Емтихан билеті № 15

1. Ерекше жағдайларда басқару технологиясы шеңберінде жұмысшының әрекеттерін сипаттаңыз.

2. Жасанды зерде негізінде басқару технологиясының мәнін ашыңыз.

3. Қызметті белсендендіру қандай түсініктерді біріктіреді?

1) Бұл технология берілген немесе таңдалған тапсырмаларды сәтті орындау үшін орындаушы кәсіпқойлығының немесе пайдаланылған және жақсы орындалатын өндірістік технологияның басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген. Берілген технология шеңберінде жұмысшы: ұйымның негізгі миссиясын және оны құрайтын мақсаттарды қалыптастырады, орындаушылармен оларға жету мерзімін үйлестіреді; өз орындаушыларна ұсынылған өндірістік технологияны нақты қолдануды тапсырады; тапсырманы орындаудың келісушілігін қадағалайды; ерекше жағдай болған жағдайда басқаруды өзіне алады немесе оны басқа орындаушыларға (ішкі немесе сыртқы) жүктейді; қызметкерлердің кәсіпқойлығы, ерекше жағдайлар мен оларды шешу тәсілдері туралы мәліметтердің ақпараттық базасын жасайды. Басқарушылық технология өндірістік технологияның ерекшелігін нақты қолдануды және барлық негізгі бөлімшелері басшыларының шешіміне толық сенімділігін ескереді.

2) Жасанды зерде негізінде басқару. Бұл технология заманауи ақпараттық компьютерлік технологияларды қоланумен мәліметтер базасы немесе білімдер базасы түрінде іске асырылатын заманауи экономикалық-математикалық әдістердің, статистиканың және тәжірибенің басымдығына негізделеді. Жасанды зерде– бұл шешімдерді әзірлеу мен іске асыру кезіндегі адамның ойлау қызметінің кейбір жақтарын үлгілейтін заманауи ақпараттық технологиялар жүйесі. Берілген технология шығарылатын өнімнің жиі өзгеретін номенклатурасы кезінде, сонымен қатар типтік күрделі процедураларының үлкен көлемі бар кез келген ұйымдар үшін әсіресе тиімді. Берілген технология ақпараттық жүйелермен жұмысы бойынша мамандардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін талап етеді және басқарудың функционалдық құрылымын ескереді. Бұл құрылымда басқару қызметтері әкімшілік-әміршіл қызметті қосатын сызықтық қызметке және технологиялық, экономикалық, құқықтық және орындауға міндетті басқа қызметтерді қосатын функционалдық қызметке бөлінеді. Басшылар бір-бірінің ісіне араласпайды. Негізгі басшы ғана бөлімшелер басшыларының әрекеттерін үйлестіреді және өз қызметтерінің шектеулі тізімін орындайды. Әрбір басшы нақты орындаушымен жұмысты орындауға қажетті қызметтердің тек бөлігін ғана өзінде тұйықтайды.

3) Қызметті белсендендіру екі түсінік біріктіреді: ынталандыру (моральдық және материалдық) және жұмылдыру. Моральдық ынталандыруға жауапты тапсырмаларды беру, сенім, алғыстар, үкіметтің марапаттары, қызметтегі жоғарлау немесе оған ұсыну және т.б. жатады, материалдық ынталандыруға ақшалай және тауарлық түрдегі, қызметтер, білімдер мен ақпарат түріндегі төлемдер жатады. Жұмылдыру – бұл қойылған мақсаттарға жету үшін қызметкерде патриоттық негізінде адамның моральдық құндылықтарын қалыптастырады. Жұмылдыру тәсілдеріне ұрандар, үндеулер, басшының немесе әріптестің жеке үлгісі, орындалған тапсырманың маңыздылығын ұғыну және т.б. жатады. Берілген технология қызметкерлердің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясында сияқты басшыдан тура емес, қызметкердің өз шешім арқылы ықпал жасайды. Технология персоналмен жұмыс бойынша мамндардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін талап етеді. Қызметкерлердің жұмысын белсендірудің әлемдік тәжірибесінде тиімді еңбекке мотивация теориясы сәтті қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: