Гусев В., Минеева Л.А., Микробиология –М: Изд-во Москв. ун-та, 1985

2. Шлегель Г.Общая микробиология. –М: Мир, 1972.

3.Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, Мектеп, 1982ж.

4.Шоқанов Н.Қ. Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында қолдану. Алматы, «Қайнар», 1982ж.

5.Шоқанов Н.Қ. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997ж.

6. Шығаева М. Х., Қанаев Ә. Т. Микробиология және вирусология-А., «Қазақ университеті»-2008ж

7. О.Абдрахманов «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы»., А.,

«Мектеп»-баспасы 1972ж

8. Г.П. Калины, Г.Н. Чистович «Санитарная микробиология»,М.- 1965г, с.5-10

9. З.Н. Качемисова, С.А. Ефремова, А.М. Рыбанова «Санитарная микробиология»,М.- 1987г, с.34-43

10. А.А.Воробьев, Ю.С. Кривошеин В.П.Ишробонов «Медицинская и санитарная микробиология»,М.-1988г, с.55-70

11. В.П. Иванова «Санитарная микробиология», Л.-1988г, с.113-120

12. С.Я. Любашениса «Санитарная микробиология», М. «Пищевая промышленность»-1980, 223с.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жизнь микробов в экстремальных условиях –М.:,1981.

2.Лурия С., Дарнелл Дж. и др. Общая вирусология – М.: Мир, 1981.

3.Общая и частная вирусология. –М.: Медицина, 1982. –Т. 1-2.

4.Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С. Микробиология. –М.: Медицина, 1980.

5.Стейнер Р. Эделберг Э., Ингрем Дж. Мир микробов. М.: Мир, 1979- Т.1-3.

6.Тимаков В.Д., Левашов В.С., Борисов Л.Б. Микробиология. –М.: Медицина, 1983.

Дәріс №22

Өсімдіктердің аурулары

Мақсаты: Студенттерге өсімдік ауруларының жұқпалылығы және олардың тарапынан қоздырғыштарды білу қажет.

  1. Вирустық ауруларыӨсімдіктер ауруларын тарататын қоздырғыштар.
  2. Өсімдік ауруларының жұқпалылығы.

Фитопатогенді микроорганизмдер. Барлық микроорганизмдер тобында өсімдіктерде ауру қоздырушылар болады. Фитопатогенді микробтардың ішінен бірінші орын алатын саңырауқұлақтар болып табылады, екінші орында-вирустар мен бактериялар, тек аз жағдайда ғана ауру қоздырушылар қатарына актиномицеттер жатады.

Көптеген фитопатогенді микроорганизмдер белсенді түрде гидролитикалық ферменттер (пектиназа, целлюлоза, протеаза және т.б.(түзіп, өсімдік ұлпаларында мацерация мен клетка қабықшасын бұзылуына әкеп соқтырады да, нәтижесінде қоздырушы клетка ішіне енеді. Фитопатогенді микробтар клетка ішіне ене отырып, фотосинтез бен тыныс алу сияқты маңызды физиологиялық үрдістердің жүруіне кедергі жасайды. Ауру қоздырушылар түзетін токсиндер өсімдік клеткаларындағы ферменттердің белсенділігін тежеп, соңында оның тіршілігін жоюына әкеп соқтырады

3. Осы ауруларды тудыратын қоздырғыштармен күрес шаралары. Өсімдіктердің фитопатогенді микроорганизмдермен зақымдануының көзі болып топырақ, су және көптеген бунақденелілер саналады. Ең көп қаіп тудырушылар ауру өсімдіктер қалдығымен зақымданған тұқым материалы болып табылады. Фитопатогенді микробтар тудыратын өсімдік аурулары алынатын өнімнің азаюына және өнімнің сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да олармен қарсы күресу үшін антибиотикалық заттар қолданады.

Өсімдіктердің ауруларын, олардың тарлу және шағу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күрес шараларын белгілейтін ғылымды фитопатология деп атайды. Өсімдіктердегі ауруларды жұкпалы және жұкпалы емес аурулар деп екігі бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсу мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар қоздырады.

Вируспен ауруғанда аурудың инкубацилық кезеңі түрліші: темекі теңбілі үшін ол 9-11 күнге, ал картопта аурудың белгілері тек күзде ғана біліне бастайды. Кейде бір вирустың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерді зақымдай алады.

Өсімдік ауруларын қоздыратын, тарататын аурулардың түрі өте көп. Олардың жұқпалысы да, жұқпалы емесі де бар. Осы аурулардың таралуын, шығу себептерін зерттеп, олармен күрес шараларын зерттейтін ғылымды фитопатология деп атайды. Өсімдік ауруларының жұқпалы болуы өсу мен дамуға кері әсерін тигізетін жағдайларға байланысты, ал паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, сонымен қатар вирустар өсімдік ауруларының жұқпалы емес түрін таратады.

Өсімдік ауруларын тудыратын қоздырғыштармен күресуде саңырауқұлақтар мен антибиотиктердің маңызы өте зор. Мысалы: фитобактериомицин препараты. Штамм Қырым даласының топырағынан бөлініп алынды. Бұл препарат стрептомицин қатарына жататын антибиотиктер тобына кіреді. Таза күйінде бұл ақшыл қоңыр түсті суда жақсы еритін аморфты порошок. Медицинада қолданылмайды. Өндіріс орындары бұны каолин немесе тальк қосылған дуст (порошок) түрінде шығарады. Мысалы: 1 кг. тұқымды тазалау үшін 5 л-дей аренарин деп аталатын препараттан ерітінді дайындайды. 2,5 сағаттай тұқымдар ерітіндіде сақталады. Содан соң, жіңішке қабат түзіп, жайып, араластыра отырып, кептіреді. Тұқымды кепкеннен кейін де, аренарин препаратымен тазартқаннан кейін де бірден отырғызуға болады. Қызанақ тұқымдарын бұл препаратпен тазалау нәтижесі бактериальды рак, қара бактериальды дақтар секілді өсімдік ауруларымен, сонымен қатар саңырауқұлақ пен вирусты (мозайка, столбур, т.б.) қоздырғыштармен де күресуге көп әсерін тигізеді. Бұл препараттың пайдалысы сол көп жағдайда өсімдіктердің гүлденуін, жеміс беруін жеделдетеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Микробты сукцессия деген не?
  2. Шөптесін өсімдіктердегі сукцессия деген не?
  3. Сукцессияның түрлері?

Негізгі әдебиеттер:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: