Курс компоненттері

Практикалық сабақтар. Лекция бойынша өткізілген тақырыптарға байланысты практикалық сабақтар жүргізіледі. Практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары кафедрада бекітілген, сол тақырыптарға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Дискуссия. Білімгер сабаққа толық даярланады, алдын-ала өз пікірін білдіруге болады. Сабақ үстінде белсенді қатысу аттестация кезінде ескеріледі.

Білімгерлердің өзіндік жұмыстары (БӨЖ). Берілген тақырыптарға реферат түрінде баяндама даярлау тиісті. БӨЖ А4 форматта орындалады. Сіздер баяндаманы даярлап, оны дер кезінде қорғауларыңыз керек. БӨЖ тақырыптары 1-ші аптада беріледі. Тапсырма өз уақытында орындалмаса минус 1 балл.

Коллоквиум. Сіздер аралық бақылауға даярлануларыңыз қажет. Ол бір апта бұрын ескертіледі. Аралық бақылау сұрақтары өткен бүкіл тақырыптарды қамтиды. Аралық бақылау 5-ші және 10-ші аптадан соң болады.

Қорытынды бағалау. Қорытынды бағалау емтихан түрінде өтеді. Ол бүкіл пән бойынша бағаның 40 пайызына тең. Емтихан тестілік әдіспен өтеді.

Бағалардың қойылу тәртібі

Білім объективті түрде және әділ бағалану тиісті. Бақылаудың үш түрін қолдануға болады:

1. Ағымды (апта сайын зертханалық сабақ және оқытушының өзіндік жұмыс кезінде).

2. Аралық (деканат уақыты бойынша).

3. Қорытынды (академиялық кезеңнің соңында бір рет өткізіледі.

Балл келесі түрде беріледі:

Ағымды бақылау – 40 балл

Аралық бақылау – 20 балл

Қорытынды бақылау – 40 балл

Барлығы – 100 балл.

Курстың бағасы аралық және ағымды, қорытынды бақылау келесі категориямен

анықталады:

Курс компоненттері және бақылау түрі Тапсырма саны Барлық бағалары Жоғары балл
  Практикалық сабақты қорғау және орындау     2*15=30
  БӨЖ жазу, қорғау   16,6 1*10=10
  Аралық бақылау (аттестация)   33,3 10*2=20
  Барлығы   100% 60 балл

Барлық жұмыстарды бағалу тәртібі:

  1. Балл білімді тексеру кестесі бойынша қойылады.
  2. Егер білімгер семестр бойы бірде-бір сабақты жібермей, сабаққа белсенді қатысса балл қосылады.
  3. Егер білімгер сабақты себепсіз жіберсе, онда бір балл алынады.

Курстың қорытынды бағасы төмендегідей анықталады:

Курс компоненттері Тапсырма саны Бағалары Жоғарғы балл
  Сабақтағы белсенділігі   0,25 30 * 0,25 = 7,5
  Ауызша сұрақ     10 * 1 = 10
  Конспектілеу, сөздік құрау (глосарий)     5 * 1 = 5
  Бақылау жұмысы   2,5 2 * 2,5 = 5
  БӨЖ   2,5 5 * 2,5 = 12,5
  Ағымдағы бақылау (аттестация)     2 * 10 = 20
  Аралық бақылау     1 * 40 = 40
Барлығы  

Білімді бақылау кестесі

Айы Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Бар лығы
Апта № Тапсырма және баға түрлері                              
Белсенділігі үшін 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2  
Ауызша сұрау                                
СӨЖ   2,5   2,5   2,5   2,5   2,5   2,5        
Конспект                                
  2,2 3,7 2,2 3,7 2,2 3,7 2,2 3,7 2,2 3,7 2,2 3,7 2,2 1,2 1,2  
Рейтингтік бақылау                                
Аралық бақылау                                
                                 
Барлығы                                
                                     

Пән бойынша бағалау критерийі

Курс компоненттері және бақылау формалары Тапсырма саны Кредиттік системадағы балл жүйесінің бағаға сәйкестігі Максималды балл
  Практикалық жұмыстарды жасау және қорғау   5=1 4=0.8 3=0.6 2=0.2  
  БӨЖ орындау және қорғау   5=1 4=0.8 3=0.6 2=0.2  
  Аттестация   5=10 4=7.5 3=5 2=2.5  

Төмендегі кестеде кредиттік жүйе бойынша оқытудағы әріптік таңбалармен бағалау үлгісі көрсетілген

Әріптік жүйе бағасы Баллдардың сандық эквиваленті Баллдар Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A+ 4,10 95-100 Өте жақсы
A 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

Барлық бағалар сіздің тапсырмаларды орындау нәтижеңізге байланысты. Соған байланысты курс бойынша орташа балл шығарылады.

Курстың саясаты

  1. Сабаққа кешікпеңіз.
  2. Сабақ кезінде сөйлеспеңіз, ұялы телефонды өшіріңіз.
  3. Сабаққа үлгілі киіммен келіңіз.
  4. Сабақты себепсіз жіберуге болмайды, себепті жағдайда наықтама қағазын әкеліңіз.
  5. Жіберілген сабақты оқытушының бос уақытында қайта тапсырыңыз.
  6. Тапсырманы орындамаған жағдайда баға төмендетіледі.

Курстың политикасы академиялық тәртіп политикасы

мен этикаға қарама-қайшы болмау керек, керісінше бір-бірімен үйлесімді болу керек.

Академиялық тәртіп пен этика саясаты

Академиялық тәртіп пен этика саясаты ЖОО-ның ішкі ережелеріне, білімгерлердің этикалық кодексінің негізіне сүйенеді, яғни:

  1. Оқытушымен, жолдастарымен, құрбыларымен мейрімді болу тиіс.
  2. Институттың, факультеттің тәрбиелік іс-шараларына қатысу.
  3. Институттың тәртіп мәдениетін сақтау.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: