Кіріспе. Костюм – бұл уақыт және халық туралы деректерге бай қайнар көз

Костюм – бұл уақыт және халық туралы деректерге бай қайнар көз. Ол халық тұратын табиғи жағдайларды, олардың тарихи өмірін, дінін, этникалық шығу тамырын, өмір сүруін, әлеуметтік-экономикалық қалыптасуын, ғылыми-техникалық дамуын және халықтың өміріне тиісті басқа да көптеген факторларды сипаттайды.

Негізінен әрбір халықтың костюмі киімнен, бас киімнен, аяқ киімнен, әшекейлерден, қосымшалардан, прическа мен макияждан тұрады. Киім өз кезегінде жоғарғы және төмен, иықты және белдікті болып бөлінеді. Бір кезең қиығындағы тарихи костюм жынысы, жасы және әлеуметтік жағдайы, бұйымның тағайындалуы бойынша айрықшаланады.

Костюм қорғаныстық, магиялық, биостимуляциялық, белгілік, эротикалық, эстетикалық және коммуникативтік қызметтерді атқарған.

Атқаратын қызметтерінен бөлек костюмнің барлық бөлшектері белгілі бір қабаттылыққа, формаға, тепе-теңдікке ие болған, сәйкес материалдан (талшықты құрамы, құрылысы, фактурасы, түсі және өрнегі) жасалынған және нақты әрлеуге ие болған.

Көптеген ұлы адамдар әдеміліктің құпиясы мен заңдары, ғажайып табиғат туралы өздерінің көптеген пікірлерін халыққа жеткізген. Атап айтқанда, Бодлер: әдемілік екі элементтен тұрады: біреуі – мәңгі және өзгермес, нақты анықтамаға келмейтін, ал екіншісі – салыстырмалы және уақытша, қазіргі эпоха беретін – сән, талғам, моральға сәйкес реттелетін элементтер деп жазған. «Мәңгі және өзгермес» әдеміліктің, сұлулықтың нақтышарттары симметрия; гармония – көп бейнеліктегі бірлік; барлық сызықтар мен тепе-теңдіктердің өзара сәйкестігі; аяқталған толық бейне; өмір сезімі болған және болып қалады.

«Костюм және сән тарихы» пәні бойынша мақсаты белгілі бір уақытта өмір сүрген халықтың және қоғамдық топ костюмінің форма қалыптасуына әсер ететін факторларды, құрамдық бөлшектерді, костюм жасауға қолданылған композициялық құралдарды үйрену болып табылады.

Костюм бойынша мәліметтерді арнайы әдебиеттерден, мұражайлы образдардан, көркем өнер материалдарынан, интернет, СМИ және т.б. мәліметтерінен алуға болады.

Лекция. Ежелгі Египет костюмі

1. Қысқаша тарихи анықтама.

2. Көркем стиль сипаттамасы.

3. Қолданылатын маталар сипаттамасы.

4. Ежелгі патшалықтағы костюм сипаттамасы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: