Этиологиясы

Қоздырғышы – Salmonella

Тұқымдастығы – Salmonella

Туыстастығы– Enterobacteriaceae (ішек бактериялары)

Клиникалық көрінісі (Симптомдары)

Сальмонеллездің инкубация уақыты орташа алғанда 12–24 сағ.Кейде ол 6 сағатқа қысқарады немесе 2 күнге ұзарады.

Келесі түрлерімен ағымының нұсқаларын ажыратады:

I. Гастроинтестиналды түрі:

1) гастриттік нұсқасы; 2) гастроэнтериттік нұсқасы; 3) гастроэнтероколиттік нұсқасы.

II. Генерализацияланған түрі:

1) сүзектік нұсқасы; 2) септикопиемиялық нұсқасы.

III. Бактериябөлуі:

1) жедел; 2) созылмалы; 3) транзиторлы.

I. Гастроинтестинальды түрі ең жиі кездеседі.Аурудың бұл түрінде гастриттің, гастроэнтериттің және гастроэнтероколиттің клиникалық көрінісі ретінде өтуі мүмкін. Сальмонеллезді гастрит сирек дамиды, клиникалық интоксикациямен,эпигасталды аймақтың ауырсынумен, лоқсумен, қайталамалы құсумен жүреді. Іштің өтуі бұл ағым нұсқасында болмайды.

Гастроэнтериттік нұсқасы – ең жиі кездесетін сальмонеллез инфекциясының клиникалық нұсқасы.Ауру жедел басталады. Бір уақытта интоксикация симптомдары мен асқазан ішек жолдарының зақымдалуының көрінісі пайда болады, кейін бірнеше уақыттан кейін максималды дамуына жетеді. Құсу мен лоқсу көптеген науөастарды кездеседі. Құсу бір рет болуы сирек, көбіне қайталамалы, үлкен көлемді, кейде тоқтамайтын болады. Нәжісі сұйық, көп көлемді, әдетте нәжістік қасиетін сақтайды, иісі өте өткір, көпіршікті, қоңыр, қою жасыл немесе сары түсті.Кейде шығарулар нәжістік қасиетін жоғалтады және күріш қайнатпасына ұқсайды. Іш аймағы көбіне қалыпты тырсиған, пальпация кезінде эпигастралды аймақта, кіндік айналасында, илеоцекалды аймақта ауырсыну байқалады. Шұрылдау анықталуы мүмкін.

Гастроэнтероколиттік нұсқасында сальмонеллез гастроэнтерит секілді басталуы мүмкін, бірақ кейін клиникалық көрінісінде колиттік симптомокомплекс айқын көрінеді. Бұл нұсқасында сальмонеллездің ағымы жедел дизентерияға ұқсас келеді. Ауру жедел басталады, дене температурасының жоғарлауымен және интоксикацияның басқа симптомдарының пайда болуымен көрінеді. Бірінші күннен бастап нәжіс жиі, сұйық, шырыш, кейде қан аралас. Тенезмдер мен жалған шақырулар болуы мүмкін. Ректомоноскопия кезінде мұндей науқастарда әртүрлі интенсивті қабынулық өзгерістер анықталады:катаральды, катаральды геморрагиялық, катаральды эрозивті.

Гастроинтестиналды түрінде тұрақты, ремиттирленген, интерремиттирленген қызба кездеседі.Кейде ауру тұрақты немесе субнормалды температуралы ағымды болады. Гастроинтестиналды түрінде ұйқы безі патологиялық процеске ұшырайды.Қан мен зәрдегі амилазаның активтілігі артады. Кейде панкреатиттің клиникалық симптомдары пайда болады.Сальмонеллез кезінде бауырдың зақымдалуы ертерек басталады,әсіресе токсинемия кезінде айқын болады. Науқастардың жартысында гепатомегалия, кейде көздің шырышты қабатының сарғаюы байқалады.

Кейде жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады, бұл сальмонелла эндотоксиндерінің әсер етуіне байланысты. Бастың ауырсынуы, бастың айналуы, талу жағдайлары байқалады. Вегетативті жүйке жүйесінің зақымдалуы асқазан мен ішектердің гипермоторлы дискенезия симптомдарымен көрінеді.

Бүйрек паренхимасының токсикалық зақымдалуы протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия түрінде кездеседі. Өте ауыр түрлерінде, айқын интоксикация кезінде жүрек қантамыр жүйесінің қызметінің төмендеуімен, коллапстың дамуы мен электролиттік бұзылыстар салдарынан жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамиды.

Гастроинтестиналды түрінде перифериялық қанның көрінісі әрқалай. Көп сұйықтық жоғалту кезінде қанның ұюы және эритроцитоз болуы мүмкін. Кейде симптоматикалық тромбоцитопения дамиды. Лейкоциттердің мөлшері әртүрлі болады – қалыпты, төмендеген, бірақ көбіне жоғарлаған, әсіресе ауыр ағымды сальмонеллез кезінде дамиды.Лейкоцитоз көбіне қалыпты,сирек 20 * 10^9 /л асады. Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы байқалады. ЭТЖ қалыпты немесе аздап жоғарлаған. Аурудың жоғары дамуы кезінде орғанизмнің дегидратациясы мен деминерализацияға алып келетін су электролит алмасуының бұзылысы болуы мүмкін.

Ағымы бойыншы сальмонеллездің гастроинтестиналды түрі жеңіл, орташа ауырлықты, ауыр болуы мүмкін. Жеңіл ағымында интоксикация қалыпты, орташа әлсіздік, қызбалау болады. Дене температурасы субфебрильды сандарға дейін көтеріледі. Құсу байқалмауы мүмкін немесе бір рет байқалауы мүмкін, іштің ауырсынуы аздаған немесе болмауы да мүмкін, нәжісі ұйымдастырылған немесе сұйық тәулігіне 3 рет, тез арада қалпына келеді.

Орташа ауырлық дәрежесі интоксикациямен, дене температурасының 39–40 °С дейін көтерілуі байқалады.Сол сияқты әлсіздік, бас ауруы,талу жағдайлары, аяғының құрысуы байқалады. Науқастар іштің ауырсынуына, локализациялануы гастриттің, энтериттің және колиттің дәрежесіне бйланысты болады. Құсу қиындықпен, бірнеше, бастапқыда қабылданған аспен байланысты болса, кейін өтпен немесе тұтқыр сұйықтықпен болады. Нәжісі тәулігіне 10 ретке дейін, көп мөлшерде, гастроэнтероколиттік түрінде – шырышты. 2–4 күннен кейін науқастың жағдайы жақсарады, іштің ауырсынуы жоғалады, дене температурасы мен асқазан– ішек жолдарының қызметі жақсарады.

Ауыр дәрежесі кезінде интоксикация симптомдары максималды дамуға жетеді. Дене температурасы 39–40 °С дейін көтеріледі және қызба байқалады. Қызба көбінесе тұрақты болады, сирек ремиттирленген сипат алады. Өте ауыр жағдай кезінде гипер– или гипотермия дамиды, бұл нейротоксикоздың немесе жедел тамырлық жеткіліксіздіктің дамуын көрсетеді. Интоксикация симптомдарымен қоса кейінірек іштің қатты кесіп ауырсынуы, қатты лоқсу, кейін көп мөлшерлі, бірнеше қайталанатын немесе тоқтамайтын құсу болады. Нәжісі тәулігіне 10–20 рет,сұйық, көп көлемді, күріш қайнатпасына ұқсайды. Тоқ ішектің зақымдалуы кезінде нәжіс шырыш немесе қан аралас болады.Дегидратация, деминерализациямен байланысты ацидоз симптомдары дамиды. Науқастар әлсіз, күшсіз болып көрінеді. Тері қабаты бозарған, құрғақ, беті кіртиген, дауысы әлсіз шығады, құрысулар байқалады, олигурия немесе анурия болуы мүмкін. Мұндай жағдай кезінде реанимационды дезинтоксикациялық терапия қажет,тез арада регидратация және реминерализация қажет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: