Кіріспе. Жапондықтар ежелден теңіздерге, таулар мен өзендерге табынуды қастерледі

Жапондықтар ежелден теңіздерге, таулар мен өзендерге табынуды қастерледі. Себебі олар - табиғат тартуы ғой. Олар да қауымдастықтың бейбіт өмірі мен тыныштығы үшін жаратқанға жалынып-жалбарынады. Міне осы түсінік аясында синтоизм діни қағидалар табиғатта өмір сүре алатынына сенеді.

Бүл сенім үрпақтан үрпаққа бүгінгі күнге дейін әртүрлі науқандық рәсімдер мен фестивальдар арқылы беріліп келеді. Кешеге дейін Жапония ауыл шаруашылықты ел болды.

Бүл жағдайда адамдардың өзара ынтымақтасып, бір-біріне көмектесу арқылы табиғат аясында жүмыс істеуінің үлкен маңызы болды. Елді мекеннің әрбір түрғыны өзінің қолынан келгенін табиғатпен үйлесім табу арқылы басқаларға жәрдем беруге жүмсайды.

Басқаша айтқанда, әр қала мен селодағы синтоистік храмдар рухқа, әртүрлі діндер мен дәстүрлерге деген құрметтің форумы сияқты. ¥лы храмдар - басқа храмдардың ең жоғарғысы. Әр жиырма жыл сайын жаңадан салынып, оларға әртүрлі діни рәсімдерді орындау үшін, үнемі қозғалыста болу үшін киелі кітаптар беріліп отырады.

Жапония (жапонша: й Ф)- Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде - Охотск теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын қүрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін - Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема - күннің символы - бейнеленген


Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.

Жапон елінің жағрапиясы

Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай үзыннан-үзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония - негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты ежептәуір ылғалды болып келеді.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы - Фудзи тауы. Ол - сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мүнда жер сілкіну жиі болып түрады.

Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан қүнарлы жазық алаптарда түрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын үлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.


— Жапонияның астанасы, әкімшілік,


қаржылық, мәдени және өндірістік орталығы. Хонсю аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Канто жазығында, Тынық мұхитындағы Токио шығанағының мүйісінде орналасқан. Жүрт саны 12,544 млн адам, ауданы — 2 187 км2, жүрт тығыздығы Жапония префектуралары ішіндегі ең жоғарысы — 5 740 адам/ км2. Токио дүние жүзі елордалар арасындағы ең жоғарғы Жалпы ішкі өнім, ЖІӨ шығаратын қала.

Бастапқыда Әдо, саға дегенді білдірген, есімімен белгілі болған қала [1] Токио деген есімін (Тдкуд: ід (шығыс) + куд (астана) іс жүзінде империялық астанаға айналған 1868 жылы алды. Ертедегі Мейжи кезінде де қала «Токеі» (Төкей) деп аталған, немесе дәл солайша қытау әріптерімен «Токио» деп көрсетілген. Кейде әлі де қүжаттарда «Төкей» деп кездескенімен бүл аты ескірген.[2].

Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда түрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларыи, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сүлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады

Қазақстан мен Жапония арасындағы әкономикалық ынтымақтастық

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-әко-номикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды қүраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мүны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын әкспорттаса, бүл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ әлектр жабдықтары мен түрмыстық техникаларды импорттап келеді.


Жапондықгар салт- дәстүрі

Жапондардың түрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке үқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами -төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шүлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі үйықтайтын жері - еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза үстайды.

Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар - сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратә, сумо күресі секілді үлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония ¥лыбритания сияқты - Конституциялық патшалық болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: