Астана - 2015

Сынып

Мазмұны
1. Дағдылар тізімі.......................................................................................................................2
2. Кіріспе.....................................................................................................................................2
3. 7-сыныпқа арналған ішкі жиынтық бағалау жұмыстарына шолу.....................................4
3.1 Тоқсандар бойынша ішкі жиынтық бағалаудың өткізілу реті........................................4
4. 4-тоқсан...................................................................................................................................4
4.1 4- тоқсан бойынша тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі......................................6
5.Қосымша құралдар................................................................................................................11
6. Әкімдік ету ережелері..........................................................................................................11
7. Модерация және балдарды қою.........................................................................................12

1 Дағдылар тізімі

1 дағдылар тобы Сипаттамалары
Білу Сынып және пәнге, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес нақты деректерді, ақпарат пен сипаттауларды білу және еске түсіру
Түсіну Сынып және пәнге, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес ақпаратты дұрыс айту, болжауы немесе түсіндіре білуі
2 дағдылар тобы Сипаттамалары
Қолдану Сынып және пәнге, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес бұрын алған білімді және ақпаратты жаңа немесе таныс емес жағдай мен контексте қолдана алуы
Сын тұрғысынан ойлау Сынып және пән, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес ақпараттар мен идеялардың сенімділігі (валидтілігі) және маңыздылығы туралы шешім қабылдау білігін көрсетуі
Анализ Сынып және пән, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес ақпаратты және/немесе нәтижені жинақтау және материалды бөліктерге бөлу, және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білуі, оларды интерпретациялау білігін көрсетуі
Синтез Сынып және пән, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес бұрынғы алған білімдерінің әртүрлі бөліктерін жаңа жағдайларда (контексте) құрастыра білу білігін көрсетуі
Бағалау Сынып және пән, оқу бағдарламасындағы сипаттамасына сәйкес белгілі бір критерийлер аясында идеялар мен материалдардың құндылығы туралы шешім қабылдауы

2. Кіріспе

Мақсаты: ішкі жиынтық бағалау оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқушының меңгерген білімі, түсінуі және дағдыларының қалыптасқанын анықтайтын, растайтын дәлелдемелерді жинауға бағытталады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқытылатын кіріктірілген бағдарламаға сәйкес (Нұсқа:5 – Маусым, 2014) Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты - қазақстандық қауымдастықтың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі (2 млн. жыл бұрын - XXI ғ.) аралықтағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық сфераларының негізгі даму кезеңдерін оқытып, көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру.

Сонымен қатар, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған моральдық – адами құндылықтарын меңгеруге ұмтылысын тәрбиелеу, зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту: гипотезалар ұсыну, зерттеу үшін сұрақтар құрастыру, өз ойын жеткізу, қорытындылар мен ой-түйіндер жасау.

3 7-сыныпқа арналған ішкі жиынтық бағалау жұмыстарына шолу

Тест спецификациясы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәні бойынша 7 сыныпқа арналған ішкі жиынтық бағалауды сипаттайды. Қазақстан тарихы пәні келесі дағдылар тобы бойынша бағаланады:

Дағдылар тобы Дағдылар тобы
 
  • Білу
  • Түсіну
 
  • Қолдану
  • Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу
  • Анализ (талдау)
  • Синтез (жинақтау)
  • Бағалау

7 сыныптың оқу жоспарында білім алу мен оларды қолдану тоқсандар арасалмағында баланс жақсы сақталған. Оқу бағдарламасына енгізілген дағдыларды дамытуды қамту үшін және НЗМ ұстанымдарында негізгі болып саналатын, 2 топтың - қолдану, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу, анализ, синтез, бағалау дағдылары жыл бойы дамытылады. Бұл келесі бетте барлық тоқсандардағы балдардың пайыздық үлес салмағымен көрсетілген.

Қазақстан тарихы пәнінен практикалық дағдылар элементтері оқу жоспарында берілгендей, 2- дағдылар тобына кіреді. Бұл бағалау оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыстарына негізделіп жасалады.

Сізге бағалауға дайындаған сұрақ тапсырмаларыңызды спецификациямен сәйкестендіру үшін ой орамдылығы қажет болады

3.1 Тоқсандар бойынша ішкі жиынтық бағалаудың өткізілу реті

Берілген тест спецификациясында дағдыларды топтары бойынша әр тоқсанға бөлу ұсынылады. Берілген ақпаратты нұсқаулық ретінде қарастырып, сұрақтардың ұсынылған тест спецификациясына сәйкес келуі үшін біршама орамдылық таныту қажет. Ұсынылған балдарды бөлу схемасы сонымен бірге дағдылар тобын да қамтиды. Мұндағы балдарды бөлу пән және оқу деңгейі бойынша дағдыларды бағалауға оңтайлырақ тапсырмаларды қамтуға негізделген.

ІЖБ тоқсандар бойынша өткізу реті

Тоқсан 1-дағдылар тобы 2-дағдылар тобы Жалпы балл
       
       
       
       

4. 4 -тоқсан

Тесттің орындалу уақыты: 80 минут

Жиынтық балл: 36

4-тоқсан, Бөлімнің тақырыбы 1-дағдылар тобы 2-дағдылар тобы Дағдылар тобы
7.4A Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.(2 сағат)   - · Білу · Түсіну · · Қолдану · Синтез Бағалау
7.4B Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.(11 сағат)    
7.4C XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет.(4 сағат)    
Жалпы балл      

7 сыныпта Қазақстан тарихынан берілетін тапсырмалардың типі:

· Оқушыларға 4-тоқсанда өткен тақырыптардың барлығына қатысты міндетті түрде жауап беруді талап ететін сұрақтар ұсынылады. Әрбір сұрақ 1 балмен бағаланады. Жұмыста 12 жабық сұрақ - оқушы көп жауап нұсқаларынан таңдау жасауы керек (мысалы, тест тапсырмалары). Тест тапсырмаларының 2 түрі ұсынылады.

· Қысқа жауап беруді талап ететін ашық түрдегі сұрақ: екінші тапсырмада оқушылар контурлы картадағы ұяшыққа жазады және әскер бағытын белгілейді. Әрбір дұрыс жауапқа – 2 балл.

· Құрылымдық сұрақтары бар тапсырма. Оқушы толық жауап беруді талап ететін тапсырмалар орындайды. Оқушылар берілген дерек көзі бойынша шағын мәтіннен ой түйіп, тапсырма жауаптарын және қорытынды ой түйін жазады. Әрбір дұрыс жауапқа –2 балл.

· Оқушы толық жауап беруді талап ететін тапсырма ой толғау жазады.

· Аргументтер мен дәлелдер келтіріп, XVI – XVII ғғ.қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін көрсететін 50- 80 сөзден құралатын эссе (ой толғау) жазады. Эссе критерийлеріне сай әрбір дұрыс жауапқа балл саны – 1 балл.

Әдетте бағалауға тиісті дағдылар тобы нақты көрсетіледі. Реттілікті сақтау үшін егер тапсырмада оқушыға жан-жақты жауап беруге мүмкіндік болатын болса, ол дағдылардың 2-тобына жатқызылуы тиіс.

4-тоқсан бойынша балдарды орналастыру бойынша ұсыным

Оқу жоспарының бөлімі көп жауап нұсқаларынан таңдау жасау тапсырмалары бір жауап беруді талап ететін ашық түрдегі сұрақтар Құрылымдық сұрағы бар тапсырма Толық жауап беруді талап ететін тапсырмалар жалпы балл
7.4A Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.(2 сағат)   - - -  
7.4B Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.(11 сағат)          
7.4C XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет.(4 сағат)   - -    
Барлығы          

Бағалау сипаттамасы

Білу және түсіну
Оқушыларға 4-тоқсанда өткен тақырыптардың барлығына қатысты екі тапсырмада міндетті түрде жауап беруді талап ететін 12 сұрақ ұсынылады. Әрбір сұрақ 1 балмен бағаланады. Жұмыста 12 сұраққа көп жауап нұсқаларынан таңдау жасайды (тест тапсырмалары)
Қолдану
Оқушылар бір жауап беруді талап ететін ашық түрдегі сұрақтарды (кескін картаға салу) орындайды. Берілген сұрақтар саны - 4. Картамен жұмыс жасау барысында оқушылар Орбұлақ шайқасы барысындағы Салқам Жәңгір, Жалаңтөс батыр және жоңғар қонтайшысы бастаған әскерлердің орнын белгілейді және іс-әрекеттерін сипаттап жазады. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. (Барлығы - 8 балл).
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу
Оқушылар тапсырманың бірінші бөлігінде берілген дерек көздерінен алынған шағын мәтіндер бойынша сыни ойлау арқылы қысқа жауаптарды тауып жазады. Жеті жарғы заңдары бойынша сұрақтарға жауап беріп талдау мен синтезді жүзеге асырады. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. (Барлығы - 8 балл).
Коммуникация және рефлексия
Оқушы толық жауап беруді талап ететін тапсырмалар орындайды. Аргументтер мен дәлелдер келтіріп, XVI – XVII ғғ.қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін көрсетеді. Эссе критерийлеріне сай әрбір дұрыс жауапқа балл саны – 1 балл. (Барлығы - 8 балл).

4-тоқсан бойынша әртүрлі тапсырмаларды орналастыру бойынша ұсыным

Дағдылар Тапсырма типі Балдарды бөлу Жалпы балы
Білу мен түсіну көп жауап нұсқаларынан таңдау жасау тапсырмалары/ жабық сұрақтар (мысалы, иә не жоқ жауаптары бар тест және сәйкестендіру тест тапсырмалары) Жұмыста әрбір дұрыс жауабы 1 балл болатын 12 жабық сұрақ  
Қолдану бір жауап беруді талап ететін ашық түрдегі сұрақтар (кескін картамен жұмыс) орындайды. Әрбір дұрыс жауапқа – 2 балл.  
Сын тұрғыдан ойлау, анализ, синтез, бағалау 1.Құрылымдық сұрақтары бар тапсырма. Әрбір критерийге сәйкес дұрыс жауапқа – 2 балл.  
2. Толық жауап беруді талап ететін тапсырма Әрбір критерийге сәйкес дұрыс жауапқа – 1 балл.  
Барлық балл  

4.1 4 - тоқсан бойынша тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі


I.Білу мен түсіну. Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз. Тест тапсырмасының әрбір дұрыс жауабы 1 балл (Барлығы 8 балл)

1. Қазақ хандығының алғашқы хандары болған кімдер?

А) Жәнібек, Қасым

В) Жәңгір, Хақназар

С) Керей, Жәнібек

Д) Есім, Тәуекел

2. Қазақ хандығының құрылған мерзімі:

А) XІV ғасырдың 60-жылдары

В) XV ғасырдың 60-жылдары

С) XVІ ғасырдың 60-жылдары

Д) XVІІ ғасырдың 60-жылдары

3. Қазақ хандығы құрылған кезеңде қазақ халқының негізін құраған рулар:

А) қыпшақ, үйсін, қоңырат, арғын, найман

В) түрік, түргеш, қарлұқ, найман, керей

С) үйсін, түрік, қарлұқ, қимақ, арғын

Д) маңғыт, қимақ, түргеш, үйсін, қыпшақ

4. Қазақ хандығын нығайтып, жер аумағын қазіргі көлеміне дейін ұлғайтқан, жазба деректерге қарағанда, қарамағындағы халық санын 1 миллионнан асырған айбынды хан:

А) Салқам Жәңгір хан

В) Қасым хан

С) Хақназар хан

Д) Тәуекел хан

5. Неліктен А.И.Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады?

А) Ерекше қолбасшылық қасиетін жоғары бағалағандықтан

В) Жер аумағын, халықтың санын көбейткені үшін

С) Заң шығарып, басқаруды орталықтандырғаны үшін

Д) Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсартқаны үшін

6. Орбұлақ шайқасы болған жыл

А) 1465 ж.

В) 1543 ж.

С) 1552 ж.

Д) 1627 ж.

7.Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

А) Сұлтандарға

В) Билерге

С) Ақсақалдарға

Д) Батырларға

8. Қазақ хандығының құрылуы, хандары туралы құнды деректер беретін «Тарихи -Рашиди» еңбегінің авторы кім?

А) Қ.Жалайыри

В) У.Кухистани

С) Өтеміс қажы

Д) М.Х.Дулати

Білу мен түсіну. Термин мен анықтамасын сәйкестендіріңіз. Тест тапсырмасының әрбір дұрыс жауабы 1 балл (Барлығы 4 балл)

термин анықтамасы
  Бәйге А Киіз үйдің ағаштан жасалған қабырғасы. Тор көзді түрінде уық байлайтын 20 бас, жел көзді түрінде 17 бас болады. Оның санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасында оның саны 30-ға дейін жеткен
  Көкпар Ә Киіз үй төбесінде, дөңгелек ішінде қоршалана аяқталған конструктивті элемент. Күмбездің бүйір элементтерін - уықтарын ұстап тұруы үшін, ойықтан күн жарығының сәулесі пайда болуы үшін және ошақ түтіннің сыртқа шығуына орай арналады.
  Шаңырақ Б Қазақ халқының ұлттық ат спорт ойындарының көп тараған түрі. Ол ертеректе өте алыс қашықтыққа өткізілетін болған. Қазіргі уақытта жарыс ережесі бойынша 25 шақырымдық қашықтықта дейін өткізіледі. Жарысқа 7 мен 14 жас аралығындағы шабандоз балалар қатысады. Кімнің аты озып келсе, сол жеңімпаз болады.
  Кереге В Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Ол жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын сайыс.

II. Қолдану (қысқа жауап беруді талап ететін ашық түрдегі сұрақтар).

Төменде берілген картадағы ұяшықтарға Орбұлақ шайқасы барысындағы Салқам Жәңгір, Жалаңтөс батыр және жоңғар қонтайшысы бастаған әскерлердің орнын белгіңіз және іс-әрекеттерін сипаттап жазыңыз. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. (Барлығы - 8 балл).

3_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1______________________________________________________________________________________________________________________________
2___________________________________________________________________________________________________________________________
Орбұлақ

4. Шайқас қандай нәтижемен аяқталды? _____________________________________________________________________________________________________________________________________________


III. Сыни тұрғыдан ойлау. «Жеті жарғы» заңдар жинағынан берілген үзінді мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап жазыңыз. Оның маңыздылығы туралы қорытынды ой түйін жасаңыз. (Барлығы - 8 балл). «Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу. (ер кісі үшін -1000 қой, әйел үшін - 500 қой). Денеге зақым келтірілсе соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ -20 қой). Сұлтанды (төре) немесе қожаны өлтірген адам өлтірілген адамның туыстарына 7 адамның құнын төлейді».

  2) Осы үзіндіден байқалатын екі әлеуметтік теңсіздікті атаңыз: 1.______________________________________________________________________________________________________________________2.______________________________________________________________________________________ (2балл) 3) Неліктен сұлтан мен қожаның құны басқалардан артық бағаланған? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(2балл)
4) Жеті жарғы» заңдарының маңыздылығы: ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (2балл)

(барлығы 8 балл)

IV. Коммуникация және рефлексия. (толық жауап беруді қажет ететін тапсырма). Неге Ақтамберді жырау «жылқыдан асқан мал бар ма?...» деп жырлады деген тақырыпқа 50- 80 сөзден құралатын эссе жазыңыз. Екіден кем емес аргументтер мен дәлелдер келтіріп, қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін бағалаңыз (8 балл).

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(барлығы 8 балл)

Балл қою кестесі

Дағды Сұрақ Жауап Балл Қосымша мәліметтер  
Білу мен түсіну 1.1 С      
1.2 В      
1.3 А      
1.4 В      
1.5 С      
1.6 В      
1.7 В      
1.8 Д      
  1.9 Б   Әріп пен санды сәйкестендіру  
  1.10 В   Әріп пен санды сәйкестендіру  
  1.11 Ә   Әріп пен санды сәйкестендіру  
  1.12 А   Әріп пен санды сәйкестендіру  
Барлығы балл – 12 балл  
Қолдану 2.1 Салқам Жәңгірдің 600 адамнан тұратын әскері, тау шатқалының екі жағында орналасты.саны аз болса да, жауды өткізбеді   Егер әскердің орналасуын көрсетіп, бағытын жазбаса немесе керісінше бағытын дұрыс көрсетіп, әскердің орналасуын дұрыс жазбаса, бір балл шегеруге болады.  
2.2 Жалаңтөс батырдың 20000 әскері жоңғарлардың ту сыртынан соққы берді, жоңғарларды екі жақтан қыспаққа алуға жәрдем етті    
2.3 Жоңғар әскері 50000 адаммен қазақ жеріне оңтүстік- шығыстан басып кірмек болды, қыспаққа түсіп шегінді    
2.4 Шайқас қазақ әскерінің жеңісімен аяқталды. Жоңғарлар көп әскерінен айрылып кері шегінді.    
Барлығы балл – 8 балл  
Сын тұрғысынан ойлау (Синтез Талдау) 3.1 басты жаңалығы - қанға қан кек алу дәстүрін құн төлеумен алмастыру      
3.1 нақты цифрларды көрсетеді (500, 1000 қой)      
3.1 ақсүйек үстем тап өкілдері мен қара халық арасындағы теңсіздік      
3.2 еркек пен әйел арасындағы теңсіздік      
3.3 билік басындағылардың және дінбасылардың мүддесін қорғау үшін      
3.4 Жеті жарғының маңыздылығы туралы қорытынды ой жазған. Мәселеге деректерді жинақтап дәлелді жүйелі жауап жазған.   Бірнеше жауап түрі болуы мүмкін. Негізгісі оқушы бірнеше дерек көзінен алған мәліметтерді салыстыра отырып бір немесе бірнеше ой түйін жасай алуы. Ықтимал жауап: Жеті жарғының маңыздылығы: қанды кек қайтару дәстүріне шек қойып, адам өмірін сақтауға ықпал етуі. Оны құн төлеумен алмастыруы. Отбасы тәрбиесі, ата ананы сыйлау дәстүрін сақтау, билікке қарсы шықпау, билікті орталықтандыру.  
Барлығы балл – 8 балл  
Коммуникация және рефлексия 4.1 Эссе құрылымы сақталған      
4.2 Мәселе туралы білгенін жүйелі жазған    
4.3 нақты аргументтері бар    
   
4.4 нақты екіден кем емес дәлелдері бар    
4.5 дәстүрлі шаруашылықтың маңызын ашып көрсеткен    
4.6 Қорытынды ой, өзіндік пікір жазып, маңыздылығын бағалаған    
  Барлығы 8 балл  
Барлығы балл – 36 балл  

5. Қосымша құралдар

Қалам, өшіргіш пайдалануға рұқсат етіледі.

әрбір сынақ жұмысына контурлық карта беті қоса беріледі

қазақ тілі ана тілі емес (L2) сыныптарда сөздік

6. Әкімдік ету ережесі

Бағалау материалдардың қауіпсіздік шаралары мен ішкі жиынтық бағалауды өткізу тәртібін қатаң түрде сақтай отырып және бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек.

Кабинеттегі оқушыларға көмек болатындай барлық анықтамалық құралдарды жауып қойыңыз.

ІЖБ тапсырамаларын оқушылардың өздері орындап жатқандарына көз жеткізіп, бақылап отырыңыз.

ІЖБ тапсырудың тәртібіне сай тыйым етілген заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.

Тестің аяқталуына 5 минут қалғанын хабарлаңыз.

Тақтада тапсырманы орындауға берілген уақыт мөлшері жазылуы тиіс

7. Модерация және балдарды қою

Ішкі жиынтық бағалауда модерациялау процесінде белгіленген балл қою кестесінің бірдей нұсқасын пайдаланады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: