Силлабус

Стилистика және редакциялау пәні бойынша 5В050400 - Журналистика мамандығына Оқыту түрі: күндізгі курс: 3 семестр: 4 кредит саны: 4 барлық сағат саны: 180 соның ішінде дәріс: 30 іс-тәжірибелік сабақтар: 60 ОСӨЖ: 45 СӨЖ: 45 Емтихан: 4 семестр  

Талдықорған - 2014

Оқытушы туралы мәлімет

Кәрім Тұрлыхан

филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы

Деканат тел: 22-25-42, филология және журналистика кафедрасы- 120 ауд. Жансүгіров к-сі, 187 «А».

Қабылдау уақыты (office-hour): кафедрадағы консультациялар кестесі бойынша

Пән «Қазіргі журналистика қызметінің жанрлық түрлері»

Кредит саны: 3

Пәннің пререквизиттері: «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ әдебиетінің теориясы», “Журналистикаға кіріспе”.

Пәннің постреквизиті: Пәнді меңгеруге төмендегідей қосымша білім көздері көмектеседі: «Ғылыми-танымдық журналистика», «Баспасөз және әдеби сын».

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Шығармашылық ізденістер журналист кәсібінің негізі болып табылады. Шеберлік мәселеснің, қоғамның барлық саласын қамтитын журналистикадағы алар орны ерекше. Заман өскен сайын, біліміміз де байып, өзгеріп, өрлеп, жаңарып, жасарып келеміз. Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көресететін, экономикалық, қоғамдық, әлеумметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пірік айта лаатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр-сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады. Ақпарат жинаудың түрлі әдіс-тәсілдері болады. Журналистикада небір жақын үлгілері бар қарапайым әрі тиімді әдіс сұқбаттан бастап, сауалнамалық сұрақ-жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық тест тағы басқа әдістерді журналист сауатты пайдалана білуі тиіс.

Пәннің мақсат - міндеттері: аға ұрпақтың іс-тәжірибелері негізінде қалыптасқан журналистік шеберліктің негіздерін үйрету. Кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында студенттерге тәжірибелік тұрғыдан білім беру, теорияны мен тәжірибені ұштастыра отырып, журналистік шеберліктің қыр-сырына баулу.

- ақпарат жинаудың әдіс-тәсілдерін;

- тақырыпты дұрыс таңдау, журналистік зерттеуді жүргізе білу;

- шығарманың мазмұнын ашу, ақпаратты жедел әрі толық алу;

- шоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру;

- шығарманы өңдеу, сапалы мәтін жазу;

- тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық және журналистика этика мәселелерін меңгереді.

Курс соңында студенттің алатын білік – дағдылары:

Нәтижесінде студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен орнықтыру. Яғни пәнді өту барысында студенттер түрлі хрестоматиялық мәні бар әдебиеттерді міндетті түрде оқып, конспектілеумен қоса, өздері де бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері бойынша туындылар жазып, оны талдауға тартылатын болады.

ә) Білім, машық, дағды және құзыреттілік тізбегі

Теория мен практикада байланыс болмаса істің нәтижесіне нұқсан. Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды талдай отырып, студентгер өз бетінше ізденіп, арнайы тапсырма алады. Пәннің табиғатына сай материал жазуға пайдаланады

Қалыптастыратын құзыреттіліктер

Ақпараттық құзыреттілік:

- сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік:

- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

- нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Процентік құрамы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4,0 95 – 100 Өте жақсы
A- 3,67 90 – 94
B+ 3,33 85 – 89 Жақсы
B 3,0 80 – 84
B- 2,67 75 – 79
C+ 2,33 70 – 74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65 – 69
C- 1,67 60 – 64
D+ 1,33 55 – 59
D 1,0 50 – 54
F   0 – 49 Қанағаттанарлықсыз

Курстың білім бағасының жалпы разбаловкасы

Бағаланатын позиция 1-8 аптада бағалау Саны 9-15 аптада бағалаудың саны Барынша көп балдардың саны Электронды журналға балдарды қоюдың мерзімі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

Пән оқыту барысында берілген тапсырмаларды орындаудағы көрсеткен

сауаттылығы ескеріліп, сол нәтиже бойынша жалпы баға қойылады.

Мынадай критерийлер қолданылады:

- сабаққа белсенді қатысып, берілген үй тапсырмаларын кезінде әрі дұрыс орындау;

- жазбаша жұмыстарының реферат, баяндама, хабарлама, аударма түрлерін – талапқа сай орындалуы;

- ОСӨЖ тапсырмаларын кезінде және талапқа сай орындалуы.

Бағалаудың критерийлері

Бақылау түрі Жоғарғы баға Оқытушы журналына балдарды қою мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы сабақтағы белсенділігі мәселенің шешімін тапқаны үшін ОСӨЖ   Әрбір сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
Аралық бақылау 1: Шығарма, грамматикалық тапсырма Шығарманың жүйелілігі Шығарманың сауаттылығы Грамматикалық тапсырма   8апта
Аралық бақылау 2: Эссе, тест Эссе - баға 1 Тест - баға 2 Тапсырма - баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   15 апта

Дәрістің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тараулар бойынша дәріс тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиет
  Стилистика және редакциялау 1. Жанрлар тарихы, түрлері. Журналистік туындыға қойылатын талаптар: маңызды проблема, тілдік, стильдік нормалар, құрылым, дизайн. 2.Ой анықтығы, мазмұны дәлдігі. 3. Дерек және публицистика     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
2-3 Стилистика және оның түрлері 1. Өзара байланысы 2. Журналистік әлемдік этика талаптары 3. Журналистің құқықтары мен міндеттері     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
  Стилистиканың қалыптасу және даму тарихы 1. Зерттеушілер еңбегі 2. Публицистика негізі 3. Ұлылар салған із     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
  Стилистиканың негізгі ұғым категориялары 1. Журналистиканың қайнар көзі 2. Рухани мәдениет 3. Ғаламтор мүмкіндігі     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
  Стилистикалық норма 1. Жанрлардың шығу тегі 2. Ғұламалар пікірі 3. Өмірдегі маңыздылығы   5-6 Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
  Баспасөз материалдарын беттеу 1. Публицистиканың өсу жолдары 2. Соғыс жылдарындағы көсемсөз 3. Журналистің қоғамдық рөлі     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
8-9 Қолжазбаларды әдеби редакциялау 1. Өзара байланысы 2. Публицистика мен қоғам 3. Публицистиканың алғышарттары   8-9 Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
10-11 Әдеби материалдар жанрлары 1. Қазіргі қазақ публицистикасының құрылымы, тіл мәдениеті 2. БАҚ-ның тілдік, стильдік ерекше- ліктері 3. Қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді пайдалану     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
12-13 Тіл және стилистика 1. Ауыз әдебиетімен байланысы 2.Дүниетаным проблемалары. 3.Дінтану ілімі - тәрбиенің бастау-бұлағы     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
14-15 Қазақ публицистикасының теориялық негізі 1. Публицистика жанрларының дамуы. 2.Публицистика кеңістігіндегі тенденциялар. 3.Ақпарат құралдарының бұқаралық сипаты     Негізгі: 1, 3, 5 Қосымша: 4, 11, 22, 25, 30
         
         
         
Барлығы      

Дәріс №1

Стилистика және редакциялау

Болашақ кәсіби журналистер даярлауда «Стилистика және редакциялау» пәнін оқытудың қажеттілігі ешқандай талас туғызбайды. Бүгінгі студенттеріміздің барлығы бірдей ертең редактор болып шығады дей алмаймыз. Алдымызда ондай мақсат та қойып отырғанымыз жоқ. Бірақ, олардың әрқайсысы газет, телерадио авторларының, оқырман, тыңдарман, көрермендерінің, жас мамандар мен штаттан тыс тілшілер материалдарын өңдеуге міндетті түрде араласатындығы күмән келтірмейді.Сол кезде және шығармаларының талапқа сай жазылуын бақылау үшін бұл пәннің берері мол деп білеміз.

«Стилистика және редакциялау»-сыйпаты жағынан қолданбалы, мақсаты тұрғысынан практикалық, ал құрылымы жағынан кешенді пән. Кейбіреулер оны әдеби өндеумен, яғни, БАҚ-та жариялануға тиіс материалдары әдеби, емлелік жағынан түзетумен ғана шектеп, келте түсінеді. Бұл-оның бір ғана қыры. Ал редакциялау-одан әлдеқайда күрделі процесс. Ол редактор атқаруға тиіс қызметтің қомақтылығымен айқындалады. Ең алдымен, редактор-қоғам қайраткері. Мұның оның ел мүддесін қорғайтын тұлға екендігімен байланыста қарастырсаңыз түсінікті. Сонымен бірге-ол оқырманның, тыңдарманның, көрерменнің сырласы, солардың сұранысын зерттеп, соған сай қызмет етуші тұлға. Ең ақыры, редактор-автордың алғашқы оқырманы, оның шығармасының одан сайын дәмі кіріп, нәрленіп, әрлене түсуіне жауапты жан.

Осының бәрі одан артық білім мен біліктілікті, жауапкершілікті, мәдениеттілік пен кәсіби шеберлікті қажет етеді. «Стилистика және редакциялау» пәні студенттерді осыған баулиды.

Бірден айтуға тиістісі, «Редакциялау» бойынша қазақ тіліндегі әдебиеттер тым тапшы. Осының есесіне орыс тіліндегі оқу құралдары көптеп саналады. Осыдан-ақ бұл салаға көрші Ресей елінде айрықша мән беріліп, дұрыс нәтижеге қол жеткізіліп отырғанын байқауға болады. Оларда пән бойынша алғашқы оқулық саналатын К.И.Билинскийдің «Основы литературного редактирования и правки газетных материалов» деген кітабы 20 ғасырдың 40 жылдары жарық көріпті, қазір бұл курс өз алдына жеке ғылым саласы ретінде зерттелініп жатыр. Ал, бізде ол енді қолға алынуда. Сол себептен дәрістер орыс тіліндегі оқулықтар негізінде оқылып, лабораториялық сабақтарда қазақ тіліндегі БАҚ материалдары талданатын болады. Бұл уақытша қиындық болуға тиіс.

Дәріс №2-3

Cтилистика және оның түрлері

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері — тіл-тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердіңтабиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.
Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.
Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4түрлі қасиетін былай түйіндейді:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль — тарихи категория;
3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері» деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады.
Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден,стиль -тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз коғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық кызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықлал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халыктық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұкаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың калай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова «Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық «ауыспалы-тіркестер» жүріп жатады» дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылык, бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады.
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады.
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы — бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.
Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.
Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажетгілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтары дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі.
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журанлдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.
Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисите – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағы стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.

Дәріс №4

Стилистиканың қалыптасу және даму тарихы

1. Стилистика және оның анықтамасы, міндеті мен мақсаты.

Стилистика да тіл ғылымының басқа салалары сияқты тілдік құралдарды, тілдік тұлғаларды (бірліктерді) зерттейді. Бірақ олардан айырмашылығы: тілдік тұлғалардың қарым-қатынастың белгілі бір саласы мен мақсат-міндеттеріне сай қолданылу ерекшеліктерін зерттейді.

Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.

1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы - құрылымдық стилистика.

2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім - функцноналды немесе қолданымдық стилистика.

3. Көркем әдебиет стилистикасы.

4. Нормативті, практикалық стилистика.

Стилистика тілдік құрылымның элементтерін фонетика, лексикология, грамматика сияқты құрылысы мен мағыналары жағынан зерттеумен шектелмейді, сонымен бірге олардың қолданыс кезіндегі ерекшеліктерін, мағыналық, эмоционалдық реңктерін айқындайды.

2. Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері, шектес ғылымдармен байланысы.

Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі - стилистиканың орталық бағыты функциональдық стилистика. Функциональдық стилистика коғамның әр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу зандылыктары әрі сөздің базалык, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлардың ыкпалынан пайда болған.. Стилистиканың негізгі бағыттарының бірі — ресурстар стилистикасы. Тіл ресурстары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталынады.

3. Стилистикалық коннотация.

Стилистикалық коннотация дегеніміз — заттық логикалық, грамматикалык мағыналарға қосымша жұмсалынатын экспрессивтік және стилистикалық қасиеттер, ол - стилистикалық коннотацияның көрінісі.

Дәріс №5

Стилистиканың негізгі ұғым категориялары

1. Стилистикалық бояу.

Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды-экспрессивті және функционалды.

Стилистикалық бояу — контекстен тыс ерекше стилистикалық әсер беретін сөздің косымша мағынасы. Көп мағыналы тілдік бірліктердің стилистикалык бояуы заттық-логикалық сипатынан хабар ғана бермейді, косымша мағына беретін стильдік тәсіл сөздің жасырын мағынасында прагматикалық "әрекет" айқын байқалады. Стилистикалық бояу - экспрессивтік-эмоционалдық коннотацияда ғана емес, әр түрлі экстралингвистикалық факторлар арқылы көріне алады.

2. Стилистикалық құралдар.

Стилистикалық бояуының сипатына орай, тілдік құралдар функционалды бояулы және экспрессивті бояулы болып бөлінеді.

Функционалды бояулы құралдар функционалды стильдердің түр-түріне сәйкес өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Мысалы, ғылыми стильдегі терминдер, көркем әдебиет стиліндегі троптар мен фигуралардың түрлері, ауызекі сөйлеу стиліндегі қарапайым сөздер мен диалектизмдер функционалды бояулы құралдарға жатады.

3. Стилистикалық мағына.Стилистикалық мағынаға келетін болсақ, ол-стилистиканың негізгі ұғымдарының бірі.

Стилистикалық мағына - тілдік тұлга-бірліктің мағыналық құрылымындағы оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл қосымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады.

Стилистикалық мағына стилистикалық тапсырманы орындауға жұмсау үшін алдын ала ойластырылған немесе жоспарланған адресанттың көркемдеп сөйлеуі, адресаттың қабылдауына күшті әсер туғызады.

Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды.

Дәріс №6

Стилистикалық норма

1 «Стилистикалық норма» ұғымы туралы

1. Стилистикалық норма - бұл да тілдік норма, бірақ стилистикалық кейбір әдістер оның ауытқуына себепкер болады. Стилистикалық норма екіге бөлінеді: - экспрессивті-стилистикалық; - функциональды-стилистикалық. Стилистикалық норма деп белгілі қолданыс аясында функциональдық стильдерде, оның барлық жанрларында стилистикалық ресурстардың мәнерлі әсем өрнегімен орынды қолдануын айтамыз.

Стилистикалық нормалар өзінің табиғи тілдік құрылымның заңдылықтарының аясынан шығып кетеді. Стилистикалық нормаға қарама-қарсы құбылыс — стилистикалық қателер. Сөйлеу қателері, кейбір сөз, сөз тіркестері, синтаксистік конструкциялар стиль мәніне сәйкес келмейді, сөздің коммуникативтік мақсатқа сәйкестігінің талаптары бұзылады.

2. Стилистикалық қате және оның түрлері

Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында - тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.

Стилистикалық қатенің түрлеріне стильдік тұтастықтың сақталмауынан, сөз және грамматикалық құрылымдар мен формалардың сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына сай болмауынан, сөйлеу түрі мен жанрдың формалық ерекшеліктерін ескермеудің салдарынан жіберілетін қателер жатады.

Дәріс №7

Баспасөз материалдарын беттеу

Барлық кәсіпорындар сияқт баспахана да жоспармен жұмыс істейді. Газеттер, журналдар, кітаптарды беттеуде цехтың да өзінің өндірістік жоспары болады. Бетту цехының ойдағыдай жұмыс істеуі, қолмен істелетін процестер мен теру машиналарының толық та біркелкі жұмыс істеуіне, олардың бос тұрмауына байланысты. Цехтың жоспарына сәйкес редакциялар мен баспалар, график бойынша, теруге әзірленген түп нұсқамен, макеттермен және оқылған басылым көшірмелерімен, графикалармен, қос беттермен цехты мерзімінде қамтамасызетуне байланысты.

Түп нұсқаларды теруге жіберу. Редакцияда, әдетте, газеттің кезекті санының жоспары күні бұрын әзірленіп қойылады. Бұл баспаханаға түп нұсқаларды дер кезінде өткізуді жеңілдетеді. Редакцияның хатшысы әрбір бөлім үшін берілетін жолдардың санын белгілеп, дайын материалдарды хатшылықтың қай сағатта алатындығын және кестеге сәкес бұларды теруге жіберу мерзімін дәл көрсетеді.

Үлкен форматты газетте беттің биіктігі 291/2 квадратқа тең болады. Оның әрбір бағанасына 177 жол петит сыйғызуға болады. Әрбір бетте 6-8 бағана болады; беттердітолтыру үшін редакцияның теруге петиттік материал өткізуін қажет етеді. 6 бағаналық болу үшін – ені 3 Ә квадрат, 1062 жол мәтін 7 бағана үшін 3 квадратқа 1239 жол мәтін, 8 бағана үшін – 2 Ә квадратқа 1416 жол мәтін керек. Газеттің бүкіл санының сыйымдылығын білу үшін осы сандарды беттердің санына көбейткен жөн. 4 беттік газет үшін теруге ені 3 Ә квадрат 4250 жол мәтін, немесе 3 квадратқа 4950 жол, немесе 2 Ә квадратқа 5660 жол мәтін өткізу керек.

Алайда бұл цифрлар дәл бола бермейді. Өйткені беттерде мәтіннің басқа газеттің жалпы бас тақырыбы, шапкалар, материалдардың бас тақырыптары, клише, хабарландырулар, тағы басқалар еддәуір орын алады ғой. Мәселен, газеттің бас тақырыбы 100 жол, хабарландырулар – 200 жол, барлық беттерде клишелер 400 жол алады. Алдына ала есептеп қарағнда шапкалар мен бас тақырыптарға 300 жол қалдыруға болады. Сонымен осы нөмер үшін беттің жалпы сыйымдылығы 1000 жолдан кем болмағаны жөн.

Беттерді дер кезінде беттеуді қамтамасыз ету үшін баспаханаға материалдар жіберу редакцияларда қатаң қадағаланады. Егер таңертең істің жалпы барысына зиян келтірілмей-ақ кез келген материалдарды теруге жіберуге болатын болса, басқаша, яғни бірінші беттелетін беттерге баратын материалдарды бұрын жіберу керек

Дәріс №8-9

Қолжазбаларды әдеби редакциялау

Баспасөз жанрларының алуан түрлі болуына, газеттер мен журналдарда жарияланатын көптеген материалдардың идеялық мазмұны мен көркемдік сапасына қойылатын жоғары талаптар осы материалдардың әрқайсысын мұқият редакциялап отыруды қажет етеді. Редакциялар өзінің мазмұны, тілі және стилі жағынан әбден аяқталып біткен бірқатар қолжазбалар алып отырады. Бірақ олардың ішінде көпшілігі азды-көпті түзетуді керек етеді.

Қолжазбаны редакциялаудың негізгі мақсаты. Газет материалдарының терең идеялық мазмұнды болуымен бірге оны әдеби жағынан жетік мамандықпен редакциялау, тілі мен стилінің жоғары сапалылығы біздің баспасөзіміздің тәжірибесіндегі аса маңызды мәселелер болып табылады.

Редакция жұмысының тәжірибесінде қолжазбаны түзетудің төрт түрі болады, олар: өңдеп түзету, қайта жазып түзету, қысқартып түзету, оқи отырып тзету.

ӨҢДЕП ТҮЗЕТУ – түзетудің ең көп тараған түрі. Әдетте авторлардың көпшілігі өздерінің материалдарын белгілі бір жоспар бойынша жазады, компазициясын ойластырып құрады, әрбір сөзді, сөз тіркесін сауатты, мәнерлі жазуға тырысып, бұл іске бар өнерін салады. Алайда мұндай шеберлікке авторлар үнемі жете бермейді. Кейбір жазушылардың компазициясында, тілінде, стилінде және грамматикасында шалалықтар кездеседі. Дәл құрылмаған тұжырымдар, мәтіннің абзацқа дұрыс бөлінбеуі, негізгі қағидаларды нашар дәлелдеу және т.б. жатады. Кейде қолжазбада келтірілген фактілердің негізгі тақырыпқа тікелей қатынасы болмайды, ой тиісті дәйектілікпен баяндалмайды, қолжазбаның жеке бөліктері тең емес, және т.б.

Редактордың немесе әдеби түзету енгізушінің міндеті – мұндай кемшіліктерді жібермеуде. Мұндай мәтінге мәнді түзетулерді тек автордың келісімімен ғана енгізуге болады.

ҚАЙТА ЖАЗЫП ТҮЗЕТУ. Тақырыпшаның өзінен көрініп тұрғандай, бұл материалды түбірінен қайта құру деген сөз. Редакцияның айтқан ақыл-кеңесі бойынша мұны автордың өзі іске асыруға тиіс. Газет редакциясының жұмысты қолма-қол істейтін жағдайда бұған әр уақытта мүмкіндігі бола бермейді. Оның үстіне кейбір авторлар тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан өзіне қойылған талаптарды орындауға шамасы да келмейді. Мұндайжағдайда редактор немесе әдеби түзетуші қолжазбада бар фактілер мен қорытындыларды пайдалана отырып, материалды қайта жазады.

ҚЫСҚАРТЫП ТҮЗЕТУ газеттің, журналдың немесе кітаптың форматы мен көлемі шаңғын болғандықтан, алдын ала белгіленген материалдарды ғана сыйғыза алатын кезде қолданылады. Бұл материалдардың кейбіреулерін редакциялау үстінде қысқартуға тура келеді. Кейде қысқарту басқа оймен де (қайталана беретін немесе маңызы шамалы сөздерді, артық цифрларды, т.б. алып тастау қажет болғанда) жасалады. Қысқартып түзетуді редакция бөлімдерінің сол материалды әзірлеген қызметкерлері әдебиөңдеу үстінде жасайды. Ал беттеу кезінде қысқартумен редакцияның жауапты хатшысы, редакция алқасының кезекші мүшесі не газет редакторы шұғылданады.

ОҚИ ОТЫРЫП ТҮЗЕТУДІҢ мәні – барлық жеке-жеке, ұсақ емле қателерін, стилистік және техникалық қателерді жою үшін баспаға әзірленген материалды біржолата оқып шығуда. Оқи отырып түзету, сонымен қатар терілген мәтінді түп нұсқамен салыстырғанда да жүргізіледі.

Оқи отырып түзеткенде хабарланған фактілерге өте сақтықпен қарау, сәл күдік туғызатынның бәрін анықтамалықтар, энциклопедиялар және басқа құралдар бойынша міндетті түрде тексеру керек. Әсіресе цифрмен берілген деректерге сақ болу керек, өйткені сөзбен жазылғанға қарағанда мұндай деректерде кеткен қатені табу өте қиын болады.

Сонымен әдеби редакциялаудың барлық түрі әрбір материалдың идеялық, тақырыптық мазмұнына сай келуіне, сөзсіз сауатты, тілі мен стилі жағынан көкейге қонымды, дәл және шыншыл болуынабағытталған. Әдеби редакциялаудың сапасы көптеген элементтерден құралады, журналистің даярлығына, тәжірибелігіне және қабілетіне, оның іске ұқалай қарайтынына байланысты болады.редакциялау үстінде қолжазбаларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуына көңіл бөліп отыру керек.

Дәріс №10-11

Әдеби материалдар жанрлары

Газетті, радио немесе телевизиялық хабарларды жасауға қатыса отырып, журналистер өз алдарына қойылған міндеттерге қарай бірнеше жолдық хабарлардан бастап, мазмұны жағынан күрделі мақалаларға немесе фельетондарға дейін алуан түрлі жанрларды қолданады.

Газет пен журналдан оқушылар мақаланы, корреспонденцияны, очеркті, әңгімелесуді (интервьюді), хабарды, фельетонды, рецензияны, библиографияны, басқа да жанр материалдарын таба алады. Жанр ішінде материалдар әдеби баяндалуы мен стилінің өзгешелігі жағынан бір-бірінен ажыратылатынын айта кеткен жөн. Мәселен, мақалалардың, корреспонденциялардың, есеп пен шолулардың, очерк пен фельетондардың бірнеше түрлері бар. материалдың әдеби түрлері неғұрлым сан алуан болса, олардың мазмұны оқырмандарға соғұрлым жақсы жетеді.

Газеттің немесе журналдың бір санында, бір хабарда, әрина, барлық жанрды пайдалану қиын, алайда бұлардың мүмкіндігінше көп болуына ұмтылу керек. Жанрлардың сан алуан болуы газет-журнал хабарларының шығармашылық мазмұнын байытады.

Газет материалдарының жанрлары әдеби берілу әдісі және баяндалу стилі жағынан біздің шындығымыздың фактілері мен құбылыстарын бейнелеу үшін қолданылатын құралдары, ол көргендеріміз бен сезгендерімізді айтып беру тәсілдері жағынан бірінен бірі айырылады. Бұлардың арасындағы ортақ нәрсе сол – барлығы да түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы бір мақсатқа қызмет етеді. Барлық жанр үшін ортақ нәрсе – қандай да болсын материал дәл және жақсы тексерілген фактілерге негізделеді, танымдық оқиғалар мен құбылыстарды сипаттап жазады. Біздің баспасөзімізге өрекпелікке салыну, теріс хабар тарату жат іс. Кез келген жанрдың материалы, ең алдымен шындықты айқын бейнелейді.

АҚПАРАТТЫҚ ЖАНР деп аталатын жанрлар газет бетінің кемінде 50 пайызын алып жатады. Бұған хроника, шағын және кеңейтілген ақпарат, сұхбат, есеп, суреттеме, репортаж жатады. Бұл жанрлардың бір ортақ мақсаты бар, ол күнделікті фактілер туралы, біреулердің қызметі жайында, бір сипатты оқиға туралы жинақы, қысқа, жалпы пайымдаусыз, оперативті түрде оқырмандарға хабарлау.ақпараттық жанрлардың материалдары фактілердің өзімен үгіттейді.

ХРОНИКА. Бұл өзінің бас тақырыбы жоқ, шағын, кейде бірер сөйлемдік хабарлар. Бір-екі жол арқылы егжей-тегжейін ашпай фактілер жайында ғана хабарлайды. Газет және кейбір журналдарда хроникалар ерекше (тұрақты не уақытша): «Жер-жерден», «Қысқаша да бәрі», «Облыс бойынша», «Мәдени хабарлар» т.б. бас тақырып біріктіріліп беріледі.

ҚЫСҚА АҚПАРАТ. Кейде бұл жанрдың материалдарын заметка деп атайды. Мұнда «заметка» деген ұғымды жинақталған мағынада түсінеді, яғни бұл хабарды да, қысқаша әрі кеңейтілген ақпаратты да біріктіре алады. Мұндай біріктірудің пайдалы болуы неғайбыл, өйткені бұл жанрлардың әрқайсысының алдында өз міндеттері тұрады. Қысқаша ақпарат газеттерде, радио және телеарнада ммейілінше кеңінен тарап жүр. Оның көлемі – 10-30 жолдық, өзінің бас тақырыбы болады. Мұның бәрі оқырмандарға хабардағыдай фактінің өзі туралы ғана хабарлауға мүмкіндік беріп қоймайды, сондай-ақ ол жөнінде кейбір егжей-тегжейлерді айтуға да мүмкіндік береді.

КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ. Мұндай материал өзінің көлемі жағынан хабардан немесе қысқа ақпараттан едәуір асып түседі. Бұл 40 жолдан 150 жолға дейін болады. өзіне бас тақырып қойылады, ал кейбір жағдайларда мәтін алдында немесе мәтіннен ішінде тақырыпшасы болады.

Кеңейтілген ақпарат оқиғаны неғұрлым кең, көптеген егжей-тегжейлерін қоса баяндайды. Мәтіннің ішінде тарих анықтама беріп, оқиғаға қатысқан адамдарды салыстырып, оларға сипаттама беріп, жергілікті жерді сипаттап жазуға, кіріспемен бастап, сипаттай қорыту мен аяқтауға мүмкіндік бар.

СҰХБАТ. Бұл ағылшын сөзі, аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі көрсетілуі қажет.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілерді немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндаужурналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құндыболып келеді.сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылықжұмысы.оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.

Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:

1. сұхбат-монолог;

2. сұхбат-диалог;

3. суреттеме-сұхбат;

4. анкета;

ЕСЕП. Бұл ақпараттың өте көп тараған жанрларының бірі. Есеп маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды – облыс, қала, аудан әкімдерінің жиналыстарынан, конференция, кеңестерден, т.б. журналист редакция тапсырмасымен жазады. Есептер өзінің көлемі жағынан әр түрлі – бірнеше ондаған жолдан талай жүз жолға дейін болады.ол ең алдымен журналистке емес, оқиғаның маңыздылығына байланысты.

Есептің үш түрін бөліп айтуға болады: жалпы (тура), тақырыптық, түсініктемесі бар есеп.

СУРЕТТЕМЕ. Әңгіме – бір зауыт, кәсіпорын, ауыл немесе оқу орны туралы болады. Суреттемеде журналист қысқа, бірақ жіті де образды өзінің алған әсері жайында айтып береді, өзінің байқағандарын жеткізеді. Суреттеме – ақпаратты жанрлардың қызықты түрі болып саналады. Бұған да көп әрі қажымай-талмай еңбектену, фактілерді мұқият іріктеп алу, ең қызықтыларын баса көрсету, әрбір сөйлемді екшеп, көргендері туралы жіті жазу керек.

ШОЛУ. Ақпараттық жанрдың бір болып отырып, шолу оқырмандарын белгілі кезең ішіндегі (апта, ай) елдің, облыстың, қаланың, зауыттың өміріндегі аса маңызды оқиғалармен таныстырады.

РЕПОРТАЖ. Оқырмандарға журналистік көзбен – көрушінің немесе қатысушы кісінің тікелей ұғымы арқылы қандай да болсын оқиға туралы көрнекі түсінік берілетін материал ретінде репортажға анықтама берілген. Репортаж оперативті түрде, қажетті егжей-тегжейлерімен және айқын етіліп, ең маңызды да қызықты жағдайды қабылдауды көздейді. Бұл оқырманға репортер хабарлаған оқиға туралы өзі, өзі көзімен көргендей мүмкіндік жасайды.

Репортаждың түрін анықтағанда айдарларына, бас тақырыптарына емес, маңыздылығына, оқиғаның өзінің мазмұнына, журналист алдына қойған мақсаттарына, мұнда әрекет орнын еске ала отырып, жаңалықты жазу сипатына т.б. сүйену керек. Осыған сүйене отырып, репортаждың 3 түрін: оқиғалы, тақырыптық деп бөлінеді.

Дәріс №12-13

Тіл және стилистика

Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті.

Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.

Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте келе белсенді қатысады.

Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама деуге болады. Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.

1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы — құрылымдық стилистика.

2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім — функционалды немесе қолданымдық стилистика.

3. Көркем әдебиет стилистикасы.

4. Нормативті, практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық

сапа-қасиеттерін олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшелікте, ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың ерекше салада, ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді. Ал, практикалық стилистиканың міндеті — стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастырады.

Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін құрылымдық стилистика саласы — әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық-қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданылатын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың қарамағына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: