Топологияларды тiркеу

1. Топологиялар авторы немесе өзге құқық иеленушi Қазпатентке тiркеуге өтiнiм беру жолымен топологияларды тiркетуге құқылы.

2. Тiркеуге өтiнiм беру топологияларды пайдаланған, егер сондай болған жағдайда, күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты және онда:

1) топология атауына тiркеу сұралып отырған автор және тұлғалар, сондай-ақ олардың мекен-жайлары немесе тұратын жерлерi, егер топологиялар пайдаланылған болса, алғашқы пайдаланылған күнi көрсетiлген тiркеуге өтiнiшi;

2) рефератты қоса алғанда, топологияларды дәлме-дәл келтiрушi материалдары;

3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхаты;

4) тiркеу үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаты болуға тиiс.

Тiркеуге өтiнiмдердi жасауға және ресiмдеуге қойылатын талаптарды Қазпатент белгiлейдi.

4. Тiркеуге өтiнiмдер түскен соң Қазпатент қажеттi құжаттардың бар екенiн және олардың Заңдағы баптың 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сай келуiн тексередi. Тексеру нәтижесi оң болған жағдайда, Қазпатент топологияларды Интегралдық микротәсiмдер топологиялары мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi, өтiнiм берушiге топологиялардың тiркелгенi туралы куәлiк бередi және тiркелген топологиялар туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.

Қазпатенттiң сұрауы бойынша немесе жеке бастамасымен өтiнiм берушi мәлiметтер бюллетеньде жарияланғанға дейiн өтiнiм материалдарын толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.

Тiркеу тәртiбi, тiркеу туралы куәлiк нысаны, онда көрсетiлген мәлiметтер құрамы, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтер тiзiмiн Қазпатент белгiлейдi.

5. Интегралдық микротәсiмдер топологиялары мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер, керiсiнше екендiгi дәлелденгенше, шынайы болып есептеледi.

6. Топологияларды тiркеуге өтiнiм қабылдау, оларды тiркеу, куәлiктер беру және оларға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiнен туындайтын өзге iс-әрекеттердi қамтитын Заңда көзделген іс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн Қазпатент заңнамаға сәйкес ақы алады.

71. Топологияға құқық субъектiлерi.

Топологияларға берiлетiн авторлық:

1. Өзiнiң шығармашылық еңбегiмен топологиялар жасаған жеке тұлға оның авторы болып танылады.

2. Егер топологияларды жасауға бiрнеше жеке тұлға қатысса, олардың бәрi оның авторлары (тең авторлары) болып есептеледi. Тең авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен айқындалады.

3. Топологияларды жасауға жеке шығармашылық үлесiн қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен не оған және оны пайдалану құқығын ресімдеуге жәрдемдескен жеке тұлғалар автор ретiнде танылмайды.

4. Топологияларға авторлық құқық ажыратылмайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және мерзiмi белгiленбей қорғалады.

Топологияларды пайдалануға айрықша құқық

1. Топологияларды пайдалануға айрықша құқық топологиялар авторына не Заңның 8-бабында көзделген жағдайларда жұмыс немесе тапсырыс берушiге немесе олардың құқықтық мұрагерлерiне тиесiлi болады.

2. Құқық иеленушiнiң топологияларды өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен, атап айтқанда, Заңның 9-бабымен көзделгеннен басқа жағдайларда, бұл топологияларды басқа адамдардың құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатынсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, осы топологиялы интегралды микротәсiмдер жасау жолымен пайдалануға құқығы бар.

3. Бiрнеше құқық иеленушiге тиесiлi айрықша құқықты пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен айқындалады.

Мұндай келiсiм болмаған ретте олардың әрқайсысы қорғалатын топологияларды өз қалауы бойынша пайдалана алады, бiрақ қалған құқық-иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе басқа бiреуге айрықша құқығын беруге құқысы жоқ.

72. Топологияға мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтар.

«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217 Заңы.

Заңмен топологияларды жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлiктiк, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.

Топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы. Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларда жұмыс берушi немесе тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi. Топологияның бiрнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушiлер иеленетiн айрықша құқықты пайдалану тәртiбi олардың арасындағы шартта белгiленедi. Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бiрақ басқа құқық иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз мынадай iс-әрекеттер жасау:

1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгiзу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр бөлiгiн көшiру;

2) топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану.

73. Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқықтар субъектілері.

Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды дараландыру құралдарына құқықтар санкцияланбаған пайдаланудан қорғау үшін тіркелуі мүмкін. Тауарлық белгіні немесе тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану деп тауарлық белгіні немесе тауардың шыққан жерінің атауын тауардың атауында немесе тауардың заттаңбасында қолдануды түсінеді. Жалпы тауар белгілері және шығарылған орнының атауы дайындауда, сатуда, жарнамада және тіпті құқық иеленушінің ресми құжаттамасында пайдаланылуы мүмкін. Тауар белгісінің немесе тауардың орналасқан орнының атауын пайдалану құқығының иесі – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға - тауар белгісіне құқыққа немесе тауардың шығарылған жерінің атауын пайдаланудың айрықша құқығына ие. Азаматтық айналым, тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге қатысушыларды дараландыру құралдарына мыналар жатады: фирмалық атауы; тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері); тауарлардың шыққан орнының атауы (шыққан орнын көрсету); Осы Кодексте және заңнамалық актілерде (ұран, логотип) көзделген жағдайларда тауарлар және қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды дараландырудың басқа құралдары.

74. Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқықты рәсімдеу.

1. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес табиғи және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектіде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тауарлар өндіретін жеке және заңды тұлғалар өтінім беруге құқығы бар.2. Өтінім Заңның 28-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына тікелей немесе почта не факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі. Егер өтінім факсимильдік байланыс арқылы жіберілсе, ол факспен келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз көзіндегі түпнұсқамен расталуға тиіс. Осы талаптар сақталған жағдайында, факс арқылы келіп түскен күні өтінімнің келіп түскен күні болып саналады. Егер өтінім құжаттары көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы берілгеннен оның айырмашылығы болса, бұл жерде құжаттар олардың түпнұсқасының келіп түскен күнінен бастап тіркеледі.3. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар егер басқа тілде тапсырылса, онда олар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы болуға тиіс. Аударма өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. 4. Өтінім үш данада берілед

75.Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқық мазмұны.

Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды дараландыру құралдарына құқықтар санкцияланбаған пайдаланудан қорғау үшін тіркелуі мүмкін. Тауарлық белгіні немесе тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану деп тауарлық белгіні немесе тауардың шыққан жерінің атауын тауардың атауында немесе тауардың заттаңбасында қолдануды түсінеді. Жалпы тауар белгілері және шығарылған орнының атауы дайындауда, сатуда, жарнамада және тіпті құқық иеленушінің ресми құжаттамасында пайдаланылуы мүмкін. Тауар белгісінің немесе тауардың орналасқан орнының атауын пайдалану құқығының иесі – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға - тауар белгісіне құқыққа немесе тауардың шығарылған жерінің атауын пайдаланудың айрықша құқығына ие. Сараптама қорытындылары негізінде құзыретті орган тауар шыққан жердің атауын тіркеу туралы немесе онымен пайдалану құқығын беруге шешім қабылдайды. Мәлімденген белгі, өтінімнің басқа да материалдарының және оған қосымша берілетін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган тауар шығарылған жердің атауына пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеу туралы шешімін қабылдайды. Тауар шыққан жер атауы Тізілімде тіркеуден өткен жағдайда, сондай-ақ өтінім материалдарының осы Нұсқаулық талаптарының 6 тармағына, соның ішінде осы Нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сәйкес келген жағдайда, осыған дейін тіркеуден өткен тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы шешімін қабылдайды. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе) тіркеу туралы шешімінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі: пайдалану құқығын беру қатысындағы белгіге, тауар шыққан жердің атауы ретінде тіркелетін; тауар шыққан жер атауына пайдалану құқығы берілетін, тұлға туралы мәліметтер; өтінімнің түскен күні; тауар түрі; тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығы берілетін және/немесе тіркелетін, тауардың ерекше қасиеттерін сипаттау.

76.Тауар нышанын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауына құқықтардың тоқтатылуы.

Егер сараптама кезінде мәлімденген белгі, Заңның 27 және 29 баптарымен белгіленген талаптарына сәйкес жауап бермесе, сондай-ақ өтінім және оған қосымша берілген құжаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына қайшы толтырылған жағдайда, құзыретті орган тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер сараптама кезінде мәлімденген белгі Тізілімде тіркелгені анықталған жағдайда, ал өтінім және оған қосымша берілген құжаттар белгіленген талаптарға, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 6 тармағымен белгіленген талаптарға қайшы толтырылған жағдайда, уәкілетті орган тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден бас тарту туралы шешімін қабылдайды. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беруден бас тарту туралы шешімінде тіркеуден бас тарту себептері көрсетіледі. Өтінім беруші тіркеуден бас тарту шешімі жіберілген күннен бастап үш ай ішінде Заңның 31 бабы 2 тармағы негізінде сараптама жасау ұйымына сараптаманың шешімін қайта қарау туралы өтінішімен дәлелді қарсылық ұсыну құқылы. Сараптаманың қайталама шығарылған шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім беруші Заңның 12 бабының 5 тармағымен қаралған тәртіпте қарсылық білдіру құқығы бар.

77.Қосавторлық.

1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.

Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.

Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.

3.Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.

78.Патент иеленушілер және мұрагерлер патент құқығының субъектілері ретінде

1992 жылы 24 шілдеде Қазакстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.

Өнертабыстар мен өңдірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға моно-полиялык құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігіретінде алды. Монополиялык күкықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың кұкықтарын және заңнаманың нормала-рын бұзбай патенттік кұкық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

Кұқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық кұқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын Казақстан Республикасының Азамат-тык кодексін бекітті.

Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өті-ніші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірак үш жылдан аспауы керек.

Патенттеу мақсаты — сәйкес саладағы маман патент мазмү-нын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Патенттің негізгі қызметі — жаңалықты енгізетін түлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:

- қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

—патенттік қүқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне қүкықтар кешенінің және объектіні пайдалануғаайрықша қүқықтың берілуі;

- айрықша күқық (қорғау қүжаты) әрекетінің мерзімдік
және аумақтық сипаты;

—айрықша құқыктардың заңды шектелу мүмкіндігі.
Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.

Патент иеленушi өзi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркелуге жатады.

Қорғау құжатын өзгеге беру шарты мен оны алуға құқықты өзгеге беру шартын тiркеу сараптама жасау ұйымы жүргiзетiн материалдарды сараптау нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қорғау құжатын алуға құқықты өзгеге беру шартын тiркеу тәртiбiне өзгеге беру шартын тiркеу туралы ереже қолданылады.

Өзгеге беру шартын тiркеу үшiн сараптама жасау ұйымына белгiленген нысандағы өтiнiш ұсынылады.

Өтiнiшке:

1) нысанасы бiртектес өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi болып табылатын, титулдық парақпен жабдықталған, өзгеге беру шартының төрт дана түпнұсқасы қоса берiледi. Шарттың әрбiр данасы тiгiледi, тiгiлген және нөмiрленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекiтiледi, мөр бедерлемесi мен екi тараптың немесе соған уәкiлеттiк берiлген екi тарап тұлғаларының не өтiнiш берушiнiң қолдары қойылады.

Өзгеге беру шарты түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшiрмелерi ұсынылуы мүмкiн;

2) өтiнiш патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл немесе өзге өкiл арқылы берiлген жағдайда – сенiмхат;

3) мемлекеттiк бажды төлегенiн растайтын құжат қоса берiледi.

Ұлттық өтiнiш берушiлер жоғарыда көрсетiлген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесiнiң басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердiң жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсiпорын басшысының қол қою өкiлеттiгiн беру мәселесi бойынша шешiмiн ұсынады.


79.Заңды тұлға және мемлекет патент құқығының субъектілері ретінде.

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Патент – patent – мына мән – жайларды:

1) Аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;

2) Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;

3) Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патентиесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б). Патенти беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.

Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Патенттің негізгі қызметі – жаңалықты енгізетінтұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:

· қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

· патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі,патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

· айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;

· айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.

80.Авторлық құқықтың субъектілері туралы жалпы ережелер

1996 жылдың 10 маусымында «Авторлық құқықтар және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған.

А вторлық құқық дегенміз- автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары, ал сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқықтары.

Авторлық құқықтың субъектісі болып заң немесе келісім шарт бойынша авторлық құқыққа ие, ғылыми, әдеби және өнер туындыларының шығарушылары, олардың құқық иеленушілері немесе жұмыс берушілер мен басқа да тұлғалар табылады.

Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар секілді заңды тұлғалар да бола алады. Соңғысына әдетте газет, журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды шығармалар, аудиовизуалды шығарманы дайындаушылар және қызметтік шығарманың авторына жұмыс берушілер жатады. Авторлық құқықтың субъектісі бұл туынды шығармаға қатысты субъективті
Э.П.Гаврилов мынадай бөлуді көрсетеді: авторлық құқықтық субъектілер алғашқы
Бұл субъектілер ішінде автор-шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке
“Автор” деген ұғым туындының түпнұсқасын дайындаған тұлғаларды ғана
Заң бойынша автордың мүліктік құқықтары мұрагерлік бойынша берілетін
Қазақстан Республикасы авторлық қатынастарға өкілетті Үкіметтік орган арқылы
Қазақстан Республикасының авторлық құқығының субъектілерін саралай келе мынадай
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы”
автор (9-бап)
дыбыс, бейнежазу туындысын дайындаушы (13-бап)
жұмыс беруші (бап)
мұрагерлер (30-бап)
ҚР арнайы өкілетті органы (28, 30-бап)
автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқарушы орган (43-бап)
басқада тұлғалар (31-бап)
Авторлық құқықтың негізгі субъектілеріне — ғылым, әдебиет
Көрсетілген авторлардың туындыға авторлық құқықтар әртүрлі заңи фактілерге
Ғылым, әдебиет және өнер шығармасын дүниеге келтіру нәтижесінде
Авторлық құқықты иеленуші тұлға туындыны пайдалануға байланысты ерекше
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңы шығарманы жасаушылар үшін
Бұл ұғымның әртүрлі болуы басқа ел заңдары мен
Авторлардың құқын классификациялаудың бірнеше түрі бар. Олардың көптеген
Авторлық құқықты былай классификациялау бөліну критерийіне қарамастан үлкен
Туынды шығарманы пайдалануға байланысты мүліктік құқықтар авторлық шарттар
авторлық (авторлық құқығы, авторлық атауы);
шығарманың жариялануы (қайта өңдеу, басып шығару, тарату);
шығармаға қол сұқпаушылық
Мүліктік құқықтар екі топқа бөлінеді:
1) автордың сыйақы алу құқығы;
2) авторға келтірілген шығынды өтеу және құқықты бұзушыға
Автордың мүліктік емес жеке құқықтары ҚР АК 977-бабында
Мүліктік емес жеке құқықтардың ең негізгісіне туындының авторы
Есімі аталу құқығының мазмұны туынды пайдаланған кез-келген жағдайда
Автордың беделін қорғау құқығы мынадай негізгі құқықтарды қамтиды:
Кері қайтарып алу құқығы бойынша автор бұрын қабылданған

81. Авторлар және құқық қабылдаушылар

Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.
Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқықпен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ:
1)Авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ қандайда болмасын обьекивті нысандағы туындыларға:
2)Жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандайда болсын обьективті нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары авторлар және олардың құқық мұрагерлері деп танылады.
3)Жарияланған не жарияланбаған, бірақ ҚР тыс жерлерде қандайда болсын обьективті нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтары авторлар (олардың құық мұрагерлері) деп танылады.
4)Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз болған іс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттің заңы бойынша анықталады.

82. Туынды туындыларды жасаушылар.

Дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туынды жасаудың бастамасы мен жауапкершiлiгiн мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелерi болмаған кезде, осы туындыда есiмi немесе атауы белгiленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады. Автор - шығармашылық еңбегiмен туынды жасаған жеке тұлға. туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi. Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады. 2. Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды. 1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары): 1) сценарий авторы; 2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер); 3) қоюшы-режиссер; 4) қоюшы-оператор; 5) қоюшы суретшi болып табылады. Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс-бейнежазу туындысының құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып саналады. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке құқығын қызметтiк туынды авторы иеленедi. 2. Егер жұмыс берушi мен автор арасындағы шартта көзделсе және өзгеше көзделмесе, қызметтiк туындыны пайдалануға мүлiктiк құқықты жұмыс берушi иелендi. 3. Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы. 4. Туынды табыс етiлген кезден бастап он жыл өткеннен кейiн, ал жұмыс берушi келiскен жағдайда - одан да ертерек, жұмыс берушiмен жасасқан шартқа қарамастан, оның туындыны пайдалануға және авторлық сыйақыны алуға толық көлемде авторлық құқығы болады. 5. Қызмет бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындау тәртiбiмен энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, ғылыми еңбектердiң мерзiмдi және жалғастырыла беретiн жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды (осы Заңның 11-бабының 2-тармағы) жасауға бұл баптың ережелерi қолданылмайды.

83. Қосавторлық.

1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.

Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.

Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.

3.Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: