Рота командирі

384. Рота командирі өзінің тікелей бастықтарына және әскери эшелон (команда) бастығына бағынады.

Осы Жарғыда жазылған өзінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа, рота командирі:

жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлікті тасымалдауға дайындауға және тиеу жоспарына сәйкес оларды жылжымалы құрам (кеме үй-жайлары) бойынша бөлуге;

жеке құрамға тасымалдау ережелері мен қауіпсіздік талаптары туралы нұсқама беруге, әскери эшелонның (команданың) нөмірін, әскери эшелон (команда) бастығының әскери атағы мен тегін жариялауға;

жеке құрамды тәуліктік нарядқа және эшелон бастығының нұсқауы бойынша тиеу-түсіру немесе басқа да командаларға бөлуге және қажет болған кезде от жағушыларды тағайындауға;

ротаны тиеуге, қайта тиеуге және түсіруге жеке өзі басшылық жасауға, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың дұрыс орналастырылуын, бекітілуін, бүркемеленуін қамтамасыз етуге, жүру жолында олардың жай-күйін бақылауға;

жүру жолында бөлімшенің жеке құрамымен сабақ ұйымдастыруға;

жеке құрамның әскери тәртіпті, тасымалдаудың белгіленген ережелерін сақтауын және вагондар (кеме үй-жайлары) жабдықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен

385. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен өз бөлімшесінің командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге бағынады. Ол вагонда (адамдарға арналған кеме үй-жайында) орналасқан жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

386.Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен:

жеке құрамның тізімін алуға, вагонда (адамдарға арналған кеме үй-жайында) орналастылған қару-жарақтың (қару мен оқ-дәрілердің), басқа да материалдық құралдардың санын білуге және жөнелту алдында олардың болуын тексеруге;

тиер алдында вагонның (адамдарға арналған кеме үй-жайының) жабдығын тексеруге және қабылдауға, ал түсіргеннен кейін оны бүтін және ақаусыз күйде тапсыруға;

жеке құрамды отырғызуға, орналастыруға және түсіруге басшылық жасауға;

вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша тәуліктік кезекшілерді тағайындауға, олардың қызмет атқаруын тексеруді бақылауды жүзеге асыруға, тамақ, су, отын алу үшін және әр түрлі жұмыстарға әскери қызметшілерді бөлуге;

мемлекеттік құпияларды сақтауға және жеке құрамның тәртіпті, ішкі тәртіпті, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін және қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;

вагоннан (адамдарға арналған үй-жайдан) эшелон бастығының рұқсатынсыз немесе команда (белгі) берілгенге дейін жеке құрамның шығуына, қарудың, оқ-дәрілердің немесе басқа да материалдық құралдардың шығарылуына жол бермеуге;

вагонда (адамдарға арналған үй-жайда) адамдардың рұқсатсыз жүруіне, сондай-ақ әскери эшелонға тиесілі емес жүктерді тасымалдауға;

вагонда (адамдарға арналған үй-жайда) қалыпты температураның ұсталуын және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, вагонда өрт шыққан кезде оны сөндіруге барлық шараны қолдануға және поезды тоқтату белгілерін беруге, техникалық байланыс құралдары бойынша әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауға, кемеде өртті сөндірумен бір уақытта әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауға;

түсіруге дайындық туралы нұсқаулар алған кезде жеке құрамға киінуді, қаруын, оқ-дәрілері мен жеке заттарын алуын, пештерді жағуды тоқтатуды немесе ондағы отты сөндіруді бұйыруға;

түсірілгеннен кейін барлық қару (оқ-дәрілер) мен мүліктің алынғандығын және пештердің сөндірілгенін тексеруге;

вагондағы (адамдарға арналған кеме үй-жайында) байланыстың техникалық құралдарының ақаусыздығын кезең-кезеңмен тексеруге;

бөлімше командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге сырқаттанған, қалып қойған әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілер мен басқа да әскери мүліктің, вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) жабдығының бүлінуі мен жоғалуы туралы және басқа да оқиғалар туралы баяндауға міндетті.

Әскери эшелон бойынша кезекші

387. Әскери эшелон бойынша кезекші офицерлерден тағайындалады, әскери эшелон бастығы мен тасымалданатын бөлімнің командиріне бағынады. Оған тәуліктік наряд пен вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша үлкендер бағынады.

388. Әскери эшелон бойынша кезекші қызмет атқару кезінде бөлім бойынша кезекшінің осы Жарғыда жазылған міндеттерін басшылыққа алады. Одан басқа, ол:

бөлімшелер командирлерінің қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, өзге де материалдық құралдарды қарауылдың күзетіне тапсыруын бақылауды жүзеге асыруға;

жеке құрамның болуын, тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын, кезекші бөлімшенің әзірлігін, сондай-ақ жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;

әскери эшелондағы ішкі тәртіп пен тәртіпке, тасымалдау ережелерін сақтауға, әскери және көлік мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

әскери эшелон бастығының нұсқауы бойынша бөлімшелер командирлеріне, вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша үлкендерге жеке құрам шығуға рұқсат етілген аялдамаларды жариялауға;

жүру жолында ыстық тамақты, суды, отынды және жарық беру құралдарын ұйымдасқан түрде алуды қамтамасыз етуге;

поездарға (кемелерге) қызмет көрсетумен байланысты көлік жұмысшыларынан басқа бөтен адамдарды әскери эшелонға жібермеуге міндетті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: