Тапсырма №2

Тақырып: Жазық бетті бір көлемді бұйым пішінін жасау(1 сағат).

(Қағазды бүгу арқылы тышқан бейнесін жасау).

Тік бұрышты қағазды алып ұзын бойымен өз ара бірдей етіп төрт бөлігін белгілейміз. Белгілеген сызықтарды бүгіп іргелес жатқан екі үйдің шатыры сияқты көлемді бейне алынады. Екі шет жағын көлбеулеп сыртқа қарай бүгеміз. Қағаздың пішіні трапеция тәрізді болады. Пайда болған дененің бір жағына тышқанның құлағын шығару үшін бүгілген бөлікті ішке қарай қайырып бүгеміз. Қара түсті қағазбен тышқанның көзі мен құйрығын жасаймыз.

Тексеру сұрақтары.

  1. Сабақ жоспары дегеніміз не?
  2. Сабақ жоспарының қызметі қандай?
  3. Сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұны қандай?
  4. Сабақтың мақсаты дегеніміз не?
  5. Оқытудың технологиясы және оқытудың әдістемесі дегеніміз не?
  6. Оқушының оқу материалын меңгертуге, қанша уақыт белгіленеді?
  7. Еңбекке баулу сабағы, қандай нұсқаулардан тұрады?
  8. Сабақ жоспарын орындағаннан кейін, мұғалім келесі қандай іс - әрекетке көшеді?

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж.
  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умею сам (УМК). -М., 1998 ж.
  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005ж.
  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж.
  7. Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 г.
  8. Сатканов О. С. и др. Технология. 1 класс (12 лет обучение), (методическое пособие. –Алматы, 2006 ж.
  9. Смирнова И. М. В мире много грантников. -М., 1995 ж.
  10. Сержантова Т. Оригами для всей семьи. -М., 2001 ж.

Лабораториялық жұмыс №4

Тақырыбы: оқушыларды табиғи материалдан жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.

Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.

Предметі: оқушыларды табиғи материалдардан бір фигуралы композициялы объектіні жасатуда, олардың іскерлігін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың табиғи материалдан композициялық объект орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқу мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

- орындалған сабақ жоспар жобасын тексеру;

- орындалған жұмыс туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 2 - сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мен ұсыныстар, композициялы объектіні жасаудың кескінді бейнесі, технологиялық картасы сызба, пышақ, қайшы, кептірілген ағаш, жеміс қабықтары, өсімдік өнімдері,су коректілердің кепкен қабықтары, және т.б.

Жұмысты орындауға нұсқау.

2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның практикалық іскерлігін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының практикалық іскерлігін нығайтатын жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы теориялық және практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: