Жалпы ережелер. 393. Тәуліктік наряд жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау, жеке құрамды

393. Тәуліктік наряд жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді, материалдық құралдар қорларын, әскери бөлімнің (бөлімшенің) үй-жайлары мен мүлкін қорғау, бөлімшелердегі істердің жай-күйін және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылау, тәуліктік нарядтың жалпыәскери жарғылармен айқындалған қызметі бойынша басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.

394. Тәуліктік нарядтың құрамы оқу кезеңіне бөлім бойынша бұйрықпен жарияланады.

Бөлімнің тәуліктік нарядының мынадай құрамы көзделеді:

бөлім бойынша кезекші;

бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

қарауыл;

кезекші бөлімше;

парк бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшілер, кезекші тартқыштардың механик-жүргізушілері (жүргізушілері);

медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) мен тәуліктік кезекшілер;

бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші мен кезекшінің көмекшілері;

қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші мен тәуліктік кезекші;

асхана бойынша кезекші мен жұмысшылар;

бөлім штабы бойынша кезекші мен шабармандар;

кезекші белгі беруші-барабаншы;

өрт сөндіру наряды.

Күн сайын бөлім бойынша бұйрықпен: бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша кезекші, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші, кезекші бөлімше, өрт сөндіру наряды, сондай-ақ тәуліктік наряд бөлінетін бөлімше тағайындалады. Қажет кезде бөлім командирінің тәуліктік наряд құрамын өзгертуге құқығы бар.

395. Әскери бөлім командирі қызмет атқару орындарында қажетті санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайлар жасауы тиіс.

396. Ротаның тәуліктік нарядына:

рота бойынша кезекші;

рота бойынша тәуліктік кезекші тағайындалады.

Роталардағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі айқындайды. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ оның міндеттері ротаның тәуліктік нарядына қатысты айқындалады.

397. Кейбір батальондарда олардың саны мен орналасу жағдайларына байланысты роталар бойынша кезекшінің орнына бөлім командирінің шешімі бойынша батальон бойынша кезекші, ал бірнеше бөлімшелер бірге орналасқан кезде осы бөлімшелер бойынша кезекші тағайындалады. Көрсетілген жағдайларда тәуліктік кезекшілердің саны бөлімшелердің орналасуы, күзетті қамтамасыз ету және ішкі тәртіпті ұстау жағдайларына сүйене отырып айқындалады.

398. Барлық кезекшілер мен олардың көмекшілерінің кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар (26-қосымша) кеуде белгісі (бейдж) болуы тиіс. Кеуде белгісін (бейджді) бұрынғы кезекші жаңа кезекшіге кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндағаннан кейін береді.

Жауынгерлік қызметке түсетін әскери қызметшілерге олар дербес жауапты болатын нөмірлік металл кеуде белгілері беріледі. Белгілердің үлгісін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары айқындайды.

399. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан тағайындалған бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші жарақталған екі оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.

Сержанттар қатарынан тағайындалған қарауыл бастығы жарақталған екі оқжатары бар автоматтармен қаруланады.

Сержанттар қатарынан тағайындалған парк бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі, жатақхана бойынша тәуліктік наряд құрамына кіретін әскери қызметші әйелдерден басқа, бөлімшелер бойынша кезекшілер мен тәуліктік кезекшілер, сондай-ақ парк бойынша тәуліктік кезекшілер мен штаб бойынша шабармандар қаптағы сүңгі-пышақтармен қаруланады. Сүңгі-пышақ белдік белбеудің сол жағында тоғадан алақан енінде болуы тиіс.

Қажет кезде Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрығы бойынша кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекшілер мен бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, ротаның тәуліктік наряды және парк бойынша тәуліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін.

Кезекші бөлімше

400. Кезекші бөлімше қарауылдарды күшейту немесе өрт, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және өзге де оқиғалар кезінде жедел шақыру жағдайына тағайындалады.

Кезекші бөлімшені бөлім орналасқан жерден тыс шаруашылық жұмыстарын орындау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Кезекші бөлімше бөлім бойынша кезекшіге бағынады.

401. Бөлім бойынша кезекшінің командасы бойынша кезекші бөлімше оған тағайындалған орынға келіп, сапқа тұрғызылады және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

Кезекші бөлімшеге қару мен оқ-дәрілер бөлім командирінің (бөлім бойынша кезекшінің) бұйрығы бойынша беріледі.

402. Кезекші бөлімшенің сабағы бөлім орналасқан жерден жақын маңда өткізіледі. Кезекші бөлімшенің тұрған жері және оны шақыру тәртібі бөлім бойынша кезекшіге белгілі болуы тиіс.

Бөлімше кезекшісінің түнгі уақытта демалу тәртібін бөлім командирі айқындайды.

Қызмет бойынша нарядтарды тағайындау тәртібі және олар


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: