Гусев В., Минеева Л.А., Микробиология –М: Изд-во Москва ун-та, 1985. 2.Колошенко О.И. Микробиология –Минск: Бышэйшая школа, 1977№

2.Колошенко О.И. Микробиология –Минск: Бышэйшая школа, 1977№

3.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

4.Мищустин Е.Н., Емцев В. Т.Микробиология –М. Колос, 1978.

5.Шлегель Г.Общая микробиология. –М: Мир, 1972.

6.Шоқанов Н.Қ. Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында қолдану. Алматы, «Қайнар», 1982.

7.Шоқанов Н.Қ. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997.

8. Құлдыбаев М. Ауылшаруашылығы микробиологиясы. Алматы, «Білім», 1994.

Қосымша әдебиеттер:

1.Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования –Л: Наука,

2.Жизнь микробов в экстремальных условиях –М.:,1981.

3.Кро Ж. Биохимия –М., Медицина, 1979.

4.Минеральный и биологический азот в земледелии СССР –М.: Наука, 1986.

5.Мишустин Н.Е. Ассоциация почвенных микроорганизмов. –М.: Наука, 1975.

6. Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С. Микробиология. –М.: Медицина, 1980.

7. Аникеев В.В., Лукомская К.А, Руководствои практическим занятиям по микробиологии –М.: Просвещение, 1983.

8. Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв. –М.: Изд-во. Моск.ун-та. 1983.

Дәріс №30

Атмосфера микрофлорасы

Мақсаты: Студенттерге ауаның микрофлорасын таныстыру және микроорганизмдерді санитарлық көрсеткіштер түрінде қолдану.

Ауадағы микроорганизмдер клеткасының бар-жоқтығы жөніндегі мәліметтерді

алғаш рет Л.Пастер (1860ж) алған. Ол теңіз деңгейінің әр түрлі биіктігінде (Юра

тауының етегінде 850 м және Монблан шатқалында 2000 м) қоректік орталары бар

колбаларды ашып, одан соң өсіп шыққан колониялар санына қарай ауаның

микроорганизмдер саны теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты деп тұжырымдаған.

Кейін ол нитроцеллюлозды сүзгіші бар құрал жасаған, ол құрал арқылы ауаны үрлеген

кезде ондағы қалқып жүрген бөлшектер сүзгіш бетінде ұсталып қалатынын

дәлелдеген. Қазір кезде осындай бірнеше жаңа түрдегі құралдар гигиеналық-

санитарлық мақсаттарда қолданылады.

1920 жылы Молиш ауада табылатын микроорганизмдерді аэропланктондар

деген терминмен атаған. Бұл термин ауада кездесетін барлық микроорганизмдерге

қатысты айтылады: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, мицелиалды

саңырауқұлақтардың споралары, балдырлар, қарапайымдылар. Олардың мөлшері 0,01

мкм шамасында болады.

Атмосферада микроорганизмдер негізінен тропосферада кездеседі, мұнда ек

аллохтонды микроорганизмдер болады. Олар топырақтан шаң бөлшектері мен өсімдік

тозаңдары арқылы, су тамшылары арқылы, ағаш діңдері мен сабақтары арқылы жел

ағынымен ауаға келіп түседі. Атмосферадағы микроорганизмдердің саны жыл мезгіліне

байланысты. Мысалы, жаз мезгілінде қоңыржай климат жағдайында микроорганизмдер

концентрациясы жоғары болса, ал қыс мезгілінде олардың концентрациясы төмен

болады. Сонымен қатар микроорганимздер саны метереологиялық жағдайларға, жел

жылдамдығы, жауын- шашынға байланысты. Егер жел жылдамдығы 4-6 м/сек болса,

онда микроорганизмдер саны 5-16 есе көбейеді. Материктер мен мұхиттар, қала мен

ауыл атмосферасындағы микроорганизмдер саны да әр түрлі болып келеді. Материк

пен қала атмосферасында микроорганизмдер саны жоғары болған, оның себебі

транспорт санына және жасыл- желектену дәрежесіне байланысты. Бөлме

атмосферасына микроорганизмдердің келіп түсуі адамның іс-әрекетіне байланысты.

Әртүрлі аймақтардағы климат және маусымдық жағдайлардың микроорганизмдер

санына әсерін зерттеу нәтижесінде олардың таралуы жөнінде мынадай заңдылық

байқалған:

• құрлыққа қарағанда теңіз үстіндегі атмсоферада микроорганизмдер саны жоғары;

• ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлердің атмосферасында микроорганизмдер саны көп болады;

• 300-2900 м биіктікте микроорганизмдер саны 70-72% -ға төмендейді;

• атмосфераның 84 км жоғарғы шекарасында микроорганизмдер табылған;

• атмосферадағы микроорганизмдер саны климат пен метереологиялық жағдайларға байланысты;

•антропогендік факторлар атмосферадағы микроорганизмдер санының көбеюіне жағдай жасайды.

Атмосферада аэрозолдар құрылады. Олар – газды ортада қалқымалы жағдайда болатын қатты немесе сұйық бөлшекті жүйе. Қалқымалы бөлшектер аэрозолдың дисперсті фазасын, ал газдар немесе газ қоспалары дисперсті ортаны құрайды. Дисперсті фазаның мөлшері 10-7 – 10-3 см шамасында болады. Әдетте, аэрозолдарды 3 топқа жіктейді: шаң, түтін (газ конденсаттар), тұман (дисперсті фаза-сұйық тамшылар). Ауада болатын бактериялар ерекше бактериалды аэрозолдар тобын құрайды. Бактериалды аэрозолдардың дисперсті фазасы биологиялық объектілерден тұрады. Олардың мөлшері объектісіне байланысты: вирустарда 0,01 мкм, микроорганизмдердің ірі клеткалары 50 мкм болады. Бактериялар мен вирустар атмосферадағы аэрозоль құрамында қатты бөлшектер түрінде қатысады.Бактериалды аэрозолдардың пайда болуын 3 фазаға бөледі:тамшы, шаң, тамшы-ядролы (немесе кептірілген бактериалды тамшылар деп атайды). Тамшы фазасында бактериялардың еріген заттары тұзды су қабықшасының ішінде болады. Құрғау дәрежесіне қарай тамшыдағы заттар концентрациясы жоғарылап, клетканың бетіне жинақталады. Бұл фазаны кептірілген бактериалды тамшылар деп атайды. Шаңды фаза- бактериялар шаң бөлшектерімен бірге ауада қалқымалы түрде болады. Бұл фазада бактериялар ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Қолайлы жағдай болғанда аэрозолдар құрамындағы бактериялар мен вирустар көбейеді. Бактериялардың аэрозолға айналуының алдындағы жағдайы өте маңызды. Мысалы, қатты ортадан бактериялардың аэрозолдарға айналуы ешбір қиындықсыз жүзеге асады, себебі олар бірден шаң фазасына түседі. Су суспендиясынан аэрозолға айналу қиынға соғады. Бұл жағдайда олар тамшылы фазада дисперсті фазаға түседі. Алайда алғашқы минутта көпшілік клеткалар өліп, тек грам-оң коккалар мен грам-теріс таяқшалар тіршіліктерін сақтап қалады. Шығу тегіне қарай аэрозолдар табиғи және жасанды деп бөлінеді. Табиғи аэрозолдар табиғи жағдайда құрамында микроорганизмдері бар топырақ және су бөлшектерінің дисперсиялануы үрдісінде түзіледі. Жасанды аэрозолдар бактериалды суспензия мен бактериалды шаңның дисперсиялануынан түзіледі.

Бактериалды аэрозолдардың негізгі көзі адам мен жануарлар болуы мүмкін. Олар түшкіру, жөтелу кезінде және жануарлар сілекейінің кебуі кезінде түзіледі. Аэрозолдардың түзілуіне әр түрлі антропогендік жағдайлар да әсер етеді: бактериалды және вирусты препараттар шығаратын өнеркәсіптер, сонымен қатар микроорганизмдері бар өсімдік және жануарлар қалдықтарын өңдейтін зауыттар.

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфера микрофлорасының ролі?

2. Микроорганизмдердің азот айналымындағы ролі?

3. Микроорганизмдердің көміртегі айналымындағы ролі?

Негізгі әдебиеттер:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: