Емтихан билеті № 13

1. Процессорлық технологияның жиынтығын атаңыз.

2. Нәтижелер бойынша басқару технологиясының мәні неде?

Берілген технология соңғы нәтижелердің жоспарлау мен болжаудан басымдығына негізделеді. Басшылар іске асыратын негізгі қызметі алынған нәтижеге байланысты шешімдер мен әрекеттерді үйлестіру (түзету) болып табылады.

Берілген технология орта және шағын ұйымдар немесе бөлімшелер үшін іске асырылады, оларда:

- шешімдерді қабылдау мен оларды орындау нәтижелері арасындағы уақыт минималды (сағаттар, бірнеше күндер);

- қажетті ресурстарды тез алудағы немесе қажетсіз ресустарды қайтарудағы қиыншылықтардың болмауы;

- ұйым басшысының немесе жоба басшысының кәсіпқойлығы едәуір жоғары;

- өндіріс сипаты көбінесе механикаландырылған.

Берілген технология шеңберінде басшы:

- басқару жүйесі элементтерінің қалыптастырылған құрамының қызмет ету үшін қажетті ресурстардың көлемі мен тізімін әзірлейді;

- бастапқы шешімнің нұсқасын таңдайды немесе әзірлейді;

- ресурстарды қолдану барысын бақылайды;

- ағымдағы нәтижелердің жоспарлан нәтижелерден ауытқу шамасынан шыға отырып шешімдерді іске асыру процесінің барысын түзетеді;

- бөлінген ресурстарды қолдану барысын түзетеді.

3. Нәтижелер бойынша басқару технологиясын іске асыру кезеңдерін атаңыз.

Берілген технология басқару саласындағы маманды немесе басшыны өз қателері мен жетістіктері негізінде өз бетінше оқу үшін тимді. Ол қалған технологиялар арасында ең арзан, себебі ол толық жоспарларды әзірлеуге шығындарды және шешімдерді іске асыруға құралдарды есептеуді талап етпейді. Бірақ оны қолдану шарасыз қателерден өндірілген өнімнің жалпы қымбаттауына алып келуі мүмкін.

Технология іске асыруда екі негізгі кезеңді қарастырады:

- жаңа шешімді әзірлеу немесе типтік шешімді таңдау және алғашқы нәтиже алғанға дейін оны іске асыру;

- нәтижені нормативті көрсеткіштермен салыстыру. Егер нақты нәтиженің нормативті көрсеткіштерден ауытқуы мүмкін шамалардан асып түссе, онда шешімді түзету өткізіледі. Егер ауытқулар қалыпты, онда шешімнің соңғы нұсқасы түзетілмейді және цикл жалғасады.

Технологияның әрекеті мақсаттық басқару технологиясында бекітілген мақсатқа қол жеткізілгеннен кейін аяқталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: