық-қанық көрсетілуі керек.

Мұндай нақтылық аудиторияның Али Бегтің қалаға сырттан келген тігінші емес, ерлер көйлегін сататын саудагер екенін тап басып білуге; оның бизнесмен екенін немесе біреуге қызмет жасайтынын түсінуге көмектеседі. Оның жас шамасы қаншалық? Отбасы бар ма? Осының барлығы жеткілікті ме немесе оқырманға мақаланы жақсы түсінуіне көмектесе ме? Мүмкін аудиторияның есіне кейбір жайттарды салып отыру керек шығар. Мысалы, «сол қолымен соққы жасаудың шебері, атақты баскетболист...», «полиция қызметкерін ұрғаны үшін сотталып, түрмеден бір жыл бұрын ғана босап шыққан депутат» деген сияқты.

Кез келген сұрақтың алдыңыздан шығуы мүмкін екенін біліп, оларға жауап беруге дайын болыңыз. Бір мақаладағы екі адамның аты-жөні бірдей болса, олардың арасында туыстық қатынас бар ма, жоқ па, оны көрсетіңіз. Егер оқиға ауылдық жерде болса, астанадан қаншалықты алыс екенін көрсетуге,солтүстікте, оңтүстікте немесе батыста орналасқаны туралыда мәлімет беруге тырысыңыз. Егер оппозициялық партия мәлімдеме жасаса, оппозициялық партияның ықпалды саяси партия екенін немесе ұсақ топтардың бірі екенін ескертіңіз.

Кейде мақала жазу барысында «шөлде орналасқан қалашық» (көпшілік оның қайда орналасқанын білмеуі мүмкін), «өнеркәсіптік қалашық» немесе «оңтүстіктегі қала» деп көрсеткеннің артықтығы жоқ. «Қайткенде аудиторияға түсінікті етіп жасаймын?» деген сұрақтың жауабы – мақсатқа жетудің кілті.

Қызықсыз немесе қажетсіз толықтырулардан аулақ болыңыз. Бірақ, оқырманға сюжеттің дамуын бақылауына мүмкіндік беріңіз. Ақпаратты аз да емес, көп те емес, бастысы оқырманға қажет мөлшерде толығымен беріңіз.

4 дәріс. Жаңалық жасаушы тілшінің көмекші элементтері:

мАмАНдАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАдИо

ТЕЛЕВИЗИЯ

мИФ: «Телевизия ең алдымен – видео!»

Шын мәнінде телевизия - ВИДЕО, МӘТІН, ДАУЫС секілді

компоненттердің ТЕҢДЕЙ қосындысы.

Телевизия – ең алдымен видео, теледидар алдындағы адам ақпаратты

негізінен көз арқылы алады деген ойларды жиі кездестіруге болады.

Иә, видеоның рөлі жоғары. Онымен таласпаймыз. Бірақ, видеоны алға

шығарып, дауыс пен мәтінді кейінге шегеруге еш болмайды. Өйткені,

көрерменің сенің сюжетіңді көрер кезде, даусын өшіріп, тек видеоға

телміріп отырмайды ғой.

Оны сюжетіңдегі табиғи дыбыспен (интершуммен), өз даусыңмен,

сөздеріңмен шақырып аласың. Өзің салыстырып қара, сенің үйіңдегі

кабельдік телеарна 60 арнаны көрсету мүмкіндігіне ие. Сен арналарды

ауыстырып, көретін дүние іздеп отырсың. Сенің назарыңды қаратуға әр

арнаның 2-3 секунд уақыты бар.

Сонда: кадр сыртындағы мәтін мен табиғи дыбысы кешеуілдеп шығатын,

тек ғана видеосы бар бағдарлама сенің назарыңды бірден өзіне аудара

ма, жоқ әлде видео, дауыс, онан қалса, табиғи дыбыс теңдей қосылған

бағдарламаға назар аударасың ба? Әрине, екіншісіне!

Өте ерекше видеоның да көрермен көзін әп-сәтте жаулап алуы мүмкін. Бірақ, біздің бүгінгі телевизияда ондай дүние әзірше көзімізге шалына қойған жоқ.

Көрерменнің өзін екі топқа бөліп қарастыруға болады.

Теледидардың алдында жайғасып алып, жаңалық күтетіндер және

теледидарды қосып қойып, өзге шаруамен айналысып отыратындар, ия

болмаса, жүре тыңдайтындар. Алғашқы топқа қарағанда, кейінгі топтың

біршама баршылық екендігіне күмәніміз жоқ. Өйткені, қат-қабат шаруасы

бастан асатын XXI-ғасырдың адамы теледидардың алдында отырған

күннің өзінде қосалқы шарумен айналысуға бейім. Ондай көрерменді

дауыспен, интершуммен өзіңе қаратып аласың.

Сондықтан, телевизия ВИдЕо, мӘТІН, ТАБИғИ дыБыС секілді

компоненттердің теңдей қосындысы.

Телевизия үшін уақыт өте маңызды. Әрине, радио мен газет

журналистеріне де үнемі уақыт жетпей, газет терімі кезінде асығып-үсігіп

мақала жазып отырады. Бірақ, газеттегі әріптесіңнің 200-500 жолдық

мақаласына арқау болатын ақпаратты сен жаңалықтар қызметінде 1.5-2

минутқа, сараптамалық бағдарламада әрі кетсе, 5 минуттық уақыттың

ішіне сыйдыруың қажет.

Радиожурналист пен газет журналисінің видеоға бас ауыртпайтындығын

ескерсек, олардың бойындағы жүк те сәл жеңілдейді. Ал сен, ВИдЕо,

мӘТІН, дыБыС (бұл арада интонацияны ерекше айтса болады,

өйткені, тележурналистерде кездесетін проблема – дауыстың дұрыс

қойылмауы, болмаса, интонациямен жұмыс істемеу) ҮШТАғАНыН

қатар алып жүруің қажет.

Газеттегі әріптесің қолына 30 грамдық диктофонмен жалғыз өзі баратын

жерге (күнделікті бірер газеттікі болмаса, қазақ газет журналистерінің

соңынан фотожурналистер көп ермейді. Олар, суретті көбінесе газет

мұрағатынан ия, болмаса, интернеттен алады) бара береді, ал сенің

жаныңа операторды айтпағанда, жарық қоюшы, кейде тіпті, режиссер

де еруі мүмкін.

1.5 минуттық сюжетің жоғарыда аталған адамдардан өзге, монтаж

жасаушы инженер, бейнемұрағат қызметкері, администратор,

үйлестіруші, тіпті, көлік жүргізушісіне тікелей байланысты. Түптің

түбінде, көлік жүргізушісі қаланың бір тығынында кептеліп қалып, кешігіп

жатқанда, түсіруің тиіс іс-шараның басталып кеткендігін, ия болмаса,

сұхбат алатын адамыңның қолындағы сағатына қарағыштап отырғаны

көз алдыңа елестеп, өзіңді өзің қуырып жіберуге дайын боласың.

Маңыздысы сол, біздің қазіргі жағдаймыздағы газет журналистері

«сарапшылардың айтуына қарағанда» деп жалпылама сілтеме жасап,

әрі қарай өз ойын айта беретін болса, сен үшін әлгі сағатына қарағыштап

отырған адам алтыннан қымбат. Өйткені, сен газеттегі әріптесіңнің ондай

оңай әдісін мүлде қолдана алмайсың, саған сол ойды айтатын адамың,

телевизия тілімен айтқанда, сюжетіңнің синхронының болуы шарт.

мИФ: «Редактор мәтінге, оператор видеоға жауап береді»!

Шын мәнінде, редактор видеоға оператормен тең дәрежеде жауап беруі

тиіс!

Сен телевизия журналисі болғандықтан, материалыңдағы бейне сен

үшін аса маңызды. Ал ол бейнені қалай түсіру жөнінде тележурналистер

аса бас ауырта бермейді. «Өйткені, оны түсіретін оператор бар емес

пе?», - деп ойлайды олар. Жо-жоқ, бұл өте қате пікір! Сенің жаныңдағы

оператордың не түсіргені, сен үшін өте маңызды болуы шарт!

Тележурналист мәтінмен қатар, видеоға да жауапты. Жоғарыда айтылған

Үштағанды еске түсір. Бізде, күні бүгінге дейін «мәтінге редактор,

видеоға оператор жауап береді» деген қатып қалған ереже билік құрып

келеді. Бірақ, ондай стереотиптің іргесі сөгілу күні жақын. Редактордың

өзі режиссер, өзі оператор болып жұмыс істейтін процесі басталды.

Батыс тележурналистері өздері түсіріп, өздері мәтін жазып, өздері

монтаж жасау ісіне баяғыда‑ақ кірісіп кетті.

Әлемдік теденцияға көз салсақ, әмбебап, бесаспап журналистерге

сұраныс мол. Өйткені, арналар өз тележурналисінің мәселенің мәнісін

толық білетіндігіне, мәтінді жазып қана қоймай, видеоны түсіру

әдістерінен де хабардар болуына ықыласты, екіншіден, бірнеше адамға

бөліп-бөліп ақша төлегеннен, бесаспап адамға қызмет ұсынғанды жөн

көреді. Бұл ең алдымен, экономикалық тұрғыдан тиімді. Онан кейінгі

кезекте, бірнеше адам ортақтасқан дүниеде, әрқайсысы бір-біріне

сілтеп, береке болмауы да мүмкін.

Ал бір дүниенін басынан аяғына дейін өз мойнына алған адам, сілтей

салар серігі болмағандықтан, ұқыпты етіп жасауға тырысады. Қазіргі

қазақтандық телеарналар жағдайына көз тастасақ, режиссерге,

операторға көңілі толмайтын редакторды, болмаса, редакторға көңілі

толмайтын режиссер мен операторды жиі кездестіруге болады. Демек,

бірінің айтқанына бірі иліге бермейтін тенденция хабар беріп қалады.

Мұндай жағдайда сюжет қаншалықты дәрежеде сәтті шығуы мүмкін?

Сондықтан, тележурналистер мәтіннің соңында ғана жүрмей, видеоға

өте жіті көз салуы аса қажет!

Жалма-жан, оператордың камерасына жармас демейміз. Жаңалықтар

қызметінде операторлардың қызметін әлі біраз пайдалануымыз да

мүмкін. Ал өзге бағдарламаларда түсіретін объектіге режиссер мен

оператордың көзімен қарауға, бейнеинженердің қолымен монтаж

жасауға тележурналистертің өзінің-ақ шамасы келеді. Материалыңды

өзің камераға түсіріп, өзің монтаж жасамаған күннің өзінде, оператор

мен видеоинженердің не істеп жатқанын олардан артық білуге ұмтылуың

керек.

Шетел арналарындағы тенденцияның бізге де көп ұзамай келетінін

ескерсек, әрі сол кезде бәсекеге қабілетті болғың келсе, түптің

түбінде, өзіңнің сюжетіңде қандай видео көрсетіліп жатқанынан

бейжай қалғың келмесе, видео түсіру процесіне оператордан

артық болмаса, кем араласпауың тиіс!!!

Ал біздің телевизия жағдайында:

Редактор оператордың не түсіріп жатқанына бас ауыртпайды, оператор

редактордың қандай мәтін жазатынына балтыр сыздатпайды. Ал ре-

жиссер мен бейнеинженер редактордың мәтінін монтаж басталардан

сәл-ақ бұрын алады.

Нәтижесінде: бейнематериал мен мәтіні бір-біріне қиыспайтын, қырық

құрау мұрағат материалдарынан құралған дүние көрермен назарына

ұсынылады. Ол материалда жаздық планмен қатар кейде күздік план

да жүруі мүмкін.

мИФ: «Түсірілген материалдың көздің жауын алатындай болып

шығуы ең алдымен моНТАЖғА байланысты»

Шын мәнінде, сауатты видео түсіре алмасаң, қырық жерден монтаждасаң

да материалыңның шырайын шығара алмайсың.

Ал сауатты видео түсіру, ең алдымен жоспарлауыңа, түсіретін

мәселемен дұрыстап хабардар болуыңа байланысты.

«Съемкаға шығар алдында қолыңда дайын жоспарың болуы тиіс»,

- дейді америкалық тележурналист әрі семинарлар лекторы Карл Ид-

звуг. Оның айтуынша, тележурналистер түсіретін объектісі туралы аз-

маз ақпаратты малданып, кімді, нені түсіретінімізді көре жатармыз деген

долбармен-ақ жоспарсыз, съемкаға шыға береді.

Ал жоспар құру – айналып келгенде, тағы да өзіңе байланысты.

Өйткені, түсіретін адамдарыңа режиссерің мен операторың хабарлас-

пайды, сен хабарласасың.

«Қолыңда дайын жоспарың, не түсіретінің жайлы толық ақпаратың бол-

мауы – уақытыңды өлтіру деген сөз. Ал съемка алдында хабарласып,

түсіретін адаммен дұрыстап сөйлесіп алу – уақытыңды үнемдейді»,

- дейді Карл Идзвуг.

Съемка алдында, тележурналистер кейіпкерінің өзін пәлен күні, пәлен

сағатта қабылдайтындығына ғана жоспар түзеді. Тіпті, өз сұрағына ол

кісінің қалай жауап беретіні беймәлім қалады. Кейіпкері журналистің

өзінен не сұрайтынын жалпылай ғана білуі мүмкін. Сондықтан да,

берілетін жауаптан бейхабар болып барған тележурналист, алдындағы

адам нені айтса, соны камераға жазып қайтады.

Мәселені ашу үшін қосымша сұрақ қоймайтын жағдайлар да кездеседі.

Карл Идзвуг, осындай олқылықтардың болмауы үшін қарапайым ғана

жоспарлау әдісін алға тартады. Уақытты өлтіру емес, уақытты үнемдеу

дегенді айтады.

Ал бізде:

Съемкаға барып келгеннен кейін, мұрағаттан алдына тау-тау кассета

үйіп қойып, әр кассетадан 2-3 план алу үшін, шырқ айналдырған көріністі

режиссерлер мен тележурналистердің тәжірбиесінен жиі кездестіруге

болады. Негізі себеп: олар алдын-ала жоспарлап, нені түсіретінін біл-

мегендігі себепті, осылайша, мұрағаттан видео іздеп отырады. Иә бол-

маса, жазылған мәтін түсірілген видеоға сай келмеуі себепті, режиссер

мәтінді видеомен жабу үшін мұрағатқа жүгінуге мәжбүр. Мұның бәрі, ви-

деоны бөлек, мәтін жазуды бөлек қарастыратын тележурналистің кем-

шілігі!

ВИдЕо ТҮСІРУ БойыНША КЕҢЕСТЕР

Видеопландар!!!

Қозғалыс осы пландардан құралады.

Ірі план (өте жақын) Ірі план (орташа)

Жалпы план (алыстан) Жалпы план

Орташа кеуделік план Орташа тізелік план

Деталь

1. Сюжетіңде түсірілген видео мен айтылатын мәтінің бір бірі‑

нен қиғаш болмауы тиіс. Сенің сюжетіңді көріп отырған құлағы мүкіс

жан есту қабілеті жақсы адаммен қатар отырып, ақпарат алатындай

мүмкіндігі болуы керек. Ия болмаса, қазақ, орыс тілін білмейтін шетелдік

турист сенің арнаңды қосқанда-ақ, сюжеттің не туралы болып жатқанын

түсінуі керек!

Бұл дегеніміз – белгілі бір оқиға туралы сюжет түсіруге барғанда, сол

жақтан жинап қайтқан видеоматериалың, мәтінсіз-ақ, оқиғадан хабар

беретіндей болуы тиіс. Яғни, видеодан құрылған ақпараттық матери-

ал.

Бейнепланды америкалық тележурналистер clip деп атайды. 2-10 clip-

тeн немесе бейнепландардан құралған, іс-қимылды білдіретін толық ви-

деоны sequence деп атайды. Сюжетіңді монтаждайтын кезде, әр clip

немесе бейнеплан 5 секундтан аспауы тиіс.

Бізде операторлардың съемкаға барған жерінен sequence немесе бел-

гілі бір мәселеден хабар беретін бейнепландарды емес, қырық құрау

бейнепландар алып келетін мысалдары өте көптеп кездеседі.

Мәселен, құрылыс алаңына барсаң, әр нәрсені бір түсіріп, мазаң кет-

пей, бір-екі объектіге фокус жасап, солардың істеп жатқан іс-қимылын

көрерменіңе түсінікті ететіндей видео жинауға тырыс. Табиғи апат

болған жерді барып түсірсең де осы әдісті қолдан.

2. Сұхбатты түсіру тәсілдері

а) Сюжетіңнің кейіпкерін, мейлінше іс-қимыл үстінде түсіріп қана қоймай,

синхронды да сол кезде жазып алуға тырыссаң, сюжетіңде қозғалыс

көбірек болады. Ал егер кейіпкерлерің бір адаммен шектелмейтін бол-

са, әр қайсысын әр түрлі позицияда түсіруге тырыс!

ә) Ал кейіпкерің кеңседе отыратын адам болса, онда оны міндетті түрде

сұхбат алудың 5 позициясы бойынша түсір! Бұл кезде міндетті түрде

штативке жүгінесің.

Қазақстандық арналарды қарасаңыз, синхронды жалғаған кезде сұхбат

берушінің көзін, жүзін, қолын, қолындағы қаламын, ия болмаса, түптің

түбінде, қабырғадағы сағатты түсіргенін көресіз. Ал шын мәнінде синх-

ронды бөлу үшін бұлардың ешқайсысының да аса қажеті жоқ.

Монтаждағанда оңай болуы үшін, сұхбаттың 5 позициясын түсіріңіз!

Сіздің операторыңыздың бұл 5 позициядан толық хабары болмауы да

мүмкін. Ал бұл әдіс Батыс арналарында кеңінен қолданылады.

Суреттер!

Бес позиция

Бірінші позиция

Екінші позиция

Үшінші позиция

Төртінші позиция

Бесінші позиция

3. Cұхбат алып отырған кездегі өз сұрағыңызды видеокамераға

жаздырыңыз.

Қазақстандық арналарда сұрақ қойған дауыстың бір шеттен шыққанын

көрермен шала пұла естігенімен, журналистің сұрақ қойғандағы жүзі

көрінбейді. Өйткені, сұрақ арнайы микрофонға жазылмай, тек камераның

микрофонына жазылуы себепті дауыс сапасыз шығады. Ал сұрақ қойған

кезіңізді, кейіпкеріңіздің тыңдап отырған бейнепланын да түсіріп алып,

монтаж кезінде пайдалансаңыз, материалыңыз сәттірек шығады.

4. Сұхбат алып отырған кезіңізде оператордың өз видеокамерасын

журналистің арқа жағына орнатқаны абзал.

Сонда, кейіпкеріңізді белуарына дейінгі позицияда алып, екі көзінің

қимылын аулап, қарама-қарсы тұру мүмкіндігіне ие болады. Бұл

интервьюердің видеокамераға қарап сөйлеуі деген сөз емес. Керісінше,

ол журналиске қарап сөйлейді. Бірақ, журналистің арқасында тұрған

оператор оның жүзіндегі, көзіндегі қимылды аңдып тұрады (суретте 2

позиция).

Қазақстандық арналарда оператордың қосымша пландарды

түсірмегендігі себепті, пландарды үсті-үстіне желімдеуден соң,

сюжетіңде ақ немесе қара жолақтар (скачок) пайда болады. Ия бол-

маса, сол баяғы үлкен планда түсірілген «көз», «қол», «сағаттарды»

сұхбаттың басында айтылған сөз бен соңында айтылған сөзді байла-

ныстыру үшін пайдаланады.

5. Видеоңның ерекшелігі әрі сапалығы.

Сюжеттің шымылдығын ашатын видео мен оны жабатын бейнекадр-

ге аса қатты көңіл бөліну керек. Сюжет басталған кезде телекөрермен

сенің қандай сюжет жасайтыныңды сенің алғашқы бейне clip-теріңнен,

сөзіңнен, интершумнан-ақ көреді. Сюжетіңнің шымылдық ашар видеосы

нашарлау жерде, мәтін көмекке келуі мүмкін. Болмаса, керісінше. Егер

алғашқы видео әсерлі болмаса, көрерменің басқа арнаға ауысып кетуі

мүмкін.

6. Штативсіз түсірген жағдайда, сұхбат алатын кезіңде кейіпкеріңнен

алыс тұрма!

Егер, кейіпкеріңнің киіміне қадап қоятын ілгек-микрофон (петличка)

болмаған кезде, үлкен микрофонмен жұмыс істеуге тура келеді. Сон-

дай кезде, микрофон ұстаған қолыңның кейіпкеріңе мейлінше жақын

болғаны жөн.

Біздің жағдайда, ілгек-микрофоны болмаған съемкалық топта,

журналистің қолы созылып тұрады.

Микрофонды қалай

дұрыс ұстау керек

Микрофонды қалай

ұстамау қажет

7. микрофон ұстау тәсілі: егер, видеокамера оператордың оң иығында

тұрса, микрофоның сенің сол қолыңда тұруы керек. Ал егер оның сол

иығында тұрса, сен микрофонды оң қолыңда ұстауың керек. Керісінше

жағдайда, видео сәтті шықпайды.

8. Жалпы (общий) бейнепланды түсірген де дұрыс. Бірақ, детальдарға

көбірек көңіл бөл! Монтаж жасағанда, жалпы пландардың арасын желім-

деуге деталь өте қажет болады.

9. Видеокамераны объектіге барынша жақын ұстауға тырыс. Жақындату

(Zoom) функциясын пайдаланба!

10. панорама түсіруге аса қызығудың қажеті жоқ. Панораманы

қолданатын жағдайлар болады. Бірақ, қажетті- қажетсіз түсірілген пано-

рама көрерменнің көзін жалықтыруы мүмкін.

11. Оператор видеокамераны түсіретін адаммен деңгейлес ұстауы тиіс.

Алып адамды түсірсеңіз, видеокамера жоғары тұрады, ойнап жүрген

сәбиді түсірсеңіз, камера төмен тұруы тиіс.

12. Объектіні қақ ортадан еш уақытта түсірмеңіз, қырынан түсіріңіз!

13. Stand‑up түсіру

Негізінен, Stand-up-ты Батыс журналистері бір объектіден екінші объек-

тіге өтер кезде, яғни, сюжетінде айтылып жатқан бір мәселеден екіншісі-

не ауысар кезде транзит ретінде пайдаланады. Демек, бағытты өзгерту

үшін керек. Бізде, бұл тәсіл көбінесе, журналистің «айдай жүзін» көрсету

үшін пайдаланылады.

Stand-up-тың әр сөзінде, сөйлемінде ақпарат болсын. Әйтеуір тек

бірнәрсені айту керек екен деп, Stand-up жасаудың қажеті жоқ.

14. оқиға орын алған жерде интершумның да жақсылап

жазылғандығына көз жеткіз.

Яғни, тақырыбыңның табиғи дауысы да жазылуы тиіс. Қоғамдық тамақ

ішетін жерді түсірсең, сенің сюжетіңде міндетті түрде ыдыс-аяқтың

дыбысы болуы керек. Кітапхананы түсірсең, кітаптарды ақтарғандағы

сусылдаған дыбыс болуы тиіс. Бізде әзірше интершумды тек әншілер

жайлы сюжеттер мен көшедегі көліктер туралы материалды түсіргенде

ғана пайдаланады. Онан қалса, ойнап жүрген балалардың шуын ғана

жазып алуы мүмкін!

15.Сюжетіңде дыбыс деңгейі мен мәтіннің деңгейі бір біріне қарайлас

болуы тиіс. Кей арналарда audio-level бірде жоғары, бірде төмен бола-

ды;

16. Кейіпкеріңнен сұхбат аларда жарыққа көңіл бөл. Оны күнге қарсы

тұрғызып, сұхбат алуға болмайды. Бұл әдісті анонимді кейіпкерден

сұхбат алғанда ғана пайдалануға болады. Бірақ, анонимді кейіпкерден

сұхбат алуға машықтанушы болма!

17. Cъемкаға шығып, кейіпкерден сұхбат алатын журналист сұхбаттың

5 позициясын қолданатын жоспары болса, шашын... иә кәдімгі шашын

жинақтап алғаны жөн. Өйткені, оператор кейіпкеріңді сенің сыртқы, арқа

жағыңнан түсірген кезде, шашың жинақы болмаса, көрерменіңнің көзі

кейіпкерден бұрын, сенің шашыңа түседі. Демек, олардың кейіпкерді

дұрыстап көруіне кедергі келтіресің.

мӘТІН мЕН оНы оҚУ ӘдІСТЕРІ

мәтін – телевизияда кадрдің сыртында айтылатын сөздер.

Мәтін жазудағы кеңестер:

1. Мәтін жазардан бұрын, оқиға орын алған жерден түсіріп келген ви-

деомен жақсылап танысып ал.

2. Мәтін мейлінше қысқа, айқын, түсінікті болуы шарт. Сөйлемді

құрмалас етіп емес, қарапайым етіп, құруға тырыс. Өйткені, сенің сюжетің

болып жатқан кезде, көрермен оның видеосына емес, жүре көріп жүріп,

сөзіне ғана назар аударуы мүмкін. Сондықтан, тыңдаушының құлағын

бірден өзің тартып алуың үшін стилің:

а) Күнделікті қолданыстағы тіл болсын!

ә) Әңгіме айтқан, кәдімгі баяндау тілі болсын! Бұл америкалық журна-

лист Чарльз Райстің кеңесі.

3. Кейіпкеріңнің синхронын таңдаған кезде нақты сөйлемін алуға ты-

рыс. Сенің мәтініңдегі сөзіңді оның синхроны қайталамасын. Мәселен,

сен өз мәтініңде «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» десең,

оның әрі қарай, «Ия, Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деп

қайталауының еш қажеті жоқ!

4. Синхронды 15-20 секундтан артық берудің қажеті жоқ. Бізде синх-

ронды 30 секундтан артық беретін арналар әлі де бар.

5. Егер сен алда-жалда кейіпкеріңе еш жоспарсыз, яғни, оның не

айтатындығына алдын- ала есеп жасамай бара қалсаң, нәтижесінде

оның айтқан сөздері сенің сюжетіңе жарамайтын болса, ойланбастан,

оның синхронынан бас тарт! «Ыңғайсыз болды» деп, кейіпкеріңнің

көңілін жықпағандығы себепті ғана алынған синхрон, сюжетіңнің шы-

райын ашпауы да мүмкін. Бірақ, бұл келесі жолы өзіңе сабақ болады.

Сен кейіпкерің үшін емес, көрерменің үшін жұмыс істеп отырғаныңды

ұмытпа!

6. Біреуді қаралап, жамандайтын синхроннан аулақ бол. Егер,

кейіпкерің біреуді қаралайтын болса, сен екінші жаққа да микрофон

ұсыну қажеттігін ұмытпа. Болмаса, сюжетіңдегі тепе-теңдік принципі

бұзылады.

7. Мәтініңнің қағазда немесе компьютер экранында жазылғаны

маңызды емес, маңыздысы—оның кейін қалай естілетіні. Сондықтан,

естілгенде қалай болатынын білу үшін, алдын-ала оқып, дайындалғаның

дұрыс!

8. Оқу стилің байыпты, түсінікті болғаны абзал. Сөйлеміңе динамика

беремін деп қатты оқысаң, көрерменің сені түсінбей қалуы мүмкін.

Әрине, ежіктеп, өте баяу оқудың қажеті жоқ. Бірақ, артыңнан жау қуып

келе жатқандай асығудың да қажеті шамалы. Америкалық журналист

Чарльз Райс журналистерге «Жақын досыңа әңгіме айтып отырғандай

стильді қолдан» деп ақыл береді.

9. Сюжетіңді бір адам түсінбесе, еңбегің еш болды деп ойла. Өйткені,

сенің мақсатың сенің сюжетіңді көріп отырған барлық адамға ақпаратты

жеткізу емес пе?

10. Сюжет жасағанда, детальдерге көбірек көңіл бөл. Жұрт көретіндей

емес, жұрт бір қарағанда аңдамайтындай нәрсені сенің аңдауың тиіс!

11. Сөйлем құрағанда әр сөйлемің екінші сөйлеміңді толықтырып

тұруына назар аудар. Мәселен, «Қазақстанда жұмыссыздық артып

келеді» деген сөйлемің сол қалпында аяқталып қалмауы тиіс. Ол

қандай көрсеткішпен салыстырғанда артып келеді? Соңғы жылмен

салыстырғанда ма, жоқ соңғы бес жылмен салыстырғанда ма? Бұл

тенденция қалай байқалуда?Ол ақпаратқа қалай қол жеткіздің? Міне, бұл

сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Көрермен сенің жалаң «жұмыссыздық

артып келеді» деген сөйлеміңнен ақпарат ала алмайды.

Графика

Сюжетіңнің графикалық кескіндемесі болуына көңіл бөл. Графикалық

кескіндеме материалды әрлеп қана қоймай, көрерменнің сюжет

тақырыбын дұрыстап түсінуіне мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстаннан

Қытайға бағытталған мұнай құбыры туралы сюжет жасайтын болсаң,

оның ұзындығын көрсету үшін архивтен алынған бейнекадрлерді

пайдалағаннан гөрі, графикалық кескіндеме біраз ақпарат береді. Ия

болмаса, «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деген сөйлемді

былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырар кезде бейнепланыңда

көшедегі жүріп бара жатқан адамдарды көрсеткеннің орнына, ақпаратты

графикалық кескіндеме арқылы берсең, сюжетің ұтымды шығады.

Түйін

Сюжетіңнің қалай болатыны өзіңе, өзіңнің жоспарлауыңа байланысты.

Сюжетіңнің нашар шыққаны үшін операторды немесе режиссерді

кінәлаудың қажеті жоқ.

продюсеріңе тақырып ұсынарда, оның сенің тақырыбыңды

таңдауы үшін, сюжет туралы жоспарың да өте анық болуы керек.

продюсер сенің клиентің. Ал сюжет сенің тауарың. Сюжетті сен

кәдімгідей клиентке ұсынасың. Бірақ, клиентіңнің алдында

сенікінен де өзге тауарлардың жатқандығын ұмытпа! ол сенің

тауарыңды таңдауы үшін...

«мен мынадай сюжет жасайын деп едім» деп айту жеткіліксіз.

‑ Кімді түсірем?

‑ Кейіпкерлерім маған қандай синхрон береді?

‑ Бейнепландар қалай болмақ?

‑ Сюжетіме бір жерден ғана түсірген бейнеплан жеткілікті болады

ма, жоқ әлде қосымша тағы бір объектілерді түсіру керек пе?

‑ Сюжетімде графикалық қосалқы материалдар болады ма?

‑ Сюжетімнің интершумы не болмақ?

‑ Сюжет түсіруге қанша уақыт кетеді?

Түптің түбінде Сюжетімде қандай мәселені ашамын?

деген сауалдарға ең алдымен өзің жауап беруің керек!

Сюжетіңнің өзіндік бір дәлдейтін нысанасы болуы тиіс. мәселені

жан‑жақты көрсетемін деп, шашылып қалғаннан гөрі, бір мәселеге

ғана фокус жаса!

Жаңалықтар қызметінде уақыт өте тығыз болуы себепті түсіретін

объектіні алдымен барып көріп келуге мүмкіндігің болмауы

мүмкін. Бірақ, бағдарламаларға сюжет жасар кезде түсіретін

объектіңді алдын ала барып, көріп келуге тырыс. Өйткені, саған

видеоматериал қажет. Қанша дегенмен, сен тележурналист емессің

бе?

олай болса, іске сәт!

ҚАЗАҚ ТЕЛЕРЕпоРТАЖы: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

(кешесі жазылмаған)

Айбар Олжаев

КІРІСпЕ оРНыНА ҚыЗыҚ дИАЛоГ

- Тележурналистикаға не үшін келдің?

- Халық пен билік арасына көпір орнатқым келеді, аға!

- Құрылысшылар жәй көпір салу үшін қанша тонна цемент, қанша

арматура керек екенін біледі. Сен айтқан көпірді тұрғызу үшін не

керек?

-?

Бұл өте заңды үнсіздік. Үлкен идеалдардың материяға айналатын

механизмдерін жас буын қайдан біледі? Тек ол үнсіздік ары кетсе жарты

жылдан аспау керек. Сонда ғана заңды. Асса, қазақ журналистикасының

қасіреттерінен құралған шырмау торға тағы бір шала тілші ілінбек.

РЕпоРТАЖдыҢ ЦЕмЕНТІ мЕН АРмАТУРАЛАРы

Сонымен жас досым, екеуміз бір нәрсені анықтадық. Сен алдыңа “ертең

тележурналист боламын” деген үлкен мақсат қойдың. Енді алдағы

жылдарың осы мақсатты іске асыруға арналатын болады. Бүгін сен

бізбен бірге тележурналистикадағы жанрлардың “королі” - репортаж

әлемін аралап қайтасың.

Репортаждың да өзіне тән құрылыс материалдары бар. Технологиялық

жағынан репортаж: подводка, ЗКТ, синхрон, шумовой, стенд‑ап, от‑

водка сынды бөлшектерден құралады. Терминдерді әдейі аудармасыз

бердік.

подводка (кіріспе)

Әдетте сен теледидар қосып жаңалықтарды көргенде репортаждың бір-

ден басталып кетпейтінін байқаған шығарсың. Тілшінің дауысы шықпас

бұрын студиядағы диктор алдағы репортаждың түп-төркінін баяндап

береді. Көбіне баяндамасы 3-4 сөйлемнен аспайды. Диктордың осы

сөздері “подводка” деп аталады. Тілші емес диктор оқыса да, подводка

- репортаждың айрылмас бөлігі. Оны тілші, яғни, жақын болашақта өзің

жазатын боласың.

Мысал: (студиядағы диктор) “Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов

қаланың алдағы қысқа деген дайындығын тексерді. Тексеру барысында

қала әкімі екі жылу қазандығын аралап көріп, тиісті департамент бас-

шыларына дайындықты қарашаның онына дейін аяқтауды тапсырды.

Толығырақ Тісқаққан Жазғышбековтың репортажында”.

ЗКТ

Қазақстанның ең ірі, мемлекеттік телеарнасында тілші болып


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: