Тапсырма № 1. Бөлім:Көркем еңбек (ұлттық киім – 8 сағат)

Бөлім:Көркем еңбек (ұлттық киім – 8 сағат).

Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдер туралы мәлімет. Ұлттық киімдердің тігілуі, қолданылуы, қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық- гигиеналық талаптарды орындау.

Жұмыста қолданылатын тәсілдер. Өлшеу, пішу, қию, тігу, желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қалапақ, сәнделген тақия, шапан, тұмақ, сәукеле, кимешек, көйлек, етік, мәсі-кебіс, шалбар, тон.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісі.

Рет саны Тараулары мен тақырыптары Тақырыптың мазмұны Сағат саны Уақыты Сабақтың түрі Сабақтың әдістері Пәнаралық байланыс Көрнекілік Машықтық жұмыс Құралдар
  Тоқсан                

Тексеру сұрақтары.

  1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не?
  2. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы мен оның мазмұны, қандай белгілерімен ерекшелінеді?
  3. Күнтізбелік жоспарды құру, қандай құжаттар негізінде орындалады?
  4. Күнтізбелік жоспардың қызметі қандай?
  5. Күнтізбелік жоспардағы оқу материалының көлемі қандай?
  6. Дидактикалық тапсырмалар мен қолданылатын құралдардың мазмұны, қандай мөлшерде көрсетіледі?
  7. Күнтізбелік жоспардың ішіндегі бөлім мен сабақ тақырыптарының жазылу себебі неде?
  8. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардан кейін кезектегі оқу - әдістемелік құжат не болып табылады?

Ұсынылатын әдебиет.

  1. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. - Алматы, 2003 ж.
  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.

5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005 ж.

  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.
  2. Конышева Н. М. Методика трудового обучения младших школьников. -М., 1988ж.
  3. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). -Алматы,2002 ж.
  4. Хворостов А. С. Декоративно – прикладная искусства в школе. –М.,1995 ж.
  5. .Сатканов О. С. Методика трудового обучения в начальных классах. -Алматы, 1995 ж.

Лабораториялық жұмыс №3

Тақырыбы: оқушыны қағаздан (картоннан) жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.

Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 1 сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.

Предметі: оқушылардың қағазбен жұмыс орындауға материал түрлерімен таныстыра, олардың білімін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың қағазбен жұмыс орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнын қарастыру;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді құралдарды негіздей іріктеу;

- сабақ жоспар жобасының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау және дайындау;

- орындалған сабақ жоспарының жобасын тәжірибеде тексеру;

- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептегі еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 1 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу құралдары, оқу - әдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер: технологиялық карта; сызба құралдары; құралдар, материал: қағаз, картон, желім және т.б.; қажетті техникалық аспаптар.

Жұмысты орындауға нұсқау.

1 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімін нығайтатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының білімін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту түрін, формаларын, құралдарын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдауға мүмкіндігі бар;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесстерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдарының, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптерге қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: