Тапсырыс шарты

Топологияларды тiркеу.

71. Топологияға құқық субъектiлерi.

72. Топологияға мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтар.

73. Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқықтар субъектілері.

74. Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқықты рәсімдеу.

75. Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқық мазмұны.

76. Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқықтардың тоқтатылуы.

77. Қосавторлық.

78. Патениеленушілер және мұрагерлер патент құқығының субъектілері ретінде.

79. Заңды тұлға және мемлекет патент құқығының субъектілері ретінде.

80. Авторлық құқықтың субъектілері туралы жалпы ережелер.

81. Авторлар және құқыққабылдаушылар.

Туынды туындыларды жасаушылар.

83. Қосавторлық.

Тапсырыс шарты.

85. Авторлық лицензиялық шарт, туындыны пайдалану шарттарының түрлері.

86. Авторлық шарт бойынша тараптардың құқтары мен міндеттері және жауапкершілігі.

87. Туындыны сақтауға беру.

88. Авторлық құқтың әрекет ету мерзімдері.

89. Сабақтас құқықтың әрекет етуi.

90. Топологияға құқықтар.

1. Интеллектуальдық меншік құқығы құқықтық қорғау объектісі ретінде.

Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқық ретінде қатаң заңмен белгіленген жағдайда ғана қорғалуы. Бұл белгі бойынша заттық құқықпен тағы да бір ұқсастығы орын алады. Заттық құқыққа тиісті М.К. Сулейменов «олардың заңмен белгіленуі» деп атайды. Т.Е. Каудыровтың пікірінше, интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне «белгіленуі» атты сөз келіңкіремейді, бұл объектілер заңмен белгіленген жағдайда ғана пайда болады (басқа кезде пайда болмайды) деген түсінік ойға келеді, дейді. Ғалым сауданың, техниканың, ғылымның дамуы нәтижесінде пайда болған интеллектуалдық қызметтің нәтижелері құқықпен қорғалады ма деген мәселе маңызды, сондықтан «құқықтың қорғалуы» деп қысқаша атайды.

Интеллектуалдық меншік объектілері тікелей нұсқаудың нәтижесінде емес адам шығармашылығының нәтижесінде пайда болады. Алайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-ҚР АК) 125 бабында, азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне айрықша құқық кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп бойынша танылады делінген. Белгiленген реттер мен тәртiптер ҚР АК 961 бабында нақтыланып көрсетілген, осы баптағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға ќатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары топтарының тізімінде болмаса заңнамамен қорғалмайды.Келесі, интеллектуалдық меншік құқығының қатаң түрде аумақтық сипатта болуы және уақытпен шектелуі. Интеллектуалдық меншікке құқық оның шыққан елінде ғана танылады. Егерде, ел арасында екі жақты шарт немесе көпжақты конвенциялар мен жасалған халықаралық келісімдер болмаса, басқа елде бұл құқықтың бұзылуына тосқауыл жоқ. Қазақстандық тұжырымдамаға сәйкес меншік құқығы уақыттық шартпен пайда болмайтын болса, интеллектуалдық меншік құқығы бастапқыдан уақытша құқық ретінде пайда болады. Интеллектуалдық меншік объектісі ретінде танылатын азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушылардың дараландыру құралы фирмалық атауды айтуға болады. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы уақытпен шектелетіндей негіз жоқ. ҚР АК 1022 бабының 2 тармағына сәйкес фирмалық атауға құқықтың тоқтатылуы негіздеріне – заңды тұлғаның таратылуы және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты негіздерді жатызады. Көрсетілген соңғы екі негізді – мерзімдік сипаты жоқ, құқықтық уәкілі бар субъектілердің еркіне байланысты оқиғалар санатына жатады.

2.Интеллектуальдық меншік түсінігі және интеллектуальдық меншік құқығы: анықтау мәселесі.

Қазақстан Рспубликасында интеллектуалды меншіктің барлық дерлік объектісі құрылған және оларды қорғау жүйесі де жұмыс атқарады.Жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік – заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік – жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.

Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.

1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады.

Интеллектуалдық меншік құқығы абсолюттік құқық болып табылады. Абсолюттік құқық ретіндегі сипаты, оны меншік құқығымен біріктіріп, ал міндеттемелік құқықтан оның айырмашылығын көрсетеді. Барлық үшінші тұлғалар заттық құқықпен интеллектуалдық меншік құқығын мойындаулары тиіс және заттың меншік иесімен интеллектуалдық меншік иесінің құқықтарына белгісіз тұлғалардың міндеттері қарсы тұрады. Интеллектуалдық меншік заттық құқықпен қоса абсолюттік құқық ретінде мүліктік қатынас статикасы бойынша тең.

3. Интеллектуальдық меншік құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде.

Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.

1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады.

Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.

Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті.

4. Интеллектуальдық меншік құқығының мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеудегі ролі.

Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі. Әділетті болып табылатын бұл ескертулерге интеллектуалдық, меншік теориясының жақтаушылары мұнда арнаулы реттеуді қажет ететін ерекше нысандағы меншік жөнінде сөз болып тұр дейді, себебі патент иелерінің авторлық құқықтар мен тауар белгілерінің субъектілерінің меншік құқығының объектісі "денесі" жоқ, "ұсталмайтын заттар болады"[3].
Қазіргі уақытта авторлық және өнертабыстық құқықтардың екілік табиғатын жоққа ешкім шығармайды.
Бір жағынан шығармашылық нәтижені жасаушы тұлғаға оны пайдалануға ерекше сипаттағы құқығы бар және өзге тұлғаларға өткізіле алады (нәтижені пайдалануға рұқсат беру).
Бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және меншік құқығымен ұқсас екінші жағынан, авторға жеке мүліктік емес (моральдық) құқықтар жиынтығы тән, оларға авторлық құқығы, авторлық есімге құқық және т.с.с. өзінің табиғатына орай оларды иеленушіден ажыратылмайтын құқықтар жатады.
Мұнда мүліктік және мүліктік емес қатынастар арасында қатаң шекара жоқ, керісінше, олар өте тығыз өзара байланысты және ажырамас бірлікте болады.
Жеке мүліктік емес құқықтар.

ТЕК ҚАНА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТӘН БОЛАДЫ

• АУЫСПАЙДЫ, ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

• МҰРАГЕРЛІК АРҚЫЛЫ АУЫСПАЙДЫ

• МЕРЗІМСІЗ ӘРЕКЕТ ЕТУ СИПАТЫНДА БОЛАДЫ

• МҰРАГЕРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ТӘРТІБІ

5. Интеллектуальдық меншік құқығының құқық саласындағы орнын анықтау.

Интеллектуалды меншік – жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.
Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.
Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.
Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық.

6. Интеллектуальдық меншік құқығымен реттелетін қатынастар.

Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау жүйесі қазіргі кезде Ұлттық инфрақұрылымның құрамдас бөлігіне айналды. ХХІ ғасыр Интеллектуалдық экономиканың ғасыры деп жорамалдауға негіз бар, соның негізін шығармашылық әрекеттері және оның құқықтық қорғаудың тіректі жүйесі құрайды. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдениет пен ғылыми-техникалық айналымға еніп, Дүниежүзілік Интеллектуалдық меншік ұйымына кіре отырып (ДИМҰ), әлемдік деңгейге сай қазақстандықтар мен шетелдік интеллектуалдық меншік иегерлерінің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.

Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қоғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды.

Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.
Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті.

7. Интеллектуальық қатынастарды құқықтық реттеу әдістері.

Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз — біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.

Интеллектуалдық қатынастарды Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент — мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.

8.Интеллектуальдық меншік құқығының қағидалары.

Азаматтардың құқықтарын қорғау сот арқылы,төрелік сот арқылы сосын аралық сот тәсілдері арқылы.

1. Құқықты мойындату

2. Бұрынғы қалпына келтіру

3. Құқықты бұзатын әрекеттерге тыйым салу

4. Мәмлені жарамсыз деп тану

5. Моральды зиянды өтеу\

6. Құқықтық қатынпастарды тоқтату және бұзу

7. Айыппұл арқылы өндіріп алу

8. Келтірілген залалдарды өндіріп алу

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады., аталған келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған. Құжат бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық құжаттардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ, заң жобасы ұлттық заңнамамен қорғалатын Зияткерлік қызметтің нәтижелерімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дараландыру құралдарын сақтау және қорғау саласындағы реттеу қағидаттарын біріздендіруге бағытталады.
Келісімге қатысушы мемлекеттердің ведомстволары арасында Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласындағы үйлестіру, ақпараттық-техникалық ынтымақтастық функцияларын жүзеге асыру мақсатында тараптар тұрақты негізде жұмыс істейтін институционалдық тетік - бірыңғай экономикалық кеңістіктің Зияткерлік меншік жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды көздейді

Авторлық құқық қағидалары - әмбебап, ең жоғарғы дәрежедегі императивті және жалпы маңызы бар бастапқы идея, бастаудың басы.Барлық юрисдикциялық қызметін белгілейді және авторлық құқықтық қатынастың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады. Қазіргі таңда авторлық құқық қағидаларының қалыптасқан түрлері:

Біріншіден, Конституцияда тікелей көрсетілген шығармашылық еркіндігі қағидасы болып табылады.

Шығармашылық еркіндікті авторлық құқықпен қорғалатын барлық ғылым, әдебиет және өнер туындыларының маңыздылығы, ерекшелігі және жеткізілген нысанына қарамастан қамтамасыз етіледі. Сондықтан заңмен қорғалатын туындылар тізімінің шеңберін шектемейді және кез келген объективті нысандағы зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғайды.

Екіншіден, авторлық құқық қағидасы болып автордың жеке мүдделерінің қоғам мүддесімен сәйкестігі табылады. Бұл қағида зияткерлік меншік институтының басқа институттарда да қолданылып отырады.

9. Интеллектуальдық меншік құқығының құрылымы.

Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Интеллектуалдық меншік құқығы абсолюттік құқық болып табылады. Абсолюттік құқық ретіндегі сипаты, оны меншік құқығымен біріктіріп, ал міндеттемелік құқықтан оның айырмашылығын көрсетеді [5,342]. Барлық үшінші тұлғалар заттық құқықпен интеллектуалдық меншік құқығын мойындаулары тиіс және заттың меншік иесімен интеллектуалдық меншік иесінің құқықтарына белгісіз тұлғалардың міндеттері қарсы тұрады. Интеллектуалдық меншік заттық құқықпен қоса абсолюттік құқық ретінде мүліктік қатынас статикасы бойынша тең. Айтарлық азаматтық-құқықтық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеген тетіктер, авторлық-құқықтық және патенттік монополияның абсолюттік құқық қағидасынан ауытқулардың орын алуына әкеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңының 19-23, 25-26 баптарына сәйкес, автордың келісімінсіз туындысын ақпараттық, оқу, ғылыми және жеке мақсатта пайдаланудың барлық заңды жағдайлары кіреді [6]. Патенттік құқық саласын айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Патент заңының 12 бабына сәйкес патентпен қорғалатын шешімдерді көлік құралдарының мұқтаждары үшін, ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргізу үшін, төтенше жағдайларда және табыс көзіне айналдырмай жеке мақсатта пайдаланудың барлық жағдайлары патент иеленушінің айрықша құқығын бұзбайтын әрекеттер ретінде танылады [7].

Интеллектуалдық меншіктің келесі белгілері ол денесіздігі және мінсіздігі Интеллектуалдық меншік құқығының қатаң түрде аумақтық сипатта болуы және уақытпен шектелуі[Интеллектуалдық меншікке құқық оның шыққан елінде ғана танылады. Егерде, ел арасында екі жақты шарт немесе көпжақты конвенциялар мен жасалған халықаралық келісімдер болмаса, басқа елде бұл құқықтың бұзылуына тосқауыл жоқ. Қазақстандық тұжырымдамаға сәйкес меншік құқығы уақыттық шартпен пайда болмайтын болса, интеллектуалдық меншік құқығы бастапқыдан уақытша құқық ретінде пайда болады.

10. Интеллектуальдық меншікқұқығы институттарының жалпы сипаттамасы.

ИМҚҰҚЫҒЫИНСТИТУТТАРЫ

• Авторлыққұқық

• Сабақтасқұқық

• Патенттікқұқық

• Дараландыруқұралдарынақұқық

Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады.

Сабақтас құқықтар – орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары. Сабақтас құқықтар авторлық құқықпен қорғалатын шығармалар төңірегінде қалыптасады. Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы дайындау, жазу, тарату, барысында делдал қызметін атқаратын адамға тиесілі болады.

Патенттік құқық

Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен — өнертапкыштыктың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді. Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.

Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.

Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

11. Интеллектуальдық меншікті қорғаутуралызаңнамалар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді. Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.

ҚР Патент Заңының 1 – бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардың ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысыының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған ҚР Патент Заңының 6-8 баптары).

1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейін бұл патенттік құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады.

Жаңа патент Заңымен бірге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді:

•қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді;

•патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті;

•қорғу құжатын алуға өтімнің тапсырылған күні мен берілген күні айқындалған және бөлінген;

•авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар қатаңдалған;

•мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды;

•соңынан пайдалану құқығы енгізілді.

12. ҚР-ң аумағындағы интеллектуальдық меншік туралы негізгі актілер.

ҚР АК 1999 жылдың 1 шілдесінен оның Ерекше бөлімі әрекетке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК «Интеллектуалдық меншік құқығы» деген 5 – бөлімі интеллектуалдық меншік құқығыныңжеке объектілерін құқықтық қорғау режимін реттейтін комплексті заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің болуы мен бдамуы үшін құқықтық іргетасы болып табылады. Бұл бөлім интеллектуалдық меншік құқығының жалпы сұрақтарын реттейтін 78 баптан тұрады. Бұл уақытта таман 1992 жылдың әрекет еткен Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шілдесімен белгіленеді.ҚР Патент Заңының 1 – бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардың ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысыының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған ҚР Патент Заңының 6-8 баптары).

1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейін бұл патенттік құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады.

Жаңа патент Заңымен бірге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді:

•қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді;

•патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті;

•қорғу құжатын алуға өтімнің тапсырылған күні мен берілген күні айқындалған және бөлінген;

•авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар қатаңдалған;

•мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды;

•соңынан пайдалану құқығы енгізілді.

38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік қөұқықтық акт болып табылады, себебі оны халықаралық – құқықтық (37–бапты қараңыз), азаматтық – құқықтық (11-15 баптарды қараңыз), азаматтық іс жүргізушілік (33–бапты қараңыз), әкімшілік (25-29 баптарды), еңбек (8-баптың –тармағын) сияқты әр түрлі саладағы қатынастар құрал ретінде қоданылады. Аталған актідегі патент құқығы объектілеріне әлемдік патенттік – құқықтық тәжірибе шеңберінде таралған талаптар (патентке қабілеттілік талаптары), сонымен қатар, берілетін құқық көлеміне қарай лицензиялық шарттардың көп түрі және қорғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкіндігі қарастырылған (14-бапты қараңыз).

2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар

1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.

2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

13.Интеллектуальдық меншік туралы заңдарды қолдану тәртібі.

Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық меншік, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективті құқықтары мен міндеттері саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгерді. Бұдан 1999 жылдың 16 шілдесінде патент құқығы субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды теттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегінде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша міндетін атқарған 1992 жылдың 24 шілдесінде қабылдаған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына келді.Қазақстан Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бірінші тобын ҚР Конститутциясы құрайды. Конститутциясының 20 – бабы шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді. Бұл норма интеллектуалдық меншік туралы заңнама дамуының құқықтық негізін құрайды.

1993 жылдың 12 желтоқсанында Қабылдаған Ресей Федерациясы Конститутциясының әдеби, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44 – бабында «интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады» деген ережесі бар. ҚР Конститутциясы 20 – бабының 1 – тармағын «интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіреді» деген сөздермен толықтыру қажет.

Патент құқығының объектілеріне қатысты құқықтық қатынастарды Конститутцимямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі де (49, 52 тарауларды қараңыз) реттейді.

Аталған саладағы заңнама жүйесінің негізі болатын ҚР АК 1999 жылдың 1 шілдесінен оның Ерекше бөлімі әрекетке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК «Интеллектуалдық меншік құқығы» деген 5 – бөлімі интеллектуалдық меншік құқығыныңжеке объектілерін құқықтық қорғау режимін реттейтін комплексті заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің болуы мен бдамуы үшін құқықтық іргетасы болып табылады. Бұл бөлім интеллектуалдық меншік құқығының жалпы сұрақтарын реттейтін 78 баптан тұрады. Бұл уақытта таман 1992 жылдың әрекет еткен Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шілдесімен белгіленеді.

ҚР АК-нің қарастырып отырған бөлімі елоіміздің арнайы заңнамасының дамуының іргетасы болып табылатын интеллектуалдың меншік объектілері бойынша қағидалы, жалпы ережелерді бекітуге бағытталған. Бұл бөлімнің баптарында интеллектуалдық меншікті құқықтық реттеу саласындағы әлемдік жетістіктер бектілген, еліміз қатысып отырған маңызды әлемдік конвенциялар, сонымен қатар, болашақта қатысатын келісімдер талаптары ескерілген.

14. Интеллектуальдық меншік туралы заңдардың уақытқа, кеңістікке және қатысушыларына қарай қолданылуы.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді. Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.

ҚР Патент Заңының 1 – бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық меншік, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективті құқықтары мен міндеттері саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгерді. Бұдан 1999 жылдың 16 шілдесінде патент құқығы субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды теттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегінде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша міндетін атқарған 1992 жылдың 24 шілдесінде қабылдаған


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: