Гусеев В., Минеева Л.А., Микробиология –М: Изд-во Москва ун-та, 1985. 2.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980

2.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

3.Мищустин Е.Н., Емцев В. Т.Микробиология –М. Колос, 1978.

Қосымша әдебиеттер:

1.Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования –Л: Наука,

2. Н.Қ. Шоқанов. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997.

Дәріс №11

Микрорганизмдерге физикалық фактордың әсері

Мақсаты: Студенттерді микроорганизмдерге физикалық фактордың әсерімен: температура, ылғал, жарық т.б. сыртқы орта жағдайларымен таныстыру.

а) Температураның әсері

Микроорганизмдердің әр түрлі факторларға әсері Сыртқы орта жағдайларының микроорганиздердің тіршілігінде маңызы зор.Әр түрлі жағдайларды жасай отырып,микроорганизмдердің тіршілігін жандандыруға да, сол сияқты тежеугеде болады.Мұндай жағдайларда физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстар жатады. Физикалық факторлардың микроорганизмдерге әсері. Физикалық факторларға температура, ылғалдық, орталықтағы заттар концентрациясы, түрлі дыбыстар мен электромагниттік толқындар жатады. Микроорганизмдердің барлық дерлік белгілі бір температурада тіршілік етуге бейімделген. Олардың өніп-өсіп, жақсы тіршілік ететін температурасын оптималды тампература деп атайды. Мәселен табиғатта кездесетін сапрофит микроорганизмдер үшін оптималды температура 30-35 градус аралығында болады.Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын есептегенде,оларды психрофиль, термофиль және мезофиль микроорганизмдер деп үлкен үш топқа бөледі. Психрофиль-суыққа бейімделген микроорганизмдер. Олар төменгі температурада жақсы тіршілік етеді. Ең жақсы тіршілік ететін температурасы +10 градус. Мұндай микроорганизмдерге кейбір шіріту бактериялары мен саңырықұлақтар жатады. Олар көбінесе Қиыр Шығыс топырақтарында және салқын теңіз сулаларында тіршілік етеді. Термофиль-жылылықты жақсы көретін,жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдерді айтады. Оларға қажетті оптималдвқ температура +50 градус. Кейде тіпті +80 градус жылылықта да олардың тіршілік ететіні байқалды. Олар ысы бұлақта,қызған шөпте,дәнде және көңде кездеседі. Мезофиль микроорганизмдер 30 градус жылыда өте жақсы өніп-өседі. Бұл топ табиғатта көп тараған. Оларға көптеген бактериялар мен зең саңырауқұлақтар және дрожжылар жатады. Бұл топта ауру қоздырғыш бірқатар бактериялар бар. Әдетте қажетті температурадан төмендегенде, микроорганизмдер қырылмайда керісінше, қайта олардың тіршілігі тежеледі, яғни микроб клеткалары анабиоз жағдайына ауысады. Бұл жағдайдан кейін қолайлы жағдай туса олар қайтадан жанданады. Кейбір зең саңырауқұлақтар мен дрождылар - 190 градустық суықта да тіршілігін жоймайды. Ал олардың ерекшелігі, олардың споралары өздеріне қарағанда температураның ауытқуына төзімді. Ылғалдық микроорганизмдер тіашілігінде маңызды роль атқады. Микроорганизмдер клеткасында 85пайызға дейін су болады. Клеткадағы көбею, өсіп-өну және басқада қилы биохимиялық процестер тек су бар кезде болып отырады.Ылғалдықтың клеткада азайюы микроорганизмдердің көбеюін тежейді.Бұдан кейін клетка біржолата өліп қалады. Бактериялардың көбеюі 25 пайызға жеткенде тоқталат. Ал саңырауқұлақтың ылғалдылығы 15 пайызға жеткенде тіршілігіне тежеу басталады. Микроорганизмдердің құрғақ кезде өлмей ұзақ сақталады. Олардың спорасы құрғақ кезде тіршілікке қабілеттілігін ұзақ сақтай алады. Бірақ мұнда споралары өніп-өсе алмайды. Міне, микроорганизмдердің бұл қабілеттілігін тағамды және басқа сол сияқты азықтарды кептіріп сақтауда ескереді.Әдетте микроорганизмдерді белгілі бір ортаға тіршілік етеді.Онда әр түрлі заттарды ерітінді күйінде болады. Микроорганизмдердің кейбір топтары еріген заттар концентрациясы аз, тұщы суларда тіршілік етеді. Ал қалғандары заттар концентрациясы күшті, яғни оның шамасы кейде жүздеген атмосфераға тең келетін ортада тіршілік етеді. Микрооганизмдердің басым көпшілігі ортадағы еріген заттар концентрациясы біршама қолайлы болғанда жақсы тіршілік етеді. Күн сәулесінің әсері алдымен оның құрамындағы ультракүлгін сәулесіне байланысты.Бұл сәуле белокты тез ұйытып,ферменттерді бүлдіреді,микроорганизмдер,өсімдіктер мен жануарлар клеткаларына кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде ауыз суды,ауаны,тамақ сақтайтын бөлмелерді залалсыздандырады. Осыған қарамастан ультракүлгін сәулненің негігі кемістігі,оның терең қабатқа өтпей, тек заттардың беткі бөлігін ғана заралсыздандыратындығында.

Бақылау сұрақтары:

1. Физикалық факторлардың түрлері?

2. Температураның микроорганизмдерге әсері?

3. Ылғалдың микроорганизмдерге әсері?

4. рН ортасының микроорганизмдерге әсері?

5. Температураға қарай микроорганизмдерді неше топқа бөледі?

Негізгі әдебиеттер:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: