Емтихан билеті № 14. 1. Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясы неге негізделеді?

1. Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясы неге негізделеді? Ол қайда тиімді іске асырылады?

2. Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару технологиясы шеңберінде басшының әрекеттері қандай?

3. Ерекше жағдай дегеніміз не? Оған не жатады?

1)«Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару» технологиясы қойылған мақсатты іске асыруға қатысатын қызметкерлер арасында өзара әрекеттесулерді қалыптастыру үшін тұлғааралық қатынастардың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделеді. Адамның қажеттіліктері – бұл ағзаның өмір сүруі мен дамуы үшін, тұлғаның қызмет етуі мен дамуы үшін қажетті элементтердің материалдық, биологиялық, әлеуметтік жиынтығы.

Бұл технология ұйым қызметі жергілікті инфрақұрылымға едәуір әсер ететін үлкен емес аймақтардың (қалалардың, кенттердің және т.б.) ірі және орта ұйымдарында тиімді іске асырылады. Мысалы, тоқыма өнеркәсібі бар қалалар мен кенттерінде, мұнда бір үлкен ұйым аса шағын қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызмет етуіне көмектеседі.

Технологияны қолданудың қосымша шарттары: шешімді қабылдау немесе түзету және нәтижені алу арасындағы үлкен уақыт интервалы; жұмыстың көбінесе ұжымдық сипаты; сол әкімшілік аймақта – ауылда, кентте және т.б. орналасқан ұйымдарының көбімен тығыз отбасылық, тұрмыстық және өндірістік байланыстарының болуы; мамандар нарығының болуы.

2) Технология персоналды қойылған мақсатты іске асыруға қытысатын қызметкелер арасында өзара әрекеттесуді қалыптастыру үшін қатаң басқару мен бақылаудың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген. Қатаң басқару мен бақылау адам бұл кезде тәртіптегі, тұрақтылықтағы, өзін-өзі көрсетудегі, өз ойын білдірудегі өз қажеттіліктерін жақсырақ іске асыратынмен негізделген. Берілген технология шеңберінде басшы: тапсырманы және оның кезеңдерін орындаудың құралдарын, әдістері мен мерзімін көрсетумен әрбір қызметкер үшін жұмыстың толық жоспарын қалыптастырады; әрбір қызметкермен тапсырманы орындаудың ағымдағы процесін қажетті бақылауын өткізеді; тапсырманы уақытында және сапалы орындауға кедергі жасайтын проблемаларды анықтайды; жұмысты орындау жоспарынан ауытқыған қызметкерлердің қызметін түзетеді; тапсырманы уақытында орындауға қажетті көмек көрсетеді; қызметкерлердің кәсіпқойлығы, олардың психологиялық жағдайының ерекшеліктері, жұмыстың қолайлы қарқыны туралы мәліметтердің ақпараттық базасын жасайды.

3) Ерекше жағдай – бұл орындаушыға берілген тапсырманы уақытында және тиісті түрде орындауға кедергі жасайтын жағдайлардың тұрақты жиынтығы. Ерекше жағдай форс-мажор жағдайларына жатпайды мысалы, қызметкерлердің сырқаттануы немесе жұмыстан кетуі, өндірістік ғимараттарда электроқуатының өшуі, бұйымдар өндірісі кезіндегі брак. Ерекше жаңдайлардың (кедергінің) интеллектуалдық деңгейі әдетте мамандар қызметі пәнің деңгейіне қарағанда едәуір төмен. Мысалы, жүйелік программистер бөлімі жұмысында әртүрлі кедергілер болып отырады: электрқуатының өшуі, картриджді, қағазды жеткізудегі кідірістер және т.б. Егер бөлімнің басшысы оның негізгі қызметкерлерінен қарағанда біліктілігі азырақ, бірақ кедергілерді тез және білікті жоятын адам болса, онда істер сәтті жүреді, егер керісінше болса, онда тұрақты жанжалдар пайда болады. Берілген технология қатаң регламенттелген технология бойынша жұмыс істейтін үлкен емес ұйымдарда немесе басқарудың сенімді (функционалдық) құрылымымен ұйымдарда тиімді іске асырылады. Қатаң регламенттелген технология персонал арасындағы барлық басқарушылық және өндірістік қызметтерді анық бөлуді, жабдықтаушылармен және тұтынушылармен өзара әрекеттесуді құрады ескереді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: