Свиток Maps

Бұл орамның түрі жолдарында баптаудың үш элементі бар тізім сияқты:

· (таңдалынған немесе болашақ) текстуралық картаны материалдың көрсетілген компонентіне қолдану режімін қосатын жалауша;

· картаның (процентпен) материалдың ағымдағы компонентіне әсер ету дәрежесін көрсететін өріс;

· келесі екі функцияны атқаратын батырма:

- бұл батырма None деп аталған кезде, берілген компонентке бар картаның онда жоқ болған жағдайында қосуға арналған картаны таңдау;

- аты мен типі осы батырмада көрсетілген бар картаның параметрлер орамына өту.

Стандартты материалда текстуралық картаны қосуға болатын компоненттер саны реңделген бояудың әдісін таңдауға тәуелді. Мысалы, кең тараған екі әдіс үшін: Blinn (По Блинну) және Phong (По Фонгу) карталарын Maps орамында саналған материалдың 12 компонентіне қосуға болады:

· Ambient Color (Цвет подсветки) — карта бейнесін материалмен көркемделген дененің бетіне проекцияланған қосылған карта бейнесінің түстерінің таңдалынған жарықтандыру түсімен араластыру; проекция терезелерінде картаның бұл әсері кескінделмейді;

· Diffuse Color (Цвет диффузного рассеивания) — карта бейнесінің түсінің берілген жарықтандыру түсімен араласуы; проекция терезелерінде материалдың оның карта бейнесімен алмасқан осы компонентіне картаның толық әсері барлық уақытта кескінделеді;

· Specular Color (Цвет зеркального отражения) — карта бейнесі түстерінің айналық шағылысудың таңдалынған түсімен араласуы; проекция терезелерінде картаның әсері бейнеленбейді;

· Specular Level (Сила блеска) — материалдағы жарық дағының ашықтығын карта бейнесі көмегімен басқару (берілген бейненің пикселі ашықырақ болған сайын жарық дағы аймағындағы көркемделген дене бетінің сәйкес үзіндісінің шағылысуның қарқындылығы соғұрлым жоғары болады); проекция терезелерінде картаның әсері бейнеленбейді;

· Glossiness (Глянцевитость) — материал бетінің жарық дағы аймағындағы айналық деңгейін карта бейнесін қолданып басқару (берілген бейненің пикселі жарықырақ болған сайын жарық дағы аймағындағы көркемделген дене бетінің сәйкес үзіндісі соғұрлым айнадай болады); проекция терезелерінде картаның әсері бейнеленбейді;

· Self-Illumination (Самосвечение) — карта бейнесі түстерінің таңдалынған өзін-өзі жарықтандыру түсімен араласуы; проекция терезелерінде картаның әсері бейнеленбейді;

· Opacity (Непрозрачность) — материал мөлдірлігін (прозрачностью) оның тұнық еместігінің берілген деңгейін пикселдердің ашықтығына тәуелді карта бейнесі пикселдерінің тұнық еместігінің есептік деңгейлерімен араластыру жолымен басқару (карта бейнесінің пикселі күңгірт болған сайын материалмен көркемделген дене бетінің сәйкес пикселі мөлдір болады); проекция терезелерінде картаның нақты әсері бейнеленеді;

· Filter Color (Цвет отфильтрованного света) — карта бейнесінің түстерімен көркемделген мөлдір денеден тесе өткен жарық сәулелерінің берілген сүзілу түсімен араласуы; проекция терезелерінде картаның әсері кескінделмейді;

· Bump (Рельефность) — беттің рельефін карта бейнесінің контрасты телімдерінің шекарасы боймен елестету; проекция терезелерінде картаның әсері кескінделмейді;

· Reflection (Отражение) — айналық материалдың бетіне қоршаған объектілердің шағылысуын елестету, ол үшін келесі төрт типтегі текстуралық карта қолданылуы мүмкін: Bitmap (Растровая), Reflect/Refract (Отра­жение/Преломление), Raytrace (Трассируемая) және Flat Mirror (Плоское зер­кало);

· Refraction (Преломление) — жарық сәулесінің мөлдір материалдан сынуын елестету, ол үшін келесі үш типтегі карта қолданылады: Bitmap, Reflect/Refract және Raytrace;

· Displacement (Смещение) — деформация шамасының текстуралық карта бейнесінің пикселдерінің ашықтығына пропорциональ болғандағы өзінде кәдімгі тордың немесе политордың құрылымы бар көркемделген дененің деформациясын елестету; проекция терезелерінде картаның әсері кескінделмейді.

ЕСКЕРТУ. 3ds Max 9-да Displacement картасы бар материалды NURBS-бетті беретін денеге қолдануға болмайтынын тексеру көрсетті. Осындай денелермен сахнаны көрсетушіліктеуде программа өз жұмысын апатпен аяқтады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: