Жапон храмдары

Дәстүрлі жапон архитектурасына керегелері осал, алып шатырлары бар ағаштан жасалған ғимараттар тән. Біздің уақытымызға жеткен ежелгі жапон қүрылыстарының ең жақсы сақталғандары - Исә және Идзумо синтоистік храмдары. Бұл храмдардың екеуі де ағаштан жасалған және олардың шатырлары екі қабатты әрі өз территориясынан әлдеқайда үлкен аумақты алып жатыр. Бүндай шатыр бүкіл храм аумағын жаңбыр мен әртүрлі ауа райының қолайсыздығынан сақтауға арналып жасалған. Идзумо храмы - аса ірі қүрылыс нысандарының бірі. Оның биіктігі 24 метрді қүрайды.

Будда дінінің келуі жапон елінің көптеген салаларына әсерін тигізді. Әсіресе ол қүрылыс саласына зор ықпалын тигізді. Будда діні елге тек қана жаңа архитектуралық формаларды ғана емес, сонымен бірге қүрылыстың жаңа технологияларын да алып келді. Осы технологиялардың ішіндегі ең маңыздысы - тастан іргетастың салынуы. Бұрынғы дәстүрлі синтоистік храмдарда барлык салмақ жерге қағылған ағаш қазықтарға түсетін болған, бұл өзінің кезегінде храмның мөлшерін айтарлықтай шектеген. ҮІІ ғасырдан бастап жапондықтардың храмдары мен пагодаларының шатырлары жаңаша түрмен салына бастады. Олардың шеттері майысқан, ал бүрыштары жоғары қарай көтеріңкі болып келген.

Жапондықтардың храмы, синтоистік не буддистік екеніне қарамастан- бүл тек бір ғана күрылыс ғимараты емес, орыс

монастырлары сияқты бірнеше діни құрылыстардың ансамблі болып табылады.

Алғашқыда жапон храмдары 7 бөліктен тұратын:

1. Сыртқы қақпа (самон)

2. бас немесе алтын храм (кондо)

3. уағыздау храмы (кодо)

4. дауылпаздық немесе қоңырау мұнарасы (коро немесе серо)

5. кітапхана (кедзо)

6. бағалы бұйымдарды сақтау орны (сесоин)

7. көп қабатты пагода

Жапониядағы ең көне будда храмы 607 жылы салынған Нара қаласында (710 жылдан бастап 784 жылға дейін ел астанасы) орналасқан Хорюдзи храмдар ансамблі болып табылады. Бұл ғимараттар әлемдегі ең көне ағапгган салынған ғимараттар болып табылады.

Жалпы алғанда Жапонияның барлық храмдары ағаштан салынған. Оған бірнеше себеп бар. Солардың бірі - сейсмикалық тұрақсыздық. Ағаштан жасалған материалдар тек қана қатты емес, сонымен қатар оларды бір- бірімен қосқан кезде аса ыңғайлы болып келеді. Тағы бір себеп - жапондықтардың сенімі бойынша, табиғат пен адам әркашанда гармонияда болуы керек. Ал бұндай гармония тек қана адам қолымен салынған құрылыстар айналадағы табиғатпен үйлесімде болған жағдайда болады, сол себепті жапондықтар барлық құрылыс ғимараттарын салуға тырысқан.

Жапон архитектурасының тағы бір... тамаша мысалы ретінде 743-752 жылдары ~^г-_салынған і одаидзи храмдық кешенш алуға

болады. Бұл уақытта буддизм сапондықтардың мемлекеттік діні ретінде

қабылданған болатын. Сол кездегі Жапон императоры Сему, будда дініне деген шексіз сенімі ретінде өзінің астанасы Нара қаласында әлемде теңдесі жоқ храм салуға бүйырады. Егерде Хорюдзи храмдар ансамблі әлемдегі ең көне ағаш қүрылыс ғимараты болып есептелсе, император әмірімен салынған Тодайдзидің алтын храмы (кондо) әлемдегі ең үлкен ағаштан жасалған құрылыс ғимараты болып табылады. Оның биіктігі қазіргі кездегі 16 қабатты үйдің биіктігіне тең, яғни 48 метр, ал іргетасының үзындығы 60 метр, ені 55 метр. Храмды 6 жыл бойы салған. Бұл храмның көлемі ішінде орналасқан Үлкен Будда ескерткішінің көлемімен анықталған. Будданың бұл ескерткіші әлемде теңдесі жоқ жапондықтардың ортағасырлық қолөнерінің тамаша үлгісі болып табылады. Сыртынан қараса храм 2 қабатты болып көрінеді, себебі оның бірінің үстінде бірі орналасқан екі шатыры бар. Алайда храмның іші біртүтас болып келеді. Қазіргі уақытқа дейін храм 2 мәрте өртенген (1180 ж. және 1567 ж.) болатын. Алайда жапон архитекторлары әрқашанда храмның бұрынғы келбін айнытпай қалпына келтіріп отырған.

Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Бұл жерде сыпайылықпен бірге самурайлардың батылдықтары мен өзі сенген ісі үшін өз өмірімен қош айтысуға дайындығы әрқашан үйлесімде болған. Ғасырлар бойы жапон халқы тек өздерінің тұрмыс- тіршілігімен ғана емес, сонымен бірге басқа елдердің мәдениеттерімен жетістіктерін өздеріне қабылдап отырған. Осының нәтижесінде жапондықтар өз тілін, ділін, мәдениетін сақтай отырып, басқа елдердің тек жақсы жақтарын қабылдап, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып саналуда.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Мұсылмандық дүниеде, үнді-будда елдерінде бірінші коллекциялардың пайда болуы.

2. Көне Қытайда коллекциялаудың дамуы.

3. Жапонияның өнері ретінде храм байлықтар.

4. Мұражайлардың пайда болуының тарихы.

6. Ұсынылатын әдебиеттер

1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.

2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.

3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001

4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.

5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.

6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.

7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.

8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.

Тақырып № 9

Қазақстандағы мұражайлық жүйенің қалыптасуы.

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша Қазақстандағы мұражайлық жүйенің қалыптасуың анықтау.

Лекция сұрақтары:

9.1 Мемлекеттік тарихи мұражай – мұражай тарихы және оның ерекшеліктері.

9.2 А. Кастеев атындағы бейне өнер мұражайы – мұражайдың экспонаттары мен бөлімшелері.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы өзіне ата- бабасының дәстүрін, өмір сүру салтына тән ерекшеліктерін бойына сіңіріп қалыптасты. Халқымыздың көшпелі өмір салты, оның қолөнерінің қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады. Күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін халық шеберлері тері өңдеп, жүннен жіп иіріп, тоқыма тоқып, іс тігіп, ағаш өңдеп түрлі бұйымдар жасады. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады. Ағашты сүйекпен әшекейледі, күнделікті тұрмыста үйді, үй іші жиһаздарын жасады. Әсіресе, жүн мен түбітті жібектей, тері терсекті торқадай құлпыртып бұйым жасауға машықтанған ісмерлердің даңқы алысқа тарады.

Халық қолөнері- бағзы замандарда бері ұлы даланы мекен етіп келген тайпалардың заттық және рухани көне мәдениетінің дәстүрлі жалғасы. Оның дамуы қазақ қоғамындағы көшпелі өмір салты, әлеуметтік- эканомикалық жағдай, халықтық сана-сезім және тарихи үрдістермен тығыз байланыста өрбиді. Халықтың этномәдени болмыс бітімін айғақтайтын факторлардың біріне саналатын қолөнер туындыларында халықтың байырғы дүниетанымы мен символикалық, эстетикалық талғамы мен ою- өрнек түрлері бедер бейнелер арқылы орын тапқан. Кәсіпшіліктегі қолөнер бұйымдарының жасалуы қоғамдағы еңбек бөлінісі мен оны атқару тәсіліне байланысты шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:

Ұсталық және зергерлік, Ағаш өңдеу, Тері, сүйек өңдеу, Тас қашау, Жүн және киіз өңдеу, Тігіншілік, Кестелеу, Кілем тоқу және термелеу, Ши орау және тағыда басқалар жатады.

Бұл заттарда жасалған бұйымдар қазақ халқының күнделікті тұрмысына қолданылатын бұйымдары көші-қонға бейімделіп жасалған жеңіл, сынбайтын, ұзақ тұтынуға төзімді болып келеді.

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған бұйымдардың орны ерекше. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, жеңіл, әрі күнделікті тұрмыс- тіршілікте қолдануға анағұрлымыңғайлы болып келеді. Өкінішке орай, бұл күндері ағаштан жасалған көне дәстүрлі бұйымдар өте сирек кездеседі. Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан мәдениетін, салт- дәстүрін қайта жаңғыртуда музейлердің алтын орны ерекше.

Сондай музейлердің бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музейі өнер туындыларын болашақ ұрпақ үшін сақтап, қорғап, насихаттайтын бірден- бір орталық. Музейдің бай қоры көптеген жылдар бойында қалыптасып, қазір де ел арасынан жиналған көне жәдігерлерді толықтырумен келеді. Музей қорында ағаштан жасалған өте бай жәдігерлер сақталған.

Музейтанудың зерттеу нысанасы музей, музей ісі, музей заты десек те, осылардың негізгі атауын, ұғымын беріп тұрған музейдің өзі айналып келгенде музей затынсыз құрылмақ емес. Ендеше тақырыпқа өзек болып отырған ағаш бұйымдары музей жәдігерлері ретінде қазақ мәдениетінің аса маңызды бөлігі екені сөзсіз. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарыда музейлерде ұлттық мұраны қастерлеуге, зерттеуге ерекше мән берілуде.

Қазіргі музей ісінің негізгі бағыттарының бірі- қазақ халқының ата- баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт- дәстүрін сақтап, болашақ ұрпақтарға тәлім- тәрбие беру, қызыметін жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да музейді, оның қорындағы бұйымдарды зерттеу, сақтау, насихаттау ьүгінгі күні өзекті болып табылады.

Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар.

1.1 Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы - киіз үйдің жасалынуы және құрылысы (музей экспозициясы бойынша).

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған үй бұйымдарының алған орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалғанбұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық оларды өндіретін бұйымдарына қарай “үйші”, “арбашы”, “ұста”, “ерші” деп даралады [1.9]. Ал, бұл шебердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай белді. Әсіресе “ұста” атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты.

Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: Емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады [2.123]. Орталық Мемлекетік музей қорынан осы айтылған ағаштардың көптеген түрінен жасалған бұйымдарды көруге болады. Мысалы, емен ағашынан жасалған тұғыр (КП 12708. 1930 жылы шебер Қ.Жазықбаев жасаған.), тобылғы шыбықтарынан өрілген кесеқап (КП 1490 ХХІ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы, Жетісу), қайың діңінен жасалған келі (КП 20711/2 ХХ ғасырдың басы) тағы басқалар [30].

Ағаш өңдеу өнерінің ішінде аса іскерлік пен қыруар еңбекті шынайы талғамды керек ететін түрі-киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі.

Көшпелі халық өмірінде, жорықтар мен аң аулаушылықта киіз үй құрылысының тез тігілуі мен тез жиылуға арналып жасалуының маңызы зор болған. Сондай-ақ, киіз үй-дала тұрғындарының ұсақ-түйек заттары мен күндізгі күннің қайнаған ыстығы, түннің салқындығына және көктем мен күздің үздіксіз төккен нөсерлі суық жаңбырына қарсы қорған болу жағы да қарастырылған.

Қазақ халқы ертедегі көшпелі мәдениетінің ең негізгі дәстүрлерін өзіне мұра етумен бірге, оны ары қарай дамытты және байытты. Міне сондай мәдени дәстүрдің белгісінің бірі– көшпелі өмірге ыңғайлы, киіз үй болды [3.10].

Қазақтың киіз үйі, өзінің мәдени тұрмыстық шаруашылық жағдайына байланысты үш түрге бөлінген:

1. Қазақ халқының жазды күні тұруына арналған киіз үйі;

2. Мереке- жиын кезінде және қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй.

3. Жарық кезінде тігетін киіз үй [4.23].

Негізінде, киіз үй қазақ үй, ағаш үй, қара үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі батысы мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған километрге созылған қазақ жері көптеген туысқан республикалар мен өлкелерге шектескендіктен республиканың осындай географиялық жағдайы киіз үйдің сырт формасы, істелу технологиясына да аздаған өзгешеліктер енгізген сияқты. Оны киіз үйдің әр жерде әр түрлі аталуынан да байқауға болады [5.86].

Мысалы, Оңтүстік облыстарда оны киіз үй деп атаса, батыс оьлыстарда ағаш үй, киіз үй деп қатар айтылғаны байқалады. Негізінде нағыз термин ретінде мұның киіз үй деп аталуы дұрыс.

Жалпы киіз үйдің үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйдің 2, 3 қанаттан бастап 12, 18, 30 қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үйдің керегесінің басы 70-80- нен 360 см-ге дейін барады. Міне осыған орай киіз үйдің түрлері мен атауларының да көп екендігі байқалады.

Хан сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен және өте бай жиһазды ою-өрнекпен безендіріліп, әшекейленген. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған [3.14].

Орташа шаруалар мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қараша үй, қара лашық, күрке отау, итарқа, жолым үй, көтерме туырлықты, қалмақы үй, жаба салма, жаппа деп атаған.

Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін: абылайша, ақ қос, қос қақа (арбаның үстіне тігілетін үй) жорық үй деп атаған.

Ас үйлерді: асхана, ас үй, кілет үй, кібіт деп атаған. Сондай-ақ құрыш киізден, қамыстан, шиден- қақыра, доғара, аран, қалқа, тошала, сияқты киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер де салынатын болған. Мұндай кішігірім үйлер қақыра, немесе қалқа сияқты үйлер көбінесе жаугершілікте, майдан шебінде далаға жауын-шашыннан қорғану үшін тігілген.

Орталық Мемлекеттік музейдің этнография залында алты қанатты киіз үй экспозицияланған Бұл киіз үйді жасаған адам өкінішке орай қазіргі күні белгісіз. Сонымен қатар музей қорларында киіз үйдің жекелеген бөлшектері де сақталуда.

Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, көбінесе үйшілердің өздері ерте көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес-алты ай, кейде, тіпті, жыл бойы көлеңкеде кептіреді. Киіз үй сүйегіне арналып дайындалатын ағаштың ұзындығы мен жуандығы кереге-уық жасауға жарамды болуы қажет, ал олардың қисықтығына онша мән берілмейді. Шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет. Кейде мұндай ағаштар тым жуан болса, оларды кесіп, ұзынынан жарып, ыңғайлап шауып қояды. Үй ағашын кесіп, бұтақтап, қабығын сыдырады. Мұндай етудің өзіндік себептері де бар. Біріншіден, жаңа кесілген жас тал мен қайыңның қабығы оңай сыдырылады, көп еңбекті қажет етпейді; екіншіден, қабығы алынбаған ағашты көлеңкеге жиып қойса, ол жуырмаңда кеппей, қабық астында құрт пайда болып, ағаш борсып, шіри бастауы ықтимал. Сондықтан, кесілген ағашты жылдам аршып, бас-аяғын тегістеп отап, керегеге жарайтындарын бір бөлек, уыққа арналған әлдіректерін бір бөлек 20-30 ағаштан бір-бір бума жасап, көлеңкеге бірінің үстіне бірін жинай береді [6.21]. Мұндай бумаларды, әдетте сыдырылған тал қабығының өзінен-ақ буады. Үй ағашын бұлайша бумалап кептірудің де өзіндік себебі бар. Біріншіден, тасымалдауға ыңғайлы, екіншіден, көлеңкеге жиналған көп бумалардың бәрін дұрыс, біркелкі кептіру үшін оларды әлсін-әлсін аударыстырып, астын үстіне, ортасындағысын шетіне шығарып қозғап отырады. Ал, барлық бумаларды бір шамада жел қақтырып отыруға немесе шыжыған ыстықтарда ағаш тез қурап, жарылып кетпеу үшін оларға су бүркетіндей етіп бумалап жинау тым қолайлы болады. Осындай әдіспен әбіден кепкен үй ағашын үйшілер: “Қақсал кепкен ағаш”,- дейді және ол жоғары бағаланады [1.9].

Үйшіге қажетті жабыдықтар: тез, сықаурын, жонғы, қуыс жонғы, тісті жонғы (сызғы ырғыш), тесе шот, шаппашот, балта, қашау, қол ара, ою пышақ, үскі сияқты саймандармен бірге кереге, уық және шаңырақ жасауға арналған әр түрлі қарапайым қалыптар мен кепкен ағашты жібітуге арналған қоз, мор, обын атанатын ыстық “пештердің” болуы да аса қажет. Осы айтылған саймандар мен жабыдықтардың барлығын да тәжірибелі үйшілер, көбінесе, талғамдарына сай етіп, өздері жасап алады.

Тез-үйшілердің ең басты, негізгі құралдарының бірі. Тезді, көбінесе, сүйегі ауыр, тығыз және жарыла қоймайтын мықты қарағаш, қайың және жиде ағаштарының (ұзындығы 80-100 сантиметр) жуан кесінділерінен жасайды. Тез жасау үшін мүмкіндігінше ағаштың қатар өскен екі мықты бұтағы бар тұсын таңдайды. Өйткені, бір метрдей жерінен кесілген екі бұтақ сүйірлеу ұштарымен жерге кіре тездің бір басындағы екі аяғының рөлін атқарады. Ал, екінші басы қолдан жасалған, жерге мықтап орнатылған арнайы аша ағашқа жатқызады. Жерге бұлайша орнатылған тез оның үстінен қанша күш түссе де, мызғымайтын берік болады және үйшінің жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бұтақты ағаш кесіндісінің жөні келмегенде тез ағашты айыр ағаштарға жатқызады. Қайткен күнде де үйші іске кіріскенде тез солқылдамай, нық тұратындай болуы қажет. Үйші тез басқанда ылғи түрегеп тұрып істейтіндіктен, оның биктігі бір метр шамасында болуы керек.

Тез ағаштың үстіңгі жағының дәл ортасына ені бір қарыс, тереңдігі сынық сүйемдей көлденең кертпек жасалады. Кертпектің екі басының оң және сол жағынан арнайы жасалатын тік тесіктерге кертпек биктігінен сәл асып тұратын екі қайың қазықшалар орнатылады. Қисық ағашты түзетуде немесе түзетілген ағашқа иін жасап мүсіндеуде осы қазықшалардың атқаратын қызметі өзгеше. Өйткені, ағаштың қисық тұсы осы қазықшалардың бірімен сықаурын алақанының арасында сығылудың нәтижесінде түзетіледі [2.128].

Сықаурын- міндетті түрде әбден кепкен, жуандығы білектей, ұзындығы 1,5 метр шамасындағы қайыңнан жасалады. Сықаурынның бір жақ тегістелген жуан басын “алақан”, үйшінің жамбасына дәл келетін орта тұсын “жамбастық”, ал, жіңішке ұшын “тұтқалық” деп атайды. Қандай қисық ағаш болмасын оны оқтай етіп түзететін немесе түзу ағашты көңілдегідей етіп ию арқылы оған жаңа мүсін беретін аты шулы тездің қарапайым көрінісі мен құрамы осындай ғана “Қисық ағаш жатпайды тез қасында” деген халық мақалы да киіз үй сүйегін жасаудағы қарапайым қазақ тезінің орны бөлек екенін аңғартқандай.

Әбден кепкен үй ағашын тезге салып түзету үшін, ең алдымен, оларды от қызуына қақтап, балқытып алу керек. Ағаштарды қыздырып балқыту үшін арнайы пештер жасалады. Олар “мор”, “обын”, “қоз” сияқты пештер.

Қазақстанның солтүстік аудандарында мор деп аталатын пешті тақыр жерге ұзындығын 3,5 метр, биктігі мен көлденеңін 30-40 сантиметр етп, екі қабырғасы мен төбесін кірпіштен не тастан қалайды, бір басынан 2,5 метр мойын шығарады. Осы мойынға үй ағаштарын тігінен салып, пештің аузынан от жағады. “Обын” атты пеш жерден қазылып жасалады. Ол үшін ұзындығы 3,5 метр, тереңдігі мен көлденеңі 40-50 сантиметр ор қазады. Ордың үстіне 3-4 жерден көлденең шабақ ағаштар орнатып, үстінен үй ағаштарын, ұзыннан-ұзақ сұлата жатқызады да, шыммен бүркей жауып, обынның бір жағынан от жағады, екінші жағынан түтін шығады. Бұл пештерге үй ағаштарын салып жібіту ісін үйшілер тілінде “мор салу” не “обын салу” дейді.

Қазақстанның көпшілік аудандарында үй ағаштарын дайындау әдісі өте қарапайым келеді, яғни жағылған оттың қозына жібітеді. Мұндай әдіс үйшілер тілінде “қоз салу” дейді. Қоз жасау үшін тездің жанынан мол етіп қой не түйе құмалақтарынан немесе қидан от жағады да, күлін жинамай орнында қалдырады. Ертеңіне сол күлдің үстіне тағы от жағып, әлі кебе қоймаған дымқыл құмалақ, тезек қалап, лапылдатып жандырмай бықсытып қояды да, от астындағы ыстық күлге алдын ал су бүркілген үй ағаштарын сұғып, 20-30 минуттан соң бір-бірлеп суырып алып, тезге салып өңдей бастайды. Дымдау үй ағаштарын қозға салар алдында оның күймей, буланып жылдам жібуіне жағдай туғызады. Кейде қозды құмнан да жасайды. Ол үшін тездің жанына көп қылып ұсақ құм үйеді, оны біраз жаймалап, үстіне қи жағады. Құм әбден қызған уақытта жоғарыда айтылғандай үй ағаштарын балқытып, жібітетін қоз болып шыға келеді [3.17].

Жонғы-үй ағаштарының сыртқы кем-кетігін тегістейтін құрал. Мұны ұзындығы екі сүйем, ені екі елідей темірден соғады. Екі шетінде ағаш саптары бар, өткір жүзді аспап. Мұның түзу жонғы, қуыс немесе ойыс жонғы, тісті немесе ыру жонғы деп аталатын үш түрі болады. Түзу жонғының өткір жүзі түзу болады. Үй ағашын алғашқы өңдеу кезінде және керегенің басын, уықтың алақанын шығара тегістей жону үшін қолданады. Қуыс немесе ойын жонғыны ағашқа жұмырлық бейне бере жону үшін пайдаланады, тісті жонғының жүзі иректеліп тіс тәрізденіп шығарылады, оны кереге басы мен уық алақанына ыру-сызықтар жүргізу үшін қолданады. (Мұны сызғы деп атайды). Түзү жонғының екінші жағына иректеп тіс жасауға байланысты оны екі бірдей процесті орындауға қолданады.

Үскі-кереге желісінің көк өткізетін көздерін және уық алақанындағы уық бау өткізетін көзді тесу үшін арнайы жасалған құрал. Ел арасында үскінің бірнеше түрі болған. Соның ішінде ең көп тарағаны- араларын 20-25 сантиметр етіп жерге қағылған екі қазықтың бас жағында бір-біріне қарама-қарсы тесіктері болатын, оған темір үскі орнатылатын түрі. Үскінің жұмырланған ағаш бөлігінің өн бойына ұсақ кертпектер жасап қояды. Ол кертпектер үскінің нық және жылдам айналуына себін тигізеді. Өйткені, үскіні айналдыратын ұзын қайыс бау осы ағаш білікшеден 2-3 рет шалынып алынады да, оның екі ұшынан бір кісі екі қолымен кезек тартып отырады, сонда үскі зыр қағып оңды-солды айналады. Ал, үйші айналып тұрған үскіге кереге шыбықтарын тосып, оның алдын ала белгленген көк өткізтін көздерін лезде тесіп шығады [7.31].

Үскілердің жоғарғы жағынан басып тұруға арналған екі басты қалақ ағаштың ортасындағы тесікке кіндік кигізіледі де, ырғақ үстіне шалқасынан сұлата жасқызған кереге сағаларының көк өткізетін көздерін жоғарыдан төмен қарай тесіп шығады. Үскінің бұл түрлері де қайыс бау арқылы екінші бір кісінің күшімен жұмысқа қосылады.

Ырғақ-кереге сағаларының мүсін біркелкілігін сақтау үшін арнайы жасалатын қалып. Ырғақ жасау үшін ұзындығы кереге сағаналарымен шамалас жарыстырыла қойылған екі сырғауылдың үстіне көлденеңінен ұзындығы 1 метрдей төрт ағаш шабақтар қырынан бекітіледі бұл шабақтардың әрқайсысының биктіктері мен орналасатын орындары кереге сағаналарының мүсініне байланысты болады. Сондықтан, мұндай ырғақ үстіне кереге сағаналарын шалқасынан салғанда олардың біркелкілігінің немесе сәл ғана үйлесімсіздіктерінің өзі үйшінің қырағы көзіне бірден шалынып, кемшілікті дереу жөндеп отыруға мүмкіндік береді. Керегенің әр қанатын көктеп болған уақытта да оны осы ырғаққа шалқасынан жатқызғанда, оның мүсіні ырғақ қалпымен үйлесетін болуы керек, мұның өзі киіз үй сүйегінің орнықты, берік болу шарттарының сақталғанын көрсетеді.

Уыққа арналған қалып, көбінесе, үш қазық арқылы жасалады. Ол үшін алғашқы уықты әбден өңдеп болған соң (негізгі мәселе оның иінінде) оны тақыр жерге қырынан жатқызады да, уық алақанының сыртынан, иін ортасының ішкі жағынан және уық қырының сыртынан биктігі 1 метрдей түзу жонылған үш мықты қазық қағылады, ал солардың арасында жасалған уықтарды ретімен бірінің үстіне екіншісін қырынан қыстыра береді. Мұндай қазықтардан жасалған қалыпқа қыстырылған уықтардың иіндері сол қалпында қатып, кейін су тисе де, жазылмайтын күйге түседі. Уық иіні көбіректеу жасалатындықтан, оны дереу қалыпқа салып қатырмаса, балқып тұрған уық иіні жазылып кетеді.

Керегеге арналған ырғақ болсын, үш қазықтан тұратын уық қалпы болсын үйші жұмысының өнімділігін арттруға себін тигізеді. Уықтың иініне де, кереге сағаналарының мүсініне де көзі қанығып, әбден дағыдыланған тәжірибелі үйші жасап жатқан бұйымның белгілі үлгі деңгейіне дүп келді-ау деп ырғаққа не уық қалыбына салғанда, көбінесе, жаза баспайды, ішінара үйлесіңкіремей қалған жерлерін дереу жеріне жеткізе жөндеп жібереді. Осы айтылған станоктар еңбек өнімділігін, сапасын арттырумен қатар үй сүйегі бөлшектерінің біркелкілігін, формасының беріктігін қамтамасыз етеді.

Ал ендігі кезекте киіз үйдің жасалу технологиясына тоқталайық. Үйші жұмысқа кіріспес бұрын неше қабат үйдің сүйегін жасайтынын біліп, соған қарай дайындалған ағаштарының қажеттілерін іріктеп, ыңғайлайды. Жұмыс орнын, саймандарын жөнге келтіріп алып, көбінесе, таң сәріден іске кіріседі. Әрине, шебер үйшілердің бос отыратын уақыты болмайды, негізгі күнкөріс осы кәсіппен байланысты болғандықтан, олар, әдетте, бір үй сүйегін бітсе, екіншісін бастай береді. Соның өзінде үй сүйегін әркімнің тапсыруы, алдын ала келісімі бойынша жасайтындықтан оның әрқайсысын әркімге арнап, іске кіріседі. Өйткені, әркімнің қалауы әр түрлі болады. Айталық. Біреуге- 4, біреуге- 6, енді бреуге- 8 қанат не оданда үлкен үй керек болады. Біреулерге тым сәнді, әшекейлі үй қажет болса, енді біреулерге қарапайым баспана болса болғаны. Осы жағдайлардың бәрі үйші еңбегіне айтарлықтай әсер тигізеді [7.27].

Киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі- алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз-алты керегелі үй деген сөз. Сонда үйдің үлкен-кішілігі оның қанат санымен анықталады. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай уық саныәр түрлі болып келеді. Мұнымен бірге кереге көздерінің үлкен-кішілігіне қарай тор көз кереге (жұдырық сыярлықтай ғана) және жел көз кереге (Қос жұдырық сыярлық кең көзді) болып екіге бөлінеді. Олай болса, тор көз және жел көз керегелі киіз үй сүйегінің кереге басы, оған қарай уық саны да әр түрлі болады. Мәселен, Қызылорда, Алматы облыстарынан өзіміз ел арасынан жинаған деректерге қарағанда, тор көзді 12 қанат үйде-180 бас, 8 қанат үйде- 130бас, 6 қанат үйде-90 бас, 5 қанат үйде-80 бас, 4 қанат үйде-60-65 бас болсса, жкл көз керегелі 6 қанат үйде-72 бас, 5 қанат үйде-60 бас болады. Тор көзді керегенің біреуінде (яғни, қанатта) 15-16 бас, 6 қанат үй керегелерінің үшеуі 15, қалған үшеуі 16 басты болып келеді, яғни үйдің қанат саны қанша өскенімен, оның жартысы 15, жартысы 16 бастан тұратындығы заңдылық. Ал, жел көзді керегенің біреуінде 12-13 бастан болады, ал оның жартысы 12, қалған жартысы 13 бастан тұрады. Бұлай болу себебі, қанаттарды бір-бірімен қосқан, яки үйді тіккен уақытта екі керегенің бір-бір басы бірігіп, бір бас болып шығады да, тігілген үйдегі керегелердің әрқайсысының басы тор көзді керегеде 15-тен, жел көздіде 12-ден шығады. Бұл арада айта кететін тағы бір заңдылық- киіз үй сүйегінің қанат саны 6-дан артқан соң оның керегелері әрдайым тор көзденіп жасалады, ал жел көз керегелі үйлер, әдетте, 4, 5 және 6 қанаттан аспайды. Көп қанатты үлкен үйлердің сүйегі салмақтырақ болады. Үйдің көлемі үлкейген сайын жауын-шашын, дауыл, құйын кездерінде үй сүйегіне сырттан түсетін күште көбірек. Сондықтан өз салмағы мен сырттан түскен табиғи күштердіңтегеурініне үлкен үйлердің сүйегі төтеп беретіндей орнықты, әлді болуы қажет. Тор көзді үлкен үйлерсүйегінің жасалуы күрделі, бағасы да қымбат түсетіндіктен, оларды кезінде ауқатты адамдар ғана жасатты. Ал, жел көзді шағын үйлердің сүйегі жеңіл, жасалуы оңай, бағасы да арзан болғандықтан, орта шаруалар қаымының басым көпшілігі осыны қанағат етті. Алты қанат киіз үйдің бір тор көз керегесіне жұмсалатын сағаналардың үлкенді-кішісін түгел қосқандағы жалпы саны 42 шыбықтан тұрады.Оның ең ұзын ерісінің саны 18 болса, қалғандары сағанақ атанады да,қос-қостан барған сайын қысқара береді. Оның жалпы саны24-ке жетеді.Кереге ерісінің ұзындығы 2 метр болса, сағанақтың ең ұзындары1,6 метр, ең қысқалары 30 сантиметр шамасында болады [1.12].

Жасалып жатақан киіз үй сүйегінің керегелеріне жетерліктей түгел сағаналар түзетіліп, жонылып, мүсінделіп, ырулар жүргізіліп болған соң, олардың барлығына да көк өткізетін көздер тесіп шығу қажет. Әрбір кереге сағанасына қанша тесік жасалатындығы керегенің тор көз, не жел көз болып жасалуына байланысты. Керегенің басы қанша болса, кереге қанатында жоғарыдан төмен қарай сонша көз бар, ал әрбір кереге ерісінің соншама көк тесігі жасалады.

Кереге сағанасына жасалатын 15 тесіктің аралары тең болуы қажет, бұл жағдай кереге көздерінің біркелкілігін қамтамасыз етеді. Кереге ерісінің бас жағынан төмен қарай 5 тесік жасалып, 6-сы тесілмейді, одан әрі 3 тесік жасалып, 10-сы тесілмейді, одан әрі керегенің етегіне дейін тағы 5 тесік қатар тесіледі. Кей уақытта 18 басты тор көз кереге ерісіне 15 тесік жасалып, 4 азат қалдыратын жағдай да кездеседі. Мұндай жағдайда әрбір үш тесіктен соң бір азат қалдырып отырады. Керегедегі көз санының өсуіне байланысты азат саны да артады. Азат саны жиі қайталанса, керегенің жиылып-жазылуын жеңілдетеді. Азат қатары бір үй сүйегінің барлық қанаттарында бірдей болуы қажет.

Кереге сағаналарының көк өткізетін көздері үскімен түгелдей тесіліп болған соң ғана оның қанатын көктей бастайды. Ол үшін, ең алдымен, көктелетін кереге астына арнайы төселетін жастық ағашты орнықтырып, оның үстіне көктелетін кереге сағаналарын орын-орнына қояды. Сондықтан кейін кереге көктеу ісіне кіріседі. Кереге сағаналарының ең ұзын ерісін екі қатар етіп қиғаштап орналастырады да, ұзынды-қысқалы сағаналар ерісінің екі жағынан, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары келесі қанатқа дәл қиысатындай болып көктеледі. әдетте, керегенің бір ерісінен ұзынды-қысқалы екі сағанақ шығады.

Керегені көктеу үшін түйе сірісінен алдын ала тілініп дайындалған жалпақ, ұзын тапсаны су бүркіп жібітеді. Содан кейін бір үшын арнайы мүйіз ине көзінен өткізіп, екінші жағынан кішкене тесік жасап, одан ине арқылы таспаны түгел өткізгенде, оның соңғы ұшында түйін пайда болады. Түбі түйінделген ұзын таспаны екі қабатталған кереге сағаналарының тесіктерінен төменнен жоғары қарай өткізіп, таспаны тартыңқырап тұрып түбінен керегеге тигізе тесіп, одан таспаның инелі ұшын қайта өткізеді де, қиып алады. Екі жағы нық түйілген түйе сірісі аз уақыттың ішінде тас болып қатады да қалады. Мұндай көк тозып үзілмесе, өз бетімен ешқашан шешілмейді, кереге сағаналарын біріктіріп мықты ұстайды, жуыр маңда тозбайды да. Бір үй сүйегіне қажетті кереге қанаттарының бәрін көктеп болған соң, оның басқа бөлшектерін жасауға кіріседі [4.34].

Кереге сағанақтарының көгі мен уық алақандары тесіліп болған соң, оның әрқайсысы майда түрпі, темір қырнауыш немесе шыны сынықтарымен мұқият өңделіп, көбінесе, жосамен боялады. Ал, шамасы келгендер кереге мен уықтарды түгелдей қызыл, жасыл, көк түсті май бояулармен боятады, содан олар сырлы үй атанады. Тек қайыңнан жасалған киіз үй сүйегін мұқият өңдеген соң өсімдік майын неше қайтара сіңіре жағады. Содан барып өте ұнамды қайың ағашының өзіндік табиғи түсін сақтайды. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уалихановқа әкесі арнайы жасатқан 10 қанат киіз үй сүйегінің боялмағандығы, мұқият өңделгендігі, керегелерінің өте әдемі мүсінделгендігі туралы 1865 жылы Шоқан өлгеннен кейін Шыңғыс ауылында болып, осы киіз үйде жатқан генерал А. К. Гейнс мұндай тамаша үйді бұрын-соңды еш жерден көрмегендігін баяндайды. Міне, дәл осы Гейнс көрген Шоқан үйінің қайыңнан жасалғандығы туралы академик Ә.Х Марғұлан еңбектерінен де көреміз. Ал, енді сән-салтанат қуған, әсіресе, сауда-саттықпен, қаламен байланыста болған қазақ әкімдері мен ірі байлары кейде сырлы үйлерді місе түтпаған. Олар кереге бастарын, уық алақаны мен қаламдарын күмістетіп, сүйектетіп те әшекейлететін болған. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында адай руынан шыққан Талпақов Қаражігіт деген бай киіз үйінің сүйегін таза күміс, күмістелген темір және өрнектелген сүйек әшекейлермен мейілінше мол безендірген екен. Сол туралы осы күнге дейін ел арасында тамсана сөз етеді. Қазақ әкімдерінің әр уқытта Россия патшаларына сыйлаған немесе әр түрлі көрмелерге жіберген киіз үй сүйектерін айтулы шеберлерге жасатқан, сыр, күміс, сүйек сияқты әшекейлермен түрлендіре безендірген. Осындай қымбат үйді XIX ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір бірінші Николайға сыйға тартқандығы туралы П. Столянский жазса, XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан қазақтары бірінші Николайдың баласы Николайға сыйлаған үй де нағыз өнер туындысы болғандығы туралы академик Ә.Х. Марғұлан жазды [4,35].

Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп, киіз үйдің төбесін шығарып тұратын иінді ұзын ағаштарды уық деп атайды [9.12]. Бір үй сүйегіне арналған уық саны кереге бастарының жалпы сандарына тең болады. Олай болса, уықтың саны да, әрқайсысының ұзындығы да, әлділігі де киіз үйдің көлеміне, яки қанат санына, керегенің тор көз, не жел көзділігіне тікелей байланысты болады. Әдетте, киіз үйдің маңдайшасына алты уық байланады. Сонда кереге бастарының санына 6 маңдайша ұяларын қосып, жалпы уық санын есептеп шығару қиынға түспейді. Орта есеппен 6 қанат үйдің уығының ұзындығы 12- 13 қарыстай болады. Әрине, әр жағдайда, әсіресе, шаңырақ көлеміне қарай уықтың ұзындығы жоғарыда көрсетілген мөлшерден не аздап ұзарып, не қысқаруы да ықтимал. Қанат саны өскен сайын уықтың ұзындығы да арта түседі. Мәселен, 8 қанат үйдің уықтары 15- 16 қарысқа дейін барады. Уық иіні иінділеу келсе, яғни 130- 150 градус доғал бұрыш шамасында болса, үй төбесі күмбезделіп шығады, ал иіні аздау болса, яғни 145- 150 градус доғал бұрыш шамасында болып, уық алақаны қысқалау келсе, үй төбесі конус тәрізді шошақтау болады. Біздің көп жылдар бойы ел арасынан жинаған деректерімізге қарағанда, Жетісу өңірінің киіз үй уықтары иінсіздеу, шаңырағы шағындау келеді де, үй төбесі қалмақ үй тәрізді шошақтау болады екен, ал Қазақстанның қалған өңірінде уық иіндірек, шаңырақ көлемділеу болады да, үй төбесі күмбез тәрізді жалпақтау келеді. Академик Ә.Х. Марғұлан дәл осындай талдау жасай келіп, төбесі конус тәрізденген киіз үй конструкциясын киіз үй сүйегінің көне түрі ме деген болжам жасайды [4.36]. Шынында да, жалпы киіз үйдің пайда болу, даму процестеріне ой жүгіртсек, бұл болжамның дұрыстығына шүбәлануға болмайды.

Уақыттың ұзына бойын қазақ халқы төртке бөледі:

- алақаны- кереге басына байланып бекітілетін жалпақтау түбі;

- иіні- алақанға жалғаса иілетін тұсы;

- қары- иіннен ұшына дейінгі оқтығы;

- қаламы- шаңырақ тесігіне еніп тұратын уықтың төрт қырлы ұшы [5.83].

Уықтың алақанының бетін түзу жонғышпен тегістеп алып, тісті жонғышпен ыру жүзгізеді. Уық түбін шапашотпен доғалдап шауып,үскімен уық бау өткізетін тесік жасайды. Уықтың қарын ойыс жонғымен жұмырлап жонады. Уық иінінен бастап қаламының дәл ұшына дейін біртіндеп жіңішкере береді. Уықтың мұндай конструкциясы, үйшілердің айтуынша, тегін қалыптаспаған. Біріншіден, уықтың жеңілдеу болына әсерін тигізсе; екіншіден, шаңырақ шеңбері де онша жуан болмайтындықтан, оған жасалатын көптеген тесіктер саусақ сиятындай ғана болып жасалатындықтан, уық ұшына қарай жіңішкере беруі керек; үшіншіден, дөңгелене құрылған кереге бастарынан киіз үй аумағының 1/3-дей көлемде болатын, дөңгелек шаңыраққа қарай жарыса ұмтылатын уықтардың кереге басына бекітілетін алақан аралықтары алшақтау болады да, уық қаламдары сұғынатын шаңырақ ұяларының арасы 2,5- 3 сантиметрден аспайды. Олай болса, уықтар аралығындағы кеңістік те, уықтардың өздері де төменнен жоғары қарай біртіндеп жіңішкере беріп, шаңырақ шеңберінде тыныштық тапқандай келісті көріністі аңғартады. Мұның өзі халық шеберлерінің ғасырлар бойы эстетикалық талғамы дамуының нәтижесі; төртіншіден, қаламының жуандығы оның алақанымен тең болса, олар шаңырақ шеңберіне сыймайды, ал уық иіні жіңішке, әлсіз болса жоғарыдан түсетін салмаққа шыдамайды. Сондықтан, уықтардың төменгі жағының жуан, әлді болуымен қатар жоғары қарай жеңілдеп, жіңішкеруі заңды қажеттіліктен туған өнер үлгісі. Уықтың ең жоғарғы жіңішке ұшынан оның 7- 8 сантиметрдей төрт қырлы қаламын шығарады. Уық қаламының төрт қырлы болуы мен түбінен ұшына қарай жіңішкере беруі уықтың аунамауына және шаңырақ ұясына оның нық сұғынып, орнықты болуына ең қолайлы жағдай туғызады. Төрт қырлы уық қаламын шапашот және түзу жонғы арқылы теп-тегіс етіп шығарады, оның біркелкілігіне мұқият көңіл бөлінеді.

Уық алақанының ішкі бетіне жүргізілетін ырудан басқа басы артық ою-өрнектер жүргізуді уық ағашы көтермейді, сондықтан уықтар көбінесе жосаланып, кейде сырланып немесе күміс, сүйек әшкейлерімен көркемделеді. Әбден жасалып біткен уықтарды 20- 25-тен біріктіріп, бас-аяғын жіппен байлап, көлеңке жерге қояды, олар үй сүйегі түгелбіткенше тұрады.

Орталық Мемлекеттік музей қорында осындай уықтардың бірнеше түрі сақтаулы. Солардың біріне тоқталып кетейік: ХХ ғасырдың ортасына жатады, уықтың жасалған ағашы қызыл түспен боялған. Музейге Алматы қаласының тұрғыны Досжанов К. Тапсырған. Инвентарлық номері КП №20736/1-119.

Шаңырақ-киіз үй үйді төбесін шығарып тұратын шеңбер. Шаңырақты, көбінесе, тұтас немесе екі-үш бөлек қайың кесіндісінен, кей жерлерде қара талдан да жасайды [12.17]. Шаңыраққа арналған ағашты да алдын ала дайындап, сыртқы қабығын сыдырып, көлеңкеде кептіреді. Шебер үйшілер шаңырақты тұтас ағаштан да, екі не үш бөлек кесінділерден де жымын білдірмей, дөп-дөңгелек етіп иіп жасайды. Шаңырақ ағашының дияметірі 7-8 сантиметр болатындықтан, оны сындырмай дұрыс шеңбер етіп июде оңайға түспейді. Дегенмен, қазақ үйшілері өздерінің тым қарапайым қалыптарына салып, шаңырақ шеңберін, яғни тоғының, шын мәнісінде, мінсіз етіп шығарады. Ел арасында ең жиі кездесетін шаңырақтардың дияметірі 1-1,8 метрдей, кейде 2 метрге де жететін шаңырақтар болады. Дияметірі белгілі болған шаңырақ тоғынының (шеңберінің) ұзындығын табу қиын емес, яғни шаңырақ тоғынының ұзындығы оның дияметірінен 3 есе артық болады. Сонда шаңырақ тоғынының ұзындығы 3-5 метр шамасында болады десек, қателеспейміз. Шаңырақ ағашын шаппа шотпен ыңғайлап, астынғы бетін шығара шауып, жонғымен мұқият тегістеп болған соң, оны құрым киізге орап, дымқыл жерге көмеді, содан оншақты тәуліктен соң, шаңырақ ағашы өз бойына жеткілікті ылғал тартып үлгереді-ау дегенде, оны қазып алады. Осыдан кейін үстіне себілген су бойына сіңген кезде дайын тұрған қозға көмеді. Ыстық қозда бие сауым уақыт (1-1,5 сағаттай) жатып әбден жібіген шаңырақ ағашын кірпіштен не ағаштан арнайы жасалатын қалыпқа салып иеді. Айталық, жасалатын шаңырақ дияметіріне сай етіп жер бетіне дөңгелентіп кірпіш қалап қатырып қояды. Немесе жуандығы жеңді білектей ағаш кесінділерін қатарластырып қойып, бір-бірімен кепіл ағаштар арқылы біріктіріп, оны шет-шетін арамен дөңгелентіп, шаңырақ дияметіріне дәлдеп кеседі де шаңырақ қалпы ретінде пайдаланады. Мұндай арнайы шаңырақ қалпын-байтес дейді [10.28]. Арнайы қалыптың болуы үйші жұмысын жеңілдетіп, көптеген қолайлылықтар туғызады. Шаңырақ тоғынының жалғасатын екі басын астастыру ісі де осы қалыпқа кигізіп қойып жасағанда оңай орындалады.

Шаңырақ көздерінің саны киіз үй сүйегіндегі уық пен керегелер басының санына байланысты жасалады. Оны тоғынның төменгі жиегімен жоғары қарай төрт қырлап тесіп шығады. Бұл тесіктер уық қаламдарының нық және бөгетсіз сұғынуына сай асқан дәлдікпен жасалуы тиіс. Сондықтан, шаңырақтың сыртқы және ішкі көз тесілетін жерлерін алдын ала белгілеп алып, үскімен тесіп алады, содан кейін оны жіңішке қашаумен төрт қырлап кеңітіп шығады. Одан соң көздердің бір келкі болуы үшін уық қаламындай етіп соғылған “қалам- темір” не “көзеу” деп аталатын аспапты отқа әбден қыздырып алып, шаңырақ көздерін күйдіріп жөндейді. Бұл күйдіру жұмысын үйшілер тілінде “көзеу” дейді.

Шаңырақтың төбесін шығарғанда түндікті төмен түсіріп алмас үшін оған күлдіреуіш орнатады. Шаңырақ шеңберінің дияметірімен жоғары қарай көтеріле иіліп, бір-бірін дәл ортасынан кесе өтетін шыбықтарды күлдіреуіш дейді. Күлдіреуіштің әр қатарында 3-тен 8-ге дейін шыбықтар орнатылады, оларды арнайы жасалған қарғаша немесе бақалақ деп аталатын кепіл ағаш тесіктерінен өткізеді. Кепіл ағаш саны әр күлдіреуіштер тобында екіден не төрттен жасалады. Кейде оларды күлдіреуіш шыбықтарының төменгі жағынан әрқайсысына шегемен жапсыра бекітеді. Күлдіреуіштің бұлайша жасалу тәсілі- қазақ арасында ертеде келе жатқан дәстүрлі өнер.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде шаңырақ күлдіреуішін жасау тәсілінің кейнірек қалыптасқан басқаша түрі де болады. Оны халық табақты күлдіреуіш дейді. Шаңырақтың төбесін алақандай табақ тәрізденген қалың дөңгелек тақтай шығарып тұрады, 5- 6 имектеу күлдіреуштен оны шаңырақ шеңберімен біріктіреді. Табақтық төменгі бетінің ортасында шаңырақ көтергенде бақанның басын тірейтін саяздау ұя жсалады, оның айналасында ою-өрнек ойылады. Күлдіреуіштің мұндай түрін жасау оңай-ақ, бірақ көркемдік және беріктік жағынан дәстүрлі күлдіреуіш жағынан әлдеқайда төмен. Көпшілік бұқараға арналған шаңырақтарға ешқандай әшекей жасалмайды, тек жосалаумен ғана шектеледі. Ал, сән қуған байлар шаңырақты да үйдің басқа сүйектерімен қосып сырлатады немесе шаңырақ бөлшектерінің үй ішінен көрініп тұратын беттерін мүмкіндігінше саяз сызықтар жүргізу арқылы әр түрлі өрнектермен көркемдетеді. Ою-өрнектер негізінен, геометриялық, символдық, өсімдік және зооморфтық мотивтер элементтерінен тұрады. Шаңыраққа ою-өрнек жүргізетін құралдың негізгісі ұшкір пышақ сияқтанып темірден соғылатын арнайы аспапты қобы дейді.

Шаңырақ бөлшектерін сырлау, оюлаумен бірге күмістеу, сүйектеу тәсілдерімен де өрнектейді. Әрине, күмістелген, сүйектелген шаңырақтарды сән қуған ауқатты адамдар ғана жасатады.

Киіз үйге арналған дәстүрлі “сықырлауық” ағаш-есік: екі ашпалы есіктен, маңдайшадан, екі босағадан және табалдырықтан тұрады. Осы есік бөлшектері бөлек-бөлек жасалады, керек болған жағдайда арнайы жасалған тетіктері арқылы үйлесе бірігіп, біртұтас “сықырлауық” есік болып шыға келеді. Сықырлауық есік болшектерінің бір-бірімен шегесіз біріктірілетіндігі көш-қонның кезінде қолайлылық туғызады. Киіз үй есігінің биктігі тігілген үйдің керегесінің биктігіндей, яғни орта есеппен 170- 175 сантиметр, ал ені 120- 122 сантиметр шамасында болады. Маңдайшаның ені 10-12 сантиметрдей, екі босаға мен табалдырық ендері 7- 8 сантиметр. Маңдайша, босаға және табалдырық ағаштары жарылмай кепкен, бұтақсыз қайыңнан шабылады. Маңдайшаның енділеу келетін себебі- оның жоғарғы жағынан уық байлайтын түзу бұрышты 6 тесік қашалады, кейде маңдайшаның үстіне уықтың алақаны сыйып тұратындай тереңдігі 3- 4 сантиметр шамасында ұялар жасалады. Маңдайшаның астыңғы жағының, табалдырықтың үстіңгі жағының екі бастарынан қос босағаның бас-аяқтары сүғынып тұратын түзу бұрышты екі ұя болады. Ал, екі ашпалы есіктердің топсасы есебінде олардың босаға жағынан, жоғарғы және төменгі шеттерінен маңдайша мен табалдырықта арнайы жасалған дөңгелек ұяларға кіріп тұратын «сықырлауық» атты жұмыр дөңестер шығарылады. Бұл жұмыр дөңестер маңдайша мен табалдырық ұяларына кіріп тұрады, есікті ашып-жапқанда сықырлаған дыбыс шығарады. Киіз үйдің екі ашпалы ағаш есігінің “сықырлауық” атануы, бәлкәм, осыдан да болар. Сықырлауықтың ашпалы есіктері әртүрлі әдістермен жасалады. Бірде есіктің әр ашпасы тұтас қайың не терек ағаштарының жалпақ тақтайларынан жасалса, енді бірде бірнеше жіңішке қарағай тақтайлардан құрас


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: