Емтихан билеті № 11

1. Ынталық-мақсаттық технологияның мәнін ашыңыз.

Берілген технология тапсырмаларды орындаудың әдістері мен құралдарын көрсетусіз оларды беруге негізделген және ынталы мен кәсіби орындаушыға арналған. Ынталылық-мақсаттық технология 4.1-суретке сәйкес басшымен қызметкер немесе топ үшін тапсырманың тек соңғы мақсатын, сонымен бірге оған жету механизмін көрсетусіз орындау мерзімін әзірлеуді ескереді. Мұнда мақсатқа қандай да себептер бойынша қол жеткізілмеуі мүмкін (1 қисық), мақсатқа ескерілген мерзімде немесе одан бұрын жету мүмкін (2 қисық), мақсатқа ескерілген мерзім шегінен жету мүмкін (3 қисық). Ынталылық-мақсаттық технология бағынушылардың ынталы шешімдері үшін үлкен еркіндік береді.

2. Ынталық-мақсаттық технологияны қолдану шарттары қандай?

Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:

- ұйым немесе оның бөлімінің қызметкерлерінің штаты 10 адамнан көп емес;

- тапсырманы орындау уақыты оны беру уақытынан бастап 1 айдан аспауы керек;

- персоналдың жоғары кәсіпқойлығы немесе басшы жағынан оған үлкен сенімділік;

- жаңа тауарлар, қызметтер, ақпарат немесе білімдер өндірісі;

- ұжымдағы тұрақты бейресми қатынастардың болуы.

Берілген технология үшін ұйымдық қатынастардың сызықтық сызбасы тиімді. Тапсырманы орындау кәсіпқойлығы тапсырманы орындаушының біліктілігімен анықталады, ал басшының біліктілігі екінші ретті рөлге ие. Технология мақстақа жетуге кепілдік бермейді.

3. Бағдарламалық-мақсаттық технология мақсатқа жетуге кепілдік бере ме?

Бағдарламалық-мақсаттық технология тапсырмаларды орындау құралдарын, әдістері мен уақытын көрсетумен орындалу үшін тапсырмаларды (мақсаттарды, міндеттерді) беруден тұрады, бұл орындаудың аралық жағдайларын сыртқы және ішкі бақылауы туралы нұсқаулар бар. Тапсырманы орындау кәсіпқойлығы басшы біліктілігімен анықталады, ал орындаушы біліктілігі екінші ретті рөлге ие. Бағдарламалық-мақсаттық технология 4.2-суретке сәйкес әдетте мақсатқа жетуге кепілдік береді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: