Тапсырма №1. Тақырып: Табиғи материалдардан «Әтеш» жасау(1 сағат)

Тақырып: Табиғи материалдардан «Әтеш» жасау(1 сағат).

Табиғи материалдардан әр түрлі сувенирлер және ойыншықтар жасауға болады. Олар күнделікті баланың ойынына және мереке кезінде туыстарға қарапайым материалдардан бұйым жасап сыйлауға өте қолайлы материал. Бұл бұйымдарды жасау үшін алдымен қарапайым аспаптар мен материалдар қажет болады. Аспаптардан: кішкентай пышақ, қайшы, біз, пинцет, инелер, ағаштан жасалған мүсінге қажет «стек», кисттер, қысқыш және т.б...

Әтешті жасау үшін мынандай материалдар қажет болады: грек жаңғағының қабығы, орман жаңғағының қабығы, ағаштың сабағы, акация ағашының кепкен тұқымы, құстың үлпі қанаттары, пластиллин, айдарды жасауға қағаз немесе былғары материалы, ағаштың қабығы.

Әтешті жасау үшін алдымен грек жаңғағының ішін тазалап, оны пластиллин арқылы бір-бірімен жапсырамыз. Аяғын ағаштың қисық бөлігінен кесіп пішінін келтіре, жаңғақтың төменгі бүйіріне пластиллинмен біріктіреміз. Әтештің аяғы ағаш қабығына пластиллинмен бекітіледі. Басты жасау үшін, орман жаңғағының қабығын тазалап бір-бірімен пласиллин арқылы қосып, оның жарық жеріне былғарыдан немесе қағаздан ойылған айдарды бекітеміз. Тұмсығын ағаштың қаңқаларынан кесіп пласиллинмен қосамыз. Көзіне акацияның тұқымын аламыз. Мойнын ағаштың сабағымен дене бөлігіне біріктіреміз. Қанаты мен құйрық бөліктеріне құстың үлпі қанаттарын пластиллинмен отырғызамыз. Орындалған әтештің кейбір бөліктерін түсті бояумен әсемдеугеде болады.

Тексеру сұрақтары.

  1. Қандай оқу материалымен сабақтың мазмұны өзгерді?
  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
  3. Не себепті анықталған сабақ формасы таңдалды?
  4. Сабақ оқушының қандай қасиетін қалыптасыру мен дамытуға арналды?
  5. Оқушының іскерлігі қалыптасуы қалай айқындалды?
  6. Таңдаған объекті оқу материалының мазмұнына сәйкес келді ме?

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.
  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.
  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Орал, 2005 ж.
  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). Оқулық, -Алматы, 2002 ж.

Лабораториялық жұмыс №5

Тақырыбы: о қушыларды ағаш материалынан жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.

Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 3 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.

Предметі: оқушыларды ағаш материалын тазалау білімі мен іскерлігін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушыларды ағашты өңдеу технологиясына үйрету сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқу мазмұнына тиімді оқыту құралдарды негіздей іріктеу;

- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

- орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

- орындалған жұмыстың мазмұны туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектеп еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік -тақырыптық жоспар, 3 сыныптың оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: жұмысты орындаудың үлгісі, технологиялық карта; сызғыш, қалам, зімпара ағаш және қосымша материалдар.

Жұмысты орындауға нұсқау.

3 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма № 1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімі мен практикалық іскерлігін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімі мен практикалық іскерлігі нығайтылатын жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Таңдалған объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының білімі мен іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы теориялық және практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: